Дипломдық ЖҰмыс 5В010100 «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу»



бет1/5
Дата25.12.2016
өлшемі1,4 Mb.
#5017
түріДиплом
  1   2   3   4   5
Ф.4-51

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті

Утегенова Ж.Б.
Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу және құрастыру әрекеттерін дамыту

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5В010100 - «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы

Ақтөбе 2013

Мазмұны







Кіріспе..........................................................................................................................4














1

Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу және құрастыру әрекеттерін дамыту ……................................................................................6

1.1

Бейнелеу және құрастыру әрекеттері арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылығын дамыту.........................................................6

1.2

Балалардың бейнелеу қабілеттерін қалыптастыру......................................25










2


Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу және құрастыру әрекеттерін бейнелеу өнері арқылы дамыту…………....……...............32

2.1

Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу қабілеттерін дамыту кезеңдері мен алғышарттары…………………………………………….....32







2.2


Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық бейнелеу іс- әрекеттерінің ерекшеліктері…………………………………………….......35

2.3

Ересек жастағы балалардың бейнелеу, құрастыру әрекетіндегі шығармашылық………………………………………………………….......45










3

Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу және құрастыру әрекеттерін дамыту әдістемесі……............................................................50

3.1

Бейнелеу іс-әрекетінің түрлері және мектеп жасына дейінгі балаларды жан-жақты дамытудағы маңызы…………………………….......................50

3.2

Балалардың бейнелеу және құрастыру әрекеттерін дамыту әдістері мен тәсілдері……………………...........................................................................56

3.3

Эксперименттік тәжірибе нәтижелері…………………………………......59

3.4

Қолданылған зерттеу әдістеріне сипаттама ……………………………....64










Қорытынды............…………………………………………………………….....69

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.......................................................................71

Қосымшалар............................................................................................................73

Кіріспе

Баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуы сәби кезінен басталады. Ол үшін балаға барлық жағдай жасалуы керек. Өмірге келген әрбір бала бақытты болуы тиіс. Бұл-баланың басты құқығы. Балалар-еліміздің бүгіні мен ертеңі. Мемлекетіміздің басты байлығы, әрі тірегі. Сондықтан балаға тиісті дәрежеде жағдай жасап, денсаулығын жақсартып, өмірін гүлдендіріп, саналы тәрбие мен сапалы білім беру-біздің басты мақсат.

Тәрбие баланың дүниеге келген сәтінен басталады. Мектеп жасына дейінгі баланы дамытатын, өсіретін әрі тәрбиелейтін негізгі іс-әрекет-ойын. Ойын арқылы бала өзін қоршаған ортамен, табиғатпен, қоғамдық құбылысиармен, адамдардаң еңбегімен, қарым-қатынасымен танысады. Елбасымыздың Жолдауында еліміздегі барлық мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуді арттыру мақсатында «Балапан» бағдарламасы әзірленіп, оны іске асыру жұмыстары тапсырылғаны баршамызға мәлім. Замана алға қойған бұл міндеттерді өз мәнінде шешу үшін мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру мазмұнын түбегейлі жаңарту көзделуде. Қазіргі өмірдің өзінен туындап отырған талаптарды орындау, жаңашылдыққа жаршы болу үзіліссіз тәрбие негізінің бастау бұлағы – мектепке дейінгі ұйымдардан басталғаны орынды. Бала тәрбиесі отбасынан бастау алады десек те, ғылымға негізделген әдіс-тәсілмен берілетін тәлім-тәрбие ісі көбінесе балабақшадан басталып, мектепте жан-жақты педагогикалық өрісін табады. Әсіресе, балабақшадағы тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы өшпестей із қалдырады.

Тәрбиенің сан алуан келелі мәселесін шешетін, қарапайым дағдыларды бала санына орнықтыратын алғашқы білім баспалдағы балабақша.

Балабақшаның күн тәртібінде түрған өзекті мәселе – баланың денсаулығы, тәртіпті де ақылды бала өсіру, алғашқы білім нәріне жол ашу.Осыған орай, бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты, жан – жақты жетілген, бойында ұлттық сана қалыптасқан парасатты азамат тәрбиелеп өсіру – отбасының, балабақшаның, барша халықтың міндеті.

Кішкентай бүлдіршіндеріміздің алғашқы даму кезеңі, білім мен тәрбие берудің алғашқы сатысы - балабақша. Балалардың білім алуға, еңбекке, қоршаған ортаға бейімі, адамдармен қарым-қатынасы, сөз қорының, ойлау қабілетінің дамуы мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады. Баланың жеке басының тұлға ретінде дамуы көптеген жағдайларға байланысты. Ол баланың өзін қоршаған ортасы, қарым-қатынасы (үлкендермен және құрбыластарымен) ойын, балабақшадағы іс-әрекеті баланың психикалық дамуына ықпал етеді. Бұл баланың айналадағы дүниеге, заттар мен құбылыстарға жауапкершілікпен қарауға деген түсініктерін дамытады.

Мектепке дейінгі балалардың бейнелеу қабілеттері мен шығармашылығын қалыптастару қазіргі таңда ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Ғалым-педагогтар мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу қабілетінің дамуын жан-жақты әлі де қарастыруды қажет етеді деген пікірлер айтуда.

Бала мектепке келгенде қабылдау, ойлау және есте сақтау қабілеті жоғары дәрежеде болуы тиіс. Сондықтан балаға мектепке дейін бейнелеу қабілетін дамыту маңызды. Ол үшін арнаулы дәлелденген, тәжірибе жүзінде еске асырылған нәтижелі іс-әрекеттер жасалынуда.

Осы жасқа лайықты ойлау, есте сақтау қабілеті мен ақыл-ой және ересек адамның парасатты қамқорлығынсыз баланың талабы толығымен ашылмай қалуы мүмкін. Мектепке дейінгі балалық шақта есте сақтау, бейнелеу қабілеті біршама дербестікке ие болады. Мектепке дейінгі балалардың есте сақтау қабілетін дамыту баланың ес процесінің қалыптасу өрісіне бір деңгейде көрініс бермейді, сондықтан да оны белсенді түрде ынталандыра білуіміз шарт. Мектепке дейінгі балалардың өмір сүру қалпы, оның есте сақтау және ойлай білу дәрежесімен тығыз байланысты. Сондықтан да есті дамыту – үлкен өзгеріс есті-бала алдында есте қалдыру, бейнелеу мақсатын қойып, тиісті тәсілдер қолдануды бастайтын (мысалы, есте қалдыру үшін іс-әрекетті бірнеше рет қайталайды) арнайы мнемикалық іс-әрекетің болуы дейді. Мектепке дейінгі балалардың есте сақтау, бейнелеу қабілетіне тән заңдылықтар да қазіргі таңда зерттелінуде.

Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу қабілетінің рөлі, ойлау процесіне қарағанда маңызды болмаса онан кем емес.

Мектепке дейінгі балалардың бейнелеу қабілетінің жоғары болатындығын ғалымдар кеңінен қарастырды.

Балабақшада бейнелеу өнерімен шұғылдану болмысты танудың тиімді құралы болып табылады және сонымен бірге көзбен көріп қабылдау, қиялдау, кеңістікті елестете білу, есте сақтау, сезім және басқа психикалық процестердің дамуы мен қалыптасуына жәрдемдеседі.

Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеуі дегеніміз – олардың қиялынан туындаған көріністердің және құлағымен естіп, қолымен ұстаған нәрселердің және тағы да басқалары осы рецепторлардың бәрін біріктіре қалдырғанда ғана тиісті мағұлматты есте қалдыруы.

Мектеп жасына дейінгі шақ өмірдің ерекше әлемі немесе «жұмақ» сынды кезеңі емес. Балалар өмірінде де үлкендер сияқты күрделі шешілуі қиын, кейде тіпті шешілмейтін проблемаларда қөп және олар мектеп жасына дейінгі балаларды жастайыннан ренжуге, қапалануға, қиыншылықтарды жеңе білуге, күресуге, қуануға мәжбүр етеді.

Мектепке дейінгі баланың бейнелеуінде және қайта жаңғыртуында адамның немесе жануардың бейнесі белгілі бір атпен сақталады. Және де мектепке дейінгі балалардың суреттерінде және олардың әсіресе жұмыстарында дайын күйінде суреттерді қою сақталған бейненің салынуы және оның тапсырманы орындай білуі негізгі орын алады. Арифметикалық тапсырмаларды шешу әдісін игеруге қөмектесетін бағдарламада өңделді. Негізгі заңдылығы тапсырма сұрақ жауап түрінде өтіледі.

Жұмыстың мақсаты - мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу және құрастыру әрекеттерін дамытудың тиімді жолдарын қарастыру.

Қойылған мақсатқа байланысты келесі міндеттерді шешуді көздейді:

а) зерттеудегі бейнелеу және құрастыру әрекеттерін дамытудың ерекшеліктерінің теориялық негізін ашу, қарастыру;

ә) мектепке дейінгі балаларға зерттеу жүргізіп, және құрастыру әрекеттерін дамытудың кейбір ерекшеліктерді анықтау және оның тиімді жолдарын айқындау;

б) математикалық өңдеуден алынған мәліметтерді талдау;

в) мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу және құрастыру әрекеттері негізінде бейнелеу қабілеттері мен шығармашылығын дамытатын әдіс-тәсілдерді айқындау.

Зерттеу болжамы:

Мектеп жасына дейінгі баланың бейнелеу және құрастыру әрекеттері негізінде бейнелеу қабілеттері мен шығармашылығын қалыптастырудың тиімді жолдары арқылы алға қойылған мақсатқа қол жеткізе аламыз. Егер де жүйелі түрде балалармен бейнелеу қабілеттері мен шығармашылығын дамыту жұмыстары ұйымдастырылса, онда олар жақсы нәтижелерге қол жеткізеді.

Зерттеу жұмысының объектісі: мектеп жасына дейінгі баланың бейнелеу және құрастыру әрекеттері негізінде бейнелеу қабілеттері мен шығармашылығын қалыптастыру, қолдану мүмкіндіктері.

Зерттеу пәні: Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу және құрастыру әрекеттері негізінде бейнелеу қабілеттері мен шығармашылығын қалыптастырудың тиімді әдістерді қолдану мүмкіндіктері.

Зерттеу әдістері: Бейнелеужәне құрастыру әрекеттері негізінде бейнелеу қабілеттері мен шығармашылығын даму деңгейін анықтаушы тестермен қалыптастыруға арналған жаттығулар, философиялық, психологиялық, педагогикалық және оқу-әдістемелік әдебиеттерге талдау жасау, оқушылардан сауал-сұрақтар алу, интервью алу, әңгімелесу, педагогикалық бақылау, педагогикалық тәжірибе жұмыстары.

Зерттеу базасы: «Жансая» балабақшасы, Ақтөбе облысы, Қандыағаш қаласы.

Дипломдық жұмыстың құрылымы: Кіріспе бөлімнен және бірінші тарауда бейнелеу қабілеттері мен шығармашылығын дамыту теориялары, ал екінші тарауда мектепке дейінгі балалардың бейнелеу қабілеттері мен шығармашылығын даму деңгейін анықтаушы тестермен психологиялық жаттығулардың нәтижесі ұсынылады және қорытынды, қолданылған әдебиеттерден тұрады.




1

Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу және құрастыру әрекеттерін дамыту

1.1

Балалардың бейнелеу және құрастыру әрекеттерін қалыптастыру

Бүгінгі таңдағы өркениетті елдердің жаһандану белесінде болып жатқан түбегейлі жаңғыруындағы басты мәселе: қоғам саласының ғаламдануы мен білім мен тәрбие мазмұнының жаңаруы. Мұндай өзгерістерге дайындау, қалыптастыру, қамтудағы игі істер білім беру саласының басты мақсаты.

Бұл ұлағатты мақсаттың жүзеге асуының тиімділігі бала тәрбиесінің қайнар көзі бастауыш пен балабақшаға тәуелді болатыны айдан анық. Өйткені, адамға табиғаттан берілген ізгіліктің мүмкіндіктерінің 80% -ті осы бастапқы оқу кезінде қалыптасатынын ғалымдар дәлелдеп отыр.

Қазір елімізде мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінің қамтылу деңгейі 36,5 пайызды құраса, бұл көрсеткіштің алдағы онжылдықта еселеп өсері сөзсіз. Сондай-ақ, алдағы уақытта тәрбие мен оқытудың жаңа бағдарламалары жүзеге асып, еліміздегі балғын бүлдіршіндердің болашағына жарқын жол ашылмақ.

Болашақта жері мен дәулеті, ұлттық болмысы сақталып қалу үшін ұрпақты дұрыс тәрбиелеп білімнің саналы да сапалы болуын қамтамасыз ету – педагог мойнындағы жаупкершілік, себебі баланың дүниетанымы, интеллектуалдық дамуы мектеп қабырғасында қалыптасады. Заман мен қоғам тудырып жатқан өзгерістер құбылмалы да қарқынды, сол өмір ағымы мен ақпараттар тасқынында еркін жүзе алатын жан-жақты қабілетті ұрпақ дайындау – білім беру мекемелеріне жүктелген дүние болғандықтан, түбегейлі өзгерістер мен жаңалықтар іске асырылуда. Мектепке дейінгі білім беру мазмұны заңдар мен құжаттарға негізделген [1,2,3]. Бағдарламалар жасалып, іс жүзінде іске асырылуды [4,5,6].

Ағартушы педагог, қазақ балалар әдебиетінің атасы Ы.Алтынсарин: «Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені – мұғалім – мектептің жүрегі» деген екен [7]. Жүрген жерінің жүрегіне айнала білетін тәрбиелі, білімді, қабелетті, дарынды педагогтардың күн санап өсе түсетіндігіне біз де кәміл сенімдіміз.

Қазіргі өмірдің өзінен туындап отырған талаптарды орындау, жаңашылдыққа жаршы болу үзіліссіз тәрбие негізінің бастау бұлағы – мектепке дейінгі ұйымдардан басталғаны орынды. Бала тәрбиесі отбасынан бастау алады десек те, ғылымға негізделген әдіс – тәсілмен берілетін тәлім – тәрбие ісі көбінесе балабақшадан басталып, мектепте жан – жақты педагогикалық өрісін табады. Әсіресе, балабақшадағы тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы өшпестей із қалдырады. Сондықтан зерттеу мәселесінің өзектілігі баланың жан – жақты дамуында маңыздылығы басым.

Білім берудің алғашқы деңгейлері балабақшадан басталмақ. Хакім Абай: «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы-жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болға адам білімді болады» – десе, француз педагогы Жан Жак Руссо: «Бала туғанда ақ қағаздай болып туады, оның үстіне шимайды қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі сол сияқты, өзің қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді» [8].

«Адам ұрпағымен мың жасайды» - дейді халқымыз. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз-оқу. «Надан жұрттың күні – қараң, келешегі тұман», - деп М.Дулатов айтқандай, егеменді еліміздің тірегі – білімді ұрпақ [9]. Сусыз, құрғақ, таса көлеңке жерге дән ексең өнбейтіні сияқты, жас ұрпақтарымызды тәрбиелемесек өспейді, өнбейді.



Тарих көші жылжыған сайын – жаңа ұрпақ пен жаңа қоғамның жаңалықтарға деген сұранысы күн санап арта бермек. Осыдан ширек ғасыр бұрынғы бүлдіршін мен қазіргі заман баласының арасында жер мен көктей айырмашылық бар. Тіпті, ширек ғасыр демей-ақ, әрбір бес-он жыл сайын ауысып келіп отыратын балдырғандардың арасындағы айырмашылықтарды, олардың сан қырлы сипаттарын санамалап кете беруге болар еді. Өйткені айнала қоршаған ортаның, болашақты тәрбиелейтін қоғам мен заманның күнбе-күнгі өз-герісінде соншалықты шапшаңдық бар.

Ескертпе-бағдарлама мазмұны негізінде құрастырылды

1-сурет. Мектепке дейінгі мекемеде “білім саласын” ұйымдастыру түрлері

Баланы сан қырлы әмбебап иесі етіп баулитын заман туды. Қазіргі заман баласы алдындағы педагог беделінің жоғары болуын күнбе-күнгі зымыран жылдамдықпен өсіп отырған жаңа заман талап етіп отыр. Білім мен білігті, ақыл мен парасаттылықты, оқу мен ғылымды, еңбекқорлық пен ізденімпаздықты ұштастыра қызмет етсек, жаңа заман шәкірттерінің алдында педагог беделінің жоғарылай түспесе, кемімейтіндігі айқын деп есептеймін.

Баланың əрбiр толғанысы, əсерленуi мен əрекет-қылығы санада бiршама уақыт (ұзақ, қысқа) сақталып, қажеттi жағдайларда қайта жаңғыртуға келетiн iздер салатыны баршаға мəлiм.

Бейнелеу қабілеттері мен шығармашылығын, жеке қабілеттілікті дамыту, интеллектуалдық, шығармашылық мәселесіне педагогтар, психологтар, әдіскерлердің көптеген еңбектері арналған. Көне замандағы Антик дәуірдің өзінде-ақ ойшылдар мен педагогтар балардың өзіндік ой - тұжырымын жасау оны дамыту үшін репродуктивті және эвристикалық әдістер мәселелеріне көңіл бөлінген.

Бүгінгі таңда бейнелеу қабілеттері мен шығармашылығын дамыту мәселесін зерттеуге қатысты философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерде маңызды ой-пікірлер жинақталған. Бұл мәселенің түп тамыры ғасырлар тереңінде жатыр. Адамның психологиялық ерекшеліктері жөніндегі идеялар, оның ішінде қабілеттілік туралы ойлар сонау ертедегі грек философтарының еңбектерінде, қайта өрлеу дәуірі ғалымдарының және алдыңғы қатарлы әр елдің озық ойлы педагогтерінің еңбектерінде кездеседі.

Ерте дәуірде адам психикасы танымдық құбылыстың ішіндегі танып білуге, ұғынуға өте қиын мәселелердің бірі болғандықтан, жекелеген адамдардың табиғи ерекшелігі мен оларда ерекше табиғи қабілеттіліктің болуы құдіреті күшті құдайдың жаратқаны деп есептеген. Платонның пікірінше, ақын туындылары өзінің өнерлілігі мен білімінен емес, құдайдың құдіретінен, оның белгілеуінен. Платонның еңбектерінде «... поэт творит не от искусства и знания, а божественного предопределения и одержимости» деп жазады. Бұл пікірді Демокрит те қолдаған [10].

XIV ғасыр ойшылдары қабілеттілік, шығармашылық тек өнер адамдарында ғана байқалады деп есептеген. Үкімет қызметкерлеріне, әскери адамдарға, ғалымдарға қатысты шығармашылық қабілетін жат санаған. Дегенмен, бұл ойды жоққа шығаруға әрекет жасағандар да болды. Аристотель көркем өнер туындысының интеллектуалдық іс-әрекетпен байланысты екендігінде айтады. Ұрпақтың ақыл-ой тәрбиесіне негізделген тәрбие теориясында айналасындағы дүниені шынайы ақиқат тұрғыда танып-білуін қамтамасыз етуі мен коғамға, адамдарға дұрыс карым-қатынасын қалыптастырылуын қарастырады. Бұл идеялар Платон, Аристотель, Гераклит, Гиппократ, Демокрит, Плутарх, Квинтиллан еңбектерінде одан әрі дами түсті [10].

Сократ оқыту барысында шәкірттердің іс-әрекетін арнайы басқарып отыруды қажеттілігімен қоса, оның қабілеттілігін тану мақсатында арнайы оқыту әдісін - эвристикалық әңгімелесуді алғашқылардың бірі болып қолданды. Сократ шәкірттерге білімді жай ғана бере салмай, белсенділіктің көрсеткіші ретінде - сұрақ қоюды ұсынды. Эвристикалық сұрақтарды алдын-ала дайындай отырып, сұрақ қою арқылы ойлау қабілетін, қызығушылығын арттырып, өз ой тұжырымын жасай білуге үйретті [10].

Ұлы ойшыл Плутарх жеке тұлғаны танып білуге, қабілеттілікті ашуға үлкен мән бере: «Көптеген табиғи талант дарынсыз ұстаздарының кесірінен жойылып кетеді. Олар дарынның табиғи құбылысына терең бойлай алмай, тұлпарды есекке айналдырып кұртып тынады» - деп атап көрсетеді [11].

Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу іс-әрекеті деп баланың жеке басының жан –жақты дамуына, айналадағы дүниені белсенді түрде тануына, өздерінің алған әсерлерін графикалық және пластикалық формада шынайы әрі шығармашылықпен бейнелей білу қабілетін тәрбиелеуге жәрдемдесетін көркемдік іс-әрекетті түсінеміз. Бейнелеу өнеріне баулуда балалар сурет салу, мүсін жасау, жапсыру, конструкциялауға үйренеді [12, 13, 14, 15].

Бейнелеу сауатын құрайтын бейнелеу құралдары мен әдістерінің барлық жиынтығын бала меңгере алмайды. Әрбір өнердің әсерлі құралдарының ерекшеліктерін педагогтың білуі олардың әрқайсысын бала түсініп, игеретінін және қайсысы балаға түсініксіз екенін анықтауға жәрдемдеседі.

Бейнелеу өнері негіздерін оқып үйрену процестерінде шығармалардың идеясына, мазмұнына, шебердің өзіндік жеке ерекшеліктеріне байланысты суретшілердің алуан түрлі бейнелеу құралдарын пайдалануы өзгеше болатынын балалар меңгереді.

Жалпы бейнелеу өнері туралы мәліметтерге көз жүгіртсек, өнер талай сыннан өткендігі байқалады. Мәдениетіміздің, бір қырынан алғанды таныс, ал сонымен қатар үнемі болжалуы мүмкін емес жағдайы – күрделі араласулар мен өзара әсерлердің, бастан кешірген қиысулар мен түйісулердің, сонымен қатар көркемөнер мен мүсін өнері түрінде көрініс беретін ұлттық сезіміміздің нәтижесі. Мүмкін соның нәтижесі болар, 90-шы жылдардағы қазақ өнерінің жалпы ауқымын көру үшін, сонымен қатар, сол өнердің көркемсуреттік процестерге әсерін А. Қастеев пен А. Исмаиловтардың шығармашылығындағы алғашқы қадамдармен бірге келіп, ары қарай Х. Наурызбаев, М. Кенбаев, С.Мәмбеев, К.Телжанов, Г. Исмайлова, С. Айтбаев, Т. Тоғысбаев және басқа да көптеген суретшілердің өнерінде жалғаса отырып, қазақ сурет өнеріне енген рухани басымдықтар стилдік көріністердің аса бай қырларының ішінде бола отырып-ақ сирек кездесетін тұрақтылыққа ие болды [16].

Адам мен оны қоршаған орта арасындағы нәзік және рухани үйлесімділікті, қазақ ұлтының табиғат – анамен, соның нәтижесінде әлеммен біртұтастығын, туыстығын көрсетуге бағытталған, ұмтылысын, адамның рухани және ішкі дүниесін білуге деген қызығушылығын, мәңгіліктің бір буыны – қас қағым сәттің әдемілігіне, құндылығына сүйсіну, жалпыға белгілі жүйеге ерекше жолмен ену және дүниетанымның басқа да қырларын суреттеу – міне осылар, қазақ суретшілерінің еңбектерінен байқалатын рухани әдет-ғұрыптық көріністер. Республикадағы бейнелеу өнерінің әмбебап тақырыбы, идеясы, мазмұны мен ішкі қыр-сыры, ұлттың мәдени әдет-ғұрпымен үйлескен, тұрмыстың жанданған, дүние тірегі болатын табиғат пен үйлесімділігін қалыптастыру және адамның шығармашылық жігерін нығайту болды.

Түрлі жағынан көріне отырып, осы дүниетанымдық принциптер дамудың бүгінгі күнгі сатысында да бейнелеу өнерінің негізгі тірегі болып отыр және сол арқылы қазақтың бейнелеу өнерін жалпы дүниежүзілік мәдени кеңістікке үйлесімді түрде енгізуде.

Келесі жайды айта кетуіміз керек, бейнелеу және мүсін өнері өз техникасы, техноголиясы, әлеуметтік қызметі тұрғысынан алғанда Батыстан әкелінген бейнелеу өнерінің жаңа болса да, оның бүкіл жолы, ежелгі қайнар бұлағы бар қазақ өнерінің қуатты діңгегінің жаңа көгерген бұлағы тәрізді үйлесе дамуға толы болды. Сюжеттер ғана емес, суретшілердің ұлттық мінез-құлқы, менталитеті, қоршаған ортаны түсіну және бейнелеу тәсілдері, тікелей немесе жанама түрде бейнелеу және мүсін өнерінің сырттан келген тәсілдерінің арасынан көп ғасырлық көшпелілік өмірге негізделген, өзіндік ерекшелігі бар ұлттық сезімнің қайталанбас лебінің соғып тұруына ықпал етті. Соңғы онжылдықтардағы өнердің ерекшеліктері ұлттық сана сезімнің парасаттылық, философиялық дәрежесінің сапалық тұрғыдан алғанда өрлеуіне ықпал ететін, өнердің рухани толысуы мен жоғарғы кәсіби деңгейінің ұштасуы болды.

Қазақстанның бүгінгі күнгі өнер туралы сөз қозғасақ, әдетке айналып кеткен қазақ бейнелеу өнеріндегі тұрмыстың мазмұндық мәселелері мен экзистенциалдылыққа тартымдылық тәрізді көріністерінің де жалғасып жатқанын атап өтпеуге болмайды. Кәсіби өнердің дамуының осы сәті суретшілердің осы заманғы тұтынушыға жеткізуге ұмтылатын идеялар кешенінің нақты байқалатын шоғырланушылығымен де сипатталады. Бүгінгі күннің бейнелеу және мүсін өнері контекстік жағынан аса толықтырылған, кей жағдайда сол себепті қарапайым көрермен оны түсіне де бермейді. Суретшілер мектебінің қалыптастырылуы сатысының алдыңғы кезеңдеріндегі тәжірибелері, бүгінгі күні толық түсінуіміз болашақтың ісі екенін біле отырып, ұлттық өнердің тұтас, сыйымды, өзіндік сипатқа ие феномен бола отырып, біртұтас түрде жиналатын сияқты болады. Түрлі түстер, композициялар, фактура немесе пластика көмегімен, шығу көздері, жылдар бойы шыңдалған, әдеттегі құндылықтар мен түсінушіліктермен тығыз байланысқан, дүниенің құрылуы туралы ұлттық түсініктерді өнерде қалыптастыра, бейнелік шығармалар мен мүсіндік копозицияларда қалпына келтіре отырып, суретшілер небір жиынтыққа, біртұтас жүйеге, шашырап қалған элементтер мен фрагменттерді жинайды деуге болады. Осы процесс барысында шығармалардың нысандарымен атқарылатын жұмыстар да жедел қойылғанын атап өтуіміз керек. Әр алуан түрлі стильдер, тәсілдер, қолтаңбалар бойынша қызмет атқаратын, сол бағыттарда тамаша туындыларды дүниеге әкелетін бейнелеушілер мен мүсіншілердің шығармаларында нысан ролін әсемдік ерекшелік факторының күшеюі немесе күнделікті эстетикалық критерийді жоққа шығару арқылы қарқындандыру жүзеге асырылуда. Осы процесс ұлттық менталитетке тығыз байланысты жаңа суретшілер тілін қалыптастырумен тығыз байланысты болып отыр. Ол өзінің сыртқы стильдік көріністерінде айтарлықтай шартты, орташалау, рәміздік, метофорлік немесе тіпті ашықтан – ашық метафизикалық сипатқа ие болды.

Бүгінгі күнгі өнерде оның алдыңғы қатарлы түрлері бейнелеу мен мүсін өнерінің арақатынасын анықтау оңай жұмыс болмауы әбден мүмкін. Қазақстанның ХХ ғасырдағы бейнелеушілік өнері 3-ші мыңжалдыққа парасаттылық және рухани толысқан түрде аяқ басты. Онда қазақтың көшпенділік мәдениетінің ежелгі тамырлары мәнін тапқан және түсіндірілген. Сол айтылған мәдениетке сай негізгі қаланған жалпы адамзаттық құндылықтардың заман суретшілері дүниежүзі өнеріндегі әдептер және жаңа бағыттар арқылы, ХХ ғасырдың философия мен мәдениетіндегі ірі ағымдары арқылы өз шығармаларында ашып көрсетеді. Соның қорытындысы ретінде, инновациялар негізінде бір ғасыр бұрын пайда болған бүгінгі қазақ өнері рухани ерекшеліктерін жоғалтпау мен қатар, соған сай қайталанбас пластикалық өнер тілін қалыптастырды. Мүмкін сол себепті болар, нақты көріністердің сан алуан қырға ие болуымен бірге, Қазақстан өнері танымал қасиеттерімен де ерекшеленеді. Олар: тұрмыстың экзистенциалдық мәселелерін қатысты мүдделер; үйлесімділіктің адам мен табиғаттың бірлесе өмір сүруінің негізі; шығармашылық көзқарастардың кең ауқымды болуы; ұлттық мәдени әдет-ғұрыптар, мұраларының шектеулілігі; дүниежүзілік мәдени кеңістікке ерікті түрде енуі. ХХ ғасырдың соңғы онжылдығындағы және ХХІ ғасырдың басындағы Қазақстандағы бейнелеу өнері мен мүсіншілігін күнделікті өмірдің табиғатпен үйлесімділігі туралы асықпай айтылатын әңгіме, адам мен универсумының үздіксіз байланысының философиялық жалпыламасының көркемсуреттік таңбаға айналуы деп түсінуге болады. Бүгінгі күн, суретшілерінің шығармаларында жұмбақтық метафоралары және мән мен толықтырылады және сол арқылы жанданады, адам мәдениетінің ежелгі ғарышын бүгінгі күндегі адам ой–санасының жаңа ағымдарымен байланыстыратын мәндер мен мазмұндар пайда болады, суретшінің өмірге деген махаббаты, оны түсінуге бағытталған мәңгілік ұмтылысы да қайталанбас түрде өмірге қайта келеді.

Классикалық академиялық халықтың көпғасырлық тарихының өзіндік жылнамасын жасайды және менің ойымша, Қазақстан өнерінде ең маңызды орынға ие болды. Тарих пен мифологиялық сюжеттер, көшпенділердің өмірінен алынған фрагменнтер, далалық және таулы пейзаждар генетикалық есті бейнелі түрде жаңғыртуға, болмыстың мызғымас категорияларын ұғынуға мүмкіндік береді. Бейнелердің байлығы, олардың мифологиялық мәні, ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлер мен салттардың тәжірибесі, дәстүрлі мәдениеттің трансляция талабына жауап береді және бейнелеу өнер құралдарымен ашып беруге мүмкіндіктер береді.

Ал осы үлкен өнерге балаларды қалай баулимыз?

Әрине балабақшадан басталады. Балабақшада бейнелеу өнерімен шұғылдану болмысты танудың тиімді құралы болып табылады және сонымен бірге көзбен көріп қабылдау, қиялдау, кеңістікті елестете білу, есте сақтау, сезім және басқа психикалық процестердің дамуы мен қалыптасуына жәрдемдеседі.

Бейнелеу іс-әрекетінде мектеп жасына дейінгі балалар бірқатар графикалық және кескіндемелік білім мен дағдыларды меңгеріп, қоршаған дүниедегі заттар мен құбылыстарды талдауға үйренеді.

Сурет салу, мүсін жасау, конструкциялау сабақтарында жеке басының табандылық, мақсаттылық, ұқыптылық, еңбексүйгіштік сияқты қасиеттері қалыптасады.

Бейнелеу өнерімен шұғылдану мектеп жасына дейінгі балалардың тілінің дамуына, олардың сөздік қорының байи түсуіне жәрдемдеседі. Педагог үйретудің негізгі әдістерінің бірі ретінде сөзді пайдаланады: сабақтың тақырыбын хабарлайды, тапсырманың орындалу ретін әңгімелеп береді. Тәрбиешінің айқын, әсерлі сөзі балаға бейнелеу процесін терең ой елегінен өткізуге көмектеседі.

Бейнелеу іс-әрекетін дамыту мәселесіне көптеген ғалым, педагогтардың зерттеулері арналған. Италияның өнер зерттеушісі Коррадо Риччидің «Суретші балалар» атты еңбегі (1887 ж.) балалар суреттерін психологиялық талдауға арналған. Балалардың көптеген суреттерін зерттей отырып, бейнелеу шығармашылығының өзіндік ерекшеліктеріне сипаттама берген.

1911 жылы К.Риччидің осы кітабы орыс тіліне аударылды. Балалар шығармашылығына көңіл аударатын кез жеткендігін сол кездегі суретшілер айтып жатты. Орыс ғалымдарының балалардың бейнелеу өнеріндегі орны туралы еңбектер жарық көре бастады (Л.Г.Оршанский, А.А.Рыбников, К.М.Лепилов, Ф.И.Шмит және т.б.) [17].

Балалар бейнелеу іс-әрекетінің нәтижелерін педагогикалық позициядан – балаларда байқампаздық, есте сақтау, зейін қою, эстетикалық сезімдердің даму тұрғысынан қарау орыс авторларының жұмыстарына тән болды.

В.М.Бехтеревтың «Обьективті зерттеудегі балалар суреттерінің бастапқы эволюциясы» (1910ж.) атты жұмысы ерекше қызығушылық туғызды.Ол баланың субьективті дүниесіне ену және осының негізінле оның сезімі мен қиялдарының ерекшеліктерін анықтау мүмкіндігі туралы қорытындыны ғылыми емес деп есептеді. Ол бастапқы сызықтары мен шимайларында бала әлі ештеңені білмейді деп дұрыс қорытынды жасаған. Бала айналасынан нені көрсе соны салады, сондықтан баланың шығармашылығына дұрыс баға беру үшін оның тұрған жағдайын анықтау қажеттігін айтты [18].

В.М.Бехтерев балаларға сурет салу техникасын үйретудің қажеттігін мойындады; ересектерге саналы еліктеу, оның пікірінше, баланың өзіндік ерекшелігінің де, жеке-даралығының пайда болуына да кедергі бола алмайды.

Тарихшы, педагог А.В.Бакушинский бабалар шығармашылығының қайнар көздері биологиялық факторлар болып табылады және ол айналадағыны танып білудің ықпалымен емес, жинақталған тектік тәжірибенің, түйсіктің ықпалымен дамиды деп дәлелдеді.

А.В.Бакушинский тектік тәжірибе ретінде балалар шығармашылығы жетілдірілген және онымен салыстарғанда ересектер шығармашылығы жадау әрі кемтар сияқты деп есептеді. Сондықтан бала үлкендерден ештеңе үйрене алмайды деп балалар шығармашылығын жоғары бағалады.

Мұнан кейінгі жылдарда көркемөнер тәрбиесін дамытуда: балалар шығармашылығының мазмұны қазіргі заманғы болмысты бейнелеу болып табылатынын, ал осыған байланысты баланығ қоршаған өмірмен етене араласуына қамқорлық жасау қажеттігін мойындау, тәрбиелік мақсаттардағы өнердің және балалармен жұмыс жүргізуде оны пайдаланудығ маңызын түсіну; баланың шығармашылық қабілеті тек мақсатты педагогикалық ықпал жасаудың әсерімен ғана ойдағыдай дами алады деген пікірдің орнығуы сияқты неғұрлым дұрыс тенденциялар байқалды.

Бұл мәселелерді шешуде Е.А.Флерина үлкен роль атқарды. Ол бейнелеу іс-әрекеті әдістемесінің негізін қалады. «Балалар суреті» (1924ж.) жұмысында балалар шығармашылығына басшылық жасау негізінде алынған принциптерді белгіледі:


  • кеңінен эстетикалық тәрбие беру;

  • байқампаздықты, түс пен ырғақ сезінуді дамыту.

Өткен ғасырдың 60-жылдардың аяғына қарай мектеп жасына дейінгі ересек жастағы балалардың мүсін жасаудағы шығармашылық қабілеттерін дамыту мәселесі жөнінде (Н.Б.Халезова), балалардың мүсін жасауының сенсорлық негіздері туралы (Н.А.Курочкина, Е.А.Корзакова) арнаулы эксперименттік зерттеулер жүргізді [19].

Бейнелеу іс-әрекетінің алуан түрлеріндегі балалар шығармашылығы зерттелінді:



  • сурет салудағы графикалық іскерліктің қалыптасуы туралы (Т.С.Камарова);

  • мектеп жасына дейінгі ересек жастағы балалардың натурадан сурет салу ерекшеліктері және оларға басшылық жасау әдістері туралы (Р.Г. Казакова);

  • мектеп жасына дейінгі ересек жастағы балалардың сурет салудағы шығармашылығына табиғаттың поэтикалық образдарының ықпалы туралы (Л.В.Компанцева);

  • мектеп жасына дейінгі ересек жастағы балалардың декоративтік – өрнектік іс-әрекетінің қалыптасуы туралы (З.А.Богатеева);

  • декоративтік аппликациялық жұмыстардың материалында балалардың бейнелеу әрекетінің сенсорлық негіздері (Е.С.Рогалева) және т.б. еңбектерінде көрініс тапты [20, 21, 22].

Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу қабілеттерін дамыту аса маңызды мәселе. Ал кез келген іс-әрекетке деген қабілет әрбір тұлға бойында бар болғанымен туа біткен нышандарға байланысты олардың даму дәрежесі барлық адамдарда әр түрлі. Дамудың ең жоғарғы баспалдағына дарынды талантты, алуан түрлі нышандар бойында қолайлы үйлескен адамдар жете алады.

Психологияда ұғымдарды жалпы және арнаулы қабілет деп бөледі. Бейнелеу іс - әрекетіне деген қабілеттілік арнаулы қабілет қатарына жатады.

Әрбір қабілет жетекші, негізгі және құрастырушы фонға бөлінетін психиканың ерекшеліктеріне тәуелді күрделі құрылымға ие.

Бейнелеу іс - әрекетіне қабілеттің жетекші қасиеттері қиялдау болып табылады, қиялсыз ойдың өз көрінісін табуы мүмкін емес.

Бейнелеу қабілетінің құрылымында оның негізгі қасиеттері толық қабылдауды қамтамасыз ететін жоғарғы табиғи көру сезімталдығы; дағдыларды шапшаң және жақсы меңгеруге көмектесетін қолдың ерекше іскерлігі болып табылады.

Бейнелеу іс - әрекетін қамтамасыз ететін және осы іс - әрекет фонын құрайтын қасиеттер белгілі бір эмоциялық көңіл – күй болып табылады.

Оқыту жүйесін жасаған кезде бейнелеу және құрастыру әрекеті құрылымының осы ерекшеліктерін ескерген жөн.

Бейнелеу әрекетіне қабілеттілік әр адамның бойында дамыған болуы мүмкін. Бірақ осы іс - әрекетке туа біткен жақсы нышандары бар адам өнер саласында творчестволықпен жұмыс істей алатындай дәрежеге дейін қабілетін дамыта алады, бұл кезде қолайлы нышандары неғұрлым аз адамдар қабілетін заттарды сауатты, графикалық жағынан дұрыс бейнелей алатындай дәрежеге дейін ғана дамыта алады.

Бейнелеу қабілетін дамыту үшін маңызды мәні бар анатомо – физиологиялық ерекшеліктерді қарастырып көрелік.

Кез келген саладағы қабілеттілікті дамытуда үлкен роль жоғары дәрежелі нерв қызметінің үлесіне тиеді. И.П.Павлов адам бойында оның қабілетін анықтайтын жоғары дәрежелі нерв қызметінің екі типі – көркемдік және ойшылдық (ақыл – ой ) туралы жазған болатын.

Бірінші – көркемдік типте ойлау бейнелі, айқын, әсерлі болып келеді. Екінші – ойшыл типте ойлау абстракциялы, сөздік формаларға ие. Көптеген адамдар аралас типке жатады, олардың ойлауы бейнелі де, абстракциялы да болып келеді.

Тиісті жағдайларда жоғары дәрежелі нерв қызметінің көркемдік типіне жататын адамдарда бейнелеу қабілетттілігі неғұрлым жоғары даму дәрежесіне жете алады.

Бейнелеу қабілетттілігін ойдағыдай дамыту үшін көру аппараттары құрылысының да маңызы бар. Көздің анатомиясындағы немесе физилогиясындағы болмашы кемістік түсті сезе білуге әсерін тигізеді, ал түсті сезе білу суретші үшін соншалықты маңызды. Көзінің тор қабығының қолбалық аппаратының әрекеті бұзылған адам түсті ішінара ажырата алмаудан жапа шегеді, көбіне қызыл немесе жасыл түстерді ажырата алмайды (дальтонизм). Дальтонизмнен жапа шегетін адамдар спектр түсін негізгі екі тонда – сары және көгілдір тонда қабылдайды. Мұндай адам айналадағы заттардың бояуын дұрыс қабылдап, оны живописть құралдарымен бере алмайтыны айқын.

Көздің өткірлігі де, яғни заттарды алыс қашықтықтан айыра білу қабілеті де көру аппаратының құрылысына байланысты. Көздің белгілі бір қашықтықтан айыратын заты неғұрлым кіші болған сайын, оның өткірлігі де соғұрлым жоғары болады. Кеңістікті көру көздің микроқозғалыстарының көру актісіне қатысуына байланысты.

Көру аппаратының кемістігі бар адам живописть саласында бейнелеу қабілетін дамытудың жоғары сатысына жете алмайды, ол бар болғаны дұрыс графикалық бейнелей білуге ғана ие болуы мүмкін. Скульптура саласында шығармашылықпен жұмыс істеу қабілетін дамытуға көздегі кемістік көп кедергі жасамайды, дегемен де толыққанды шығармашылықпен айналысу мүмкіндігін шектейді.

Бейнелеу іс-әрекеті процесінде заттардың формасын, олардың пропорциясын, түсін көзбен көру арқылы қабылдай отырып, адам көргенін салыстырады, байытады, яғни шығармашылық кезінде ойлау процесі күшейе түседі.



1.2

Бейнелеу және құрастыру әрекеттері арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылығын дамыту

Каталог: ld
ld -> Шпаргалка на казахском языке по истории Казахстана 100 м қашықтыққа ұшатын, орақ тәрәздә құрал-бумеранг
ld -> Қош келдіңіздер!
ld -> Қазақ әдебиет пәніне тест сұрақтары
ld -> Сабақ: ана тілі Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Әліпенің атасы»
ld -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
ld -> Ақтқбе облысы Байғанин ауданы №3 Қарауылкелді орта мектебі
ld -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин "Өзен" Мұғалімі: 3 "
ld -> Әнші- ақындар шығармашылығы
ld -> Есмағамбет Ысмайлов Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, Адамға зияным жоқ жүрген жанмын
ld -> Өмірбаяны Хронология Қорытынды пайдаланған әдебиеттер


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет