Жұмыстың ғылыми жаңалығы: Бұрын жеке әлі ешкім қарастырмаған тақырып бойынша, ғылыми зерттеу жүргізуге алғаш рет әрекет жасалды. Зерттеуде тың ғылыми ізденістер жүзеге асырылды. Атап айтқанда:
- Біріншіден, ғылыми жұмыста, патша үкіметінен кеңіс уақытындағы Алаш қозғалысының және жер мәселесі жөнінде негіздей отырып, сол тұстағы орын алған басты үдерістерді жаңаша тұрғыдан баға беру болып табылады;
- Екіншіден, жоғарыда айтып өткендей, сол процестегі жазылып өткен барлық деректерге тарихи шолу жасалып, тәуелсіздікке 30 жыл тараптағы ғалымдардың жазылған көзқарастарымен салыстырып өттік.
- Үшіншіден, Алаш қозғалысының тарихы және атқарған қызметтеріне жаңаша баға беріліп, оның қазіргі кездегі саяси үдеріспен сабақтастырылып көрдік.
Төртіншіден, жұмыс бұрын жарияланбаған, мұрағат деректерінің үлкен шеңберінде құрылып, айналымға алғаш енгізіліп отыр;