Дипломдық ЖҰмыс 5В010100 «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу»



бет4/5
Дата25.12.2016
өлшемі1,4 Mb.
#5017
түріДиплом
1   2   3   4   5

Соңғы жылдардағы зерттеулер мектеп жасына дейінгі баланың іс-әрекетіндегі образды бастаманың нақты көрсеткіштерін анықтауға бағытталған. Шығармашылық іс-әрекет нәтижесінде балалар жасаған образды, ересектер жасаған көркем образбен бірдей алып қарауға болмайды, өйткені олар терең қорытынды жасай алмайды. Олар жасаған образдар қабілеттіліктің және алынған дағдылардың жалпы даму дәрежесіне байланысты әсерлілігі көп немесе аз болады.

Балалардың образ жасаудағы әсерлі құралдарына тоқталамыз.

Шығармашылықтың ең бастапқы кезеңінде, бейнелеу формасы өте қарапайым болған кезде, бала образды жанды, нақты, әрекет етуші түрде ойлайды.

Бұл кезеңде бейнелеу құралдарын жеткілікті дәржеде игере алмай, ол осы іс-әрекетті дыбыстармен, ым-ишарамен, қимылмен білдіреді. «Міне мотор от алды, ж-ж-ж, машина жүріп те кетті! Ал мына бала машина соңынан жүгіріп барады» - дейді бала: содан соң қимылды бейнелей отырып, суретті үстел бетімен қозғалта бастайды.

Тіпті мектеп жасына дейінгі ересек балала, оларда қажетті дағдылар бар болғанның өзінде, кейде образдың әсерлілігін күшейту үшін сөзді пайдаланады.

Зерттеулерде ең алдымен балалар жасаған барлық образдардың негізінде нақты шындық бар екені атап көрсетіледі. Тіпті бала фантастикалық образ жасаған кездің өзінде нақтылыққа көбірек бой ұрады.

Мысалы, Тоты құсты көз алдына елестетіп, бейнелеу үшін оған шын мәнінде тіршілік ететін құстар туралы дұрыс түсінігі болуы, ал содан соң Тоты құстың қиял-ғажайып бейнесі әдеттегі құстардан немен ерекшеленетіні ойлап алуы, яғни нақты белгілерді тылсымды белгілермен біріктіре отырып, біртұтас образ жасауы керек.

Бала жасаған тұтас образға оның жас мөлшерін ескере отырып қарау қажет. Жас бала заттың толық бейнесін «барлық бөліктері мен детальдарын, олардың арақатынасын сақтай отырып) бере алмайды. Алғашқы суреттерде, мүсіндерде көбіне өте елеулі детальдар болмайды.

Тіпті мектеп жасына дейінгі ересек балалардың өздерінде заттың формалары мен оның бөліктері жалпыланған, бірақ заттың барлық конструкциясы, алуан түрлі детальдардың болуы баланың шындыққа сәйкес келетін образ жасауға ынтасының бар екенін дәлелдейді.

Образдың әсерлілігіне жағдайды жасайтын бейнелеу детальдары мен қосымша заттардың көмегімен қол жеткізіледі.

Суретші детальдарды іріктеуге саналы түрде көше отырып, образды ашуға жәрдемдесетін детальдарды ғана бейнелейді.

Балаға әсіресе сәби жаста, детальдарды бейнелеуде кездейсоқтық элемент тән. Ол бейнеленген детальдардың барлығы бірдей әсерлілікті күшейте бермейді. Ал кейде әсерлі детальдар әдейі ойланбай-ақ кездейсоқ пайда болады.

Мектепке дейінгі ересек жаста, жұмысты жоспарлау қабілетіне тәрбиеленіп жатқан кезде, бала сол бір образға тән детальдарды іріктеп ала бастайды. Мұның өзінде олардың маңыздылығының көрсеткіші басқалардың бәрінен анағұрлым мұқият әзірленуі болып табылады. Мысалы, бала башмағын жоғалтқан Маша-ұмытшақтың мүсінін жасады. Башмақ орындық үстінде тұрған күйде бейнеленген. Қыз оны мүмкіндігінше нақтылап, бау-жіптері мен оларға арналған тесіктерге дейін мүсіндеп жасауға тырысқан. Ал башмағын іздеп орындық астына кірген Маша өзі өте жалпылама бейнеленген. Сірә, бала үшін осы көріністегі ең елеулісі Машаның іздеп жүргенінің нақ өзі болса керек.

Бейнеленетін кейіпкерлердің психологиялық жай-күйін балалар оңайлатылған, қарапайым детальдармен беруі мүмкін: жылауды-көз жасымен, күлкіні-екі езудің жоғары көтерілуімен, қорқуды - жоғары көтерілген қолдармен және т.б. Күйзелісті білдірудің неғұрлым күрделі құралдарына, мысалы, көздің кейпін бере білуге, мектеп жасына дейінгі балалардың шамасы келмейді.

Бірақ тіпті кішкентай (3-4 жастағы) баланың өзі қандай да бір нақты заттың суретін сала отырып, өзі үшін елеулі болып табылатын детальдарды жиі бейнелейді. Әрі нақ сол детальдар образды өте әсерлі етеді.

Бірақ балалар үшін образдың осындай басты әсерлі белгілерімен қатар олар қағаздағы бос кеңістіктерді толтыруға тырысып, шөпті,ұшып бара жатқан самолетті жиі салады.

Мектеп жасына дейінгі балалар үшін неғұрлым оңай әсерлілік құралдары түрлі түсті пайдалану болып табылады.

Бейнелеу өнерінде түс көркем ойды, шығарма идеясын білдірудің маңызды құралы болып табылады. Оның пайдаланылуы шығарма мазмұнымен тығыз байланыста болады. Оның өзіндік маңызы жоқ. Түс контрастары картинадағы басты нәрсені бөліп көрсету үшін пайдаланылады; түс көңіл күйді білдіреді; қара, күңгірт өң – мазмұны мұңды картиналарда басым болады.

Мектеп жасына дейінгі бала түсті мұншалықты алуан түрлі планда пайдалана алмайды, сондықтан да алғашқыда оны заттың нақты бояуына байланыссыз дербес игілік ретінде қабылдайды. Бала қарындаштың, бояудың қандай да бір түсінен ләззат алып, онымен бәрін қатар бояп шығады. Бірақ сәби жастың өзінде-ақ ол түсті заттың образымен байланыстыра алады-кейде түс ассоциациясы жағынан оның қиялында әлдеқандай образ тудырады: қызыл – жалау, жидектер; жасыл - шөп, шырша, крокодил, сары- күн.

Көптеген бояу түстерімен таныса отырып, 4-5 жастағы балалар оларды бейнені әсем, сәнді етуге көмектесетін әсерлілік құралдары ретінде жиі пайдаланады, яғни оны декоративті (сәндік) планда пайдаланады. Мұнда да нақты бояу түсінің бұзылуы байқалады, өйткені баланы алдымен түстердің ашық контрасты үйлесімі өзіне тартады. Бұл декоративтілік кейде образ сипатына қарама- қайшы келуі мүмкін.

Біртіндеп мектеп жасына дейінгі ересек балалар түрлі реңктерге ие бола отырып, декоративтік боямалаудан ауытқып кетеді. Қабылдаудың және эстететикалық сезімдердің дамуымен олар образдың көңіл-күйін беру үшін түсті пайдалана бастайды. Солай бола тұрғанымен түсті эмоциялық планда да пайдаланады: өзіне ұнағандарын ашық өңмен, сүйкімсіз, қорқынышты образдарды қарақошқыл өңмен бояйды.

Баланың бейнеленіп отырған затқа эмоциялық қатынасын білдіруші ретінде бояу түсін пайдалану туралы Е.А.Флеринаның өзі-ақ ұсынған бұл қағида соңғы кездегі Л.В.Кампанцеваның, В.А.Езикееваның, В.С.Мухинаның және басқалардың зерттеулерімен дәлелденіп отыр.

Бұл ертегі тақырыптарына сурет салуда өте айқын көрінеді. Мысалы, Мыстан кемпірді балалар қоңыр қара түспен, ал жағымды кейіпкерлер – Василиса аруды, Иван ханзаданы алуан түрлі ашық бояулармен салады. Бейнеленушіге деген өз қатынасын мектеп жасына дейінгі балалар шындықты бұрмалайтын басқа да құралдармен береді. Бірақ бұл бұрмалаушылық образдың маңыздылығын, әсерлігін күшейтуге деген тілек нәтижесінінде туады. Мәселен, кейде олар әлде нені бөліп көрсеткісі келіп, дұрыс пропорциялы ара қатынас өзгертеді мысалы, суретте көбелектер көлемі жағынан балалардың өзінен үлкен , мұнсыз бұл көбелектерге әдемі ою-өрнектерді салуға болмайды.

Бейнелеудегі мұндай шарттылықты суретшілер де пайдаланады. Ежелгі Египет өнерінде фараонның бейнесі көлемі жағынан қарапайым жандардың бейнесінен әлдеқайда асып түсетін.

Бейнеленетін объектінің динамикалық жан-күйін беру де бала пайдаланатын әсерлілік құралдарының бірі болып табылады.

Егер сәби жаста қозғалыс бейнеленбесе, ал ересек жастағы балалар заттарды қозғалыста бейнелей алады, мұның өзі образды әсерлі етуі мүмкін.

Мысалы, жылауық қыздың суретін салған кезде бейнелеу тұрғысынан әлсіз болған жұмыстар неғұрлым әсерлі шықты: екі қолымен көзін басып, аузын барынша кең ашқан қыз суреті шынында да жылап отырғандай әсер қалдырады. Формасы жағынан неғұрлым дұрыс орындалған суреттердің әсерлілігі шамалы болды, өйткені қыз сымбатты қалыпта бейнеленген. Бірақ динамикалық білдіпу сонда да болса бала үшін күрделі болып табылады, себебі қимылмен бірге заттың формасы және бөліктерінің орналасуы өзгеріп отырады. Сондықтан образдың әсерлілігіне қарамастан, оның формасы көбіне дұрыс болмай шығады.

Балалар шығармашылығы сондай-ақ композициялық құралдарды, ең алдымен ритм мен симметрияны пайдаланумен сипатталады. Олар образдың өзіне және бүкіл картинаға сымбаттылық, жарасымдылық беріп қана қоймайды, сонымен бірге бейнелеуді жеңілдетеді, мұның өзі әсіресе бейнелеу дағдыларына әлі ие бола қоймаған балалар үшін маңызды.

Ритм жалпы адам қимылына тән болғандықтан, бала жұмысты әдемі орындау мақсатымен оны саналы түрде пайдалана бастайды.

Мектеп жасына дейінгі кішкентай балаларда суреттің барлық композициясы оған әсерлілік беретін ритммен жасалады; сызықтар ритмі, түс дақтарын орналастырудағы ритм.

Мектепке дейінгі ересек жаста ритмді сезіну сондай-ақ композициялық жағынан толықтырылған картинаны жасауға жәрдемдеседі.

Композицияны орындаудағы өзінше бір сәт бір заттың екінші затты қалқалап тұрмауы, олардың арасындағы пропорциялық ара қатынастардың бұзылуы болып табылады. Шынайылықты бұзып тұрғандай болып көрінетін мұндай сәттер кеңістікте өз орны бар әрбір затты, оның формасының әрбір детальдарын көруге болатын айналадағы өмірден өзінің алған нақты әсерлерін беруге баланың ұмтылуын білдіреді. Екінші жағынан, бұл өмірлік түсініктерді суреттегі барлық композициялық тәсілдер байланысты болатын сол шартты құралдар арқылы бере алмаумен байланысты.

Ритм мен симметрия әсіресе әсерлілік, бояу түсінен басқа құрылысының ритмділігіне көп тәуелді болатын декоративті жұмыстарда пайдаланады.

Сонымен, балалар пайдаланатын әсерлілік құралдары барынша алуан түрлі; түс, форма, композиция. Олар образға тән белгілерді, оған қатынасты бере білуге көмектеседі. Әсерлілік дәрежесі ең алдымен баланың образды көре білуінің дамуына, әсерлерінің қорына және бейнелеу қабілеттерінің даму дәрежесіне байланысты.

ХІХ ғасырдағы идеалистік бағыттардың өкілдері балалар шығармашылығының негізі баланың санасына әсер ететін және оның болмысында өз көрнісін табатын нақты дүние емес; адамның өз табиғатына біткен ішкі сезім оятқыштар, даму процесінде өзінен-өзі пайда болатын инстинктер деп есептеді.

Мәселен, өзінің оқыту методикасын талдап жасай отырып, Фребель былай деп есептеді: бейнелеу іс-әрекеті негізіне көркем инстинкт жатады; «тудыра білу» қабілеті баланың бойына туа бітеді, адамның тамаша мәні осыдан көрінеді; тәрбиешінің міндеті осы мәннің көрінуіне көмектесу ғана.

Шығармашылық дамудың өздігінен пайда болатындығы туралы осы теория түрлі нұсқаларда және түрлі негіздермен ХІХ және ХХ ғасырлардағы шетел педагогикасында көптеген жақтастарын тапты-К.Риччи, К.Бюллер, Георг Кершенштейнер және басқалар.

Идеалистік бағыттағы кейбір зерттеушілер шығармашылық дамудың мұндай теориясын биогенетикалық заңмен негіздеді- баланың барлық дамуы адамзат тарихы дамыған жолдармен анықталады және сол жолдармен жүреді, яғни ол алғашқы қауымдық адамнан цивилизациялы адамға дейінгі дамудың барлық кезеңдерінен өтеді.

Баланың дамуын жансақ, идеалистік тұрғыдан түсіндіруге құрылған биогенетикалық теорияны кеңес педагогтары толығымен жоққа шығарады.

Шығармашылықты дұрыс түсінбеу көптеген зерттеушілерді бала жасаған образды жаңсақ түсіндіруге әкеліп соқты. Бейнелеу сипатының схематизмділігі салдарынан бұл образ нақты заттың бейнесі ретінде емес, символ, белгі ретінде түсіндіріледі.

Идеалистік символдар теориясының терістігі неде?

Идеалистер символдар теориясының көмегімен өнерді шынайы өмірден бөліп алады. Суретші шығармашылығының негізін олар суретшінің ішкі жан дүниесінде, символдық образдарды, нақты дүниені бейнелемей-ақ, интуициялық жолмен жасайды, ал елестер мен образдар дерексіз белгілердің формасында көрінуі мүмкін деп біледі.

Идеалистер балалар шығармашылығы жөнінде де осындай көзқарасты ұстанады. Оның үстіне баланың психологиясы ескерілмейді, өйткені нақты түсінікті белгімен, символмен ауыстыру абстракциялаудың, нақты нәрседен бас тартып, бір ойды, мәнді бөліп алып, оны белгімен белгілей білудің жоғары дәрежеде болуын талап етеді.

Белгі, затты немесе әрекетті ауыстыра отырып, заттың қандай да бір белгілерін бойына сіңіруі мүмкін, мүлдем дерексіз формада ұсынылуы да мүмкін. Белгі детальдарды, қосымшаларды талап етпейді, ол бейнеленіп отырған нәрсеге қатынасты білдірмейді және барлық жағдайда өзгеріссіз қалып отырады.

Белгіден айырмашылығы образ затты оның негізгі ерекшеленетін және сипатты белгілерімен нақты формада бейнелейді және автордың бейнеленіп отырған затқа қатынасын береді.

Қолданбалы өнерде сурет кейде белгінің сипатына ие болады. Мысалы, архитектордың жабдықтардың шартты белгілері түсірілген үйдегі бөлмелердің жоспарын беретін суретінде немесе топографияда атқаратын қызметін беру міндеті бірінші қатарға шығады.


3

Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу және құрастыру әрекеттерін дамыту арқылы шығармашылығын қалыптастыру

3.1

Бейнелеу және құрастыру әрекетінің түрлері және мектеп жасына дейінгі балаларды жан-жақты дамытудағы маңызы

Баланың бейнелеу және құрастыру әрекеттерін дамыту басты міндеи етіп алынды. Балалардың бойында қабілеттілік пен шығармашылық бастаманы дамыту көркем тәрбиенің балаларды қоршаған болмыспен таныстыруға негізделген өзара байланысты екі міндет болып табылады.

Бейнелеу іс-әрекетінің түрлері арқылы мектеп жасына дейінгі балаларды жан-жақты дамыту маңызы жоғары.

Бейнелеу іс-әрекеті жөніндегі сабақтар балабақшада барлық жас топтарында аптасына 2 реттен 4 ретке дейін өткізіледі. Сабақтардың мазмұнын тәрбиеші сол жасқа арналған бағдарламаның талаптарына сәйкес және балаларда бар біліммен бейнелеу іскерліктерін ескере отырып жасайды. Ересек жастағы балаларға бейнелеу өнерге баулу «Біз мектепке барамыз» бағдарламасы бойынша «Шығармашылық» саласы аясында сурат, жапсыру, мүсіндеу сабақтарында жүзеге асады. Үлгі сабақ жоспары А қосымшасында берілген.

Мектеп жасына дейінгі балалар бейнелеу іс-әрекетімен жалпы топтық сабақтардан тыс та, ойынға бөлінген уақыт кезінде де шұғылдануы мүмкін. Педагог бұл ынтаны әрдайым қолдап алынған бейнелеу дағдыларын қолдануда инициативалар мен дербестіктің пайда болуын көтермелеп отыруға тиіс.

Сәбилерде сурет салуға мүсіндеуге конструкциялауға деген ынта қысқа мерзімді әрі тұрақсыз болады. Мектепке дейінгі ересек балалар шығармашылық іс-әрекетке деген белгілі бір қажеттілікті бастан кешіреді. Мұнын өзі оларда педагог тарапынан көңіл аударуда және дұрыс басшылық жасауды талап ететін қабілеттердің бар екенін дәлелдейді.

Бейнелеу және құрастыру әрекетінің түрлеріне тоқталамыз.

Балабақшада бейнелеу іс-әрекеті сабақтың сурет салу мүсін жасау аппликация және конструкциялау сияқты түрлерін қамтиды. Баланың айналадағы дүние туралы әсерлерін бейнелеуде осы түрлердің әрқайсысының өз мүмкіндіктері бар. Сондықтан бейнелеу іс-әрекетінің алдында тұрған жалпы міндеттер әрбір түрдің ерекшеліктеріне, материалдың және онымен жұмыс істеу тәсілдерінің өзгешеліктеріне қарай нақтыланады.

1. Бейнелеу және құрастыру әрекетінің бір түрі - сурет салу.

Сурет салу балалардың өздерінің шығармашылық белсенділігін көрсету үшін үлкен мүмкіндік беретін сүйікті сабақтарының бірі.

Суреттердің тақырыбы алуан түрлі болуы мүмкін. Балалар өздерінің қызықтырған нәрселердің бәрін салады: жекелеген заттарды және айналадағы өмірден алынған көріністерді, әдеби кейіпкерлер мен декоративті ою-өрнектерді және т.б.

Сурет салудың әсерлі құралдарын пайдалану олардың қолынан келеді. Мысалы, нақты затпен ұқсастықты беру үшін сурет салушының бейнеленуші объектіге қатынасын білдіру үшін және декоративті планда түс пайдаланылады. Композиция тәсілдерін пайдалана отырып, балалар сюжетті жұмыстарда өз ойларын толығырақ әрі байырақ бейнелей бастайды.

Алайда сурет салуды жете түсініп, оның тәсілдерін техникалық жағынан меңгеру кішкентай бала үшін айтарлықтай күрделі, сондықтан тәрбиеші жұмыстардың тақырыбына баса назар аударуға тиіс.

Балабақшада негізінен алуан түрлі бейнелеу мүмкіндіктері бар түрлі-түсті қарындаштар, акварель және гуашь бояулары пайдаланылады.

Қарындашпен сызықтық форма жасалады. Оның өзінде бір бөліктен кейін екінші бөлік біртіндеп салынып, алуан детальдар қосылады. Содан кейін сызықтық бейнелер боялады. Сурет жасаудың мұндай бірізділігі баланың аналитикалық ойлау қызметін жеңілдетеді.

Бір бөліктің суретін салып алған кейін, ол онан әрі қандай бөлікті жасау керектігін еске алады немесе натурадан көреді. Оның үстіне, сызықтық нұсқалар бөліктердің шекарасын анық көрсете отырып, суретті бояуға көмектеседі.

Бояулармен сурет салғанда форма бояу дақтары арқылы жасалады. Осы тұрғыдан алып қарағанда бояулардың түс пен форманы сезінуді дамыту үшін үлкен маңызы бар. Бояулармен айналадағы өмірдің алуан түрлі бай түстерін беру оңай: ашық аспан, күннің батуы мен шығуы, көк теңіз және т.б. Бұл тақырыптарды қарындаштармен орындағанда көп еңбек, жақсы дамыған техникалық дағдыларды талап етеді.

Балабақшаның бағдарламасымен әрбір жас тобы үшін грфикалық материалдардың түрлері белгіленген. Ересек және мектепке даярлық топтары үшін қосымша көмір қарындашын, түрлі-түсті борларды, пастельді, сангинаны пайдалану ұсынылады. Бұл материалдар балалардың бейнелеу мүмкіндігін кеңейтеді. Көмір мен сангинамен жұмыс жасаған кезде сурет бір түсті болып шығады, мұның өзі заттың формасына және фактурасын бере білуіне барлық назарды жұмылдыруға мүмкіндік береді: түрлі-түсті борлар көлемді беттер мен ірі формаларды бояу жеңілдетеді; пастель түстің алуан түрлі реңкін беруге мүмкіндік жасайды.

2. Бейнелеу және құрастыру әрекетінің екінші бір түрі - мүсіндеу.

Бейнелеу және құрастыру әрекеті түрлерінің бірі ретінде мүсін жасаудың ерекшелігі – бейнелеу аумақтық әдіспен жасалады. Мүсіндеу жұмсақ материалмен ғана емес, сонымен қатар қатты материалмен де жұмыс жасауды қамтитын скульптураның бір түрі болып табылады. Мектеп жасына дейінгі балалар қолдың әсеріне тез икемделетін жұмсақ пластикалық материалдармен – саз балшықпен, пластилинмен ғана жұмыс істеу тәсілдерін меңгере алады.

Балалар адамдардың, хайуанаттардың, ыдыс – аяқтың, транспорттың, көкөністердің, жемістердің, ойыншықтардың мүсіндерін жасайды. Тақырыптардың алуан түрлілігі мынаған байланысты мүсіндеу, бейнелеу іс-әрекетінің басқа түрлері сияқты, баланың танымдық және шығармашылық қажетсінуін қанағаттандыра отырып, тәрбие міндеттерін орындайды.

Материалдың әсемділігі мен бейнеленетін форманың ауқымдылығы мектепке дейінгі балаға, сурет салуға қарағанда, мүсіндеуде бірқатар техникалық тәсілдерді меңгеруіне мүмкіндік береді. Мысалы, ол ұзақ уақыт үйренуді қажет етеді. Мүсіндеуде бұл міндет шешу жеңіл. Бала алдымен затты статикалық жағдайда мүсіндеуді де одан кейін оның бөліктерін түпкі ойға сәйкес майыстырады.

Мүсіндеуде заттардың кеңістіктік арақатынасын беру оңайлатылады- объектілер, нақты өмірдегідей, бірінен соң бір, композиция ортасына жақын не алыс қойылады. Перспектива мәселелері мүсіндеуде атымен болмайды.

Мүсіндеуде бейне жасаудың негізгі формасы – ауқымды форманы беру. Түс шектеулі түрде пайдаланылады. Әдетте кейін балалар ойындарда пайдаланылатын жұмыстар боялады.

Мүсіндеу сабақтарында неғұрлым пластикалық материал ретінде саз балшық негізгі орын алады. Жақсы дайындалған саз балшық тіпті 2-3 жастағы баланың қолының илеуіне тез көнеді. Кептірілген саз балшықтық жұмыстар ұзақ уақыт сақталына алады.

Пластилиннің иілімдік мүмкіндігі аз. Ол алдын ала қыздыруды қажет етеді, сонымен бір мезгілде қатты қыздырылған ол өзінің созылымдылығын жоғалтады, қолға жабысып, жағымсыз тері сезу түйсіктерін туғызады. Мектепке дейінгі балалар пластилинмен негізінен топ сабақтарынан тыс кезде жұмыс істейді.



3.Бейнелеу және құрастыру әрекетінің келесі түрі - сурет аппликация.

Аппликация сабақтары процесінде балалар өздері бөліктері мен силуэттерін қиып, жапсыратын алуан түрлі заттардың қарапайым да күрделі формаларымен танысады. Силуэетті кескінді жасау үлкен ой мен қиял жұмысын талап етеді, өйткені силуэетте кейде заттың негізгі белгілері болып табылатын детальдар болмайды.

Аппликация сабақтары математикалық түсініктердің дамуына мүмкіндік туғызады. Мектепке дейінгі балалар аса қарапайым геометриялық формаларының аттарымен, белгілерімен танысады, заттардың және олардың бөліктерінің кеңістікте орналасуы мне көлемі туралы түсінік алады. Осы күрделі ұғымдарды балалар декоративтік ою-өрнек жасау процесінде немесе затты бөлік-бөлігі бойынша бейнелеген кезде оңай ұғып алады.

Сабақтардың барысында мектепке дейінгі балалардың бойында түсті, ритмді, симметрияны сезу дамиды және осының негізінде көркемдік талғам қалыптасады. Оларға түсті өздері жасау немесе форманы бояу керек емес. Балаларға түрлі түстер мен реңктегі қағаздарды бере отырып оларды әдемі үйлесімді таңдай білуга тәрбиелейді.

Ритм мен симметрия ұғымымен балалар сәби жастың өзінде-ақ декоративтік ою-өрнек элементтерін бөлген кезде танысады.

Аппликация сабақтары бөбектерді жұмысты жоспарлы ұйымдастыруға үйретеді, өйткені өнердің бұл түрінде композиция жасау үшін бөліктерді жүйелі жапсырудың үлкен маңызы бар.

Аппликациялық бейнелерді орындау қол бұлшық еттерін дамытуға, қимылдарды үйлестіруге жәрдемдеседі. Бала қайшы ұстауға, қағаз парағын бұра отырып,формаларды дұрыс қиып алуға, формаларды қағаз бетіне бір-біріне бірдей қашықтықта орналастыруға үйренеді.

4.Бейнелеу және құрастыру әрекетінің келесі бір түрі - конструкциялау.

Алуан түрлі материалдардан конструкциялау бейнелеу іс-әрекетінің басқа түрлеріне қарағанда ойынмен көбірек байланысты. Ойын көбіне конструкциялау процесімен қатар жүреді, ал балалардың жасап шығарғандары әдетте ойындарда пайдаланылады.

Балабақшада конструкциялаудың мынадай түрлері қолданылады: құрылыс материалдарынан, конструкторлар жиынтығынан, қағаздан, табиғи және басқа материалдардан конструкциялау.

Конструкциялау процесінде мектеп жасына дейінгі балалар білімге, дағдыға және іскерлікке ие болады. Құрылыс материалдарынан конструкциялай отырып, олар геометриялық ауқымды формалармен танысады, симметрияның, тепе-теңдіктің пропорцияның маңызы туралы түсінік алады. Қағаздан конструкциялау кезінде балалардың геометриялық жазық фигуралар туралы білімі, жақ, бұрыштар, орталық нүктесі туралы ұғымы нақтылана түседі. Балалар қағазды майыстыру, жинау, кесу, желімдеу жолымен жалпақ формалардың түрін өзгерту тәсілдерімен танысады.

Табиғи және басқа материалдармен жұмыс істеу балаларға өздерінің творчестволық қабілеттерін көрсете білуіне, жаңа бейнелеу дағдыларына ие болуға мүмкіндік береді.

