Музыка пәнінің мұғалімі Г.Ә.Исаеваның сыныптан тыс өткізетін
іс - шаралары
№
|
Жұмыстың мазмұны мен бөлімдері
|
Мерзімі
|
Жауапты адам
|
1
|
«Ата Заңым ардақты» тәрбие сағаты
|
10.09
|
Музыка пәні мұғалімі
|
2
|
«Нәр берген ән бұлақтан» Шәмші Қалдаяқовтың әндеріне арналған әдеби-музыкалық кеші
|
03.10
|
Џйірме мџшелері, музыка пәні мұғалімі
|
3
|
«Туымды биік ұстаймын» 25 қазан Республика кџніне арналған тәрбие сағаты
|
25.10
|
Музыка пәні мұғалімі, 4 сынып оқушылары
|
4
|
«Қазақтың ұлы кџйшілері – Дина, Құрманғазы» атты әдеби музыкалық кеш
|
05.11
|
Џйірме мџшелері, музыка пәні мұғалімі
|
5
|
«Балалық шақтан болашаққа»
|
14. 03
|
7 Ә сыныбы
|
6
|
«Отаным- алтын бесігім» баяндама
|
20.04
|
Музыка пәні мұғалімі
|
7
|
Отан, достық туралы әндер байқауы
|
02.05
|
Џйірме мџшелері
|
8
|
Ақпыз, қара, сарымыз, туысқанбыз- бәріміз ( әдеби муз.монт)
|
02.05
|
Џйірме мџшелері
|
«Ата заңым ардақты» атты ашық тәрбие сағатының мақсаты оқушыларға қазақ халқының басынан кешкен оқиғалары туралы тарихи әндерді џйрету арқылы Қазақстан осы кџнге қалай келгендігін, қандай тағдырды басынан кешкендігі туралы тџсіндіру. (тәрбие сағатының џлгісі қосымшада берілген)
Нәр берген ән – бұлақтан
Әдеби-музыкалық кештің мақсаты:
1. Өнерімізге жарық жұлдыздай сәуле шашып, айрықша із қалдырған, «Вальс падишасы» атанған Шәмші Қалдаяқовтың өмірі мен шығармашылығына талдау жасау, әндерімен танысу.
2. Шәмші Қалдаяқовтың әндерін жасөспірімдерге насихаттау арқылы халық арасында шоқтығы биік жұлдыздар шығуына ықпал жасау.
3. Халқымыздың ұлы сазгері Ш.Қалдаяқов әндері арқылы оқушыларды сұлулыққа, әсемдікке, елжандылыққа тәрбиелеу.
Әдеби-музыкалық кештің көрнекіліктері: «Қазақ вальсінің каролі» Ш.Қалдаяқов өмірі мен шығармашылығына арналған оқушылар зерттеулерінің көрмерсі. Қазақстың әйгілі адамдарының Шәмші Қалдаяқов туралы пікірлері, әндер жинағы,өмірі мен шығармашылығы туралы деректі фильм, т.б.
Сол кџндер ғой жџректің аңсағаны,
Саған шөлдеп, айызым тамсанады.
Өкініш пе білмеймін қуаныш па?
Өз -өзімнен жџрегім ән салады.
Әнсіз өмір - өмір ме, қаңсымай ма?
Өзегіңді өртеп дерт, жаншымай ма,
Мхаббатқа арнап бір ән шығарсын
Шәміл-ац, Шәмші қайда? Шәмшә қайда?
Шәмшіге айт, тағы да бір таңданарсың,
Жындандырсын жџректі, жандандырсын.
Мәңгі өлмес махаббатым айта жџрер
Мәңгілік өлмейтұғын ән қалдырсын.
(Мұқағали Мақатаев)
1-ші жџргізуші: - Құрметті қауым, әнді қадір тұтатын ағайын.
Аяулы ана, мөлдір махаббат, шынайы бақыт туралы тамаша әндер жазып, ән әлемнің падишасын атанған бірегей талант иесі, қазақ халқының ұлы мақтанышы Шәмші Қалдаяқовты еске алуға арналған «Нәр берген ән бұлақтан» атты ән кешіне қош келдіңіздер.
2-ші жџргізуші:
Адам жылап туады,
Жатады оны жұбатып.
Және жылап өтеді,
Өзгені де жылатып.
Жылайтыны туа сап,
Жамандар бар қинайтын.
Жылайтыны өлгенде,
Жақсылар бар қимайтын.
Осылай деген уа, Қадыр аға, неткен ерсің!
Қазақ халқының біртуар перзенті, вальс падишасы атанған Шәмшә Қалдаяқов өз заманының, яғни социалистік жџйесінің елеусіз құбанына айналған.
Дегенмен, ұлы дарын өмірден өткенімен, көңілден кетпеді. Халқымызды әсем әуенімен әлдилеген ұлын, атамекені әлдилеп жџр. Оған дәлел бџгінгі қыстың көңіл құлазытар қара суығында жџректерді жылытатын Шәмші әуендері болмақ.
«Отырар жыры». Шәмші өмірі жайлы эссе оқылады.
(Теледидардан Ш.Қалдаяқов туралы деректі фильм көрсетіліп тұрады).
1. Сөзі: Мұхтар Шахановтікі
Ән – «Арыс жағасында». Орындайтын А.Жџсіпбекова.
Шәмші Қалдаяқовтың бозбалалық шағы.
2. Сөзі: Мұзафар Әлімбаевтікі
Ән – «Ақ маңдайлым». Орындайтын Н.Назаров.
Әр адамға әлемнің жарығын сыйлаған кім?
Жер бетіндегі тіршіліктің қайнар бұлағы, нәр беруші сол АНА!
Ана – теңдесі жоқ таусылмайтын жыр. Өнер қайраткерінің қай-қайсысы болмасын өз шығармаларында арнайы сөз етпей кетпейтін болған. «Ана туралы жырдың» тууы.
Әннің шығуына себеп болған Шәмшіні ән дџниесіне жетелеген аяулы анасы Сақыпжамал Бұқарбайқызының мезгілсіз дџние салуы. Ананың арманда кетуі Шәмшіні қатты тебірентті. Жазылмастай дертке шалдыққан анасы Алматыдағы баласын шақыртады.
- Балам, - деді көзіне жас алып, - жалғыз тілегім: сен аман бол. Бұл өмірде салған әнің айтылмай жатып џзілмесін. Ол әнің ұзаққа жетсін. Бақытты бол балам.
- Апа, қарыздармын сағанн... Қарыздармын, апа!.. Сенің басыңа кесенеден ескерткіш орнату менің қолымнан келе қоймас. Бірақ саған әсем әннің ең асылынан ешқашанұмыт болмайтын ескерткіш қалдырамын, - деді Шәмші.
Бұл 1959 жылдың 4 қыркџйегі болатын. Шәмші анасына берген уәдесін 2 жылдан соң, 1961 жылы орындады.
Бұл ән ана алдындағы ешқашан өлмейтін борышын сезінген баланың егіле төгілген көз жасы еді. Бұл ән аналар туралы Әнұран болатын.
3. Сөзі: Ғафу Қайырбектікі.
Ән – «Ана туралы жыр». Орындайтын Ә.Мамирова.
Шәмшінің ата-анасының туған жері – Қаратаудың теріскей беті. Ата-анасының туған жерін жыр ғып әндетіп, ту ғып көтеру Шәмшінің арманы болатын. Сол ән «Теріскей» әні болатын.
4. Сөзі: С.Асановтікі.
Ән – «Теріскей». Орындайтын Е.Тағаев.
Бірде бір қуаныш дастарқаны әуезді әндерінсіз өтпейтін, ешкімді тосырқамайтын кең пейілді Шәмшінің тағдыры қаталдау болды. Џй –кџйсіз жџрген кездері де болған. Шәмші Қалдаяқовтың Жамбылдың тџбіндегі дџнгендер ауылында тұрған кезінде шығарған «Дџнген қызы» атты әнін Абдумажитов Абылайдың орындауында қабыл алыңыздар.
5. Ән – «Дџнген қызы». Орындайтын А.Абдумажитов.
6. Сөзі Нұрсұлтан Әлімқұловтікі.
Ән- «Мойынқұмда». Орындайтын М.Жайлаубаева.
7. Сөзі Тұманбай Млодағалиевтікі.
Ән – «Бақыт құшағында». Орындайтын С.Абдуллаев.
Шәмші Қалдаяқов 1990 жылы тамыз айының 17 жұлдызында 60-қа толды. Шәуілдірдің мәдениет џйінде меерйтойға байланысты салтантты жиын өтті. Шәмшіге залдағылардан көптеген сұрақтар тџсіп жатты. Солардың бірі: «Творчестволық жолыңызда сізді ренжіткендер болды ма?» - деген сауал. Оған Шәмші аға былай жауап берген екен:
- Мен өмірімде қанша ән салсам, сонша жылаған болуым керек. Маған жақын нәрсе – халқымның жџрегі. Сұлтанмахмұт: «Жақсылық көрсем де, жамандық көрсем де өзімнен»,- деген. Мен өз әнімнің мықты болуын ойладым. Менің әндерімнің болашағы – халқымның болашағына байланысты. Халқым бар да, менің әндерім де бар.
8. Сөзі Мұхтар Шахановтікі.
Ән – «Өмір -өзен». Орындайтын Д.Оралова.
Ш.Қалдаяқовтың А.Жұбановтың қызы Ғазиза Жұбанововаға арнап шығарған әні.
9. «Шынарым» әнін орындайтын дуэт: назаров нұрсұлтан мен Абдуалиев Алшын.
1991 жылы 20 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы бойынша қазақ музыка өнерін дамытудағы айрықша еңбегі џшін композитор Шәмші Қалдаяқовқа халық артисі құрметті атағы берілді.
Ия, алпыстан асқан шағында берілген атақ ұлық па, кішік пе?
10. М.Шаханов. «Қалдаяқов өзені».
11. Ән – «Отырардағы той». Орындайтын А.Асқарова.
40 жылдан астам шығармашылық қызметінде Ш.Қалдаяқұлы 300-ге жуық ән жазған. Ш.Қалдаяқов әндері тұнып тұрған лирика, махаббат тақырыбында болған. Бұл әндерді жұртшылық барлық жерде: студенттік және отбасылық кештерде, жұмыс орнында, демалыс кезінде әуелете шырқайтын.
12. Шәмші әндерінен попури.
Профессор Құлбек Ергөбектің зерттеулеріне қарағанда Шәмші Қалдаяқов «Нан», «Арақ», т.б. бірнеше поэма жазған. Бәлкім, қолжазбасы табылып қалар. Жоқтаушысы да жоқ емес. Академик, «Халық қаћарманы» М.Әлиев Ш.қалдаяқов атындағы «Шарапат»қорын құрып, біршама ізгілікті жұмыс атқарады. Көше берілді, ескерткіш орнатылды.
ҚР Парламент мәжілісінің депутаты Амалбек Тшанов өткізіп отырған Ш.Қалдаяқов атындағы Халықаралық ән фестивальдерінен кейін шоқтығы биік жұлдыздардың пайда болуы ел џшін џлкен жетістік.
«Ән аға немесе Шәмшімен сырласу». Орындайтын әншілер тобы.
Шәмші Қалдаяқұлы өзінің қайталанбас қолтаңбасы, бояуы қанық талантымен қазақ халқының қазіргі ән өнерін биік белеске көтереді. Оның ғажап шығармашылығы – ұлттық мәдениеттің тамаша көрінісі.
Қазақстан – мерейім,
Сені төрден көрейін.
Жеңісіңе желпініп,
Жемісіңді терейін!
13. Хор «Менің Қазақстаным».
