Дипломалды іс-тәжірибесінің бағдарламасы оқу түрі: күндізгі күндізгі қысқартылған


Дипломалды іс-тәжірибесінің мақсаты мен міндеттері



бет3/12
Дата24.04.2023
өлшемі56,65 Kb.
#175322
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Дипломалды практика ПиМНО

Дипломалды іс-тәжірибесінің мақсаты мен міндеттері

Теориялық білімді бекіту және тереңдету, жоода оқу үдерісінде білім алушылармен алынған, ұйымдастыруға ұсталықтары бар және эмпирикалық зерттеу бөлімін өткізуге, деректерді өндеуге, қорытындыларды талқылау және анализдеу; мемлекеттік емтихандық комиссия алдында дипломдық жұмысты қорғауға білім алушыларды дайындау.


Дипломалды іс-тәжірибенің міндеттері:

  • бақыланатын фактілер мен құбылыстарды және олардың арасындағы себеп-салдар байланыстарды орнату және талдау, білім беру процесі бақылау, олардың дамуын болжау;

  • оқу материалдары және оқу құралдарын талдау, олардан күтілетін нәтижелерді болжау;

  • нақты концептуальды негізде олардың даму перспективасын болжау, қол жетімділігі мен қажеттілік қатынасын сәйкестендіру;

  • Ғылыми ақпараттарды таңдау және сыни пайдалану;

  • Әмбебап, жалпығылыми және таным әдістерін меңгеру (талдау, сараптау, индукция, дедукция, аналогия, гипотеза, модельдеу және т.б.)

  • Әдістемелік экспериментті жоспарлау және өткізу;

  • Өзінің кәсіби іс-әрекетіне зерттеудің дидактикалық тиімді нәтижелерін енгізу.

1.3 Іс-тәжірибені ұйымдастыру және басқару нысаны
Оқу процесінің міндетті формаларының бірі болып табылады. Ол соңғы курста оқу жоспарына сәйкес өткізіледі. Іс-тәжірибе 2-3 аптаға есептелген (2 кредит, 60 сағат, 3 кредит,90 сағат). Дипломалды іс-тәжірибе - болашақ бастауыш білім беру мұғалімінің өзбетімен мектептегі оқу-тəрбие жұмысына дайындығының соңғы кезеңі жəне оқу жоспарындағы қарастырылған теориялық курс, емтихан тапсырғаннан кейін жүргізіледі.
Əр білім алушы іс-тәжірибе кезінде бастауыш сынып мұғалімі жоспарына сай күн сайын 6 сағаттан кем емес жұмыс жасайды. Мектептің жалпы тəртібі мен жұмыс режиміне бағынуға, бастауыш сынып мұғалімдерінің нұсқауларын орындауға міндетті. Оқу пəндері бойынша барлық сабақтар мен сыныптан тыс шаралар, тəрбие шаралары бастауыш сынып мұғалімінің қатысуымен өткізіледі. Педагогикалық іс-тәжірибе кезінде студент күнделік жүргізеді, онда барлық өткізген оқу-тəрбие жұмысының мазмұны тіркеледі, талданады, сонымен қатар сыныптың бір оқушысына психологиялық-педагогикалық мінездеме жазу үшін зерттеу бойынша материалдар жинақтайды. Сабақ пен сыныптан тыс шаралар өткізу үшін практикант алдын ала жоспар-конспект жасақтап, бастауыш сынып мұғалімі мен əдіскерге тексертеді, бекіттіреді. Əр білім алушы іс-тәжірибе кезінде іс-тәжірибе жоспарын орындайды жəне кесте бойынша сабақтар өткізеді.
Дипломалды іс-тәжірибесінің негіздеріне жеткілікті әдістемелік, материалдық-техникалық базасы бар кадр психологтары мен мұғалімдері бар білім беру мекемелері жатады (орта мектептер, лицейлер, гимназиялар, қосымша білім беру ұйымдары). Мүмкіндігі шектеулі жандар мен қашықтықтан оқитын адамдар үшін психологиялық-педагогикалық іс-тәжірибесінің орнын таңдау олардың осы санаттағы білім алушылар үшін қол жетімділік талаптарына сәйкес келеді.
Білім алушылардың дипломалды іс-тәжірибесін басқаруды – кафедраның тәжірибелі оқытушылары және білім беру ұйымдарының жоғары білікті мамандары арқылы жүзеге асырылады. Олар оқу жоспарларының, іс-тәжірибе бағдарламасының орындалуын, оның аяқталу мерзімі мен сапасын қамтамасыз етеді.
Іс-тәжірибе жетекшілері тыңдаушыларға консультативтік-әдістемелік көмек көрсетеді, практика кезеңіндегі тыңдаушылардың жұмысын бақылайды, жеке іс-әрекеттің де, жалпы практикалық бағдарламаның да орындалуын талдау және бағалау мақсатында топтық және жеке консультациялар өткізеді.
Іс-тәжірибе басталмас бұрын дайындық жұмыстары жүргізіледі: білім алушылардың тізімдері жасалады, іс-тәжірибе негіздері анықталады. Іс-тәжірибеге тағайындау мерзімдері, негізі және басшысы көрсетілген ректор бұйрығымен рәсімделеді. Диплом жазушы білім алушы практиканың объектісі болып табылатын білім беру ұйымдарында жұмыс істесе (ҚББТ қолданумен күндізгі қысқартылған), бұл ұйымның шақыру қағазы бойынша және кафедра рұқсаты бойынша дипломалды іс-тәжірибесі өз жұмыс орнында өтеді.
Іс-тәжірибелік базаға кірер алдында бағдарлы конференция өткізіледі, онда тыңдаушыларға ақпарат беріледі:
- тағылымдаманың орны, уақыты мен тәртібі туралы;
- іс-тәжірибенің мақсаты, міндеттері және мазмұны туралы;
- іс-тәжірибе жетекшілері мен тыңдаушыларының міндеттері туралы;
- тағылымдама бағдарламасын іске асыру әдістемесі, есеп беру құжаттамасын дайындауға қойылатын талаптар, тағылымдаманы бағалау өлшемдері туралы.
-іс-тәжіриебе аяқталғаннан кейін, білім алушы мемлекеттік емтиханды және дипломдық жұмысты қорғауға жіберіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет