2. Дипломалды іс-тәжірбиенің мазмұны
2.1. іс-тәжірбиені өткізу мен ұйымдастыру тәртібі
Іс-тәжірибенің бағдарламасын орындау, білім алушылар дағдыларын бекітеді, алдыңғы жылдардағы оқығандары бойынша, тәжірибелік тапсырмаларды орындау кезінде алынған, жеке талаптарға қатысты кәсіби сапалығын жетілдіреді. Кәсіби іс әрекеттің барлық түрлерін, сонымен бірге ғылыми зерттеу негізі болып табылатын тәжірибелік бағдарлама болжауын жасайды, бұл іс білім алушының дипломдық жұмысын жазуына арналған материалдарды жинауы үшін керек. Ол үшін ол дипломдық зерттеу тақырыбын нақтылау керек, ол бойынша теориялық мәліметтер іздеу керек, әдістемелік зерттеу базасын анықтау керек және әдістерді таңдап, зерттеу әдістерін қолдана зерттеу жұмысын жүргізіп және бастапқы жиналған материалдармен өндеу ісін жүргізу керек. Жұмыстың тиімділігі тәжірибе уақытын рационалды ұйымдастыруға байланысты.
Іс-тәжірибенің өту орны диплом жұмысының жетекшісімен келісе отырып таңдалады.
Бірінші аптада білім алуды базалық білім беру ұйымымен, оқыту-тәрбиелеу процесімен дамытушы тәсілдерімен және материалдық базамен, мамандар құрамымен танысады, білім беру ұйымының қызметкерлерінің іс-әрекетін бақылайды және талдайды. Іс-тәжірибенің барлық кезеңіне көрсетілген кесетеге сәйкес жеке жұмыс жоспарын құрастырады. Әр білім алушыға жеке тапсырмалар, іс-тәжірибенің күнделігі беріледі.
Іс-тәжірибе барысында тыңдаушы күнделік толтырады, мұнда күн сайын жазылады, орындалған тапсырмалар мен тапсырмалар ауқымы, алған әсерлері де көрсетіледі. Іс-тәжірибе аяқталғаннан кейін тыңдаушы толық есеп жасайды, Есептің қорытынды бөлімінде тәжірибе тиімділігін арттыру үшін қорытындылар жасалады және тілектер тұжырымдалады. Іс-тәжірибе нәтижелері бойынша тыңдаушылар дайындалып, талаптарға сәйкес ресімделеді және барлық есеп беру құжаттарын тапсырады.
Егер білім алушының науқастануына байланысты іс-тәжірибе кезеңінің үштен бірінен көп бөлігін жіберіп алса, ал қалған уақытта іс-тәжірибе бағдарламасын толық орындамаса, ол сертификатталмаған болып саналады, оған іс-тәжірибе мерзімі ұзартылады, содан кейін ол тиісті бағасын алады. Іс-тәжірибе нәтижелері бойынша жетекші есеп беру құрастырады. Іс-тәжірибе нәтижелері кафедраның жұмыс жоспарына сәйкес кафедра отырысында талқыланады. Есеп университет практикасының жетекшісіне 10 күн ішінде ұсынылады.
Достарыңызбен бөлісу: |