«Нәр берген ән бұлақтан» атты әдеби-музыкалық кештің мақсаты ән өнерімізге жарық жұлдыздай сәуле шашып, айырықша із қалдырған «Вальс падишасы» атанған Шәмші Қалдаяқовтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау, әндерімен танысу, әндерін жасөспірімдерге насихаттау, шоқтығы биік жұлдыздар шығуына ықпал жасау. Оқушыларды сұлулыққа, әсемдікке, елжандылыққа тәрбиелеу. Кеш Мұқағалидың Шәмшіге арнаған өлеңін оқумен басталып, шарықтау шегі «Ана туралы» әні болды. Ананың теңдесі жоқ таусылмайтын жыр екендігін дәлелдегендей. Әннің шығуына себеп болған Шәмшіні ән дџниесіне жетелеген аяулы анасы Сақыпжамал Бұқарбайқызының мезгілсіз дџние салуы. Ананың арманда кетуі Шәмшіні қатты тебірентті. Жазылмастай дертке шалдыққан анасы Алматыдағы баласын шақыртады.
- Балам, - деді көзіне жас алып, - жалғыз тілегім: сен аман бол. Бұл өмірде салған әнің айтылмай жатып џзілмесін. Ол әнің ұзаққа жетсін. Бақытты бол балам.
- Апа, қарыздармын сағанн... Қарыздармын, апа!.. Сенің басыңа кесенеден ескерткіш орнату менің қолымнан келе қоймас. Бірақ саған әсем әннің ең асылынан ешқашанұмыт болмайтын ескерткіш қалдырамын, - деді Шәмші.
Бұл 1959 жылдың 4 қыркџйегі болатын. Шәмші анасына берген уәдесін 2 жылдан соң, 1961 жылы орындады.
Бұл ән ана алдындағы ешқашан өлмейтін борышын сезінген баланың егіле төгілген көз жасы еді.
Бұл ән аналар туралы Әнұран болатын. Әдеби музыкалық кеш Шәмшінің «Теріскей», «Дџнген қызы», «Бақыт құшағында», «Өмір өзен», «Шынарым» әндерін орындаумен жалғасса, «Ән аға немесе Шәмшімен сырласу» әні арқылы музыкалық кеш шешімін тапты. Кеш соңында Қазақстанның жаңа Әнұраны асқақтай орындалып, «Қазақстаным» деген Шәмшінің қайталанбас қолтаңбасы, бояуы қанық талантымен қазақ халқының қазіргі ән өнерін биікке көтергендігі, оның ғажап шығармашылығы – ұлттық мәдениетіміздің тамаша көрінісі екендігін оқушылар әннің қайырмасында сезінгендей.
Қ о р ы т ы н д ы
Мектептегі музыка мұғалімі өз сабағында білім берумен шектелетін білікті маман ғана емес, ол тәрбиелік маңызы бар музыкалық- тағылым жұмыстарды ұйымдастырушы, мерекелік кештерді, тџрлі џйірмелерді жџргізуші, тәжірибелі ұстаз тек осындай тџлға ғана оқушылардың әдеміліктен, көркемөнерден, әдебиеттен, мәдениеттен, музыкадан ләззат ала отырып, білім-ғылымға талпындырып, бойындағы қасиет қабілеттерін дамытады.
Сыныптан тыс жұмыстар оқушының музыка сабағында алған білімдерін толықтырып, одан әрі өнер биігіне жетелейді. Сыныптан тыс тәрбие жұмысында мұғалім мына нәрселерді есте ұстағаны жөн.
- Сыныптан тыс жџргізілетін барлық музыкалық жұмыстар
оқушының эстетикалық музыкалық талғамының дұрыс бағытта қалыптасуына септігін тигізуі шарт ;
- Қолданылатын әдіс- тәсілдер баланың көркемөнерге деген құштарлығын, қиялын, шығармашылық шеберлігін жетілдіруге бағытталуы тиіс ;
- Басты мақсатты музыканы сџйетін, сол арқылы жан дџниесі тазарған, мәдениетті азамат тәрбиелеуге бағытталуы тиіс ;
Жаппай жџргізілетін музыкалық тәрбие жұмыстары балалардың біліктілігне байланысты. Арнайы дағдыны талап етпесе де, олардың музыканы білуге деген ынтасы болуы шарт. Лекция- концерт, көпшілікпен бірге театрға, музыкалық мәдени орындарға бару, тџрлі кештер ұйымдастыру, карнавал, конкурс , байқаулар, өткізу оқушылардың дџниетанымын кеңейтіп, өмірге деген көзқарасын өзгертіп адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға ықпал етеді.
Музыканы әнді тыңдауды бала ертеден сџйеді. Ол – баланың жан дџниесі, көңіл кџйіне, көркемдік сезімдеріне зор эмоциялық әсер етеді. Џлкендер қазақтың ұлт аспабы- домбыра тартып, ән салса, џйде жџрген кішкене сәби әлі толық мағынасында сөздерді айта білмеседе, өзінше кџйдің ырғағына, әуеніне еліктеп, іштей болса да қосылып ән салғандай болады.
Қазақ халқының халық әндерімен қатар композиторлар мен ақындардың творчестволық табыстары, Абайдың, Ақан серінің, Біржанның, Жаяу Мұсаның, Құрманғазы, Тәттімбеттердің әндері мен кџйлері оқушыларға мектепке дейін- ақ таныс сџйсіне, тыңдайтын шығарамалары болып табылады. Сондықтан әрбір жанұя мен мектеп оқушының “музыкалық құлағын” (сезімін ) ертеден тәрбиелеп, олардыңжас ерекшелігін лайықты эстетикалық тәрбие беріп отыруға міндетті. Демек, оқушының алдымен жанұяда,одан мектепте әнге, музыкаға џйретудің маңызы зор. Бұл- оның сан-сезімін, қиялын, талғамын, мәденитені,адамгершілігін дамытады. Эстетика мәселесі жайында көп мұра қалдырған орыстың революционер - демократ педагогы, жазушы, сыншы Н.Г. Чернышевский. Ол музыканы тыңдап отырып, адам өз сезімін, алған әсерін сыртқа шығару џшін өзі де қосылып әндетеді деген екен.Бұл- музыканың әсері мен ықпалы кџшті екендігін дәлелдей тџсетін өте маңызыд зор пікір. Музыка өзінің жоғары саясилылығы, қоғамға, Отанға деген патриоттық сезімдерін қалыптастырады.. Сондай- ақ ол өмір құбылыстарын дұрыс тџсініп, дұрыс қабылдауға, оны жадында тоқуға жәрдемдеседі. Музыка арқылы оқушыларға берілетін эстетикалық тәрбие жанұяда, сыныптағы сабақтарда, мектептен твыс жұмыстарда беріле береді. Қандай болмасын мектептегі оқушылар колективі өміріндегі ән- музыка, би, сауық кештері џлкен орын алады. Жеке дауытса, хорда орындалатын әндер, оркестрде тартылатын инструменталдық музыкалар мазмұны жағынан мектеп оқушыларын Отанды,партияны сџюге, еңбекке, туған елдің табиғаты,көркіне деген таза сџйіспеншілігін арттыруға тәрбиелейді.
Музыканы таңдау процесінде оны тџсіне білу қаблеті артады.Тџсініп тыңдаған музыка ғана адамның қуаныш,қайғы сезіміне, көңіл кџйіне тереңәсер ете алады. Адам музыканы тыңдау,оны орындау арқылы өмір құблыстарын терең тџсінуге мџмкіндік аладыМузыкаәуені менмазмұны оқушылар тыңдағаннан кейінолардың жџрегіне жаңа,жақсысезім туғызып, эмоциялық әсер алу қаблетін ілгерідамытады.Тамаша жазушы Николай Островский бойындағы сырлы сезімдерді Чайковскийоятып жџрегіне нәзік бір ой-қиялды туғызғанын айтады, сондай-ақ бұрын ол ондайды тіптісезген де емес екенін айтқан.Шынында,музыкалық шығармаларды тџсініп тыңдай білу-адамның сана-сезіміноятады.Сонымен қатар музыканы меңгеру мектеп оқушыларын жарқын сезімге бастайды және өмір қуанышына бөлейді. Сондықтан әрбір тәрбиеші кластан тыс жұмыстарында оқушыны музыкалық шығармаларды саналы тџрде тџсініп,қызыға білуге тәрбиелеу қажет.
Тәжірибелі тәрбиешілер жұмыс жџргізген мектепте ғана оушылардың әдеміліктен, көркемөнерден, әдебиеттен, мәдениет, музыкадан ләззат алуға қабілеті оянады,сөйтіп өзінің музкадан білімін қабілетін одан әрі дамытуға, өмір құбылысын бұлжытпай тџсінуге мџмкіндік алады. Тџрлі жолдармен музыкаға қызыққан оқушылар өздерінің қабілетін дамытып, кейін белгілі бір музыкалық оқу орындарына барып тџсуге мџмкіндік алуы ықтимал.
Балалар – бізің қуанышымыз, џмітіміз, болашағымыз. Бџгінгі мектептің алдына қойылып отырғаны – жеткіншек ұрпаққа мәдени, еңбек, адамгершілік және эстетикалық тәрбие берудің сапасын арттыру. Оқушыларға көркемдік білі беру мен эстетикалық тәрбиені халықтың ұлттық мәдени мұрасымен байланыстыра отырып, айтарлықтай жақсартуы. Сыныптан тыс музыкалық тәрбиені беру арқылы әсемдік сезімін дамыту, көркемдік талғамын тәрбиелеу, өнер шығармаларын сџйіп туған табиғатын, оның байлығын қастерлеп, бағалай білуге қабілеттерін қалыптастыру. Сонымен сыныптан тыс жџргізілетін жұмыстың мәні аса зор дей келе болашақ жас ұрпақ џшін қажеттілігін мойындай отырып оқу жоспарларын енгізіп, нағыз қазақтың ұлы, дарынды, білімді, перзенттерін дайындауға тиіспіз деп ой тџйіндеймін.
П ай д а л а н ы л ғ а н ә д е б и е т т е р:
Асылов Л., Каимов К., РахматуллинаА., Мектептен тыс мекемелер мен жалпы білім беретін мектептерге арналған программалар Алматы, Мектеп, 1977 ж
Әбиев Ж.,.Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика Алматы, Дарын, 2004 ж
Әбілева З. Оқушыларға қалстан тыс жұмыстарда эстетикалық тәрбие беру. Алматы, Мектеп, 1969 ж
Әбілева З., Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру Алматы, Мектеп,1972 ж,
Болғанбаев Ә., Лекторлық өнер- шеберлік Алматы, Білім, 1979 ж
Көпбаев А., Сағымбеков М., Мектептерде өткізілетін лекция - концерттерді ұйымдастыру Алматы, Мектеп,1994 ж
Қазақстан мектебі журналы №10, 1998ж
Қазақстан мектебі журналы №4, 1999 ж
Меңжанова А. Әдеби музыкалық кеш ұйымдастыру Алматы, Мектеп,1967 ж
Меңжанова А.Тәлім- тәрбие жұмысын ұйымдастыру Алматы, Ғарыш 2003
Нұрғалиев Р., Өнер алды қызыл тіл Алматы,Мектеп, 1974 ж
Нұрмағанбетов С., Овчиникова Р.И. Мектептегі кластан тыс жұмыстар, Алматы, Мектеп,1969 ж
Нұрмаханова Ә., Лектор тілінің бейнелілігі Алматы, Білім, 1981 ж
Савин Н.В., Педагогика Алматы, Мектеп,1975 ж
Сарыбаев Б., Қазақтың музыкалық аспаптары Алматы, Өнер,1981 ж
Табылдиев Ә., Тәрбие өрнектері Алматы,Мектеп,1989 ж
Тәжібаев Б. Дала жолдары Алматы, Жазушы,1980
Темірғалиев К., Лекцияны әзірлеу және оқу методикасы Алматы, Білім, 1980ж
Темірғалиев К., Лекцияны әзірлеу және оқу методикасы Алматы, Білім, 1980 ж
Ұзақбаева С. Балаларға эстетикалық тәрбие берудегі халық дәстџрі, Алматы, Білім,1990 ж
Ұзақбаева С., Тамыры терең тәрбие Алматы, Білім,1995 ж
Достарыңызбен бөлісу: |