Дипломдық жұмыс -«Жерге орналастыру» мамандығы Тақырыбы: «Алматы обылысы Кеген ауданында жер қатынастарын мемелекеттік реттеу»


тарау. ҚАЗАҚСТАНДА ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ КЕЗЕҢДЕРІ



бет2/27
Дата16.04.2022
өлшемі329,29 Kb.
#139634
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Байланысты:
дипломдық жұмыс кіріспе

1 тарау. ҚАЗАҚСТАНДА ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ КЕЗЕҢДЕРІ
1.1 Қазақстандағы жер қатынастарын құқықтық реттеу тарихы
Жалпы Қазақстандағы жер қатынастарын реттеу тамыры терең тарихи өткен шақтан басталады. Адам қоғамының дамуы кезеңіндегі жер ресурстарын пайдалану сипаты белгілі бір аумақтың табиғи жағдайымен және материалдық өндірістің бағытына байланысты болып келген. Жерді шаруашылық пайдалану мен айналымға тарту адам қоғамының дамуындағы құқықтық реттеу жолдарын іздеуге негіз болады.
Жер мәселелері әр кезеңде Қазақстан аумағында өмір сүрген мемлекеттердің барлығы үшін негізгі мәселеге айналып отырды. Тарихи деректерге сүйенетін болсақ, Қазақстан аумағын мекендеген мемлекеттердің негізгі кәсібі көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы болды. Соның салдарынан жайылым жерлерге мұқтаж болған мал өсірушілер шалғай жерлерге көшіп-қонып жүруге мәжбүр болды. Қоғамдық қатынастардың даму сатыларының қай-қайсысын алсақ та жер қорларын пайдалану белгілі аумақтағы климаттық жағдайларға және материалдық өндірістің бағытына байланысты болады. Қазақстанның табиғи-климаттық жағдайы материалдық өндіріс жүйесінің негізгі бағыттарының сипатын анықтады. Сондықтан мыңдаған жылдар бойы Қазақстан территориясын мекендеген елдер үшін шаруашылықтың негізгі саласы көшпелі мал шаруашылығы болып саналады. Мал өсіру үшін жайылым жер іздеу негізгі проблемалардың біріне айналып отырды. Сол кезеңдерде өмір сүрген қоғамдар үшін жер қатынастарын реттеу жүйесінің табиғи және объективті түрдегі қажеттілігі, жер бөліктерін маусымды түрде пайдалану біздің ойымызша негізгі фактор болып табылады.
Көшпенділер өміріндегі материалдық-өндіріс жүйесінің элементтері олардың еңбектерін біріктіруге әкеліп соқтырды. Сонымен қатар ондай біріктірулер өндірістік топтар және қауымдық құрылымдар деңгейінде жүргізілді.
Жер кез келген халық үшін негізгі табиғи байлық көзі болғандықтан, оны пайдалануға байланысты мәселелер ерте кезден бастап, өзектілік мәселелерге айналды.Жер құқық қатынастарының дамуын Қазақстанның Ресей құрамына енгенге дейінгі жер қатынастары, Қазақстанның Ресей құрамында болған кезеңіндегі жер қатынастары, Кеңес кезіндегі жер қатынастары және егеменді Қазақстандағы жер қатынастары деп төрт кезеңге бөліп қарастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет