(Көрермендер үшін бұл сұрақтар тақтайшаға жазылып қойылады )
Тапсырма
Сендердің алдарыңда қазақ ертегілерінің аттары және сол ертегілерде кездесетін заттардың аттары берілген. Осы заттар қай ертегіде кездеседі?
қазы (Алдар көсе мен Шығайбай)
домбыра (Ақсақ құлан)
сақа (алтын сақа)
Төртінші «Ән-күй» бекеті
Қазақтың атақты композиторларын атаңдар? (Н.Тілендиев,
Ш.Қалдаяқов, Ә.Бейсеуов...)
Қазақ халқының атақты күйшілері (Құрманғазы, Тәттімбет,
Ықылас, Дина).
Қандай қазақ халық әндерін білесіңдер? (Елім-ай, Әй-әй, бөпем,
Бір бала, Бесік жыры....)
Қазіргі кезде халық әндерін қай әртістер орындайды?
(Б.Төлегенова, ....)
5. Қазақ халқының халық әніне, күйлеріне байланысты қандай аңыздарды білесіңдер?
Тапсырма
Сендердің алдарыңда қазақ халық әндерінің сөздері берілген. Сөздерден ән шумақтарын құраңдар.
Қаратаудың басынан көш келеді,
Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді,
Елім-ай, Елім-ай
Кейін қалған елімді
Көрер ме екем!
Ән салшы-ай ,
бір бала-ай.
Қос етек, бұраң бел,
Қуалай соғар қоңыр жел.
Бесінші «Салт –дәстүр» бекеті
1.Қазақ елінде ертеден келе жатқан қандай мейрамдар бар? (Ораза
айт, Рамазан айт, Наурыз )
Қазақ халқының қандай ұлттық тағамдарын білесіңдер (бесбармақ, қазы-қарта, жал-жая, қымыз....)
Қазақ қыздары ертеде қандай аяқ-киім киген? (саптама, кебіс, киіз етік)
Қазақ халқының ұлттық киімдерін атаңдар (Айыр қалпақ, сәукеле, шапан, тымақ, ішік, кимешек, камзол, мәсі, бөрік т.б.)
Қазақ халқының ұлттық сувенирі саналатын зат? (түйе, киіз үй....)
(Көрермендер үшін бұл сұрақтар тақтайшаға жазылып қойылады )
Тапсырма:
Сендердің алдарыңда Қазақстанда аталып өтетін қадірлі де сыйлы мейрамдардың аты мен оларға байланысты мағыналы сөздер (бөлек карточкада) берілген. Әрбір мейрамның жанына өзіне қатысты мағыналы сөздерді қойыңдар.
Ораза тұту (Рамазан айы)
Намаз оқу( Ислам дінінің бес тірегінің бірі)
Ораза айт(жеті шелпек пісіріп, дастархан жайылу)
Алтыншы «География» бекеті
Қазақстанның көршілерін атаңдар? (Ресей, Қытай, Қырғызстан...)
Қазақстандағы өзендердің аттарын атаңдар (Ертіс, Есіл, Іле.....)
3. Қазақ елінің ХХ ғасырдағы ең бірінші астанасы? (Орынбор (1920-1925)
4.Қазақстанда неше облыс бар? (14)
5. Қазақстанад қандай теңі-көлдер бар? (Каспий, Зайсан, ....)
Тапсырма
Әріптердің орнын ауыстыру арқылы Қазақстан қалаларының атын табыңдар
МАТЫАЛ (Алматы)
АНАТСА (Астана)
ЫДНАҒАРАҚ (Қарағанды)
ЕКТНМЫШ (Шымкент)
НЕСӨМЕК (Өскемен)
Қазақстанның тауларына байланысты қандай аңыздарды білесіңдер?
(Көрермендер үшін бұл сұрақтар тақтайшаға жазылып қойылады )
Жүргізуші:
Тілдесіп көкпен тауларың,
Жайқалды жасыл орманың.
Алатау, Қаратауларым,
Елдікті бізге мұра етіп,
Ерліктің күйін толғадың.
Салтанат пенен сән құрған,
Елім бар бүгін жаңғырған.
Бақытым-атамекенім,
Тұлпарлар тұяқ шалдырып,
Сұңқарлар қанат талдырған.
Қазақты әлем таныды
Сәлемін жолдап сан қырдан.
Берекелі елмін, құтты елмін,
Атты азат таңым-күткен күн.
Қазақстаным мекені-
Ынтымақ пенен достықтың,
Кеңдік пен кемелдіктердің.
Даламды бабам мұра еткен,
Жайқалтар соны түлек мен.
Қалалар жайып қанатын,
Ауылымды арай, нұр өпкен.
Қазақстанымды қасиетті
Сүйемін алау жүрекпен!
Достарыңызбен бөлісу: |