Конструкциялау жұмыстары үшін, әдеттегідей, дайын формалар пайдаланылады, балалар оларды жинай отырып қажетті кескінді алады.

Конструкциялаудың барлық түрлері балалардың контрукторлық ойы мен творчестволық қабілетін дамытады. Балаға жасалатын затты, оның бөліктерінің формаларын алдын ала елестетіп, өзінде бар дайын формалармен ойша салыстыруы, оының жарамдылығын анықтауы, содан кейін пайдалануы керек. Конструкторлық ойды қалыптастырудың күрделі процесі тәрбиеші жағынан зейін аударып, дұрыс басшылық жасауды талап етеді.

Бейнелеу іс-әрекетінің алуан түрлерінің өзара байланысына тоқталып өтеміз.

Бейнелеу іс-әрекетінің жоғарыда қарастырылып өткен түрлері өзара тығыз байланысты. Бұл байланыс ең алдымен жұмыстардың мазмұны арқылы жүзеге асады. Кейбір тақырыптар – үйлердің, транспорттың, хайуанаттардың және т.б. бейнесі барлық түрлер үшін ортақ болып табылады.

Мысалы, егер мектеп жасына дейінгі ересек және аппликация жасау кезінде қоянды бейнелесе, онда осы сабақтардан оның формасы, көлемі, бөліктерінің арақатынасы туралы алған білімдерін олар арнайы оқу сабағынсыз-ақ сюжетті сурет салғанда пайдалана алады. Оның өзінде мектеп жасына дейінгі балалар бұл жұмысқа қажетті бейнелеу және техникалық тәсілдерін меңгере алған – алмағанын ескеру маңызды.

Бейнелеу іс-әрекетінің алуан түрі арасындағы байланыс түрлі материалдармен жұмыс істегенде форма түзуші қимылдарды дәйекті түрде меңгеру жолымен жүзеге асырылады. Мысалы, дөңгелек формамен танысуды ауқымды берілетін мүсіндеуден бастаған жақсы. Сурет салғанда сызықтық контур жасалады.

Сонымен, жұмысты жоспарлаған кезде тәрбиеші қандай материалды пайдалану балаларда бейнелеу дағдыларын шапшаң әрі оңай меңгеруіне мүмкіндік беретінін мұқият ойластырып алуға тиіс. Мектеп жасына дейінгі балалар бейнелеу іс-әрекетінің бір түрі бойынша өткен сабақтарында алған білімдерін жұмыстың басқа түрлерімен және басқа материалдармен өткізілетін сабақтарда ойдағыдай пайдалана алады.

Балалардың жан-жақты дамуы үшін бейнелеу іс-әрекетінің маңызы зор.

Бейнелеу іс-әрекеті жөніндегі сабақтар, оқу тапсырмаларын орындаудан басқа, балаларды жан –жақты дамытудың маңызды құралы болып табылады. Сурет салуға, мүсіндеуге, аппликацияға, конструкциялауға үйрету мектеп жасына дейінгі балаларға ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық және дене тәрбиесін беруге жәрдемдеседі.

Ақыл-ой тәрбиесі үшін бейнелеу іс-әрекетінің маңызы жоғары.

Бейнелеу іс-әрекеті қоршаған өмірді танып-білумен тығыз байланысты. Мұның өзі алдымен материалдардың қасиеттерімен тікелей танысудан, әрекеттің алынған нәтижемен байланысын танып білуден басталады.

Ақыл-ойды дамыту үшін сурет салудың маңызы туралы М.И. Калинин былай деп жазды: «Сурет салуды үйреніп, әдеттенген адам әрбір жаңа затқа ерекше көзбен қарайды. Ол барлық жағынан шамалап байқап, сондай заттың суретін салады, және оның басында соның өзінде-ақ образ болады. Ал бұл заттың мәнінің өзіне ол терең енеді деген сөз».

Затты дұрыс бейнелеу үшін ол туралы айқын түсінік болуы, яғни заттың сипатты белгілерін, олардың бір-бірімен ара қатынасын, формасын, түсін көре білуі керек. Мектепке дейінгі сәби жастағы бала өз суреттерінде бар болғаны неғұрлым ашық бірнеше белгілерін бөліп алады.

Бейнелеу іс-әрекеті процесінде балалардың айналадағы заттар туралы көзбен көріп ұғынуы нақтыланып,тереңдей түседі. Бала суреті кейде баланың зат туралы ұғымы дұрыс емес екенін дәлелдейді, бірақ суретке, мүсінге қарап бала ұғымының дұрыс-бұрыстығын кесіп айту әрдайым мүмкін бола бермейді. Баланың ойы оның бейнелеу мүмкіндігінен ауқымды да бай, өйткені ұғымдардың дамуы бейнелеу іскерліктері мен дағдылардың дамуынан басым болады. Оның үстіне, кейде мектеп жасына дейінгі балалар объектіге өзінің эмоциялық қатынасын беруге ұмтыла отырып, бейненің көлемі мен түсін саналы түрде бұзады.

Бала бір объектінің суретін салған кезде ие болған іскерлігін біртектес объектілер қатарын бейнелегенде өз бетімен пайдалана алуы үшін, ол ұғымдарды жалпылап, реттей білуге тиіс. Қазіргі кезде іс-әрекеттің алуан түрлерімен байланысты баланың ойлау қабілетін дамтыудың ерекшеліктері туралы мәселе айтарлықтай терең зерттелген.

Мектепке дейінгі жаста, практикалық жұмыс процесімен тікелей байланысты ойлаудың көрнекі әркетті формаларынан басқа, ойлаудың неғұрлым жоғары дәрежеде дамуы - көрнекі образды ойлауда болуы мүмкін. Бала ақыл-ой операцияларының негізінде өз жұмысының нәтижесін ойша елестетіп алып, содан кейін әрекет ете бастайды.

Көрнекі-образды ойлау қабілетін дамыту үйрету процесі кезінде жүреді. Белгілі педагог Н.П.Сокулинаның зерттеулері мынаны көрсетті: бейнелеу тәсілдерін ойдағыдай меңгеру және әсерлі образды жасау кейбір заттар туралы айқын ұғымдарды ғана емес, сонымен бірге заттың сыртқы түрінің, оның заттар немесе құбылыстар қатарындағы қызметімен байланысын белгілеуді де талап етеді. Сондықтан балалар сурет салуды бастар алдында өздерінде қалыптасқан түсініктердің негізінде ақыл-ой міндеттерін шешеді, содан кейін осы міндетті жүзеге асырудың әдістерін іздестіреді.

Бейнелеу іс-әрекеті адамгершілік тәрбие міндеттерін шешумен тығыз байланысты. Бұл байланыс қоршаған болмысқа белгілі бір қатынасты нығайтатын балалар жұмыстарының мазмұны және балалардың бойында байқампаздықты табандылықты, белсенділікті, инициативаны, тапсырманы тыңдап, орындай білуге, бастаған жұмысты аяғына дейін жеткізе білуді тәрбиелеу арқылы жүзеге асады.

Айналадағы өмір балаларға көп әсер етеді де олардың суреттерінде, аппликацияларда жән т.б бейнеленеді. Сурет салу процесінде бейнеленіп отырған құбылысқа деген қатынас беки түседі, өйткені бала бұл құбылысты қабылдағанда өткерген сезімді тағыда бастан кешеді. Сондықтан баланың жеке басының қалыптасуына жұмыс мазмұны үлкен ықпал жасайды. Н.К.Крупская «Балаға өнер арқылы өз ойлары мен сезімін тереңірек аңғаруға, айқынырақ ойлап, терңірек сезінуге көмектесу керек; балаға бұл өзін-өзі танып-білуді басқаларды танып-білу құралы, коллективпен неғұрлым тығыз жақындасу құралы, коллектив арқылы басқалармен бірге өсу және мүлдем жаңа, терең де елеулі толқыныстарға толы өмірге бірлесіп бару құралы етуге көмектесу керек.»,- деп жазған еді.

Этикалық және эстетикалық толғаныстар үшін табиғат бай материал береді: түстердің қызылды-жасылды үйлесімі, формалардың әртүрлілігі, көптеген құбылыстардың ғажайып сұлулығы.

Мектеп жасына дейінгі балалардың аппликация құралдарын көкөністерден, жемістерден, гүлдерден жасалған декортивтік ою-өрнектер құрайды.

Педагог осы тақырып бойынша өткен сабақтарда бейнеленіп отырған объектілердің конструкциясы, формасы олардың түсі жөнінде ғана емес, сонымен бірге адамның жаңа үйлер салуға, ауыл шаруашылық өнімдерін өсіруге және т.б. жұмысауына тура келетін үлкен еңбегі туралы да әңгімелеп береді. Мұның бәрі адамның еңбек қызметі туралы бала ұғымын анғұрлым кеңейтіп, мектеп жасына дейінгі баланы еңбекке тәрбиелеуге жәрдемдеседі.

Сурет салу, мүсіндеу, конструкциялау процесінде шығармашылық қызметтің негізгі компоненттері болып табылатын белсенділік, дербестік, инициатива сияқты жеке бастың маңызды сапалары қалыптасады.

Бала бақылауда, жұмысты орындауда белсенді болуға, мазмұнды ойластыруға, материалды іріктеуге, алуан түрлі көркемдік әсерлілік құралдарын пайдалануда дербестігін көрсетуге үйренеді. Жұмыста мақсаттылыққа, оны ақырына дейін жеткізе білуге тәрбиелеу керек.

Бейнелеу іс-әрекетінде мектеп жасына дейінгі балаларда жолдастық, өзара көмек сезімі тәрбиеленеді. Мұндай жұмыс түрлерін ұйымдастыруда олардың жас ерекшелігін ескеру қажет [46,47,48,49,50]. Сурет салу кезінде балалар көбіне бір- бірінен ақыл, кеңес сұрайды. Сабақтың соңында ұжамдық талдау жүргізіледі.

Бейнелеу іс-әрекеті балалардың білімді, іскерлік пен дағдыларды игеру және практикада қолдану процесінде ғана мүмкін болатын шығармашылық қабілеттерін дамытуға септігін тигізеді.

Балалардың бойында көркемдік қабілеттерін дамытуға қамқорлық жасай отырып, педагог балалардың сурет салуға, мүсін жасауға және тағы басқаларға назарын, ықыласын аударудың алғашқы қозғау салушы факторлары болап табылатын сәттерді білуге тиіс. Затты немесе құбылысты ашық түсті суреттерді, кітапшаларды, ойыншықтарды. Мекрекелік көріністерді қабылдағын кездегі баланың терең эмоциялық тебіреністері көбіне осындай факторлардың бір қызметін атқарады.





3.2

Балалардың бейнелеу және құрастыру әрекетін дамыту әдістері мен тәсілдері

Бейнелеу және құрастыру әрекетіне үйретудің негізгі мақсаты – балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту болып табылады.

Балалардың айналадағы өмірден алған әсерлері бұл іс-әрекетінің мазмұны болып табылады. Сурет алу процесінде балада бейнелеушіге белгіл бір қатынас орнығып, қоршаған әлем жөніндегі білімі нақтыланып, көбейе түседі. Балалар сабақ кезінде түрлі материалдармен жұмыс жасауға дағдылар мен іскерліктерге ие болады, оларда болмыстың заттары мен құбылыстарын бейнелеу процесінде бұл іскерліктерді шығармашылықпен пайдалануға үйренеді.

Мектепке дейінгі ересек жастағы баланың айналасындағыны берудегі бейнелеу мүмкіндіктері шектеулі. Бала қабылдағанының барлығы бірдей оның суреті немесе мүсіні үшін тақырып бола алмайды.

Тақырыптық композицияны жасау міндеті өзара логикалық байланысы бар зататр тобын бейнелеуді талап етеді. Өмірде бала заттар арасындағы байланыстар мен қатынастарды оңай аңғарады, алайда бұл қатынастарды сурет немесе мүсін арқылы беру үшін мектеп жасына дейінгі бала ой мен ұиялдың үлкен жұмысын талап ететін бірқатар бейнелеу іскеліктерін меңгеруге тиіс. Бала бейнеде ненің басы, ненің екінші дәрежелі екенін анықтау; композициялық міндеттерді шешу қажет.

Бұл бейнелеу тәсілдерін меңгеру – ойды дамытуды талап ететін барынша күрделі міндет. Балабақшада бұл негізінен ересек топтарды шешіледі. Үйретудің маңызды міндеті ритмді, симметрияны, түсті ескере отырып, ою-өрнек жасай білуді дамыту болып табылады. Бұл міндет көбіне декоративтік сурет пен аппликация сабақтарында жүзеге асады. Мүсіндеуде жасалған ыдыстар мен декоративтік пластиндерді бояулармен боылған ою-өрнекпен нақыштау.

Бейнелеу өнеріне баулудың маңызды міндеттерінің бірі – түрлі материалдармен жұмыс жасау техникалық тәсілдерін меңгеру.

Бейнелеу іскерлігі затттың формасын, оның құрылысын, түсін және басқа сапаларын бере білу, нақышталатын форманы ескере отырып, ою-өрнек жасай білу қабілетінен тұрады. Бейнелеу іскерліктерімен техникалық дағдылар тығыз байланысты. Кез келген затты бейнелеу үшін кез келген бағытқа сызықтарды еркін және жеңіл жүргізе білу керек, ал осы сызықтардың көмегімен заттың формасын қалай беру керек – мұның өзі бейнелеудің міндеті болып табылады.

Бейнелеу өнеріне үйретудің әдістері мен тәсілдері:



  • Бақылау.

  • Заттарды пайдалану.

  • Үлгіні пайдалану.

  • Картиналарды пайдалану

Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың табысты болуы олардың айналасындағыны бақылай білуі, болмыс құбылыстары арасындағы байланыстарды анықтап, жалпы және жеке белгілерді бөліп көрсете білуі қаншалықты дамитынына байланысты. Баланы арнаулы бейнелеу тәсілдеріне, түрлі бейнгелеу материалдарын пайдалану әдістеріне үйрету қажет. Тек сабақта жүйелі түрде үйрету процесінде ғана балалардың қабілеттері қалыптасады.

Балабақшада бейнелеу және құрастыру әрекеті жөніндегі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде шартты түрде көрнекі және сөздік деп бөлінетін тәсілдер пайдаланылады. Балалар бақшасына тән тәсілдер тобы ойын тәсілдерін құрайды. Ал үйрету тәсілі сабақтардағы іс-әрекеттердің ерекшелігін анықтамайды бар болғаны тар көлемде үйрету маңызына ие, неғұрлым жеке, көмекші құрал.

Заттарды пайдалану.

Натурамен жұмыс жасау затты белгілі бір қашықтықта, сурет салушының көзіне қатысы жағынан ол қандай болса, сондай жағдайда бейнелеуді көздейді. Оны неғұрлым сипаты жағынан қабылдайтындай етіп орналастырады. Тәрбиеші натураны балалармен бірге егжей-тегжейлі қарап шығып, талдау процесіне бағыт беріп, оны сөзбен және ым-ишарамен жеңілдетіп отырған жөн. Мысалы, ересектер тобында шырша бұтағының натурасынан сурет салған кезде балалар бұтақшалардың орналасуын кеңістікте, сол жақ пен оң жақ бұтақшалар тармақтары мен көлемін беріп, қара қошқыл немесе ашық өңде қалың қылқан жапырақтардың суретін салады. Осы мақсатта жапырақтар, бұтақтар, гүлдер, жемістер мен ойыншықтарды пайдалануға болады.

Үлгіні пайдалану.

Натура сияқты үлгі де үйрету әдісі және жекелеген тәсіл ретінде де пайдаланылады. Бейнелеу іс-әрекеті түрлерінде көбінесе декоративтік және конструкциялық жұмыстарда үлгі үйрету әдісі ретінде қолданылады.

Балалар үлгілерден ою-өрнек элементтерін көшіріп алуға, элементтердің орналасуы және үйлестіруге үйренеді. Үлгілерді пайдалану сол сабақтардың алдындағы міндеттерімен анқталады. Мәселен, үлгі тәрбиешінің арнайы нұсқауынсыз ұсынылуы мүмкін, балалар оны көріп алып, өз беттерімен орындайды. Бұл жағдайда үлгіні қолдану баланың сыни тұрғысынан ойлауны арттырады.

Кейде үлгі үйрету тәсілі ретінде де пайдаланылады. Мысалы, заттың суретін салғанда, мүсінін жасағанда үлгі көшіру мақсатында емес, бейнелеп отырған зат туралы балалардың түсінігін нақтылау үшін пайдаланылады.

Картиналарды пайдалану.

Картиналар негізінен балалардың қоршаған болмыс туралы түсініктерін нақтылау үшін бейнелеу құралдары мен тәсілдерін анықтау үшін қолданылады.

Картина көркем шығарма ретінде образдарды әдемі әрі әсерлі береді. Осы кезде балалардың шығармашығын арттыру үшін сабақ барысында қандай да бір детальдарды нақтылау үшін картинаны кейбір балаларға көрсетіп алу қажет, бұдан кейін картинаны алып тастау керек. Себебі оны одан әрі көріп қабылдау көшіруге әкеліп соғады.

Олардың бейнелеу қабілеттері мен шығармашылығын дамыту мақсатында аяқталмаған картинаны ұсынуға болады. Тәрбиеші сұрақтар қойып нақтылау арқылы сурет салдыруға болады.

Балабақшада шығармашылық саласы аясында өтетін сурет салу, жапсыру, мүсіндеу сабақтары балаларды бейнелеу өнеріне баулуда жетекші роль атқарады.

Сурет алуды заттық, затқа қарап сурет салу, сәндік бейнелеу, сюжеттік сурет салу деп бөлеміз.

Сурет салуға үйретудің негізгі мақсаты – балалардың айнала қоршаған тіршілікті тануға көмектесу, олардың аңғарымпаздығын дамыту, сұлулықты сезінуге тәрбиелеу және бейнелеу тәсілдеріне үйрену. Сонымен бірге балалардың бейнелеу іс-әрекетінің басты міндеті – олардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келетін бейнелеу құралдарының көмегімен әр түрлі заттардың анық, айқын образын жасау үстіндегі шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруда жүзеге асады.

Бейнелеу өнерінің тағы бір түрі – мүсіндеу. Мүсіндеудің бейнелеу және техникалық құралдарын меңгеру сәбилер үшін қиынға соғады. Сондықтанда тәрбиеші мүсіндеуге арналған материалдарды мұқият іріктуіне үйретудің мазмұны мен тәсілдеріне ұқыпты қарайды.

Балабақшада мүсіндеуге саз балшық пен пластилин қолданылады. Мектеп жасына дейінгі балалар жанды нәрселерді мүсіндеу кезінде неғұрлым айқын сипаттық белгілерін бейнелей алады, ал негізгі бөліктерінің формасын жалпылама күйінде қалдырады. Сондықтан да тәрбиешілер балаларды заттың негізгі формасын соларға тән өзгеше сипаттарымен бейнелей білуге үйреткені маңызды. Ересек тобындағыларды заттардың өзара ұйқастығы мен айырмашылықтарын өзара кеңістіктегі орналасуын, сипаттық белгілерін тани білуге үйренткен дұрыс.

Жапсыру (аппликация латын тілінен шыққан – үстіне қою, салу дген мағ. білдіреді) негізгі фонға сәндік және тақырыптық формалардағы қиындыларды жапсыру арқылы әр түрлі заттарды көркем безендіру үшін қолданылады.

Балабақшада аппликациялық жұмыстардың дайны формалаларын жапсыру (сәндік-геометриялық және өсімдік формаларынан, затттық – жеке бқлмектерде және т.б.) мен кесу формаларды жапсыру ( жеке заттарды, сюжетттік, сәндік) сияқты түрлерін қолданады.

Балалардың қиялын, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жапсырудың үлкен мүмкіндіктері бар. Айталық, ою-өрнекті өздері кескен дайын геометриялық фигуралардан болмасын құрастыруларына болады. Сәндеу жұмыстарда дайын формаларды қолдану мектеп жасына дейінгі балалардың бар зейінін ою-өрнектегі элементтерді белгілі ырғақпен қайталап отыруға, үйлесімді, әдемі түстерді таба білуге бағыштауға мүмкіндік береді.

3.3 Эксперименттік тәжірибе нәтижелері

Мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың бейнелеу және құрастыру дамыту мақсатында баларларға тапсырмалар кешені мен жаттығулар берілді. Бұл жаттығулар мен тапсырмалар балалардың бейнелеу және құрастыру әрекеттерін дамытуға әсер етеді.

Балаларға кейбір айырмашылықтары бар екі сурет беріледі. Бір бұл процесте балалар журналында жарияланатын аналогиялық тапсырмалар қолданылады. Барлық айырмашылықтарды табу керек. Суреттер бір уақытта немесе кезектестіріліп беріледі. Суреттерде басқа, геометриялық фигуралар мен сандық қатарлар қолданылады, олар элименттердің ретін айқындайды.

Ынталы суретші. Балаларға есте сақтау арқылы өзінің құрбысының сырт келбетін суреттеу аймақтың көлемін сипаттау тапсырылады, және т.б.

Суреттерді санына сәйкес толықтыру, суреттерді бояу, нүктелерді қосу, геометриялық фигуралардың кеңістікте орналасуына орай бояу, пішіндерді жинақтай келе белгілі бір бейнені жасауға болатынын, қорытынды жасай білуге баланы дағдыландыру, жаттығуларды балалардың жасына сәйкес педогог өзінің шығармашылық ізденісімен толықтырып, баланың қабілетіне сәйкес түрлендіріп отырады.

Баланың тілін дамыту, байланыстырып сөйлеуге үйрету, сөздік қорын байыту, ойлау қабілеттерін жетілдіру, кеңістік, уақыт ұғымдарын т.б тиянақтау ескеріледі. Балалардың мектепке дайындығын байқауда танымдық процестері (қабылдау, ес, ойлау, зейін, қиял т.б) мен танымдық қаракетінің даму дәрежесінің оның ынтасының даму ерекшеліктерінің шешуші маңызы бар.

Берілген жаттығуларды ұйымдастыру арқылы мектепке дейінгі балалардың бейнелеу қабілеттері және құрастыру әрекеттерін дамытуға болады, және бұл жаттығулар балалардың шығармашылығын арттыруға әсер етеді.

Алға қойған мақсаттарға жету үшін 5-6 жастағы балалардың психологиялық ерекшеліктерін білуі қажет. Бұл жастағы балалар үйренуге икемді: ол тіл құбылыстарын тез түсінеді және тілдің құпияларын түсінуге тырысады. Олар қысқа тіл материалы оңай жаттап алып, оны айтып бере алады. Өскен сайын бала бұл қабілеттерін жоғалта бастайды.

5-6 жастағы балалардың қызығушылығы мол. Жаңа тақырыпты қабылдағанда әдемі, қызықты заттарға назар аударады, бірақ олардың назары тұрақсыз болып келеді. Балалар үлкендердің 2-3 минуттан астам әңгімесін тыңдай алмайды, сондықтан сабақ түсіндіргенде сұрақ - жауап тәсілін қолданған жөн. Олар қимылсыз ұзақ отыра алмайды, тез шаршағыш болады, сондықтан 10-15 минут сайын ойындар, жаттығулар өткізген жөн немесе жұмыстың түрін өзгерту қажет.

Жұмыстың бір түрінен екінші түріне, бір іс-әрекеттен екінші іс-әрекетке көше отырып, балаларға бағыт беріп отыруды ұмытпау керек.

Қызықты түрде түсіндірілген тақырып тез және жақсы қабылданады.

Бұл жастағы балалардың ой-өрісі жақсы дамыған болып келеді және олар шығармашылық жұмысқа жақсы икемделген.

Осыны ескере отырып, белгілі бір сөйлеу үлгілерін бекіту үшін ойыншықтар, құрылыс құралдарын қолдануға болады. Ойыннан оқу іс-әрекетіне көшу үшін ойыншықтардан суреттеуге көшуге болады.

5-6 жастағы балалар жалпы жасалған нұсқаларды қабылдамайды, сондықтан тапсырма беру үшін әр балаға жеке ескерту жасаған жөн.

Балаларды болашақта мектеп өміріне үйрету үшін «сабақ үстінде тұруға болмайды», «сұрақ қойғың келсе қолыңды көтер» деген ескертулерді айтып отыру керек. Олар бұл ескертулерді жылдың аяғына қарай толық орындайды. Бұл ескертулер сыпайы, өтініш ретінде айтылуы керек. Әрине, осы ескертулер орындалмаған жағдайда тәрбиеші реніш емес, тек өкініш қана білдіруі керек.

5-6 жастағы балалардың мінездері әр түрлі, оған себепші баланың балабақшадан, отбасынан алған тәжірибесі болып табылады, сондықтан, тәрбиеші баланың жеке ерекшеліктерін де жақсы білуі тиіс.

Бала мектепке дейінгі шақта сәбилік шақта қалыптасқан қабылдау іс-әрекетін меңгере отырып өтеді. Бұл әрекеттер бала іс-әрекетінің жаңа түрлерін бағыттап және реттеп алдыменен заттардың шама жағынан қатынастарының, пішіндерінің, түстерінің жеке ерекшеліктерін көз алдына елестету қажет болатын тапсырмаларды орындауға, заттардың күрделі қасиеттерін жекелей қабылдауға, олардың айқын да бейнелерін жасауға мүмкіндіктер бере алмайды. Сондықтан баланың қабылдауын дамыту үшін бақылау жасату, қарап көру, салыстыру, теңестіру, өзгерістерді байқауға бейімдеу т.б.әдістерді қолдануға болады. Ол сурет бойынша немесе табиғаттағы қалыпты жағдайдағы заттар, құбылыстар болуы мүмкін.

Сондай-ақ балалардың бейнелеу қабілетін және құрастыру әрекеттерін дамыту арқылы ойлау қабілеттерін жетілдіру үшін, төмендегідей ойын жаттығулары мен қарапайым тапсырмаларды орындауға болады.

I. «Көкөністер».

Мақсаты: Логикалық ойлауын, есте сақтау қабілетін, зейінін дамыту, құрбыларының ұжымына кіруге көмектесу.

Балалар шеңбер бойымен тұрады. Әр балаға көкөніс суреті таратылады. Әрқайсысы өзіндегі бар көкөністің атын атайды. Тәрбиеші кез-келген көкөністің атын айтқан кезде сол көкөністің суретін ұстаған бала ортаға жүгіріп шығады. Ойыншы ұсталып қалмас үшін кез-келген көкөністің атын атауы қажет. Өзіндегі бар көкөністің атын естіген бала ортаға жүгіріп шығады.

Енді осы көкеністі ойынша суретін салады, кейін пластелинмен жасайды

II. «Жұмбақ суреттер».

Мақсаты: Логикалық ойлау қабілетін, зейінін, сөйлеу белсенділігін дамыту.

Балаларға заттық суреттерді таңдап алуды ұсыну. Өзі таңдаған суреттегі заттың атын қатысушыларға атамай жұмбақ түрінде жасырып сипаттап беруін сұрау. Қатысушылар жасырылған суреттің не зат екенін табуы шарт.

Екінші тапсырмасы: сол суреттегі затты мүсіндеу керек және мүсін жасауда бір элементін қалдырып қою. Оны басқа балалар анықтауы шарт.

III. Кескінделген заттардың жеткіліксіз бөліктерін толықтыр.

Жауап: Кескінделген заттардың жеткіліксіз бөліктерін бала анықтап қарайды да оны карандашпен немесе фломастермен толықтырып суретін салады.





IV.Тапсырма «Нүктелерден сурет шығар».

Нүктелерді қос. Кескінделген нәрселерді ата.

Жауап: Берілген суреттерді өздері үстінен сызып салып, оны бояйды.

Мектепке дейінгі жас кезеңінде естің жедел дамиды. Баланы мектепке дайындауда есте сақтау қабілетін дамытудың маңызы зор. Олар көптеген ақпараттарды есте сақтай алады. Бала есте сақтау тәсілдерін саналы түрде біртіндеп меңгере бастайды. Баланың есте сақтау қабілетін анықтауға төмендегі тапсырмаларды орындауға болады.

V.Тапсырма «Екі бақа».

Екі бақаның ұқсастығы мен айырмашылығын ата.

Жауап: Бала суреттерді мұқият қарап олардың айырмашылығын, ұқсастығын ажыратуға зейінін аудартады. Олардың киімінің ерекшелігі, түр-түсі, қимыл-қозғалысы т.б. нақты көңіл бөлу ұсынылады.

VI.Тапсырма«Бір қарындашпен сурет салу».

Бір тапсырма кезінде екі жұптың біріге отырып жұмыс істеуі негізінде өтеді. Қатысушылар жұп құрып, үстелдерге отырады да, алдарына 1 қарындаш пен 1 парақ қағаз алады. Екеуі бір қарындаш (біреуі үстінен, екіншісі астынан ұстауы мүмкін) алып, бір уақытта сурет салуға тырысады. Оларға сурет туралы сөйлесуге немесе салатын сурет жөнінде келісіп алуға тыйым салынады. Бірге отырып салуға 5 минут уақыт беріледі. Аяқталған суреттің тақырыбын жазып, бұрышына қол қояды. Суретке бір атын ғана жазуға рұқсат етіледі. Біз көріп отырғандай, тапсырма бірте-бірте күрделене түсіп, бір-бірімен қарсыластар болуына мүмкіндік береді.

Тапсырманы орындап болғаннан кейін қатысушылар дөңгеленіп отырады. Әр жұп өздерінің шығармаларын көрсетіп, оны суреттеп береді. Сондай-ақ олар сурет салу кезіндегі жағдайларды айтып береді. Кім бірінші салғанын, сурет салу кезінде кім басшы болды, кім оған бағынды, қарсы пікірлер болғанын, қалай жоспардың орындалғанын, қалай аталғанын, қолдың қойылғанына тоқталады.

VII.Тапсырма

Доптардың суретін теңестіріп салу.

Жауап: Доптардың суретін теңестіріп салу арқылы түс, әрі теңестіру ұғымдарына зейінін тұрақтандырады.

Бала ойлауын анықтауға арналған тапсырмалар.

VIII.Тапсырма

Сурет бойынша есеп құрастыр.

Жауап: Логикалық ойлауға, яғни суретке қарап ауызша есеп құрастырады.

IX.Тапсырма.

Әр қатардан не артық екенін айтып бер.

Жауап: Қатардағы суреттерге қарай отырып қандай зат артық екенін тауып айтады.

X.Тапсырма.

«Суреттерді өз ойыңнан толықтырып аяқта».

Жауап: Бала өз қиялын қағаз бетіне түсіру дағдысын байқатып, салынған бейнелерді жалғастырады.

Бұл тапсырмалар арқылы бала өз қиялын қағаз бетіне түсіру дағдысын байқатып, салынған бейнелерді жалғастырып, толықтырып салу арқылы қиялының қаншалықты деңгейде екенін көрсете алады.

XI.Тапсырма «Ұжымдық сурет салу».

Бұл жаттығу негізінде де шығармашылық әрекет жатады.

Үлкен парақ қағаз, фломастерлер, қарындаштар немесе бояулар дайындалады. Әр қатысушы «өз түстерімен» бояу үшін бояулар көптеп әзірленеді. Топ үлкен қағаз немесе плакатты қоршап, айнала отырады да өз түсініктерін таңдап алғаннан кейін үлкен үй салуға кіріседі. Жаттығулардың алғашқы кезеңінде топ тек қана жалпы жоспарын ғана жасауы тиіс. Оларға өзара келісіп алуға, сөйлесуге рұқсат етілмейді. Қатысушылар біріге отырып, әркім өз бетінше, қалауы бойынша жұмыс жасайды.

Жалпы үй жоспарын бітіргеннен кейін, үй ішінің жоспарына кіріседі. Жабдықтарын, үй жиһаздарын қойып шығуы тиіс. Үшінші тапсырмада олар суретке қай жерде өздерін жақсы сезінсе, сол жерге салуы тиіс.

Жаттығу үлкен мағлұмат берері сөзсіз. Пікір алмасу кезінде барлық аспектілерді қамтымауы мүмкін, топ өздеріне көкейкесті мәселені шешуге уақыттарын бөледі. Сурет туралы пікірталас өтеді. Негізгі сұрақ суреттің қалай салынғаны жөнінде болады. Үйді жоспарлауда кімнің белсендірек болғандығы; кімнің альтернативті ұсынысы болғандығы; негізгі бөлігін кім салды; кім жаңа нәрсе салды, кім тек қана түзетіп отырды; әшекейлеуге қатысқандар; кім басқаның шығармашылығына сыйластық танытты және т.б. талқыланады. Кім үйдің шарбағын салды? Кім ас үй мен қонақ бөлмесін әшекейледі? Кім үйге жол салды?

Жоғарғы жастағы мектепке дейінгі шақтағыларда бірте-бірте көрнекілікті, қайта жаңғыртудың негізгілері немесе жаңа бейне туындатудың құралдарын қолдану қажеттілігі әлсірейді. Бірақ алты, жеті жастағылар еш әрекетсіз де қиялдай алады. Олардың әрбіреуі кім болуды және істеу керектігін армандайды: суреттер жүйесінен әңгіме құрастырады, суреттемеге немесе әңгімеге атау ойлап табады.

Жоғарғы жастағы мектепке дейінгілерде ойлау мен шығармашылық қиял қалыптасады, баланың есі материалдың тез пассивті жазылуына және оның тез ұмытылуына әкеп соғатын классикалық болады. Мектепке дейінгі баланың дамуымен есі (көрнекілік) көркемдікке ие болады: бала өзіне қызықты және өзінің іс-әрекетінің материалын қолданатын болғандықтан оны тез және көп уақытқа сақтай алады.

Зерттеу мәселесіне байланысты эксперименттік зерттеу жұмысы жүргізілді. Ол екі кезеңде жүргізілді:

1. Анықтаушы эксперимент.

2. Қалыптастырушы эксперимент.

Анықтаушы эксперимент кезінде мектепке дейінгі балалардың бейнелеу қабілеті мен құрастыру әрекеттерін дамытда шығармашылығын дамыту ерекшеліктерін анықтауға арналды.

Эксперименттік зерттеу жұмысы бала-бақшадағы ересек тобында жүргізілді. Топта балалар саны 25.

Эксперимент барысында балабақша тәрбиеленушілерінің психологиялық-педагогикалық сипаттамасы жасалынды.

Ересек топтағы балалардың шығармашылық деңгейлерін анықтадық.

Жыл басындағы анықтаушы эксперимент кезеңде бейнелеу және құрастыру әрекеттерін дамытуда шығармашылық әрекеті мен мен жыл соңындағы шығармашылық деңгейлеріне айырмашылықтар болды.



Анықтаушы эксперимент кезінде жоғары деңгейі 18% болса, ол қалыптастырушы кезеңде 24 пайызды көрсетіп, есіне сақтау процесі 6 пайызға артқаны байқалды. Бұл эксперимент жұмысымыздың тиімділігін айғақтайды (2-сурет).

Ескертпе – автордың зерттеу нәтижелері негізінде құрастырылды.

2-сурет. Балабақша тәрбиеленушілерінің деңгейлері

Эксперимент басында шығармашылық әрекеттерінің орташа деңгейі 61% болып, эксперимент соңында 63%-ға өзгеріп, нәтижесінде 2%-ға артқандығын көрдік. Ал төменгі деңгей көрсеткіштері 18%-дан 13%-ке өзгеріп, 5%-ға төмендегендігі байқалып, эксперимент жұмыстары барысында зерттеу болжамының дәлелденгендігін айғақтады.

Балаларды оқыта отырып, бейнелеу қабілеті мен шығармашылығын дамыту керек. Себебі бейнелеу қабілеті мен шығармашылық дәрежесі бірдей екі баланы табу қиын.

Эксперименттік зерттеу жұмысы мектепке дейінгі балалардың бейнелеу қабілеті мен құрастыру әрекеттерін дамыту ерекшеліктерін анықтауға арналды.

Эксперименттік зерттеу жұмысы бала-бақшадағы ересек тобында жүргізілді. Зерттеушілердің саны 25. Мектепке дейінгі балалардың отбасы жағдайы жақсы, әлеуметтік материалдарымен толық қамтамасыз етілген. Даму орташа және жоғары, ал екінші бақылаушы топқа ұсынылған психологиялық жаттығулар жүйелі ұйымдастырылып, мектепке дейінгі балалардың бейнелеу қабілеті мен шығармашылығын дамытуда көптеген жетістіктерге жетуге арналған әдістемелер пайдаланылды.

Бұл топтардың зерттеу себебі мектепке дейінгі балалардың бейнелеу қабілеті мен шығармашылығын дамыту деңгейін анықтау және дамыту жолдарын қарастыру болды.

Зерттеу тобы екіге бөлінеді. Бірінші тікелей бақылау тобындағы балалар саны 25, мектепке дейінгі жастағы балалар, екінші эксперименттік тобындағы балалар саны – 25 мектепке дейінгі жастағы балалар.

Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар барысында эксперимент және бақылау топтары бойынша алынған нәтижелерге салыстырмалы түрде талдау жасай отырып, математикалық-статистикалық өңдеу жүргізілді, балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуды психологиялық-педагогикалық тұрғыда пайымдалған теориялық ұсыныстардың практикалық тұрғыда іске асуына қорытынды жасалды; тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың алдына қойған мақсат-міндеттерінің орындалуына талдау жасалды.

3.4 Қолданылған зерттеу әдістеріне сипаттама

Зерттеу жұмысының ғылыми болжамын дәлелдеу және диплом жұмысының міндеттеріне сәйкес эксперименттік жұмыстарды жүргізу барысында әдістемелер қолданылды. Кейбір әдістемелерге тоқталып, сипаттамалар береміз.

Сонымен, балалардың шығармашылық бастамасының белгілері бойынша барлық балаларға тән ақыл-ой ерекшелігінің мейлінше, ерте көрінуінің байқалуы ерте жаста ақыл-ой жоғарылылығымен өзгешеленуінен көрінеді. Н.Лейтес еңбегінде шығармашылық жетістікке жету шарты индивидтің интеллектісінің потенциалы болып табылады. Шығармашылық қабілетті дамытуда Медниктің «Ассоциация», «Сурет» әдістемелері қолданылды.

Медниктің алыстағы ассоциация тестілері. Бұл тест бойынша тексерілуші сөздердің арасындағы ассоциациятивтік байланысты орнату керек, яғни бір жүйеге келтіретін төртінші сөзді табу керек.



  1. «Сурет» әдістемесі

Бұл әдістемеде балаға стандартты беті бар қағаз және фломастарлер беріледі. Бала қандай да бір суретті ойлап табуға және суретін салуға тапсырма алады. Бұған 5 минут уақыт кетеді.

Баланың сурет және қиялын талдау.

3-кесте - «Сурет» әдістемесі хаттамасы



Бағаланатын параметрлер

Бұл параметрлерді баллмен бағалау

0

1

2

1.

Қиял процестерінің жылдамдығы










2.

Бейнелердің ерекшелігі, өзгешелігі










3.

Қиялдың кеңдігі, молдығы










4.

Бейнелердің тереңдігі және ойланып, рет-ретімен жасалйнуы










5.

Бейнелердің эмоционалдығы, әсерлілігі










Ескертпе – автордың зерттеу нәтижелері негізінде құрастырылды.

Даму деңгейі туралы қорытынды

10 балл - өте жоғары

8-9 балл – жоғары

4-7 балл – орташа

2-3 балл – төмен

0-1 балл - өте төмен

Балалардың шығармашылығын диагностикалау мақсатында Равеннің матрицасы қолданылды.


  1. Равен матрицасы

Бұл әдістемемен ересек жастағы балалардың көрнекілік – бейнелік ойлауы бағаланады. Мұнда көрнекілік – бейнелік ойлау дегенді тапсырманы орындағанда әртүрлі бейнелерді және көрнекілік елестермен жұмыс істеуін айтады. Көрнекілік-бейнелік ойлаудың дамуының деңгейін тексеру үшін 10 дана Равен матрицалары қолданылады.

Бұл бойынша матрицаның жоғары жағында орналасқан детальдардың заңдылықтарын тауып, төменде орналасқан суреттерден көрсетіп тауып, орнына қою керек.

Тапсырманы орындау үшін 1 минут уақыт беріледі.

Даму деңгейі туралы қорытынды:

10 балл - өте жоғары

8-9 балл – жоғары

4-7 балл – орташа

2-3 балл – төмен

0-1 балл - өте төмен

Нәтижелерді статистикалық өңдеу барысы – Стъюденттің t – критериясы қолданылды. Стъюденттің t – критериясы

1 – Х2/

Оның негізгі формуласы t =

√/m21 + m22/

Ересек жастағы балалар үшін тәрбиеші беделі айрықша. Мұндай сенімді орындаушылық көп жағдайда меңгерулікті жүзеге асырады. Осыған орай бастапқы үйренудегі еліктеушілік – баланың интуициясына, оның өзіндік инициативасына сүйенеді. Ересек жастағы балалардың қабылдау өткірлігі, сөздік ойлауға қажетті алғы шарттың болуы, ақыл-ой белсенділігінің бағыттылығы – психиканың дамуы мен баюы үшін қайталау, іштей шешім қабылдау, жағымды жағдай құрудан тұрады.

Зерттеу мақсатына байланысты олардың шығармашылық қабілетін зерттеуге арналған әдістеме жүргізілді.

Оқушылардың қиял-елес белсенділігін арттыру арқылы шығармашылық қабілеттін дамытуда қолданылған ойын тапсырмалар жөнінде аздап мағлұмат бере кетейік.

«Авангард» атты сабақтар циклы.

Әңгімелесу, суреттерді көріп пікірлесу барысында балаларға өз көзқарасын, алған әсерін, сезімдерін айтып жеткізуге мүмкіндік беру керек. Тәрбиеші балаларға суретті көрсетіп, оған ат қоюды сұрайды, содан кейін суретшінің өзінің қойған атымен салыстырады, бейнелеу техникасын анықтап қарайды.

Педагогтың мақсаты: балалардың шығармашылық қабілетін, қиял-әлемін дамыту; олардың бұған дейінгі алған білімдерін өзгертіп қана қоймай сонымен қатар жаңа үйлесімдермен ұштастыра, қиылыстыра отырып, жаңа бейнелер, бейнелік ситуациялар (баланың өзі үшін) жасай білуге, суретте өзінің көңіл-күйін, сезімін, түйсінуге берілуге үйретеді; бояу дақтарымен гүл үйлестіктерінен бейнені, көңіл-күйін, қозғалысты табады.

Балалардың мақсаты: өз суреттерінде қоршаған ортадан алған әсерлерін, көңіл-күйін көрсе білу, өзіндік ерекше суреттеріне ат қою.

Материал: оркестр сазы жасалған үнтаспа, сурет салатын қағаз, бояу, қарандаш, гуашь, көмір, түрлі түсті бор, салфетка.

Қалыптасушы танымдық процесс.

Түсіну, қабылдау, таным, қиял, елестету, алғырлық, қолдану, талдау, синтез, бағалау, шығармашылық, ойлау саналығы.

Педагог пен балалардың өзара әрекеттестігі.

Бірінші сабақ. «Аспанда бұлттар көшіп жүр»

Балалар аспандағы бұлттарды бақылап, олардың не нәрсеге ұқсайтынын анықтайды. Бұлттардың тұрақты бір формаға ұқсайтындығын, тез өзгеретініне көңіл бөледі. «Кляксография» әдісін қолданып, балалар бұлттардың суретін салады. Яғни сурет салатын қағазға сияны тамызып, қағазды екі бүктейді. Қағазды қайтып жазып болған соң сия дағынан бұлтпен ұқсайтындығын айтады.

Екінші сабақ. «Ойлап тап және атын ата» немесе «не пайда болды»

Балалар «Монотомия» әдісін қолданып сурет салады кішкене шыны, целофан немесе қағазға бояу жағып, оны сурет салатын қағазға басады. Қағазға түскен дақтың көлемі мен бағытына қарай түрлі кескін бейнелерді балалар айтады.



  • өз ойларын еркін айту, шапшаң шығармашылық ойлау дағдысы қалыптасты.

  • Алғашқы зерттеуде анықталған жеті орташа деңгейдің төртеуі жақсы деңгейге, ал төртеуі төменгі деңгей көрсеткен бағалардың үшеуі орташа деңгей көрсетіп алғашқы зерттеу нэтежесінен өсу байқалды.

  • Балалар бойында алғашқы шығармашылық әрекеттер көрінді.

Эксперимент алаңы ата-аналармен тығыз байланыста болды. Ата-аналармен жұмыс формалары түрлендіріліп, отбасында жарасымдылық пен сыйластықты қалыптастыру көзделді. Ата-аналардың балаларының ойлау, бейнелеу қабілеті мен шығармашылығын дамытуға деген ықыластары жақсы. Ата-аналардан алынған сауалнамаға тоқталсақ, басым құндылықтар балалармен қарым-қатынас - 61%, әріптестермен қарым-қатынас -24%, өз уайымдары-15% санайды. Отбасындағы психоэмоциялық жағдайы: сәтті-38%, тұрақты-41%, сәтсіз-21% анықталды. Тәрбиелеу үлгісі: демократиялық-48%, либералдық-12%, авторитарлық -40% болды. Субъективті бақылау деңгейі:

Жоғары-42%, қалыптаспаған-40%, төмен-18% екен.

Ата-аналар арасында зерттеу мәселесіне оң көзқарас жұмыс жасау барысында қалыптасты. Экспериментіміздің соңында ата-аналарға сауалнама жүргіздік.

Зерттеудің соңғы кезеңдеріндегі алынған нәтижелерді талдау барысында эксперименттен кейінгі көрсеткіштер мен экспериментке дейінгі көрсеткіштерді салыстыру нәтижесінде эксперимент жұмысы балалардың бейнелеу қабілеті мен шығармашылығын дамытуға тиімді ықпал етті деп тұжырымдауымызға мүмкіндік береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет