Дипломдық жұмыс -«Жерге орналастыру» мамандығы Тақырыбы: «Алматы обылысы Кеген ауданында жер қатынастарын мемелекеттік реттеу»


Жер мониторингінің түсінігі, құрылысы, мазмұны



бет15/27
Дата16.04.2022
өлшемі329,29 Kb.
#139634
түріДиплом
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   27
Байланысты:
дипломдық жұмыс кіріспе
сөж1, 7 3тоқ бжб 2, «Тербелістер ж не тол ындар» б лімі бойынша жиынты ба алау Аты-, Көркем еңбек пәні бойынша тест сұрақтары
Жер мониторингінің түсінігі, құрылысы, мазмұны
Жер мониторингісі – жер қорын мемлекеттік басқарудың негізгі бастаушы элементі. Жер мониторигісі болып жатқан өзгерістерді уақытылы анықтау оларды бағалау одан әрі дамуын болжау және кері әсері бар процесстерді болдырмау мен оның зардаптарын жою жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында жүргізілетін жер қорының сапалық және мөлшерлік жай-күйін базалық жедел мерзімді байқау жүйесін білдіреді. Жер мониторигісі мақсаттары, міндеттері, құрылымы оның жүзеге асырылу тәртібі Қазақстан Республикасы Жер кодексімен және 19 қыркүйек 2003 жылғы Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасында жер мониторингiн жүргiзу және оның деректерiн пайдалану туралы» қаулысымен реттеледі.
Мемлекеттік бағдарламаға сәйкес, жер мониторингісін жүргізу бюджеттік қаражат есебінен қаржыландырылады. Мемлекетаралық және халықаралық жер мониторигісін қаржыландыру Қазақстан Республикасының басқа мемлекетпен жасаған шарттармен келісімдерге сәйкес жүргізіледі.
Жер мониторигісі міндеттері:

  • жер жай-күйінің өзгерістерін уақытылы анықтау, оларды бағалау, болжам жасау және кері әсері бар процесстерді болдырмаумен зардаптарын жою жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

  • мемлекеттік жер кадастрын жүргізуді, жерге орналастыруды, жерді пайдалану мен қорғауды бақылауды және жер ресурстарын мемлекеттік басқарудың өзге де функцияларын ақпаратпен қамтамасыз ету.

Жер мониторингісі:

  • жүйелi байқауларды, iздестiрулердi, суретке түсiрулердi, тексерулердi (қайта тексерулердi және түзетулердi) орындау;

  • жердiң жай-күйiн талдау мен бағалауды жүргiзу;

  • жердiң құнарлылығына антропогендi әсер етудi реттеу жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу;

  • белгiлi бiр уақыт кезеңiнде жердiң сапалық жай-күйiн болжауды әзiрлеу;

  • жер туралы деректер банкiн ұйымдастыру жөнiндегi жұмыстарды қамтиды.

Жер мониторигісін жүргізу барысында жердің сапалық жағдайына әсер ететін келесідей процесстер анықталады:

  1. Эволюциялық (дамудың табиғи тарихи процестерімен байланысты);

  2. Кезеңдік (күндік, мезгілдік және басқа да сипаттағы өзгерістер);

  3. Антропогендік (адам қызметімен);

  4. Төтенше жағдайлар (экологиялық апаттар);

Жер мониторингісі ақпараттық қайнар көзіне бақылаудың, зерттеудің, инвентаризациялаудың нәтижелері, архивтік мәліметтер және жер сапалық жай-күйі туралы басқа да мәліметтер жатады. Жер мониторингісін объектісі – меншік нысанына, ведомстволық бағыныштылығына қарамастан барлық ҚР жері танылады.
Мониторинг жердiң нысаналы мақсатының ерекшелiгi ескерiле отырып жүргiзiледi және жердiң санаттарына сәйкес келетін мынадай ќосымша жүйелерге бөлiнедi:

    • ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердiң мониторингi;

    • елдi мекендер (қалалар, кенттер мен ауылдық елдi мекендер) жерiнiң мониторингi;

    • өнеркәсiп, көлiк, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жердiң мониторингi;

    • ерекше қорғалатын табиғи аумақтағы жердiң, сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жерлердiң мониторингi;

    • орман қоры жерiнiң мониторингi;

    • су қоры жерiнiң мониторингi;

    • босалқы жердiң мониторингi.

Аумақтық ауқымына қарай жердiң республикалық, өңiрлiк және жергілiктi мониторингi жүзеге асырылады:

  • республикалық - Қазақстан Республикасының бүкiл аумағын қамтиды;

  • өңiрлiк - физикалық-географиялық, әкiмшілiк, экономикалық және өзге де шекаралармен шектелген аумақтарды қамтиды;

  • жергiлiктi - жекелеген жер учаскелерi мен ландшафтық-экологиялық кешендердiң қарапайым құрылымдарына дейiнгi өңiрлiк деңгейден төмен аумақтық объектiлерде жүргiзiледi.

Жер мониторингiн жүргiзудiң мерзiмдерi мен кезеңділiгiне қарай жердiң жай-күйiн бақылаудың мынадай:

  • базалық (бастапқы жер мониторингiн жүргiзудi бастау сәтiндегi бақылау объектiлерiнiң жай-күйiн тiркейтiн);

  • жедел (ағымдағы өзгерiстердi тiркейтiн);

  • кезеңдiк (бiр және одан көп жылдан кейiн) түрлерi жүзеге асырылады.

Жер мониторингi жөнiндегi ақпаратты алу үшiн:

  • қашықтықтан тексерiп-байқау (ғарыштық аппараттардан, биiкке ұшатын ұшақтардан, шағын авиацияның және басқа да құралдардың көмегiмен суретке түсiру және бақылау);

  • жер бетiнде суретке түсiру (топырақтық, геоботаникалық және басқа да) және аумақты-аймақтық желi пункттерiндегi бақылаулар;

  • жердi түгендеу, жер-кадастрлық құжаттама;

  • қор деректерi (карталар, картограммалар, схемалар, кестелiк және басқа да материалдар) материалдары пайдаланылады.

Ғарыштық жеткiзгiштен суретке түсiру мен бақылау республикалық және өңiрлiк деңгейлерде жердiң жай-күйiнiң сипаттамасын алу үшiн орындалады. Жер бетiндегi бақылау, зерттеу, тексеру және суретке түсiру стационарлық және жартылай стационарлық алаңдарды, түйiндi учаскелердi, полигондарды және бейiндердi пайдалану арқылы жердiң барлық санаттары бойынша жүргiзiледi. Жер мониторингiнiң нәтижелерi қағаз жеткiзгiштермен де, ақпаратты электрондық жинақтау, өңдеу және сақтау жүйелерiн пайдалану арқылы да есептер, кестелер, карталар және картограммалар түрiнде рәсiмделедi.


Жер мониторингi бойынша алынған ақпаратты облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жер ресурстарын басқару жөнiндегi тиiстi аумақтық органдары қорытады әрi талдайды, ол мұрағаттар мен автоматтандырылған ақпараттық жүйенiң деректер банкiнде жинақталады және сақталады.
Базалық құжаттарда өңiрлiк объектiнiң немесе жер учаскесiнiң бастапқы (аялық) жай-күйi тiркеледi. Базалық құжаттарға жердiң жай-күйiнiң бастапқы тақырыптық карталары, картографиялық материалдар және жердiң сапалық жай-күйi туралы жиналған мәлiметтер жатады. Бiрiзділендiрiлген нысандар, оларда жердiң жай-күйiнiң тiркелген өзгерiсi көрсетiлген кестелер есептiк құжаттар болып табылады.
Жердiң мониторингi жөнiндегi құжаттама мынадай талаптарға сәйкес келуi:

  • белгiленген үлгiдегi бланкiлерде атқарылуы;

  • картографиялық материалдар жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган белгiлеген техникалық талаптарға сәйкес әзiрленуi;

  • мемлекеттiк құпияға жатқызылған жер учаскелерiнiң жоспарларында (сызбаларында) қамтылған мәлiметтер олардың құпиялылығын қамтамасыз ететiн белгiленген ережелерге сәйкес пайдаланылуы және сақталуы тиiс.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет