Зерттеу жұмысының өзектілігі сөйлеу процесіндегі танымдық
қабілеттерді, жастардың бір-бірімен сөйлеу әрекеті қаншалақты бейресми
болатындығын анықтауға негіз бола алады. Ауызекі сөйлеуді екі адресат немесе
қандай да бір этникалық мәдениет өкілі болып табылатын жастардың
қатысуынсыз қарастыру мүмкін емес. Сонымен қатар, бейресми ауызекі сөйлеу
тіліне қатысты теориялық және практикалық зерттеулердің тек басқа елдерде
дамуына ықпалын тигізіп қана қоймай, қазақ тілінде де жасалатын
лингвистикалық зерттеулердің көбеюіне түрткі бола алады. Себебі, қазақ тілінде
жастар дискурсы жөніндегі зерттеулер өте аз. Тек ауқымды жұмыс ретінде
отандық ғалым Бекжанова.Ж.Е. еңбегін атап өтуге болады. Болашақта түрлі
әлеуметтік топтарға жататын адамдардың арасындағы ауызекі сөйлеу тілінің
ерекшеліктерін тереңірек зерттеуге және коммуникация барысында орын алатын
достық қарым-қатынастағы лингвистикалық ерекшеліктерді анықтауға
мүмкіндік береді.
Зерттеу жұмысының жаңалығы Улановский А. М. Хенне Г. мен Ребок
Г. (Henne, Rehbock ) және Хаймс Д. (Hymes Dell) ғалымдардың еңбектеріне
сүйене отырып, ағылшын және қазақ тілінің жастар арасындағы ауызекі сөйлеуді
талдауға арналған анализ схемасын құрастырдық.
Зерттеу жұмысының мақсаты ағылшын және қазақ тілдерінің жастар
арасындағы бейресми ауызекі сөйлеу байланысын зерттеу.
Зерттеу жұмысының міндеттері - Ауызекі сөйлеу мәселелері, жастар дискурсы бойынша әдебиеттерге
теориялық шолу;
- Студенттер арасында достық қарым-қатынасты талдау схемасын әзірлеу;
- Студенттердің достық қарым-қатынасын талдау.
Зерттеу нысаны студенттердің бейресми ауызекі сөйлеу қарым-
қатынасының ерекшеліктері.
Зерттеу пәні студенттік достық қарым-қатынастың ерекшеліктерін талдау.
қазіргі жастардың ағылшын және қазақ тілдерінің ауызекі сөйлеу тілін
бейресми сипатта орын алған аудиожазбалар арқылы зерттеу.