Дипломжобасының мақсаты мен міндеті– қолданыста бар экономикалық ақпараттық жүйелерді зерттеу, ақпараттық жүйелерді тұрғызудың теориялық және практикалық мәселелерін қарастыру. Нәтижесінде ағаш-ұста шеберханасы өнімдерін сату есебі жұмысын бақылайтын және басқаратын ақпараттық жүйе құру.
Диплом жобасының зерттеу нысаны автоматтандырылған жұмыс орнын техникалық және программалық қамсыздандыру, автоматтандыру принциптері, автоматтандырылған жұмыс орнына жүйелерге қойылатын талаптар, автоматтандырылған жұмыс орнының ақпараттық және техникалық қамсыздандырылуы, экономикалық ақпараттық жүйелердің ерекшеліктері, экономикалық ақпараттық жүйелер, мәліметтер қорын құру мәселелері және мәліметтер қорын басқару жүйесін құруда Delphi 7 ортасының мүмкіндіктері.