|
Мүмкіндіктері
| Жалпы программалық жабдықтау |
ОЖ
|
Microsoft Windows Server 4.0
|
Күшті 32-битті көп есепті сенімді серверлері ОЖ, құпиялық, масштабталатын МББЖ-ны қолдау.
|
Microsoft MS Office XP, 7
|
Дербес ЭЕМ үшін күшті 32 және 64-битті көп есепті сенімді серверлері ОЖ, ЛЕЖ қолдау, құпиялылығы.
|
Linux
|
Дербес ЛЕЖ үшін күшті 32 және 64-битті ОЖ, ЭЕМ қолдау.
|
Арнаулы программалық жабдықтау
|
ҚПП
|
Delphi
|
Программа құру.
|
МББЖ
|
Access, SQL Server
|
| Қорғау |
ОЖ паролі
|
Желіге енуді бақылайды.
|
МББЖ паролі
|
МБ кестелеріне ену құқын анықтайды.
|
Арнаулы программалық жабдықтауға ҚПП мен бөлек функцияларды орындайтын және ақпараттық жүйенің әр түрлі функционалды ішкі жүйесінің нақты есептерін шешетін программалар кіреді. ҚПП– жалпы жүйелік және функционалдық болып екі топқа бөлінеді. Мұндағы жалпы жүйелік қолданбалы программалар пакеті кез-келген ақпараттық жүйеде қолданылуы мүмкін. Оны қолданбалы программалар пакеті арқылы:
Мәліметтерді басқаруда ;
Мәліметтерді орындаудың типтік орындалу ретін;
Деректі программалық әдістерін;
Дискретті программалар әдістерін;
Үздіксіз есептерді шешу әдістерін және басқаларды
орындайтын алгоритмдердің, әрі есептердің шешілу әдістерінің ерекшеліктеріне қарай бөлуге болады.
Нақты объектінің ақпараттық жүйесінің арнаулы программалық жабдықтауына функционалды ҚПП кіреді. Функционалды ҚПП деп параметрлік икемділік бар және басқару шешімін қабылдауға қажетті ақпаратты алуға бағытталған, өзара байланысқан программалардың бірігуі айтылады. Нақты басқару объектісінің әрбір ақпараттық жүйесінде осы ақпараттық жүйенің қызметін жүзеге асыратын, өзінің функционалдық ҚПП– ң жиынтығы болады. Арнаулы программалық жабдықтауға нақты ақпараттық жүйені тұрғызудағы оның қызметін жүзеге асыру үшін құрастырылатын жеке есептердің шешілу программалары және функционалдық ҚПП– ң бірігуі жатады.
1.2.7 Математикалық жабдықтауға қойылатын талаптар
Математикалық жабдықтау– бұл ақпаратты өңдеудің математикалық, үлгілері мен алгоритмдерінің жиынтығы. Ақпараттық жүйеніңі математикалық жабдықтауы белгілі бір нақты міндеттерді тиімді шешуді қамтамассыз ету керек және осы міндеттерді шешу барысындағы дербес ЭЕМ-ң қызметін басқарып, оның ісінің дұрыстығын бақылып отыруды қамтамассыз ету керек.
Ақпараттық жүйені математикалық жабдықтау құрамына мыналар кіреді:
типтік және жасалатын әдістемелер, ақпаратты өңдеу алгоритмі;
мәліметтерді іздеу және сорттау алгоритмі, шығыс құжаттарын қалыптастыру және тарату(экранға және баспаға).
Ақпараттық жүйені математикалық жабдықтаудың жалпы талаптарына мыналар кіреді:
математикалық әдістер мен алгоритмдердің тиімдісін қолдану ;
ҚПП–н көрсететін типтік әдістерді, алгоритмдерді, моделдерді және мүмкіндіктерді максималды қолдану;
қолданылған математикалық әдістер техникалық және программалық құралдардың мүмкіндігін ескеруді, шешу уақыты мен есте сақтау көлемі бойынша төменгі мағынаға ие болуы қажет;
алгоритмдерді көрсетудің барлық түрі жіберіледі: формулалы, сызба, блок-жүйе, сөзбен сипаттау және т.б.
Математикалық жабдықтау алгоритмдері келесідей жалпы талаптарға жауап беруі тиіс:
ҚПП– де пайдалануға негізделген стандарттық, іздеушілік және септеулік процедураларын максималды пайдалану;
ақпаратты іздеудің шешімдерінің нақты мәнінің болмауы;
өз сипаттамасында программа тілінің мүмкіндіктерін максималды пайдалану;
есептердің функционалдық байланысын қамтамассыз ету;
қатысты жай блоктарға бөлшектеп байланыстыруды енгізу;
программаның орындауы жолына бақылау енгізу;
математикалық әдістер мен тәсілдер және олардың шешімдері берілген нақтылықтағы шешімдердің бір мәнділігін және бірлігін қамтамассыз етуі қажет.
1.2.8 Ақпараттық және программалық құралдарды бұзылудан және мәліметтерден алудан қорғау
Ақпаратты қорғау дегеніміз– мәліметтер жүйесінде сақталатын орындалған программаларға енуді басқаруға мүмкіндік беретін әдістер мен амалдар жиынтығы.
Ақпаратты және программалық құралдарды қорғау мақсаты– көп программалы есептеу жүйелеріндегі ақпаратты ойланбай пайдалануды жою, мәліметтерді пайдалануды қажетсіз орындарды анықтау және оларды жою, сондай-ақ қателіктердің салдарын жоюда құралдарды таңдау.
Ақпаратты және программалық құралдарды қорғау жүйесі келесі сипаттарға ие болу керек:
қауіпсіздік– кездейсоқ және әдейіге емес бұзудан мәліметтердің қорғанысын қамтамасыз ету, жүйе немесе сонда сақталынатын мәліметтермен жұмыс істеуге пайдаланушының құқығын анықтауға мүмкіндік беретін әдістерді ашу модификациясы немесе жиынтығы;
ұқсастыру– пайдаланушыларға, техникалық құралдарға және қорғалатын (мәліметтер элементіне, есептерге, программаларға, мәліметтер базасына) идентификаторларды иемдету (код атауы);
конфиденциялылық мәліметтерге берілген және олардың қорғаныс дәрежесін анықтайтын статус;
құпиялылық– ақпаратты жабық және қорғалуға жататын деп жариялайтын құқығы;
өкілеттілік– қорғалған мәліметтермен сол немесе басқа процедураларды жүзеге асыруда пайдаланушының, терминалдың немесе басқа объектінің құқығы;
түпнұсқалық– қойылған идентификатордың объектіге қатысты-ғын тексеру.
Кездейсоқ бұзылулардан ақпаратты және программалық құралдарды қорғау жүйесі келесілерді қарастырады:
вирустарға қарсы программалардың болуы;
пайдаланушылар үшін сапалы құжаттаманың болуы;
жабдықтарды жетілдірудің амалдарын пайдалану.
Ақпаратқа және программалық құралдарға санкцияланбаған енуден сақтандыру үшін келесі бақылау шаралары қолданады:
парольді пайдалану. Пакетте бекітілетіндер: пакетті ашу паролі, әкімгер паролі. Бұл пакетті ашуға және нормативті– анықтамалық ақпараттың өзгерісіне шектеу қоюды қамтамасыз ету;
белгілі бір директорияларға енуді шектеу;
пайдаланғаннан кейін ақпаратты есте сақтау құрылғысынан жою;
техникалық құралдарды және пайдаланушыларды бақылау;
техникалық құралдардың құқықтарын анықтау (есептерді және ақпараттық файлдарды пайдалануға келісім берілген жұмыс күндері және сағаттары);
техникалық құралдарды, есептерді және ақпараттық файлдардың пайдаланушыларынан ұқсастыру;
шектеуі пайдаланудағы ақпараттарды өңдеу кезінде техникалық құралдардың және пайдаланушылардың жұмысын тіркеу;
санкцияланбаған әрекеттер кезіндегі сигнализация;
әр түрлі бағыттағы көмекші программалар (бақылау және қорғаныс механизмі, берілетін құжаттар және т.б. құпиялық графигін ұсыну).
2 Бағдарламалық өнімді құруға қолданылған аспаптық құралдар
2.1 Мәліметтер қорын құру ортасы Microsoft Access
МҚБЖ ретінде MS Access-ті таңдау оның келесі ерекшеліктерімен ескертіледі:
Access күйге келтіру және администрациялауда басқа SQL серверлерге қарағанда өте жеңіл болады;
мәліметтер қорының көлемі 20Гбайтқа дейін жетеді;
бір МҚ максималды кестелер саны 65536;
бір кестедегі өрістердің максималды саны 1000;
бір кеседегі жазулардың максималды саны шектелмеген;
жазудың максималды ұзындығы 65Кб;
өрістің максималды ұзындығы 32Кб;
бір МҚ индекстердің максималды саны 65536.
Алғашқы кездерде қолданылып жүрген dВАSЕ -тің түрлі нұсқалары, ҒохРго, т.б. жүйелер әрі программалау тілдері, әрі ДҚБЖ болатын және олар МS DОS жүйесінде жұмыс істейтін. Программалаудыц кіші бизнестік сияқты шағын мекемелерде көп қиындық туғызатыны белгілі. Осы себепті, соңғы жылдары пайдаланушыдан программалауды қажет ете бермейтін Міcrosoft оffiсе (Windows) құрамына кірістірілген реляциялық ДҚБЖ-лері, оның ішінде Ассеss атаулы жан-жақты мүмкіндікті ДҚБЖ-нің бірнеше нұсқалары жарық көрді: Ассеss 2.0, Ассеss 7.0, Ассеss 97, Ассеss 2000 (Ассеss - кіру, еркін ену). Бұлар жұмыс істеуге жеңіл және анықтамалық жүйелері барынша жетілдірілген күрделі программалар.
Ассеss,; Ехсеl, Word сияқты күрделі программалар арқылы дайындалған кестелердің ерекшеліктерінің бірі — олар бірінен екіншісіне жеңіл түрде жіберіле және қабылдана алады.
Ассеss 97 жэне Ассеss 2000-мен жүмыс тәсілдері шамалас, тек Ассеss 2000-ге косымша мүмкіндіктер, мысалы, мәзір жолын дайындау; форма мен есептерге стандартты аспаптар панелі мен мәзір жолын кірістіру; дайыңдалған объектілер жиынын байланыстырып, бір тұрақтыға біріктіру; Ассеss-ті Интернетте пайдалану және т.б. тәсілдер енгізілген. Кітапта Ассеss 97-ні пайдаланудың негіздері сипатталған, онымен жұмыс бөлек болған кезде ғана Ассеss 2000-мен жұмыс істеу жолдары да қосылған.
Microsoft Access мәлiметтер қорын басқару жүйесi қарапайым екі өлшемді кесте - реляциялық мәліметтер қоры болып табылады. Мәліметтер қорын басқару жүйесі мәліметтер қорын құру, мәліметтердіөңдеу, қандайда бір шарт бойынша қордан мәліметтерді таңдау, қор негізінде әр түрлі формалардың есеп беруін (отчет) құруды жүзеге асырады. Мәлiметтер қорын жасамас бұрын қатты дискiде каталог құрып, жасалынатын мәлiметтер қорының файлын сақтаймыз. Microsoft Access өңдеу объектiсi мәлiметтер қоры файлы болады, оның кез келген аты және mdb кеңейтiлуi бар. Бұл файлға Microsoft Access – тiң негiзгi объектiлерi: кесте, форма, сұрау, есеп беру, макрос, модул кiредi.
Кестенің өріс құрылымы жөнінде ескеретін жайлар:
Өріс атаулары бірегей (қайталанбайтын) болуы тиіс. Атау үшін. (нукте), ! (леп белгісі), [ , ] (ашу, жабу квадрат жақшалары) символдарынан басқа саны 64-ке дейін символдар тізбегін алуға болады,
Әр өріске бір типті ғана берілгендерді енгізу мүмкін. Типтер мәтіндік (текстік), сандық, дата/уақыт, логикалық, ақшалық болып бірнеше түрге бөлінеді. Мәтіндік өріс ұяшығына 256-ға дейін символдар тізбегін енгізуге болады. Қалған типті берілгендерді енгізу тәсілі олардың тип атауларынан белгілі.
Түрлі өріс түрлі қасиетті (қасиет - өріс типі, өріс үзыңдыіы, т.б.)
Кейбір жағдайларда Ассеss-те МҚ кестесінің бірінші өрісі етіліп автоматты түрде Код тақырыбы меншіктелген өріс қосылып қойылады. Оны Есептегіш (Счетчик) типті өріс деп атайды. Егер кестеде мұндай өріс бар болса, әр жазу енгізілген сайын оның реттік нөмірі осы өріске кірістіріліп қойылады.
Мәліметтер қорында құрылған кестелердің бірдей атаулы өрістері болып жөне олардың типтері бірдей болса, мұндай кестелерді байланыстыруға болады және оларды пайдаланып басқа кесте құру да мүмкіи (белгілі жағдайларда Ассеss байланыстыруды автоматты түрде жүргізе алады).
Мәндері бірегей болатын өрісті бірегей өріс деп атайды. Мысалы, жазбалар нөмірлері енгізілген өріс - бірегей. Егер кестенің бірде-бір өрісі бірегей болмаса, қажет кезінде қосымша етіп, ондай өрісті қолдан құру қиын емес.
Макростар - макрокомандалар (бірнеше командаларды біріктіріп орыңдайтьш команда). Мысалы, quit (шығу) - Ассеss-тен шығу, Delete (жою) - макрокомандалар. "Макрос" қондырмасын пайдаланып ашылған терезеге макросты енгізуге болады.
МҚ кестесінде мәліметтер адресі, Ехсеl-дегі сияқты, жолдар мен бағандар қиылысы арқылы анықталады. Бағанды өріс (поле) деп, жолды жазу не жазба (запись) деп атайтыны жоғарыда ескертілген.
Модульдер - Visual Basic программалау тіліңде жазылған ішкі программалар (процедуралар). "Модулдер" қондырмасы осы программалармен жұмыс істеуге арналған. Ассеss -тің стандартты құралдары жеткіліксіз болған жағдайда программалаушы осы тілде программалық модульдерді жазып, жүйенің жұмыс істеу мүмкіндіктерін арттыруына болады.
Конструктор түймесі қондырмадан таңдалған объект құрылымын ашып, оны түзету, бапқа келтіру үшін пайдаланылады. Егер объект кесте болса, оған жаңа өрістер не бар өрістерінің қасиеттерін (типін, өріс ұзындығын, т.б.) өзгертуге не жаңа кесте құруға да болады.
Ассеss 2000-да ашылған ДҚ терезесінің Жаңа ДҚ құру ауыстырып қосқышын орнатып, ОК түймесін шерткен кезде файл аты сұралатын терезе ашылады.
Әр кестенің өз құрылымы бар. Құрылым оның өрістер құрамы мен олардың қасиеттерінен тұрады. Өрістің негізгі қасиеттері – оның типі мен өлшемі. Access құрылған кестенің өріс қасиеттерін автоматты түрде орнатып қояды, оны қолдан өзгертуге де болады. Түрлі типті өрістердің қасиеттері түрлі түрлі. Өріс типі (Мәтіндік, МЕМО өрісі, числовой, Уақыт, денежный, счетчик, Логикалық, поле объета OLE, гиперссылка, мастер подстановок) таңдалған кезде оның қасиеттері Конструктор режимі терезесінің төменгі бөлігінде көрінетін Жалпы қондырмасына енгізіліп қойылыдады. Мысалы, мәтіндік типті өріс өлшемі үшін стандартты 50 саны орнатылып қойылады. Мысалы, мәтіндік типті өріс өлшемі үшін стандартты 50 саны орнатылып қойылады. Өлшемді 1 мен 255 аралығындағы символдар тізбегінен тұратын етіп алуға болады. 50-ден басқа, өріс ұяшығына енгізілетін мәліметтердің ең ұзыны сиятындай етіп, басқа санды да, мысалы, 15-ті енгізуге болады.
Мәтіндік типті өріс үшін басқа қөасиеттерді орнату міндетті емес. Мұнда ескеретін жайт – қасиеттер құрамында «Қолтаңба (подпись)» жолы да бар.Ол – формамен жұмыс істеу кезінде Access автоматты түрде меншіктейтін өрістің екінші атауы.
Сандық типті өріс қасиетерін орнату. Сандық өрістер не бүтін не нақты сандар енгізілетін өрістер болып екіге бөлінеді. Конструктор режимінде бүтін сандық өріс таңдалған кезде жаңа құрылатын кестеде сандық өріс құру не өрісті бапқа келтіру үшін панелден өріс өлшемін, өріс форматын орнатып қою керек.
Сандық типті өріс қасиеттері енгізілген панель (қондырма)
Панелде типке сәйкес тізімді экранға шығару үшін көрінген сәйкес қатардың таңдалуы тиіс. Қатардың оң жағында тілсызық түймесі пайда болады. Оны шертіп, көрінген тізімнің қажеттісін таңдау керек.
МЕМО өрісі. Өріс мәтіндік өріс сияқты, бірақ ол ұяшықта (257... 65535) аралығындағы символдар тізбегінен тұратын ұзын типті мәтіндік мәліметтерді сыйғызу үшін таңдалады. МЕМО өрісінің ерекшеліг басқа жерге сақтауға жіберіледі де ол орналастырылған орында сілтеме көрсеткіш қана сақталады.
Логикалық және Есептегіш типті өріс форматтарын Access автоматты түрде өзі орнатады. Логикалық өроіс ұяшығына ауыстырып қосқыш белгісі енгізулі тұрады. Оны орнату ұшяқта логикалық Ия (ақиқат), орнатуды алып тастау Жоқ (жалған) мәнін енгізу деп қабылданады.
OLE объектісінің өрісі басқа программалар арқылы құрылған сурет және т.б. объектілерді кірістіру үшін, Гитперсілтеме өрісі Интернет не басқа объектінің файлдарымен байланыс орнату үшін гиперсілтеме мәтінін енгізу үшін құрылады.
Алмастыру шебері (мастер постановок) - өріс типтерінің соңғысы етіп енгізілген элемент. Ол тип атауы емес, кестелер байланысын орнатуға арналған ішкі программа.
Access-те индекс берілгендерді бір не бірнеше өріс бойынша іздеуді жылдамдату үшін пайдаланылады. Кілттік өрісі бар кез келген кесте осы өріс бойынша индекстеліп қойылады. Қажет болса, басқа өрісті не өрістерді қолдан индекстеп қоюға да болады. Әдетте олар кестелерді біріктіру үшін не кестені осы өрістер бойынша сорттау үшін қажет. Индекстеуге болатын өріс типтері: мәтіндік, сандық, ақшалық және дата мен уақыт. Бір өрісті қолдан индекстеу үшін конструктор терезесінің жоғарғы бөлігінде көрінген осы өрісті таңдапі төменгі бөлігінің Жалпы қондырмасының Индекстелген өріс қатарына Иә (Да) мәнін енгізу керек. Соңында терезені жауып, көрінген сұхбаттық терезелерге оң жауап беру жеткілікті.
Жалпы, конструктор режимі терезесінде не кестелер режимінде ашылған кестенің үлгісімен түрлі редакциялау жұмыстарын жүргізе беруге болады. Оларды жанама мәзірді пайдаланып орындаған жеңіл.
Excel-дегі сияқты кестеден шартты қанағаттандыратын берілгендерді таңдап, жаңа кесте құру оны фильтрлеу делінеді. Фильтрлеудің 3 түрі бар:
таңдама бойынша фильтр;
әдеттегідей фильтр;
кеңейтілген фильтр.
Кеңейтілген фильтр фильтрлеудің алғашқы екі түрін де біріктіреді. Сондықтан кеңейтілген фильтрді пайдалану жолын қарастырайық:
Құрылған кестемізді ашамыз.
Мәзір арқылы Жазулар (запись)-фильтр-кеңейтілген фильтр командасын беру. Фильтр терезесі ащылады. Оның жоғарғы бөлігінде өріс атауларының тізімі енгізілген панель көрініп тұр.
Осы атаулардың қажеттілерін екі реттен шерту. Олар терезенің төменгі блогының «өріс» қатарының ұяшықтарына ретімен кірістіріліп қойылады.
Ұяшықтарға өріс атауларын кірістірудің екінші әдісі:
өріс атауы енгізілетін ұяшықты шерту. Тілсызық түймесі көрінеді,
түймені шертіп, көрінген тізімнен қажетті өріс атауын таңдау.
«Іріктеу шарттары» қатарының ұяшықтарына сәйкес өрістерден таңдалатын шарт өрнектерін енгізу.
Қажет болса, «немесе» қатарының ұяшықтарына қосымша шарттарды енгізу және «Сорттау» қатарындағы өріс ұяшығын шертіп, оған элементтерін сорттау типін енгізу (өспелі не кемімелі бойынша).
Осы әрекеттер орындалған соң фильтрлеу арқылы дайындалған сұраныс кестесін экранға шығарып көріп шығуға болады. Ол үшін аспаптар панелінен
«Фильтрді қолдану» командасын беру керек.
Фильтр кесте сияқты автоматты түрде сақталады. Файл Сұраныс түрінде сақтау (сохранить как запрос) командасы берілген кезде фильтрге атау сұралатын терезе көрінеді. Атауды енгізіп, ОК түймесі басылады.
Қарапайым сұраныс – кестеден не байланысты кестелерден таңдалған өрістер бойынша құрылатын нәтижелік кесте. Қарапайым сұраныс құру үшін үш қадамдық сұхбаттық терезесі бар «Сұраныс шебері» процедурасын пайдалануға болады:
ДҚ терезесін ашып «Сұраныстар» - Құру командасын беру. «Жаңа сұраныс» терезесі көрінеді.
Терезеден «Қарапайым сұраныс » қатарын екі рет шерту. Бірінші қадвам терезесі көрінеді.
Терезеден кестелерді және олардан қажетті өрістерді таңдап, «Таңдалған өрістер» бөлімініе көшіру.
Екінші қадам терезесінде «Толық» ауыстырып қосқышы орнатылған, оны осы күйде қалдырып, келесі теғрезеге өту.
Соңғы терезеден сұранысқа атау енгізіп, «Сұраныстың орындалу нәтижелерін ашу» ауыстырып қосықышын орнату. Экранда бірініші қадам терезесінде таңдалған жазу өрістерінен тұратын сұраныс терезесі көрінеді. Оны жабу жеткілікті.
Конструктор – күрделі шарттарды қанағаттандыратын сұраныс құруға арналған арнайы терезесі бар негізгі құрал. Конструктор режимімен жұмыс технологиясы: «Жаңа сұраныс» терезесін ашып, Конструктор қатарын екі рет шерту керек. Сұраныстар конструкторы терезесі және оған қосымша «Кестені қосу» сұхбаттық терезесі көрінеді. Конструктор режимі терезесі Фильтр терезесіне ұқсас, бірақ одан күрделі, оны әдетте іріктеу бойынша сұраныс не сұранс бланкісі деп те атайды.
Кейде кестені жасырын түрде ұстап (пайдаланушыға толық көрсетпей) бір ғана жазуымен таныстырады. Осы себепті көп жағдайларда кесте форма түрінде дайындалады. Бұл – Access-тің негізгі ерекшеліктерінің бірі. Форма – берілгендерді экраннан енгізуді жеңілдетіу үшін дайындалған бланк. Форманы кесте негізінде құрып, оған өзгерістер енгізуге болады. Бұл кезде өзгерісмтер автоматты түрде кестеге де енгізіліп қойылады. Форма құрудың үш тәсілі бар:
Автоформа (форманы автоматты түрде құру)
Формалар шебері (форманы жартылай автоматты түрде құру)
Қолдан құру (Конструктор режимінде құру)
Кестені автоматты түрде форма түрінде көрсетудің қарапайым түрі. Автоформа жазуларын түзетуге және оған жаңа жазулар қосуға болады. Автоформа құрудың үш тәсілі бар.
Әр жазуды бөлек-бөлек бір бағанада көрсету.(бағандық автоформа)
Әр жазуды қалпын сақтап көрсету (таспалық автоформа)
Әдеттегідей кесте түріндек көрсету (кестелік автоформа)
2.2 Мәліметтер қорын басқару қосымшасын құру ортасы
Программалау жүйелерінің артықшылықтары мен ерекшеліктерін қарастыра отырып, әрқайсысында да көптеген Delphi, VisualBasic және C++ Builder сияқты программалау ортасы бар екенін білеміз.
Алдында айтылғандай, программалық өнімді жасауда Windows операциялық жүйесі қолданылады. Соған байланысты осы ортада жұмыс жасайтын программалау тілін таңдау қажет болды. Барлық тілдерді салыстыра отырып, Delphi программалау ортасын таңдалды.
Delphi– кез келген бағыттағы және қиындықтағы программалық өнімді жобалаудағы ең күшті құралдардың бірі. Бұл пакеттің құралдары орташа жұмыс жасайтын адамға дейін толыққанды өнімді жасауға көмектеседі, ал тәжербиесі бар адам үшін шығармашылық жұмыс жасауына қолайлы тіл.
Delphi ортасында өндіру процессін барынша жеңілдетуге болады, сонымен қатар кейбір жеңіл жобаларды ешқандай программалық кодты қолданбай жасауға болады.
Delphi– бұл Borland International-дың қосымшаларды тез құруға арналған жеткілікті жаңа өнімі. Қосымшалармен мәліметтер қорымен “клиент-сервер “ архитектурасында, Internet/Intranet, сонымен қатар локальді машиналар және “ файл-серверлік “ архитектурасында жұмыс істейді.
Delphi тілі объктілі– бағытталған Object Pascal тілінің жалғасы. DELPHI-ге InterBase локальді SQL сервері, есеп беру генераторлары, визуальді компоненттің және информациялық жүйені немесе Windows ортасының қарапайым программаларын проффессиональді өндеуде өзінді сенімді сезіну үшін арналған тағы басқа құрылғылар жатады.
Delphi–дің басқа аналогтық программалық өнімдермен салыстырғандағы артықшылықтар:
Құрылған қосымшаны өндеу жылдамдығы;
Delphi ортасына жаңа компоненттер мен құрылғыларды қосу арқылы қосымшаның жұмысын арттыру;
Delphi-дің жеке құралдарымен жаңа компонент пен инструмент құрудың мүмкіншілігі;
Delphi өнімінің негізгі сипаттамалары:
Delphi– бұл бірнеше маңызды технологиялардың комбинациясы:
машина кодына аударатын жоғары өнімді компилятор;
объекті-бағытталған модель компонент;
программалық прототиптерден визуальді (сонымен қатар жылдам) қосымшаларды құру;
мәліметтер қорын құру үшін арналған масштабталатын құралдар;
Программаның экрандық интерфейсі көп жағдайда қолданушыға әсер етіп, оның жұмыс қарқындылығын көбейтеді. Кейбір дұрыс жасап тұрған, барлық функцияларды дәл және тез орындайтын программа - қолданушымен экрандық интерфейсі келмей жарамсыз болып қалуы мүмкін. Сондықтан бұл міселеге де көп көңіл бөлінуі тиіс.
Дельфи тілінде құрылған программада Windows– тың стандартты терезесі қолданылды. Windows– тың стандартты терезелері қолдануға өте жеңіл және ол оңай құрылады.
Программаның дизайны - оны қабылдауға жеңіл және өздігінен көмек беруі тиіс. Сонымен қатар дизайн жобалау процессінің алғашқы процесстерінің бірі болып табылады. Дизайн– жобалаудың бір бөлігі, дизайнды жүйелеп жобалау оның келесі қадамдарын анықтауға көмектеседі.
Программаның дизайнын жасауда терезелер, мәтіндер және формалар түстеріне көңіл бөлген дұрыс. Себебі, визуальды орта нақты ортаға қарағанда өзгеше, бізге түстер арқылы осы визуальды ортаны нақты ортаға жақын етуіміз қажет. Адам баласы нақты түстерді шағылу сәулелері арқылы қабылдайды, ал экрандағы кескін жіберуші сәулелерден тұрады. Сондықтан түстік сипаттамаларды ескерген жөн.
2.3 Delphi-де мәліметтер қорымен байланысты ұйымдастыру
ADO технологиясы мен «файл-сервер» архитектурасы көмегімен мәліметтер қорын құру білімінің көмегімен, көрсетілген талаптарды ескере отырып, жаңа бағдарлламаны жазу шешімі қабылданды. Осы түрінде болашағы зор бағдарлама болып табылады және талаптарына сәйкес қойылған мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік болады. Құрылған ақпараттық жүйе болашағы үлкен зерттеме болып табылады.
Delphi-де мәліметтер қорымен жұмыс істеуге арналған бірнеше компоненттер жиынтығы бар. Олардың әрқайсысы нақты есептер жинағын шешуге бағытталған. Компоненттердің әр түрлілігі, олардың әр қайсысы әр түрлі мәліметтерге қатынау технологиясын қолданады және мүмкіндіктері бойынша ерекшеленеді.
Мәліметтер қорымен BDE арқылы жұмыс жасауға арналған компоненттер компоненттер кітапханасының DataAccess(мәліметтерге ену) және DataControl (мәліметтерді басқару ) беттерінде орналасқан.
Мәліметтер қорын пайдалынатын әрбір қосымша әдетте ең болмағанда төмендегідей үш типтің бір компонентін қолданылады:
компоненттер–тікелей мәліметтер қорымен байланыстыратын мәліметтер жиынтығы (DataSet). Бұл Table, Query, StoredProc компоненттері.
компонент– мәліметтер көзі. Бұған DataSourseкомпоненті жатады.
Визуальді компоненттер мен мәліметтерді басқару компоненттері: DBGrid, DBText, DBEdit.
Мәліметтер қорымен жұмыс жасайтын қосымшаның мүмкіндіктері алдымен мәліметтер жиынтығын құруға қандай компонент Table немесе Query қолданылатынын анықтайды. Table компоненті SQL сұрауының аеық түрде қолданылмайды. Дәлірек айтқанда ол қолданылады, бірақ ол қолданушы үшін кадр артында қалады.
Локальді мәліметтер қорымен жұмыс жасағанда көбіне Table қолданылады. Оның көмегімен тек қана мәліметтер қорының кестесін қарау ғана емес, сонымен қатар жазбаларды модификациялауға, өшіруге, жаңа жазбаларды құруға болады. Бірақ серверлік мәліметтер қорымен жұмыс жасағанда Table компонентінің эффектісі аз болады. Бұл жағдайда ол қолданушының компьютерінде уақытша мәліметтер қорының копиясын құрады да,сол копиямен жұмыс жасайды. Әрине бұл процедура үлкен ресурстарды қажет етеді және желіге жүк түсіреді. Мұндай кемшілік Query компонентінде жоқ. Егер SQL сұрауы кестені қарау болса ( Select сұрауы ), онда бұл сұраудың нәтижелері ( ағымдағы кестенің өзі емес ) қолданушы компьютердің уақытша файылында орналасады. Бірақ Table құратын мәліметтер жиынтығынан айырмашылығы, бұл кесте тек оқу үшін, ол ешқандай өзгерістерге келтірілмейді. Дегенмен, бұл шектеуден құтылуға болады, ол алда көрсетіледі. Егер де SQL сұрау кестенің мазмұнының әлдеқандай өзгерістерімен байланысты болса, онда ешқандай уақытша кестелер құрылмайды. BDE сұрауды серверге жібереді, онда ол өнделеді де қосымшада операция нәтижелі аяқталды ма соның информациясы шығады.Осындай жұмыстың ұйымдастырылуынан Query компонентінің желіде жұмыс істеу эффектісі Table эффектісіне қарағанда әлдеқайда жоғары.
DataSource- кестелер және тағы басқа физикалық мәліметтер жиынтығы мен формада басқару элементтері арасындағы байланысты орнатады. Бұл компонент күрделі келтірулерді талап етпейді. Тек State (TdataSetState типті) қасиетін белгілейік, ол DataSet қасиетінде мәліметтер жиынтығы қандай жағдайда тұрғанын көрсетеді (мыс, редакциялау, қосу, фильтрация және т.б. режимде).
Microsoft фирмасы бізге, өзінің өнімдеріне ендіріп ADO мәліметтерге қатынау технологиясын ғана берсе, ал Borland фирмасы әр түрлі технологиялар арқылы жұмыс істейтін құралдарды ұсынды.
Сонымен қатар, кез келген технологияны қолдану барысында пайдаланылатын топтар бар. Олардың ішіндегі бізге қол жетімді құралдар:
Құрауыштар палитрасының Data Access қабаттамасында негізгі мәліметтерге қатынау компоненттері орналасқан. Бұл компоненттер барлығы үшін ортақ және басқа компоненттер тобымен де қолданылуы мүмкін.
BDE қабаттамасында Borland фирмасымен құрылған Borland Database Engine атты технология бойынша мәліметтер қорына қатынауға мүмкіндік беретін компоненттер орналасқан. Бірақ, бұл технология өте ескірген. Соған қарамастан ол Paradox, dBase ескірген мәліметтер қоры түрлерімен жақсы жұмыс істейді.
DBExpress-бұл Borland фирмасының мәліметтерге қатынаудың жаңа технологиясы. Ол үлкен иілгіштік қасиетімен ерекшеленеді және мәліметтер қорын қолданатын клиент- серверлік қосымшаларды бағдарламалау үшін ыңғайлы. Бұл қабаттамадағы компоненттерді серверлік технология бойынша құрылған Oracle, MySQL сияқты МҚ-мен жұмыс жасау үшін қолданған дұрыс.
ADO(Active Data Objects)- Microsoft корпорациясымен құрылған мәліметтерге қатынау технологиясы. Кітапханасы өте жақсы және бұл технологияны MS Access немесе MS SQL Server– Microsoft-ң МҚ-мен жұмыс жасағанда қолданған дұрыс (тек ODBC арқылыжұмыс жасайтын МҚ-мен де қолдануға болады).
Access мәліметтер қорымен жұмыс АDО арнайы баптауы арқылы жүреді. Ол компьютерге Office бағдарламасымен бірге немесе жеке орнатылуы мүмкін. Егер бағдарлама клиент компьютерінде жұмыс істемесе, онда сол компьютерге АDО орнатылуын қамтамасыз ету керек.
Delphi-де МҚ-мен жұмыс жасауға арналған бірнеше компоненттер жиынтығы бар. Бұл компоненттердің алуан түрлілігінің себебі олардың барлығы мәліметтерге қатынаудың әр түрлі технологияларын қолданады және олар мүмкіндік деңгейі бойынша да ерекшеленеді.
МҚ-мен жұмыс жасау мысалы
MS әзірлемелерімен жақсы жұмыс жасайтын ADO технологиясы болып табылады, олай болса, МҚ-мен жұмыс жасауға арналған алғашқы қолданбамызды жазып көрейік.
Жаңа жоба құрып, ADO компоненттер палитрасынан формаға ADOConnection компонентін орналастырыңыз. Енді сервермен байланыстыруды жүзеге асырамыз. Ол Connection String қасиетінде жазылады. Ол үшін Connection String жолына екі рет шертсек, келесі терезе пайда болады.
Сурет 2.1 Қорға қосылуды жүзеге асыратын терезе
Мұнда таңдау жасауымыз керек:
1. Арнайы файл қолдану (Use Data Line File);
2. Қосылау жолын қолдану (Use Connection String).
Екінші таңдау анағұрлым ыңғайлы, олай болса, қосылу жолын құрайық. Build батырмасына шертсек төмендегі суреттегі терезе пайда болады.
Сурет 2.2 Қосылу жолын құрушы терезе
Provider қабаттамасында барлық қатынауға болатын АВО драйверлер орналасқан. Егер қандайда бір драйвер жоқ болса, үнсіздік бойынша ерекшеленген «Microsoft OLE SB Provider for OBBC Stiber» драйверін таңдауға болады. Бұл драйвер мәліметтер қорына ОВВС драйвер арқылы қатынауға мүмкіндік береді. (бұл драйвер компьютерге орнатылмауы да мүмкін)
Бұл жағдайымызда Microsoft lef OLE SB Provider драйверін қолданамыз, себебі, бұл драйвер MS office– мен бірге компьютерге орнатылады,Windows операциялық жүйесінің соңғы версияларында бұл драйвер үнсіздік бойынша орнатылады.
Біздің машинада бұл драйвердің екі версиясында да орналасқан, сондықтан біз осылардың ішіндегі жаңалау «Microsoft lef 4.0 OLE SB Provider» драйверін таңдаймыз. Осыдан соң Next батырмасына шертіп немесе Connection қабаттамасына өтеміз. Connection қабаттамасының түрі таңдалған драйверге байланысты. Біздің жағдайымызда ол төмендегідей түрде болады.
Сурет 2.3 Connection қабаттамасы
Үш нүктелі батырмаға шерту арқылы мәліметтер қоры орналасқан жолды көрсетеміз. Егер мәліметтер қоры жүктеуіш файл орналасқан директорияда орналасса, онда мәліметтер қоры жолын көрсету қажет емес.
Жалпы қор файлы мен жүктеуіш файлдарды бір директорияда сақтаған дұрыс.
Бұдан басқа да төмендегідей өрістерді толтыру керек:
қолданушы_аты (Uses name), өзгеріссіз қалтыруға болады, егер MS Access-те мәліметтер қорын құру кезінде басқа ат берілмесе;
пароль (Password)– Егер қордың паролі бар болса, онда оны көрсету керек;
бос пароль (Blank password)– пароль қажет емес болса, онда галочка қойамыз;
парольді сақтауға мүмкіндік беру (Allow saving password). Егер бұған галочка қойсақ, онда парольді сақтауға болады.
Мәліметтер қорын таңдап болғаннан кейін байланысты тестілеу үшін Проверка Выпалнения батырмасына басамыз. Байланыс орнаса, Выполнена хабарламасын аламыз. Терезені жабу үшін ОК батырмасын шертеміз.
АВО Connection компонентінің Login Promft қасиетінің мәнін False етіп орнатамыз. Ол не үшін қажет? Ол мәліметтер қорына қатынаған сайын қайта– қайта парольді енгізе бермес үшін.
Енді Connected = True - мәліметтер қорымен байланыс орнату үшін.
Осымен, байланысу үрдісі аяқталды. Енді «Справочник » кестесіне қатынау жасауымыз керек. Ол үшін формаға ABOTable компонентін орналастырып, Name қасиетіне ВоокName деп береміз.
Бұл компонентің де ConnectionSfring қасиеті бар, оны да баптауға да болады. Неге? Себебі бізде ADOConnection компоненті бар. BookName компонентінің Connection қасиетінен ADOConnection1-ді таңдау арқылы екі компонентті байланыстырамыз.
Енді TableName қасиетінен керекті кестенің атын таңдаймыз.
Кесте мен байланыстар көрсетілген, енді қосылуға болады. Ол үшін Active =True
-TDataSource
Кестедегі мәліметтерді бейнелеу үшін DataAccess компоненттер палитрасынан DataSource компонентін формаға орналастырамыз. Бұл компонент қай кестені бейнелеу керектігін көрсету керек. DataSet қасиетіндегі тізімнен BoorTable кестесін таңдау керек.
-DBGrid
Компонент– тор, мәліметтерді кесте түрінде бейнелейді. Бұл компонентте кестеміздің жолдарын құруға, жоюға және редакциялауға болады.
Соңғы кезең– тор компонетті мәліметтерді бейнелеу компонентімен байланыстыру.
Осымен қолданба дайын. Бірде-бір бағдарлама кодын жазбастан МҚ-мен жұмыс жасауға арналған қолданба құрылды.
Кестені көрсетудің ең оңай әдісі DBGrid компонентін орнату. Ол мәліметтерді кесте түрінде көрсететін торлы компонент.
Бұл компонентте біздің кестемізде жолдарды қосуға, жоюға және редактірлеуге болады.
Қосымшаны құрудың ең соңғы кезеңі– тор компоненті мен кестені көрсету компонентін байланыстыру. DBGrid копонентінің DataSourse қасиетіне DataSourse1 деп көрсетуіміз керек.
TADOTable - компоненті көптеген қасиеттерге ие. Олардың көпшілігі қолдануға қарапайым сондықтан негізгілеріне қысқаша тоқталып кетейік. Қайсібірімен тәжірибелік жұмыста танысамыз, қайсыбірі қосымша мәлімет ретінде қалады.
ReadOnly– егер қасиет True тең болса, онда кестені өңдеуге болмайды. Бұл қасиетті мәліметтерін өзгертуге болмайтын кестелерге орнату керек.
TableDirect– бұл қасиет кестеге қатынау жолын көрсетеді. Егер бұл параметрдің мәні True-ге тең болса, онда кестеге аты бойынша тура қатынау орындалады. Егер False болса, онда мәліметтер қорында арнайы SQL сұраныс жүргізіледі. Бұл қасиет үнсіздік бойынша False мәніне тең болады.
TablName– мәліметтерін өңдегіміз келетін кесте аты.
CacheSize– кэш жадысының көлемі. Егер осында 50 санын енгізсек, онда кестеге алғаш қатынаған кезде компонент алғашқы 50 жолды таңдайды және оларды жергілікті жадыға орналастырады. Бұл мәліметтерге қатынау жылдамдығын көбейтеді.
CanModify– бұл қасиет ReadOnly қасиетіне ұқсас және кестені редактірлеу мүмкіндігін көрсетеді.
CommandTimeout– команданың орындалуының уақыттын күту. Компонент команданы мәліметтер қорына бағыттаса, онда ол күту таймерін іске қосады. Таймер уақыты өткенде (егер қате болса) қате туралы хабарлама шығады.
Connection - қосылу орындалатын, TADOConnection компаненті көрсетіледі.
ConnectionString– мәліметтер қорына қосылу жолы.
CursorLocation– мәліметтерді оқып, кестедегі ағымды позицияны көрсететін курсордың орналасуы. Курсор серверде немесе клиент машинасында орналасуы мүмкін.
Filter– фильтр жолы.
Filtered– кестенің фильтрлі болуын анықтайды. Егер мәні false болса, онда фильтр жолы еленбейді.
IndexFieldNames– индекстелген бағананың атауы. Индекс мәліметтерді сорттау үшін немесе кестелерді байланыстыру үшін қолданылады.
RecNo– ағымдағы белгіленген жолдың нөмірі.
RecordCount– кестедегі жолдар саны.
Sort– сорттаудың типін көрсететін жол. Мысалы, «Телефон» өрісін сорттау үшін ADOQuery1.Sort:=’ Телефон ASC’ жолын жазу керек. ASC операторы өсу ретімен сорттайды. Ал DASC операторы кему ретімен сорттайды.
Active– егер бұл қасиетке true қойсақ, онда кесте ашылады.
AggFields– мұнда барлық агрегаттық өріс сақталады.
AutoCalcFields - егер бұл қасиетке true қойсақ, онда өрісті автоматты түрде санайды.
Bof– бұл қасиетке әсер етуге болмайды, бірақ егер ол true болса, онда біз файлдың басында боламыз.
Bookmark– мұнда ағымдағы бетбелгі орналасады.
Eof - бұл қасиетке әсер етуге болмайды, бірақ егер ол true болса, онда біз файлдың соңында боламыз.
FieldCount– бұл жерде кестедегі өріс саны сақталады.
Fields– осы өріс арқылы өріс мәніне қатынауға болады. Мысалы, егер 4 өрісте қандай мән сақталғанын білу керек болса мына жолды жазу керек: Table.Fields. Fields[4].AsString. AsString әдісі бізге мәнді жол түрінде алу керек екенін айтады. Ол қарапайым әдіс. Ағымда барлық жазба мен өріске атауы арқылы қатынайды.
FieldValues– бұл қасиеттің көмегімен кез келген көрсетілген өрістің мәніне оңай қатынауға болады. өрістің атауын тік жақшаға алып жазу керек. Мысалы, Table1. FieldValues[‘Телефон’]:=’3346598’;
FilterOption– фильтрді баптау. Мұнда келесі параметрлерді көрсетуге болады:
foCaseInsensitive– фильтр регистрге сезілмейді.
foNoPartialCompare– егер осы параметр тұрса, онда көрсетілген фильтрдің тура көшірмесімен салыстыру жүргізіледі. Егер параметр көрсетілмесе, онда фильтр оның тура көшірмесі болмайтын фильтрдің мәні бар жолға түседі. Мысалы, фильтрде «са»-дан басталатын сөздерді көрсетуге керек болса, онда фильтрге «са»-дан басталатын барлық сөздер түседі. (самолёт, самокат).
Modified - егер бұл қасиет true болса, онда кестеге өзгеріс енеді.
Көріп отырғанымыздай, қасиеттер өте көп және олардың көбі аса қажетті. Ал енді бұл компоненттің негізгі әдістерін қарастырып шығайық.
BookmarkValid– бұл әдіс қабаттаманың дұрыстығын тексереді. Жалғыз параметр ретінде қабаттамаға TBookmark типті көрсету керек және ол егер нақты болса, онда шешімі true болады.
CancelUpdates– кэш жадыда сақталған жаңартуды өзгерту.
CompareBookmarks– екі қабаттаманың салыстырылуы. Әдісте TBookmark типті екі параметр бар. Бұл екі қабаттамалар салыстырылады. Егер қабаттамалар тең болса, онда шешімі нөлге тең. Егер біріншісі екіншісінен кем болса, онда шешімі (-1)-ге тең. Егер біріншісі екіншісінен үлкен болса, онда шешімі 1-ге тең.
DeleteRecords– жазбаны өшіру. Әдісте қай жазбаны өшіру туралы бір параметр бар. Келесі мәндерді параметр ретінде көрсетуге болады:
arCurrent тек ағымды жазбаны өшіру.
arFiltered орындалған фильтрдегі қанағаттандырған жазбаны өшіру.
arAll барлық жазба.
arAllChapters ADO бөліміндегі барлық жазбаны өшіру.
Append– кестенің соңына жаңа жазба қосу.
Cancel– егер өзгеріс Post әдісінің көмегімен сақталмаса, ағымдағы жолдың өзгеруін тоқтату.
Close– кестені жабу.
Delete– ағымдағы жолды өшіру.
Edit– өңдеу режиміне ауысу. Осыдан кейін өрістің мәнін өзгертуге болады.
FieldByName - өрісті атауы бойынша іздеу. Жалғыз параметр ретінде өрістің атауын жол түрінде көрсету керек және шешімінде ТField объектісі түрінде өрісте сілтеме аламыз.
First– кестенің бірінші жолына өту.
Insert– кестеге жаңа жол қосу.
IsEmpty– егер әдіс true қайтарса, онда кестеде жазба болмайды.
Last– кестенің соңғы жолына өту.
Next– келесі жазбаға өту.
Post– барлық өзгерісті қабылдау.
Prior– кестедегі алдыңғы жазбаға жылжу.
Refresh– мәліметтер туралы ақпаратты жаңарту.
UpdateRecord - ағымды жазбаны жаңарту.
Есеп беру - бұл МҚ-на сұранымдар орындау нәтижесі тәрізді мәліметтерден тұратын баспадан шығаратын құжат. Есеп берулердің мынадай түрлерін атап өтуге болады:
Қарапайым есеп беру;
Мәліметтерді топтастыру арқылы құрылатын есеп беру.
Қатынас арқылы б/сқан біріктіретін құрама есеп беру.
Delphi-де есеп берулер құруға мүмкіндік беретін компоненттер жиынынан тұратын Quick Report есеп берулер генераторы қолданылады.
Есеп берулер құруға арналған коапоненттер Q Report парағында орналасады. Компоненттердің барлығы визуальды болып табылады. Олардың көбісі Standart, Additional және Data Controls парақтарындағы компьютерге ұқсас.
Есеп берудің негізгі компоненті QuickRep. Ол басқа компоненттер орналасатын негіз болып табылады. QuickRep компоненті жеке формаға орналастырылады және А4 форматындағы параққа ұқсас. Оның масштабын Integer типті Zoom қасиеті арқылы өзгертуге болады.
Quick Rep комп-ті Data Set қасиеті арқылы есеп беру құрылатын Table және Query жиынымен байланыстырылады.
Мыс QuickRep1.Data Set := Form1. Table1;
Есеп беру жеке жолақтардан тұрады. Әрбір жолақтың үстіне сәйкес компоненттер орналастырылады. Жолақтардың есеп беруде бейнеленуін TQuick Rep Bands типті Bands қасиеті арқылы басқаруға болады. Оның көмегімен мынадай жолақтар қосуға болады:
Has PageHeader– жоғарғы колонтитул ;
HasTitle– есеп беру тақырыбы;
HasColumnHeader– баған тақырыптары;
HasDetail– мәліметтер облысы;
HasSummary– есеп беру қорытындысы;
HasPageFooter– төменгі колонтитул.
Есеп беру парағының параметрлерін TQRPage типті Page қасиеті анықтайды:
Paper Size - парақ форматы (А4)
Orientution– парақ ориентациясы:
portrait– кітаптық
poLandScape– альбомдық
Length Width– парақтың биіктігі мен ені
TopMargin, Bottom Margin, Left Margin, Right Margin– Сәйкесінше жоғарғы, төменгі, сол жақ, оң жақ өрістердің өлшемі.
Тақырыптардың, жолақтардың, өрістердің өлшем бірліктерін TQRUnits типті Unit қасиеті анықтайды:
Inches -дюйм
MM– миллиметр
Pixels– пикселдер
Native– миллиметрдің оннан бірі
Characters– QuicRep. Font. Size қасиеті үшін тағайындалған өлшемдерге ие болады.
Есеп берудің параметрлерін Инспектр объект терезесі және Report Setting диалогтік терезесі арқылы өзгертуге болады. Ол парақтың контекстік менюінен немесе тышқанды екі рет шерту арқылы шақырылады.
Есеп беру парағында рамка болуы мүмкін. Оның параметрлері TQRFrame типті Frame қасиеті тағайындайды:
Color– түсі
Width– пиксенмен бір ені
Style– стилі
OrawTop, DrawBottom, DrawLeft, DrawRight– сәйкесінше жоғарыда, төменде, сол жақта, оң жақта сызықтардың бейнеленуі.
TQuickRepPrinter. Settinys типті Rrinter Settiny қасиетінің көмегімен принтердің келесі параметрлері тағайындалады:
First Page және Last Page– баспаға шығарылатын 1-ші және соңғы парақ нөмері.
Copeis– көшірмелер саны
Quplex– екі жағынан басып шығару режимін қосу
Qutput Bin - қағазды беру әдісі.
Принтер параметрлерін Print Dialog және Printer Setup Dialog стандартты диалогтары мен PrinterSetup әдісі арқылы тағайындауға болады.
Есеп беруді баспаға шығару үшін Print әдісі қолданылады. Ол, мысалыформада орналасқан баспаға шығару батырмасын шерткенде шақырылуы мүмкін.
DBGrid торындағы жазбалар баспаға сол ретпен шақырылады.
Есеп беруді алдын ала қарауға да болады. Ол PreView (просмотр) командасы арқылы жүзеге асырылады.
Жолақ түрі TQR BandType типті BandType қасиеті арқылы анықталады. Ол мынадай мәндер қабылдай алады:
rbTitle– есеп беру тақырыбы (жоғарғы колонтитул астында орналасады)
rbPage Heuder– жоғарғы колонтитул әрбір парақта басып шығар-ды.
rbDetail– есеп беру жазбалары.
rbPage Footer - төменгі колонтитул
rb Summary– есеп беру қорытындығы
rbGroupHеader– топ тақырыбы, әрбір топ үшін шығарылады.
rbGroup Footer– топқа көрсетілетін нұсқау
rb SubDetail– байланысқан бағынқы мәліметтер жиынының мәліметтері.
rb Column Header– әрбір парақта бір рет басып шығарылатын баған тақырыптары
rbOverlay - алдыңғы (Quick Report 2) версияның есеп беру генераторымен сәйкестік үшін қолданылады.
rbChild– байланысқан жолақтан кейін шығарылатын қосымша (дочерняя) жолағы.
Белгілі бір типті жолақты құрғаннан кейін, оның үстіне сәйкес компоненттер орналастырылады.
Есеп берудің жиі қолданылатын компоненттері:
QRLabel– кезкелген жолақта орналаса алатын (жазба) текст. Тек мәліметтер жолағы үшін қолданылмайды.
QRDBText– мәліметтер жолағында орналасатын жазба өрісінің мәні.
QRExpr - өрнек негізінде қалыптастырылатын мән. Онда жазба өрістерінің мәндері қолданылуы мүмкін. Мәліметтер жолағы мен төменгі колонтитул үшін қолданылады.
QRSysData– қорытынды жолақтар мен колонтитулдарда қолданылатын жүйелік ақпарат. Оның түрін QRSysData Type типті Data қасиеті анықтайды:
qrs ColumnNo– ағымдық баған нөмері (1 баған=1)
qrs Date– ағымдық дата
qrs DateTime– ағымдық дата мен уақыт
qrs Detail Count– мәліметтер жиынындағы жазба саны
qrs DetailNo– ағымдағы жазба нөмері
qrs Page Namber– ағымдағы парақ нөмері
qrs Page Counr– есеп берудегі парақтар саны
qrs Time– ағымдағы уақыт.
QRI mage– графикалық бейне
QR Shape– кез келген жолақта орналастырылатын геометриялық фигура.
3 «Ағаш-ұста шеберханасы» тапсырыстар қабылдау қызметінің автоматтандырылған жұмыс орны
3.1 Есептің қойылымы
Құрылған бағдарламалық өнім - қазіргі кезде қолданылатын кең тараған дербес ЭЕМ қажет етеді. Толығырақ айтсақ, Intel платформасында жасалынған компьютерлер типі. Мұндай ДЭЕМ– Intel core- ге дейінгі әр түрлі pc/at модификацияларын айтамыз. Қазіргі кезде pc/xt класстар қатарына жататын машиналар қолданылмайтындықтан, техникалық аппаратқа қандай да бір талап қою міндетті емес. Себебі, қазіргі кезде стандартты компьютер қажетті есептеу қуатына ие, сонымен қатар кез келген бағдарламалық өніммен жұмыс жасауға оперативті жады көлемі жеткілікті. Бағдарламалық өнімнің алатын орнының дискалық кеңістігі өте үлкен болуы қажет емес. Алайда дұрыс жұмыс жасауы үшін орнатылған операциялық жүйенің талаптарына жауап беретін техникалық құралдар жиынтығы қажет. Ескере кететін жай- құрылған бағдарламалық өнім windows операциялық жүйелеріне арналған, басқа операциялық жүйелерде жұмыс істемеуі мүмкін.
Бағдарламалық өнімді құру кезінде құру ортасын таңдауда келесі факторлар ескерілді:
нақты ортада бағдарламалық жабдықтауды жобалау процессінің қиындылығы және көп еңбектілігі;
бағдарламалық өнімді құру үшін инструментальды құралдардың бар болуы;
өнімді қолдану барысында бағдарламалық өнімге өзгеріс енгізуге болатынын ескеру;
қолданушы интерфейсті жобалау ортасының бар болуы;
бағдарламаның орындалу жылдамдығы;
бағдарламаның орындалу қауіпсіздігі және бағдарламалық ақаулардан қорғанысы;
операциялық жүйе ортасы- Windows ортасы.
Жобалау процессінің қиындылығына қарай отырып, операциялық жүйе таңдау кезінде Windows жүйесі берілген жоба үшін визуальды жүйе құруға тиімді жүйе екенін байқауға болады. Аталған себептерге байланысты Windows операциялық жүйесіне тоқталды.
«Ағаш-ұста шеберханасы» тапсырыстар қабылдау қызметінің автоматтандырылған жұмыс орнының қойылымы: Тапсырыс қабылдау, клиентке жеңілдіктер беру мүмкіндіктері, қажет болған жағдайда өз материалдарын клиентке ұсына алу мүмкіндігі болуы қажет.
3.2 Мәліметтер қорының ұйымдастырылуы
Мәліметтер қоры Access ортасында құрылды. Бұл ортаны таңдау себебім- MS Windows ортасында жұмыс істеуге арналған мәліметтер қоры және өте қолайлы орта.
Мәліметтер қоры 10 кестеден тұрады және олар бір «Building.mdb» файлында сақталады. Олардың құрылымы мен арналуы төмендегі кестелерде көрсетілген.
Кесте 3.1
Мекеме реквизиттері кестесі (Реквизиты)
Атауы
|
Типі
|
Арналуы
|
Наименование
|
Мәтіндік
|
Мекеме атауы
|
Адрес
|
Мәтіндік
|
Мекен жайы
|
Телефоны
|
Мәтіндік
|
Телефоны
|
Реквизиты
|
Мәтіндік
|
Банктік реквизиттері
|
ИНН
|
Мәтіндік
|
БЖК
|
ГенДиректор
|
Мәтіндік
|
Бас директоры
|
ГлавБух
|
Мәтіндік
|
Бас бухгалтері
|
Кесте 3.2
Менеджерлер кестесі (Менеджеры)
Атауы
|
Типі
|
Арналуы
|
ТабN
|
Ұзын бүтін
|
Табельдік нөмірі
|
ФИО
|
Мәтіндік
|
Аты жөні
|
Кесте 3.3
Жұмысшылар мамандығы кестесі (Специализации)
Атауы
|
Типі
|
Арналуы
|
ID
|
Ұзын бүтін
|
Коды
|
Специализация
|
Мәтіндік
|
Мамандық атауы
|
Кесте 3.4
Жұмысшылар кестесі (Работники)
Атауы
|
Типі
|
Арналуы
|
ТабN
|
Ұзын бүтін
|
Табельдік нөмірі
|
ФИО
|
Мәтіндік
|
Аты жөні
|
СпециализацияID
|
Ұзын бүтін
|
Мамандық коды
|
Кесте 3.5
Клиенттер кестесі (Клиенты)
Атауы
|
Типі
|
Арналуы
|
ID
|
Ұзын бүтін
|
Коды
|
ФИО_Наименование
|
Мәтіндік
|
Аты жөні немесе атауы
|
Паспорт
|
Мәтіндік
|
Құжаты
|
Информация
|
Мәтіндік
|
Ескертулер, қосымша ақпарат
|
Скидка
|
Ұзын бүтін
|
Берілетін жеңілдік
|
Адрес
|
Мәтіндік
|
Мекен жайы
|
Телефоны
|
Мәтіндік
|
Телефондары
|
Реквизиты
|
Мәтіндік
|
Реквизиттері
|
ИНН
|
Мәтіндік
|
БЖК
|
КПП
|
Мәтіндік
|
СТН
|
Кесте 3.6
Сатылатын тауарлар кестесі (МатЦенности)
Атауы
|
Типі
|
Арналуы
|
Шифр
|
Ұзын бүтін
|
Шифры
|
Наименование
|
Мәтіндік
|
Атауы
|
ЕдИзм
|
Мәтіндік
|
Өлшем бірлігі
|
Информация
|
Мәтіндік
|
Қосымша ақпарат
|
Количество
|
Ұзын бүтін
|
Саны
|
Цена
|
Ақшалық
|
Бағасы
|
Кесте 3.7
Тапсырыстар (Заказы) кестесі
Атауы
|
Типі
|
Арналуы
|
NЗаказа
|
Ұзын бүтін
|
Тапсырыс нөмірі
|
ДатаПриема
|
Уақыт
|
Тапсрысты қабылдау күні
|
ДатаСдачи
|
Уақыт
|
Тапсырысты аяқтау күні
|
КлиентID
|
Ұзын бүтін
|
Клиент коды
|
МенеджерID
|
Ұзын бүтін
|
Тапсырысты қабылдаған менеджер коды
|
РаботникID
|
Ұзын бүтін
|
Тапсырысты істеуші Жұмысшы коды
|
Скидка
|
Ұзын бүтін
|
Берілетін жеңілдікЖ
|
Сумма
|
Ақшалық
|
Сомасы
|
Кесте 3.8
Тапсырыстар берілген тауарлар (МатЦенностиПоЗаказу)
Атауы
|
Типі
|
Арналуы
|
NЗаказа
|
Ұзын бүтін
|
Тапсырыс нөмірі
|
МЦ_ID
|
Ұзын бүтін
|
Тауар коды
|
Количество
|
Ұзын бүтін
|
Саны
|
Цена
|
Ақшалық
|
бағасы
|
Кесте 3.9
Ұсынылатын жұмыстар прейскуранты(Прейскурант)
Шифр
|
Ұзын бүтін
|
Арналуы
|
Работа
|
Мәтіндік
|
Жұмыс атауы
|
Единица
|
Мәтіндік
|
Өлшем бірлігі
|
Норма
|
Қалқымалы нүктелі сан
|
Нормасы
|
ОплатаЗаНорму
|
Ақшалық
|
Норма құны
|
Кесте 3.10
Тапсырыс берілген жұмыстар (РаботыПоЗаказу)
Атауы
|
Типі
|
Арналуы
|
NЗаказа
|
Ұзын бүтін
|
Тапсырыс нөмірі
|
РаботаID
|
Ұзын бүтін
|
Жұмыс коды
|
Дата
|
Уақыт
|
Күні
|
РаботникID
|
Ұзын бүтін
|
Жұмысшы коды
|
Количество
|
Қалқымалы нүктелі сан
|
Саны
|
ОплатаЗаНорму
|
Ақшалық
|
Норма құны
|
Кестелер реляциялық алгебра заңдылықтарын сақтай отырып үшінші қалыпты түрге келтіріліп, бірімен байланыстырылды (сурет 3.1)
Сурет 3.1. Мәліметтер қорының инфологиялық моделі
3.3 Бағдарламаның интерфейстік құрылымы
Автоматтандырылған жұмыс орнының қойылымы: «Ағаш-ұста шеберханасы» тапсырыстар қабылдау қызметінің автоматтандырылған жұмыс орнын құру. Шеберхананың жеке өз материалдар қоймасы бар және қажет болған жағдайда клиентке ұсына алу мүмкіндігі болуы қажет.
Автоматтандырылған жұмыс орны келесі функцияларды атқарады:
клиенттер, шеберхана менеджерлері мен жұмысшылары, олардың мамандықтары, материалдар анықтамаларын жүргізу;
жөндеу және қызметтер прейскурантын ұсыну;
қоймадағы материалдардың барлығын есепке алу;
жұмыс атқаруға тапсырыс қабылдау,
тапсырыс бойынша орындалатын жұмыстар мен қолданлатын материалдардың есебін жүргізу;
клиент тапсырыстар журналын жүргізу;
келесі құжаттарды қалыптастыруды:
қызмет көрсету жұмыстары бойынша келісім шарт;
келісім шарт бойынша орындалатын жұмыстар мен жеткізілетін материалдар тізімі бар тапсырыс (келісім шартқа қосымша);
атқарылған жұмыстардың тізімі, саны, сомасы бар қабылдау актысы;
атқарылған жұмыстар мен жеткізілген материалдар бойынша есеп шот;
қоймадағы материалдар, бағасы мен саны;
жұмыстар прейскуранты;
клиенттер тізімі;
жұмысшылар тізімі;
клиент тапсырыстары журналы;
таңдалған күндер аралығында жұмысшылар бойынша орындалған жұмыстар сомасы есебі;
жұмысшылар бойынша орындалған жұмыстар диаграммасы;
орындалған жұмыс түрлері бойынша;
айлар бойынша тапсырыстар;
клиенттер бойынша тапсырыстар.
Құрылған ақпараттық жүйе «stroika.exe» программасы арқылы жүктеледі (сурет 3.1). Негізгі терезеде мәзір қатары және жиірек қолданылатын терезелерді шақыратын батырмалар бар
Сурет 3.1 Негізгі терезе
Файл мәзіріндегі жалғыз команда «Шығу» программа жұмысын аяқтауға арналған.
Анықтамалар мәзірінде келесі пунктер бар:
клиенттер;
менеджерлер;
жұмысшылар;
мамандықтар;
реквизиттер;
қоймадағы материалдар;
жұмыстар прейскуранты.
Реквизиттер пункті сәйкес атаулы терезені шақырады (сурет3.2). Бұл терезеде мекеменің атауы, бас директоры, бас бухгалтері, мекенг жайы, банктік реквизиттері, телефондары ИИН және РНН беріледі. Бұл ақпараттар кейіннен құжаттар қалыптастыруда қолданылады.
Сурет 3.3 Реквизиттер терезесі
Анықтамалар мәзіріндегі «Менеджерлер» пункті менеджерлер терезесін шақырады (сурет 3.4). Бұл терезе мекеме менеджерлерінің аты жөнін, табельдік нөмірін сақтайды. Қажет болған жағдайда «Баспа» батырмасын шерту арқылы MS Excel ортасына жіберуге болады (сурет 3.4).
Сурет. 3.4 Менеджерлер терезесі
Достарыңызбен бөлісу: |