Дипломдық жұмыс -«Жерге орналастыру» мамандығы Тақырыбы: «Алматы обылысы Кеген ауданында жер қатынастарын мемелекеттік реттеу»


Ресейдiң құрамында болған кездегi жер қатынастары



бет4/27
Дата16.04.2022
өлшемі329,29 Kb.
#139634
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Байланысты:
дипломдық жұмыс кіріспе
сөж1, 7 3тоқ бжб 2, «Тербелістер ж не тол ындар» б лімі бойынша жиынты ба алау Аты-, Көркем еңбек пәні бойынша тест сұрақтары
Ресейдiң құрамында болған кездегi жер қатынастары
Екінші кезең. Қазақстан Ресей империясына кірген кезден басталады. Бұл кезең 1749 жылдан басталады. 20 жыл бойы Ресей империясы қазақ жерінде отаршылық саясатын жүргізіп отырып, Ұлы және Орта жүздің жерлерін әскери күшпен басып алады.Өз билігін жүргізу үшін қазақ жерінде Ресей өз өкіметін құрады. Олар генерал губерниялар деп аталады. Жалпы алты генерал губерниялар болды. 1861 ж. орыс шаруаларның крепостное право деген құқығы жойылды. 1886 жылы 2-маусымда “Түркістан өлкесін басқару туралы ереже”, 1891 жылы 25-наурызда “Ақмола, Семей, Жетісу, Орал облыстарын басқару туралы ереже” қабылданды. Батыс-Сібір генерал-губернаторлығы Дала генерал-губернаторлығы деп өзгеріп, оған Сырдария облысынан басқа бес облыстың барлығы түгелдей кірді. Сырдария облысы Түркістан генерал-губернаторлығына қарады. Жетісу облысы 1897 жылы қайтадан Түркістан генерал-губернаторлығының құрамына кірді.
Бұл ережелер әкімшіліктік территориялық мәселелерге ғана емес, сонымен қатар, әдет-ғұрып құқғын да бірқатар өзгерістер енгізді.
Ең алдымен жерге қатысты меншік құқығы өзгерді. Бұрын жер рулық-тайпалық қауымның немесе қоғамның меншігі болып есептелсе, 1868 жылғы “уақытша ереже” бойынша қазақ жерлерінің барлығы мемлекет меншігі ретінде бекітілді.
Қазақ жерлері тартып алынып, олар казак әскерлеріне, бекіністер салуға, келімсек орыс шаруалары-қарашекпенділерге, шет ел капиталистеріне, шіркеулерге беріле бастады.
Осы ереже бойынша қазақтың өз жерлері қазақтардың қоғамдық пайдалануына беріледі деп көрсетілді. Қазақтар көшіп қонғанда азаттық принциптерін басшылыққа алды. “Ереже” бойынша қыстаулар, онда үй-жай, қора-қопсы болса, қазақтардың жеке меншігінде бола алады деп көрсетілді (1868 жылғы Ереженің №217). Жеке меншікке күзгі жайылымдар, шабындықтар, суғарымдар беріле бастады. Меншік иелері болып қазақ байлары, би, болыстар саналды.
Сонымен қатар 1867-1868 жылдардағы Ережелер бойынша жерді жалға беру мүмкіндіктері пайда болды. Осыған байланысты ауылдық, болыстық қауымдар орыс өкілдері болып табылатын өнеркәсіпшілерге, көпестерге өздеріне тиесілі жерлерін 30-жылға дейін жалға бере алды. Сонымен қатар, қазақтардың өз араларында да қыстауларды, жайылымдарды жалға беру туралы келісімдер жасалып жатты. Төлем ақы ретінде мал пайдаланылды. Ережеде жалға беруші қауым болып саналғанымен іс жүзінде жалға беру және оның ақысын пайдалану болыстар мен старшындар, билер қолында болды.
Сібір казак әскерлеріне 5 млн. десятина жер берілді. Ендігі жерде әскерилер бұл жерді қазақтардың өзіне жалға бере бастады. Олардың жалға беру ақысы жылдан жылға көтеріліп отырды. XІX ғасырдың соңында Сібір казактарының жерін 436 мың адам немесе 6736 шаруашылықтар пайдаланды. Олар орыс әскерлерінің жерді жоғары бағамен жалға беру жағдайында өмір сүрді. Орыс шаруаларын жақсы жерлермен қамтамасыз ету үшін Ресей Үкіметі көшіп қону саясатын жүзеге асырды. Қазақстанның Ресейге қосылуы жер қатынастарының сипатына және оны құқықтық реттелуіне өз әсерін тигізбей қойған жоқ.
Біріншіден, барлық жер қоры хан-сұлтандық шыңғыс ұрпақтарынан Ресей империясының меншігіне өтті. 1868 жылғы «Уақытша ережелердің» 210-бабында айтылғандай: «Қырғыз көшпенділері алып отырған жерлер мемлекеттік деп танылады және қырғыздардың қауымдық пайдалануына беріледі».
Екіншіден, патшалық қазақтар үшін жер пайдаланудың қауымдық нысанын сақтады, ал жер қатынастарын реттеу бұрынғысынша, қазақтың әдет-ғұрыптық нормалары негізінде жүзеге асырылады.
Үшіншіден, қазақтардың әдеттегі құқығында жеке отбасылардың күзеу және қыстауларға, шабындықтарға жеке меншігін таныған нормалар пайда болды.
Төртіншіден, жер қатынастарын құқықтық реттеу әдеттегі құқығымен қатар жалпы империялық ресейлік заңдармен реттелді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет