Биологиядан интерактивті әдістерді қолдану



Дата08.09.2017
өлшемі129,8 Kb.
#30163
Биологиядан интерактивті әдістерді қолдану
Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжі

Биология пәнінің оқытушысы: Асанова Н.Е.

Кез келген сабақтың мақсаты жай қызығушылықты оятудан әлдеқайда тереңірек. Интерактивті әдісті таңдаудың себебі, оқушылардың бір нәрсені үйретудің тиімдірек тәсілі болуына негізделуі шарт. Сонымен әдісті таңдамас бұрын сіз нені және неліктен үйреткіңіз келетінін (оқыту мақсаты) білуіңіз керек. Егер сізге оқушылардың нақты дәйектердің белгілі бір жүйесін меңгеру керек және интерактивтілігі жоғары әдісті қолданған дұрыс.

Бұл жерде байқайтынымыз ең тиімді деп таңдап алынған әдіс оқушылардың зор қызығушылығын тудырады. Алайда біздің түсінік беруімізге қарағанда бұл әдістерде өзара қатынастардың түрлі формалары қолданылады.Мысалы оқушының ыңғайсыз сезінуін азайту үшін өзара қатынастың ең жоғары денгейі қолданылуы керек.Мұндай жағдайда

жұптасып жұмыс істеу тиімдірек болады.Күрделі тұжырымдаманы дамыту үшін 3-4 адамдық топпен жұмыс істеген дұрысырақ ,онда топ ішіндегі күдікті пікір алынып талқыланады.Әртүрлі тәсілдерді қолдана отырып,сіз өзара қатынастың түрін таңдай үйренесіз.Сол арқылы сабақтың әр кезеңінде мақсатқа жету үшін қажет әдістерді дұрыс іріктеуге дағдыланасыз.Мәселен 45 минуттық сабақта сіз 5-6 әдісті қолдана аласыз.Сол құралдарды мұғалім қашан және қалай қолдану керектігін білу керек.

Тәжірбиеден мысал келтірейік:

БІРІНШІ ҚАДАМ.Мұғалім «тақырып аты» кезеңдерін айтып берді.

(Бұл интерактивтілігі төмен саты болып табылады).

ЕКІНШІ ҚАДАМ.Мұғалім топты екі адамнан толысуын ұйымдастырады және әр кезең бойынша жоспар құруды тапсырады. (Бұл жоғары денгейдегі интерактивті және тиімді әдіс болуы керек,өйткені осындай кезде алғыр оқушы мен үлгерімі төмен оқушы бір жұпта болуы мүмкін.Әрбір кезеңді түпкіліктіталқылау барысында алғыр оқушы да қатысып,өз түсінігін тереңдете түседі.

ҮШІНШІ ҚАДАМ.Мұғалім жұптық жауаптарын тексереді,одан соң әрбір оқушыға жеке жұмысты орындауды тапсырады.

Егер уақытының көп бөлігінде оқушылар сөйлейтін болса,мұғалім енжар болғаны ма.

Үнсіз сақтап тұрған мұғалім сабақ туралы ойламай тұр дегенді білдірмейді.Мұғалім сабақ барысында орын алған пікірталасты басқару қажет.Бұл құрылыс компаниясын басқаруға ұқсайды.Басқарушыға тапсырманың жоспары беріледі.Ол оны салатын жұмысшыларды басқарады.Басқарушы мұғалім,жұмысшылар оқушылар.Тапсырманың жоспары –сабақ жоспары.Жоспар иоқушылардың неге жету керектігін межелеу үшін керек.Мұғалім – оқушылар жұмысына қойылатын мақсатқа жету үшін үшін бақыт беретін басқарушы.

ЖҰМЫС ІСТЕУДІҢ ЖАЛПЫ ТӘРТІБІ:

Оқушылар маңызды теориялық материалмен оқу немесе әдіс арқылы танысып,оны түсінді делік.

1.Дайындық.

А)оқушыларға әр түрлі тапсырмаларды орындату арқылы қандай ұғымдарды бекіту керектігін алдын ала анықтау арқылы тапсырманы таңдау.

ә)тапсырманың құрылымы сіздің сыныбыңыздың денгейіне сәйкес келуін анықтау.

Б)осылардың барлығына көз жеткізген соң сыныпта бұл тапсырманың қалай орындалатынын ойластыруыңыз қажет.

В)берілген тапсырманы талқылау барысында балаларға түсініксіз болады ау деген кейбір тұжырымдарды анықтап алу үшін,тараумен танысар алдында оқушылармен бірге бірнеше жаттығу орындаңыз.

Г)оқытушларға нұсқау.

-жұмыстың мақсатын түсіндіру;

-тапсырманы орындауға берілетін жұмыс тәртібі мен уақытын көрсету;

-мұғалім берген нұсқауды қайталау.

Ғ) топтың құрамын анықтау;

Д) оқушылар жұмыс істей бастайды (мұғалім сыныптың соңында күте тұрады;

Е) топтың жұмысын бақылау;

Ж) шағын топтардағы талқылау барысының аяқталуы.

З) түйін жасау (қортынды шығару).

Мұғалім әр топқа өз қортындылары мен шешімдерін айтуды және барлығы еліскен сәттерді аяқтауды үсынады.Жәнеде неліктен басқаша емес,солай ойлайтындығын үнемі сұрап отырумен маңызды.

Оқушылар пікірлері мен идеяларын еркін айтуға ұмтылуы үшін,мұғалім келесі әдістерді қолдануға болады.


  1. Олардың айтқан пікірлері үшін үнемі алғысыңызды білдіреміз.

2) Олардың жауабы дұрыс емес деп айтпаңыз,мұның орнына басқа оқушылардың бұл пікірімен келісетіндігін немесе келіспейтіндігін сұраңыз.Егер қарастырып отырған мәселені бүкіл сынып дұрыс түсінбесе,онда сіз өз көзқарасыңызды түсінуіңізге болады.

3)Енжар оқушылардың пікірін жиі сұраңыз.Себебі кейбір оқушылар енжар көрінгенімен,басқаларға ұқсамайтын ерекше пікірлері мен ойлары болуы мүмкін.

СЫНЫПТАҒЫ ТОПТЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ.

Топтық жұмысты сырттай қарағанда басқару оңай сияқты.Бірақ жұмыс тиімді болу үшін басқарудың жақсы дағдылары керек.Топтық жұмысты ұйымдастыруға арналған ұсыныстар.

А)Топтың құрамын жиі өзгертіңіз.Әрбір оқушы қалаған оқушылармен жұмыс жасай алатын болсын.

-алдын –ала дайындалған топтар тізімін жариалау;

-сыныптағы оқушыларды ретпен бірінші,екінші,үшінші деп санақтаңыз,бірдей нөмірдегі балаларды бір топқа жинау (санның орнына гүл немесе жеміс-жидектерді айтуға болады).Топ құрамын бұлайша өзгертіп тұру «маған кіммен жұмыс істеу керектігін ешкім нұсқаған жоқ,өзі солай шықты»деген ұстаным үшін.

ә)Әрбір топ өз рөлін толық түсінгеніне толық көз жеткізіңіз.Мысалы: «Айбек сен хатшы баяндамашы болсаң,немесе «Еркін сен мәтінді жазасың;Гүлжан сен сурет саласың т.б.Біраздан соң топтағы оқушылардың өз жұмыстарын ұйымдастыруға үйренгендігіне көз жеткізесіз.Бұл рөлдер ауысып отыруы қажет.

Б)Оқушылар басқалардың да өз пікірін айту құқығын сыйлауы тиіс.

В)Біртіндеп оқушылардың сандық құрамын ұлғайта отырып,олардың үлкен топтарда жұмыс жасауға үйретуіңізге болады.Бірақ 5-6 адамнан тұратын топтың жұмысы дұрыс ұйымдастырылмаса ,олардың кейбіреулері жұмысқа қатысып отырған кейін танытқанымен,шын мәнінде жұмыс жасауы мүмкін.

г) Жұмысты ерте аяқтайтын топтар немесе топ мүшелері үшін қосымша тапсырмаларыңыз болсын.

Ғ)Кейбір оқушылар үшін топпен жұмыс істеу қиын орта болып табылады.Ондай оқушыларды өзіңізге белгілеп ,қадағалап жүргеніңіз жөн.Оларға арналған тапсырмалар болуы керек.Ондай оқушыларға сарапшы ,статист,рөлін беруіңізге болады.Жазу жұмысын тек хатшылар немесе бақылаушы жүргізеді.

Д)Жұмыс үстіндегі шу мен әдеттегі шуды айырып үйреніңіз.Тек жұмыс үстіндегі шу болуы тиіс.

Е)мұғалімнің рөлі топтан топқа ауысып жүру (қажетті көмекті ұйымдастыру).

Ж) оқушылардың мәселелерді толық талқылап болған кезді анықтау үшін,алдымен сыныпты аралаңыз,сол арқылы ненің талқыланып жатқанын тыңдап көресіз.

З)Ешқашанда да оқушыларға топпен жұмысты жай ғана ойын деп санауа жол бермеңіз.Бұлай айтсаңыз,сіз олардың іс-әрекеттерін және пікірлерін жоққа шығарасыз.Одан да мұны проблеманы шешу жолы деңіз.

И)топтық жұмысты жариялайтын оқушы,өзінің жеке пікірін емес топ көзқарасын жеткізуін қадағалаңыз.Өз нәтижесін көрсететін топ тақта алдына шықса,оқушылар әріптесінің баяндамасын мұқият тыңдайтын болады,себебі бұл кезде баяндамашы «мені тыңдаңыздар»аумағында тұрады.

МӘТІНМЕН ЖҰМЫС.

Оқулықта берілген мәтіндер оқушылардың тапсырманы орындауына және ойлауына дем беруіне қажет алғашқы ақпаратпен қамтамасыз етуге арналған.Мұнда қарастырылып отырған тұдырымның мазмұны тек қысқаша,берілгендіктен,оқушыларға түпкі мақсатқа жету үшін қосымша материалдармен де танысқан дұрыс.

Сіз әрқашан оқушыларға бір нәрсені оқуға тапсырма берген әр кезде,олардан сонымен қатар,оқылған мәтін енгізгенде құрылған тапсырмаларды орындауын талап етіңіз.Мәселен,бұл дегеніміз оқушылар мәтінді оқып шыққаннан кейін,сіз олардың жұптасып ,топта немесе барлық сынып болып төменде берілген сұрақтарды талқылаулардын сұрай аласыз.

-Кім туралы сөз болды?

-Кім не істеді?

-Мәтінде сөз болған кейіпкерлер немесе заттар қандай?

-Кейіпкерлер туралы олардың ойы қандай?

-Олар мұндай жағдайда не істер еді?

Жоғарғы сыныптарда:

-Олардың пікірлері бойынша мәтіндегі негізгі жағдай қандай.

-Оларға қандай нәрселер тың болып,қай тұстар таң қалдыра алады.

-Олар немен келіспейді.

МӘТІНМЕН ЖҰМЫСҚА АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛАР:

-Мәтінді кемінде екі рет оқып шығу(біріншіде көзбен жүгіртіп оқып шығу,екіншіде зейін салып тағы бір мәрте оқиды)

-Мәтін күрделі немесе көлемді болса,бөліктерге бөліп,әр бөлімнен соң саған сәйкес тапсырмаларды орындауды ұсынады.

-Сабақ уақытын тиімді пайдалану үшін мәтінді үйде оқып келуге тапсыру ұсынылады.

Тренинг сабақты жүргізуші бірнеше негізгі ролді атқарады,олардың әрқайсысы ұйымдастыру және оқыту ортасына байланысты.

Лектор ролі жаңа материал туралы ақпарат береді,арнайы слайдттар көрсетеді, білімгерлердің сұрақтарына жауап береді.

Ал ұйымдастырушы тренер рольінде қатысушыларға психологиялық орта,

Сегіту сәттеріне ықпал етеді,жеке топтардың жұмысын белсендіреді, шағын презентацияға дайындайды.

Консультант – фасилитатор рольінде тренер профессионалдық деңгейлеріне назар аударады, өздігінен білім алуға бағыттап жаңа мәліметтер жинақтап, қойылған мәселені шешуді, жаңа үлгілер ұсынады т.б.

Тренер аудиторияны басқара білу мүмкіндігі болу үшін және тренинг ұйымдасқан түрде өтукізу үшін ережелер белгілейді.

Кез келген тренингтің сабақтың басында оның мақсаттары мен міндеттері оқылады,ал аяғында қортындылары шығарылады.

Тренинг өткізуге қойылатын талаптар:

1. Психологиялық жағынан білімгерлерді дайындау,бой сергіту жаттығулары, танысу ойындары өткізілуі тиіс бұл алдағы ойынға баланың кедергісіз араласуына мүмкіндік береді.

2. Тренингке қатысушылар саны 20-25 адамнан аспауы керек ,бұл кіші топтарда жұмыс істеуге ,балалар назарын қызығушыллыққа ,зейініне ықпал ету.

3.көлемі үлкен бөлмеде ,үстелдер шырша,немесе шеңбер етіп қойылуы тиіс,

бұнда қатысушылар қарама қарсы отыру үшін , еркін пікірлесуге ,жаттығулар – мен бой жазулар ,тез арада кіші топтарға бөлініп отыруға қолайлы болу үшін,ал сыртын беріп отыру немқұрайлылықты білдіреді.

4. – көтерілген қол ережесі : әрбір пікір айтқысы келген адам қолын көтереді,

-- шкафтан түсіп қалмау –тақырыптан ауытқымау.

-- жаттықтырушының «тоқта» деуге құқығы бар.

-- «сөзді бөлме» -- басқаны тыңдай біл.

-- « құрметтеу» - біреудің көңіліне келетін сөздерді айтпа.

--- регламент – берілген уақытты сақтай біл.
Тренинг өткізу суреттеу.

1.Жаттықтырушыларды таныстыру жаттықтырушыларға өзін таныстыру және өзі туралы айту қажет.

2.Аудиториядағы оқушылармен танысу.Сабақты сенімсіздікті сейілтіп,бір-бірімен танысып ,1 команда абыройлы жұмыс істеуге көмектесетін бой жазу немесе жаттығулардан бастау ұсынылады.

1-мысал: «Доппен ойын».

Барлық ойыншылар шеңбер құрып тұрады және кезекпен әркімге доп береді кімге доп лақтырады ол өзінің атын және өзі туралы айтып береді.Барлық ойыншылар өздерін таныстырғаннан кейін,ойынның 2-ші жартысында өткізіледі.Қолында доп бар ойыншы,кімге лақтырмақшы,соның атын атайды.

2-мысал:қатысушылардың презентациясы әрбір қатысушының қағаз бетін 4 бөлуге өтіну керек.

1-квадратында қысқаша өз атының тарихын баяндау немесе осыған байланысты суреттер салу(кімнің құрметіне қойылған және т.б.).

2-квадратында хоббийі туралы.

3-квадратында өмірден алынған ең қызықты немесе күлкілі оқиға туралы.

4-квадратында арманы туралы жазу.

Тапсырманы орындауға уақыт беріледі сонан соң барлық қағаз беттері тақтаға ілінеді.Әрбір қатысушы кезекпен өзі туралы айтып береді.

3-мысал. «Аты- ассоцация».

Жаттықтырушы өз атын ,өзінің аты әріппен басталатын,өзін сипаттайтын зат есім немесе сын есім атайды.Көкем –күшті.Болат-батыл т.б.

3.Тренингті жүргізу ережелерін жасау.

Жаттықтырушы ережелерді жасауды ұсынады және барлық ұсыныстарды филп-картаға жазады.

Мысалы:


  • «көтерілген қол ережесі» -әрбір пікір айтқысы келген адам қолын көтереді.

  • Шкафтан түсіп-тақырыптан ауытқымау қалмау.

  • -жаттықтырушының «тоқта» деуге құқығы бар

  • -жаттықтырушының тақырыпқа қатысы оқ ,пікірталасты немесе сөйлеген кісіні тоқатуға құқы бар.

  • -«сөзді бөлме»-басқаны тыңдай біл.

  • -құрметтеу-біреудің көңіліне келетін сөздерді айтпа.

  • Регламент-берілген уақытты сақтай біл.

  • Жаттықтырушының аудиторияны басқара білу мүмкіндігі болу ұшін және тренингті ұйымдасқан түрде өткізу қамтамасыз ету үшін ережелер белгіленеді.

  • 4.Күтулер.

  • Қандай қосымша сұрақтарды қамтуды білу үшін жаттықтырушы флип-картаға қатысушылардың тренигті күтуін жазады.

  • 5.Ми шабуылы.

  • Жаттықтырушы аудиторияға мынандай сұрақ қояды. «Туберкулез» деген сөз сізде қандай ассоциациялар туғызады?.

  • Кез келген жауаптар қабылданады және флип-картаға жазылады.Барлық айтылған ассоциациялар мына пунктерге бөлінеді.

  • -туберкулез ауруы туралы анықтама.

  • Қоздырғышы.

  • Жұқтыру көзі.

  • Берілу жолдары.

  • Алғашқы белгілері.

  • Алдын-алу шаралары.

  • 6.Шағын топтардағы жұмыс.

  • -қатысушыларға қағаз және фламастер беріп,олардың ойын түрінде 4 топқа бөлу керек.

  • Тақырып бойынша қысқаша ақпарат.

  • Тапсырма үлестіреді.

  • 1 топ.Туберкулездің алғашқы белгілері.

  • 2-топ Туберкулездің берілу жолдары.

  • 3-топ.Туберкулездің алдын-алу шаралары.

  • 4-топ.Салауатты өмір салты.

7.Презентация әр топтан 1 адам орындалған жұмыс туралы айтып береді.

8.Пікірталас.

Жаттықтырушы түсінбеген сұрқтар,толықтырулар қосымша пікірлер бар ма ?деп сұрайды.

Сонан соң жаттықтырушы әр топтың айтқанын сипаттайды,толықтырулар енгізеді,егер қажет жағдайда қосымша түсініктер береді.



  1. Қорытынды.

  2. Тренинг өткізілгеннен кейін білім денгейін білу үшін қортынды тестілеу өткізуге болады.

Туберкулез-адамның кез келген органның,жиі жағдайд өкпені зақымдайтын қауіпті инфекциялық дерт.

1882 жылдың 24 наурызында неміс ғалымы Роберт Кох.Туберкулезді туғызатын бактерияны айтты.Содан бері Кох таяқшасы деп аталады.24-наурыз бүкіл әлемде Дүниежүзілік туберкулезбен күресу күні ретінде аталады.

Туберкулез туралы хабарлық бойынша 15-18 жастағы жас өспірімдерге арналған салауаттама.

1.Аты,әкесінің аты.

2.Жасы.

3.Мекен жайы.



4.Жынысы.

5.Сіз қалай ойлайсыз,туберкулез инфекциялық ауру ма ?.

1.иә.

2.жоқ.


3.білмеймін.

6.Күн көзі болмаған жағдайда туберкулез таяқшасының төзімділігі қандай.

1)көше шаң тозаңда а)10 күн. Б) 1 ай.

2)суда. А) 3 ай. Б)5 ай.

3.кітап бетінде а) 1 ай. Б)3 ай.

7.Туберкулез қалай беріледі.1жөтелгенде.

2.қол алысқанды.

3.сүйіскенде.

4.түшкіргенді.

5.шылым қалдығын пайдаланғанда.

8.Қандай белгілер туберкулезге тән.?.

1. 3 аптадан астам жөтелуде.

2. тері қабатының сарғаюы.

3.түнде терлеу.

4.жұтылған тамақтың ауруы.

5.дене қызыуының 37 С көтерілуі.

6. оң қабырға тұсының шаншуы.

9. Сіз өзіңізді туберкулезге шалдығу қаупіне итермелейміз.

Егер.

1.Шылым қалдықтрын пайдаланатын болсаңыз.



2.Қол алысқанда.

3.Қоғамдық жерлерде таза етіп жуылмаған ыдысты қолдансаңыз.

4.Жөтелген адамдармен бір бөлмеде болсаңыз.

5.Жеке бас гигена ережелерін сақтамасаңыз.

6.Кітап беттерін түкіріктелген саусақпен ашсаңыз.

7.Өз денсаулығыңызға немқұрайлы қараған жағдайда.

10.Туберкулезге шалдығушылықты қандай жағдайда болдырмауға болады ?.

1.егулер.

2.жылы жерде болу.

3.тиімді тамақтану.

4.салауатты өмір салты.

5.көптеген сусын ішу.

11.Туберкулезге шалдығу туралы күдіктенсеңіз,не істейсіз.

1.төсеккке жату.

2.медицина қызыметкерлеріне қаралу.

3.өз бетіңізбен емделе бастайсыз.

Қолданылған әдебиеттер


      1. К.Ж. Бұзаубақова,Э.Д.Алашбаева

Использование инновационных педагогических технологий на уроках валеологии.

Алматы «Жазушы» 2006 ж

2.Қ.Ж.Бұзаубақова.

Педагогикалық тренинг жеке тұлғаны дамыту құралы ретінде (Оқу-әдістемелік құрал)

Алматы «жазушы » 2006 ж

3.Дорожина.Л.А., БайсугуроваВ.Ю.,Бекбатрова.Г.Т.,Плотникова М.М.

АҚТҚ инфекциясының алдын алу бойынша педагогтік колледж оқытушыларына арналған әдістемелік нұсқау.

Алматы.2006 ж.



4.Қожахметова.К.Ж.,Демеуова М.Е. Мұғалімдердің нашақорлықтың алдын алу мақсатында ата-аналармен жүргізілетін жұмыстары (Әдістемелік нұсқау) Алматы «Раритет» 2003 ж

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет