Автоматтандырылған жұмыс орны (АЖО) – бұл жүйе, жинауға, сақтауға, іздеуге, өңдеуге және қолданушылардың сұрауларына байланысты ақпаратты көрсетуге арналған. АЖО өзіне программалық құралдар жиынтығының тікелей шешілетін есептерін қосады.
Кез– келген АЖО мақсаты, қолдану аймағына қатысты емес әдістерді құру, техникалық базаларды, байланысты үзбеу аппараты, уақтылы, нақты және толық ақпараттарды көрсету болып табылады.
АЖО құрудың басты мақсаты автоматтандыруды жинау, сақтау, өңдеу, іздеу және банк салымшыларына финанстік ақпараттарды беру болып табылады, нәтижесінде, банк клиенттерінің қызмет ету деңгейін жоғарлату.
АЖО құрудың басты мақсатымен қатысты АЖО есептері мыналар болып табылады:
қызметкерлердің іскерлігі мен еңбек өнімділігі;
берілген мәліметтердің ақиқаттығы;
салымшылардың ақшасы туралы мәліметтерді тез арада алу;
құжат айналымдарының азаюы, банк шығындарының азаюына әкеліп соғады;
әртүрлі критериялар бойынша салымшы туралы ақпаратты іздеуге мүмкіндігі бар;
берілген ақпараттың сенімділігі мен қорғануы бойынша барлық комплексті талаптардың орындалуы;
тез арада ақпараттарды жинау, бақылау, өңдеу және беру жұмыстарын жақсарту.
Қосымша есептер комплексін қосуына және әрі қарай дамуына, функционалдық және ақпараттық құрылым жүйесі ашық болу қажет.
Достық интерфейс компьютермен жұмыс істеген кезде жұмысшылар өз жұмысының өнімділігі мен сапасын жоғарылатуды қамтамасыз етеді.
1.2 «Ағаш-ұста шеберханасының» жұмысын автоматтандыруға қойылатын талаптар
Автоматтандырылған жұмыс орнының жұмыс істеу кезінде кедергілерден қорғауды қарастыру қажет, қолданушылардың дұрыс емес қимылдарын, сондай– ақ істен шығуды қалпына келтіру мүмкіншілігі бар.
Фактілерді ескеріп, компьютерлік жүйенің архитектурасына әсер етеді, оған мынадай басты талаптар құрастырады:
АЖО архитектурасы барлық жүйенің жұмыс тәртібінің бұзылу ықтималдығын азайту қажет (жүйенің істен шығуы, ақпараттық базаның бұзылуы, ақпараттардың жоғалуы немесе өзгеруі) қолданушылардың кездейсоқ және әдейі жасалған қимылдары[4];
ақпараттар легінің қатысуымен элементтер жүйесі арасындағы ақпараттардың байланысы мен алмасуын іске асыру қажет;
берілген тапсырмаларды қарастыру және ақпараттардың жаңартуын жабдықтау;
қарым–қатынас тәртібінде қолданушылардың сұраныстарының тапсырмаларын іздеу;
ақпараттарды ыңғайлы енгізу;
ерте енгізілген ақпараттарға тез арада қол жеткізу;
нормативтік– анықтама ақпараттарын қайта– қайта қарап отыру қажет;
ақпараттық жеткілікті жылдамдық, ақпараттың ауысу көлемі және жиілігі ағымдағы процестердің үдейі қозғалысына сәйкес келу керек.
1.2.1 АЖО құрылымына қойылатын талаптар
Автоматтандырылған жұмыс орны– бұл қиын жүйелер және элементтерді бөлек бөлімдерге бөлуін талап етеді. Барлық жүйелерге бірден жасау мүмкін болмаса, олардың бөлек бөлімдеріне жасау мүмкін болады. Бөлімдердің белгіленуі толығырақ және нақтырырақ болса, жүйе элементтері, бөлімдердің ара– қатынасы және тұрған жері анықталса, онда жүйенің қызмет істеуі және құру процесі тиімдірірек болады.
Автоматтандырылған жұмыс орны құрылымы– бұл ішкі жазықтық–уақыттық байланыстарының тұрақты тәртібі және элементтер мен жүйеасты бөлімдерінің арасындағы қатынасы, жүйеастының атқаратын қызметтердің анықталуы және сыртқы ортамен өзара байланысы.
АЖО жабдықтаушы және функционалды бөлімдерден тұрады. Жабдықтаушы бөлімі– бұл есептердің және есептер комплексінің немесе жүйеастыларының жиынтығы, бұл басқарудың маңызды бөлігін құрайды.
Есептер комплексі– бұл есеп жиынтығы, белгілі бір қасиетіне қарай топталған.
Есеп– бұл автоматтандырылған функциялардың бөлігі, ақырғы немесе ортааралық қорытындының нақты формада көрсетілуі (құжат, хабарлама және т.б.)
Экономикалық есептердің келесідей ерекшеліктерін көрсетуге болады:
жоғары алгоритмдеу;
иерархиялық, яғни жүйеастыларына, блоктарға, есептер комплексіне кіруі;
шешімнің бір қалыптылығы;
шешімге белгілі бір уақыттың болуы;
типтік алгоритм шешімінің мүмкіндігі және жалпыламалығы;
жүйенің шығу– кіру тапсырмаларының құрылымы және үлкен көлемі.
АЖО-ға қойылатын талаптар кесте түрінде бейнеленген, бұл кестеде есептер кешені және тапысырыс қабылдау есептері көрсетілген, сондай– ақ кіріс және шығыс көрсеткіштері берілген есептерге келтірілген[5].
Достарыңызбен бөлісу: |