Дипломдық жұмыс -«Жерге орналастыру» мамандығы Тақырыбы: «Алматы обылысы Кеген ауданында жер қатынастарын мемелекеттік реттеу»



бет14/27
Дата16.04.2022
өлшемі329,29 Kb.
#139634
түріДиплом
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   27
Байланысты:
дипломдық жұмыс кіріспе

Жер кадастрының мәліметтері келесі жағдайларда қолданылады:

    • мақсатты тағайындауын ескерiп, жер учаскесiн пайдалану тиiмділiгiн анықтау;

    • жер учаскесiн жеке меншiкке сатқан кезде оның бағасын (жер учаскесiн жалдау құқығын сату төлемiн) анықтау;

    • салық салу;

    • жер учаскесiн мемлекеттiк қажеттiктер үшiн ерiксiз алу кезiнде және иелiктен айыру жағдайында сатып алу бағасы мен төлем мөлшерiн сотпен анықтау мақсатында жүргiзiледi.

    • жер учаскесімен мәміле жасау;

    • жерге төлем мөлшерін анықтау;

    • құқықтық басқа кадастрды жүргізу үшін.

Жер кадастры деген ұғымды құқықтық кадастр деген ұғымнан айырып қарау керек.
Құқықтық кадастрды жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 26 шілдедегі Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы № 310 Заңымен реттеледі.
Құқықтық кадастр дегеніміз – жерге меншік пайдалану және басқа да құқықтары және олардың иелері сонымен қатар, жер учаскесінде жасалатын мәмлелер, оларға берілген ауыртпалықтар туралы мәліметтердің жиынтығы. Құқықтық кадастрды тіркеуші органдар жүргізеді және онда жылжымайтын мүлікке қолданылатын және тоқтатылған құқықтар және тіркеудің өзге де объектілері туралы ақпарат, жылжымайтын мүліктің сәйкестендіру сипаттамалары, құқық иелері туралы мәліметтер, құқықтық кадастрдың мәліметтеріне бар сұрау салулар туралы ақпарат қамтылады.
Құқықтық кадастр:
1) тіркеуге келіп түсетін құжаттарды есепке алу кітабынан; Мемлекеттік тіркеуге келіп түсетін құжаттарды есепке алу кітабын тіркеуші органдар жылжымайтын мүлікке құқықтардың туындауын, өзгеруін немесе тоқтатылуын және өзге де тіркеу объектілерін мемлекеттік тіркеуге берілген өтініштердің арасындағы басымдықты есепке алу және белгілеу мақсатында жүргізеді. Мемлекеттік тіркеуге келіп түсетін құжаттарды есепке алу кітабына енгізілген өтініштердің арасындағы басымдық мемлекеттік тіркеуге өтініш берілген күні, сағаты және минуты бойынша белгіленеді. Мемлекеттік тіркеуге келіп түсетін құжаттарды есепке алу кітабының нысанын, мазмұнын және жүргізілу тәртібін уәкілетті орган айқындайды
2) тіркеу кітабынан; Тіркеу кітабы жылжымайтын мүлік объектілеріне толтырылатын тіркеу парақтарынан тұрады. Жекелеген тіркеу парақтары жер учаскесіне, жылжымайтын мүліктің кейінгі объектісіне, онда орналасқан бастапқы жылжымайтын мүлік объектілерімен бірге жер учаскесіне толтырылуы мүмкін.
Тіркеу парағы төрт бөлімнен: жылжымайтын мүліктің сәйкестендіру сипаттамалары, үстемдікке ие жер учаскесінің немесе жылжымайтын мүліктің басқа объектісінің пайдасына белгіленетін сервитуттар бөлініп көрсетілген жылжымайтын мүлікке құқықтардың тізілімі, кепіл бөлініп көрсетілген жылжымайтын мүлікке құқықтар ауыртпалықтарының, сондай-ақ жылжымайтын мүліктен туындайтын міндеттемелердің тізілімі, заңдық талаптардың және жылжымайтын мүлікке құқықтардың немесе құқықтар ауыртпалықтарының туындауына әкеп соқпайтын мәмілелердің тізілімінен тұрады
3) құқықтық кадастрдан мәліметтер беруге сұрау салуларды есепке алу кітабынан; Құқықтық кадастрдан ақпарат беруге сұрау салуларды есепке алу кітабын тіркеуші органдар келіп түсетін сұрау салуларды және құқықтық кадастрдан берілген ақпаратты есепке алу мақсатында жүргізеді. Құқықтық кадастрдан ақпарат беруге сұрау салуларды есепке алу кітабының нысанын, мазмұнын және жүргізілу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
4) тіркеу істерінен; Тіркеу ісі әрбір жер учаскесіне жеке жүргізіледі және құқық белгілейтін және тіркеуге берілген өтінішке қоса тіркелген басқа да құжаттардың көшірмелерін, соның ішінде жер учаскесіне сәйкестендіру құжатының, жылжымайтын мүлік объектілеріне техникалық паспорттардың көшірмелерін, сондай-ақ жылжымайтын мүліктің осы объектісіне немесе оның құқық иелеріне қатысты тіркеуші органның құжаттарын қамтиды. Кондоминиум объектісінің құрамына кіретін жылжымайтын мүлік объектісінің әрбір кейінгі объектісіне жеке тіркеу ісі жүргізіледі.
5) ақпараттық жүйеден тұрады. Құқық иесінің сәйкестендіру деректерін (жеке тұлғаның тегін, атын, әкесінің аты мен туған күнін, заңды тұлғаның атауы мен тіркеу нөмірін) қоспағанда, азаматтар және басқа да құқық иелері туралы ақпаратты ашатын мәліметтер (дербес деректер) берілмейді.
Жылжымайтын мүлікке мынадай құқықтар құқықтық кадастрда мемлекеттік тіркеуге жатады:
1) меншік құқығы;
2) шаруашылық жүргізу құқығы;
3) оралымды басқару құқығы;
4) кемінде бір жыл мерзімге жер пайдалану құқығы;
5) үстемдікке ие жер учаскесінің немесе өзге де жылжымайтын мүлік объектісінің пайдасына кемінде бір жыл мерзімге сервитуттар.
Сонымен қатар, жылжымайтын мүлікке құқықтардың мынадай ауыртпалықтары құқықтық кадастрда мемлекеттік тіркеуге жатады:
1) кемінде бір жыл мерзімге пайдалану құқығы, соның ішінде жалға беру, өтеусіз пайдалану, сервитуттар, өмір бойы қарауында ұстау құқығы;
2) сенімгерлікпен басқару құқығы, оның ішінде қорғаншылық, қамқоршылық кезінде, мұралық құқық қатынастарында, банкроттықта және басқаларында сенімгерлікпен басқару құқығы;
3) кепіл;
4) тыйым салу;
5) мемлекеттік органдардың өз құзыреті шегінде жылжымайтын мүлікті пайдалануға, оған билік етуге немесе белгілі бір жұмыстарды орындауға шектеу қоюы (тыйым салуы);
6) басым мүдделерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының
заңдарында көзделген жылжымайтын мүлікке құқықтардың өзге
ауыртпалықтары.
Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу мынадай тәртіппен жүргізіледі:
1) мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды қабылдау; Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу құқық иесінің, мәміле тараптарының (қатысушыларының), мемлекеттік органның (оның уәкілетті өкілінің) немесе өзге де уәкілетті адамдардың тіркеуші органға берген өтінішінің негізінде жүзеге асырылады. Мемлекеттік тіркеу үшін өтініш беруші (өтініш берушінің уәкілетті өкілі) оның жеке басын куәландыратын құжатты көрсетуі және мынадай құжаттарды: белгіленген үлгідегі мемлекеттік тіркеу туралы өтінішті; жылжымайтын мүлікке техникалық паспортты және (немесе) жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын қоса бере отырып, құқық белгілейтін және тіркеу объектісін растайтын өзге де құжаттарды; өтініш берушінің (жеке тұлғаның) және өтініш берушінің уәкілетті өкілінің жеке басын куәландыратын құжатының көшірмесін; жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуге алым төлегенін растайтын құжатты ұсынуға тиіс.
2) жасалатын мәміленің және (немесе) жылжымайтын мүлікке құқықтардың (құқықтар ауыртпалықтары) туындауына, өзгеруіне, тоқтатылуына негіз болып табылатын өзге де заңдық фактілердің (заңдық құрамдардың) заңдылығын немесе мемлекеттік тіркеудің өзге де объектілерін тексеруді қоса алғанда, мемлекеттік тіркеуге ұсынылатын құжаттардың қолданыстағы заңнамаға сәйкестігін тексеру;
3) тіркеу парағына жүргізілген тіркеу немесе мемлекеттік тіркеуден бас тарту немесе оны тоқтата тұру туралы жазба енгізу;
4) құқық белгілейтін құжатта жүргізілген мемлекеттік тіркеу туралы жазба жасау;
5) жүргізілген тіркеу туралы белгісі бар құқық белгілейтін құжатты, мемлекеттік тіркеуден бас тарту немесе оны тоқтата тұру туралы құжатты, мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет