Жер салығы Қазақстан Республикасына 1990 жылдардан бастап енгізілді. 1991 жылы маусымда ең алғаш рет жер туралы заң қабылданды. Жер салығының мөлшері келесі көрсеткіштерге байланысты:
Жер учаскесінің орналасқан жері;
Жердің құнарлығы – бонитет жер құнарлығының көрсеткіші;
Жер учаскесінің сумен қамтамасыз етілу деңгейі;
Жер салығының мөлшері жер учаскесінде жүзеге асырылатын шаруашылық қызметке байланысты емес.
Салық кодексінің 324-бабына сәйкес келесі тұлғалар салық төлеуден босатылады:
Бірыңғай жер салығын төлейтін тұлғалар. Бұл салықты ауылшаруашылығы тауар өндірушілері төлейді.
Мемлекеттік мекемелер. Мектептер, ауруханалар, яғни толық мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын тұлғалар;
Жер қойнауын пайдаланушылар;
Қылмыстық жазаны жүзеге асыратын мекемелер, колонналар, түрмелер, СИЗО т.б.;
Ұлы Отан соғысына қатысқан тұлғалар және оларға теңестірілген азаматтар;
Барлық топтағы мүгедектер немесе осы топқа жатқызылған тұлғалар;
Көп балалы аналар, алтын алқа иелері;
Үй іргесіндегі қосалқы өзіндік шаруашылықты жүзеге асыратын тұлғалар, бағбандық және саяжай құрылысына байланысты т.б.
Діни ұйымдар. Мысалы: мешіт.
Достарыңызбен бөлісу: |