Дипломдық ЖҰмыс 5В010800-Дене шынықтыру және спорт Шымкент, 2017


ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ МҰҒАЛІМІНІҢ ЖӘНЕ ЖАТТЫҚТЫРУШЫНЫҢ ТҰЛҒАЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯСЫ



бет7/35
Дата16.03.2022
өлшемі0,51 Mb.
#136035
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   35
Байланысты:
Айтилеуов Сакен
docx1545588075, Арнур, ктп, 4 курс билет ДШ тарихы, Спорттык туризм силлабус, Химия сабағында электронды дидактикалық құрал-жабдықтардың қолданудың тиімділігі, Disser, лекциялар жинағы Бағалаудың өлшемдік технология, 4 курс педагог, Cөйлеу шеберлігі, 4 курс Еңбекті қорғау 140322, 11 лек, Доктор, fd032c7f-dc69-4d37-86d3-aa31217442d4
2. ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ МҰҒАЛІМІНІҢ ЖӘНЕ ЖАТТЫҚТЫРУШЫНЫҢ ТҰЛҒАЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯСЫ
2.1 Дене шынықтыру пәні мұғаліміне қажетті қабілеттер
Дене шынықтырудың мақсаты – оқушылардың психологиялық, физиологиялық қасиеттерінің дамуына әсер етіп, оларда қозғалыс дағдыларын ғана емес, сонымен қатар тұлғалық қалыптасыуына әсер ету блып табылады. Бұл шара педагогикалық үдерістің білім беру, тәрбиелеу және сауықтыру міндеттерін шешу кезінде қолданылады. Бұл міндеттердің шешілуі дене шынықтыру мұғалімінің негізгі қызметін анықтайды, олар: тәрбиелік білім-білік басқарушылық- ұйымдастырушылық, жобалаушылық, әкімшіліктік-шаруашылықтық.
Тәрбиелік қызмет оқушының адамгершілік және тұлғалық көзқарастарын қалыптастырудан тұрады. Білім-біліктік қызметі оқушыға арнайы білім беру, үйрету міндеттерін құрайды.
Басқарушылық-ұйымдастырушылық қызметі оқушылардың спорттық секциялардағы сабақтар, спорттық жарыстар және барлық спорттық іс-әреккеттерді басқару, сабақтарды ұйымдастырудан тұрады.
Жобалаушылық қызметінде оқушылар дене шынықтыру бойынша іс-шараларды жоспарлау, оқу тереңдігі мен нақты нәтижелер көрсетулері тиіс. Бұнда оқушылардың даму ырғағын бақылауды жүзеге асыра отырып, жұмыс жоспарына енгізуі қажет. Негізгі рөл сабақтарды жобалауға беріледі.(жоспар). Бұл сабақтың міндеттеріне сәйкес оқу материалдарына таңдау жасауда оқушылардың жас ерекшеліктерін, топтың спецификасын, жыныстық және оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеру қажет.
Бұның барлығы сабақтың өткізілу жоспарында бейнеленеді. Сонымен қоса сабақтың өткізілу жоспарында жүйе, оның мазмұны және мұғалімнің іс-әрекетінің реті жайлы ақпараттар мен қоса оқушылардың сабақ үстіндегі белсенділігін арттыратын әрекеттер жазылады. Дене шынықтыру мұғалімінің әкімшіліктік-шаруашылықтық қызметі сан түрлі. Олар дене шынықтыру үдерісін материалдық қамтамасыздандыруға бағытталған. Бұл спорттық қажетті құралдар-жабдықтар алуға, ремонт жасауға, мектептік спорттық алаңдарды қалыпта ұстауға, туристік саяхаттар ұйымдастыруға және т.б мен қамтамассыз ету. Дене шынықтыру мұғалімінің іс-әрекет түрлері суретте көрсетілген.
Басқа пәндердің мұғалімдері мен салыстырып қарағанда дене шынықтыру мұғалімі спецификалық жағдайларда жүмыс жасайды. Дене шынықтыру психологиясында оларды үш топқа бөледі: психологиялық қысым жағдайындағылар, физикалық ауыртпашылықтар және сыртқы орта факторларына байланысты жағдайлар.
Психологиялық қысым жағдайы:
Сабақтағылардың айғайынан болған шу (әсіресе кіші сынып оқушыларының сабағында), олар үзік-үзік және тоны өте жоғары болуы мен ерекшеленіп, мұғалімнің психологиялық шаршауына әкеліп соғады; бір жас ерекшелігі тобынан екінші топқа ауысу қажет; сөйлеу апараты мен дауыс байланыстарына ауыртпашылық түсіреді; оқушылардың өмірі мен денсаулығына жауапкершілік, өйткені дене шынықтыру жаттығуларында жарақат алып қалу мүмкіндігі өте жоғары.
Физиологиялық ауыртпашылық жағдайы:
Дене шынықтыру жаттығуларын көрсету қажет; оқушылар мен бірлескен іс-әрекетттерді жүзеге асыру (әсіресе саяхаттарға шығу кезінде); дене шынықтыру жаттығуларын жасаушы оқушыларды сақтандыру қажет.
Сыртқы орта факторлары мен байланысты факторлар:
Ашық ауада өткізілген сабақтардың климаттық және ауа райы жағдайлары; спорт залдар мен спорт сыныптарының санитарлық гигиеналық жағдайы.

Ден шынықтыру мұғалімінің іс-әрекеті үнемі педогогикалық міндеттерді шешу мен байланысты.


Педогогикалық міндеттерді шешу бірнеше кезеңдерден өтеді: педогогикалық ситуацияларға талдау жасау, мұғалімнің алдында тұрған міндеттердің шешілу әдістерінің мүмкіндіктері жайлы болжам жасау, ұсынылған әдістердің бағалануы және нақты жағдайларда олардың қажеттерін таңдап алу, қабылданған шешімді жүзеге асыру және оның өтуі жайында ақпараттар жинастыру, ал қажет кезінде және түзету кезінде нәтижелері алынғанан кейін жетістікттердің ретроспиктивті нәтижелерін жоспар мен сәйкестендіру.
Дене шынықтыру мұғалімінің сабақ ұстінде педогоикалық міндеттерді сәтті шешуіне, өз бетімен сабақта психологиялық талдау жасау жүйесін қолдану ұсынылады. Бұл жүйе жалпы педогоикалық және психологиялық дамыту, тәрбиелеу және оқыту принциптеріне сәйкес және бұл үш бағытқа бөлінеді:

  1. Тәрбиелік: оқушының тұлғалық жетілуі, дүние танымы мен адамгершілік қалыптасуы.

  2. Әдістемелік: сабақты талдау (мақсаттарын анықтау оқушының дайындық деңгейіне сәйкес мазмұны мен ұйымдастыру, олардың ақыл ойын дамыту жас ерекшелік және жеке дара ерекшеліктерін ескеру).

  3. Сабаққа жаңа көз қарастар енгізу, топта екі арнаның бірлескен іс әрекетін ұйымдастыру: оқушы және мұғалім бұл сабақ оның ойлау іс әрекетіне, қарым қатынас қабілетіне, жеке дара және психологиялық қасиеттеріне не береді.

Сабақ – мұғалімнің өзіндік педогоикалық біліктілігін, жеке сапасын, қарым-қатынас қабілетін, сөздік ойлау әрекетін, өзіндік санасын жетілдіруге құрал болып табылады.
Сабақтың психологиялық талдауының өзіндік кезеңдері бар, олар мұғалімнің сабақ өткізу кезіндегі іс әрекет формаларына сәйкес: сабаққа дайындалу, сабақты өткізу, аналитикалық талдау жүргізу және мұғалім өзі өткізген сабақты бағалауы.
Сабаққа психологиялық талдау жүргізу келесі кезеңдрден тұрады, олар болатын сабаққа алдын-ала жоспар құрудан басталады. Онда: оқу материалдарының мазмұны, мақсат-міндеттері, әдістері мен оқу құралдары, кәсіби біліктілігінің деңгейі және мұғалімнің жеке психологиялық және тұлғалық сапалары, оқушының жас ерекшелік және жеке дара психологиялық ерекшеліктері, олардың ақыл ойының деңгейі, эмоционалды-ерік және жігерлі ерекшеліктері, оқушылардың қызығушылықтары мен ынталары, олардың іс әрекетіне қатынасы дене шынықтыру жаттығуларына және нақты мұғалімнің, оқушылардың оқу материалын меңгеру қабілеттері ескеріледі. Сонымен қоса спорттық құрал жабдықтарды, өткізетін орындардың деңгейін ескеру өте маңызды.
Бұл сабаққа психологиялық талдау жасау педогогикалық ситуациялар жағдайында жүзеге асырылады. Мұғалім бір сәтте: баланың сабаққа дайындық деңгейін көруі қажет, сабақ барысында оқушылардың тәртібін бақылау қажет, оқушының психо-физикалық жағдайын байқауы қажет, тәрбиеленушілердің өз сұрағына реакциясын дұрыс қабылдауы қажет, ескертулер, бұйрықтар мен өтініштерді тыңдауы қажет, оқушылардың сұрақтарын мұқият тыңдау, жауаптарын тыңдау, сабақтағы топ мүшелерін көзінен тайдырмай ұстау, оқу материалын терең түсінуін қамтамасыз ету, екйбір оқушылардың оқу үлгерімінің ерекшелігн ескеру (өте жақсы, жақсы, орташа, төмен) деп бөлу, мінез құлықтарының қырларын аңғару, қызығушылықтарын, қабілеттерін ескеру, өз іс әрекеті мен оқушылардың арасындағы іс әрекетінің байланысын бақылау.
Ақпаратпен негізделген жобалық сабақтан алынған ретроспективті кезең тәжірибелік жүзеге асырудан құралған. Оның мазмұны – салыстырмалы сараптау, берілген тапсырманың нақты бағасы, әдістері мен амалдары, сабақта жүрггізілген тәжірибелік істердің теориялық айтылғандардың түсіндірмелері кіреді. Мұғалім өткізілген сабақтың жетістіктері мен жетіспеушіліктерін байқап, оның әлсіз жақтарын түзету қажет.
Сабаққа психологиялық талдау жасауды дене шынықтыру мұғалімінің педогогикалық іс әрекетінің құрамдас бөлігі ретінде санап, оған сүйеніп өзінің жобалық перцептивті-ревлексивті қабілеттерін дамытып отыру қажет. Бұндай талдаулар мұғалімнің негізгі механизмдерін реттеуге, өз өзін бақылауға және өз өзін дамытуға әкеледі.
Дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби шеберлігі көп жағдайда оның педагогикалық қызметке деген қабілеттерімен анықталады, олар келесі топтарға бөлінеді:

  1. Дидактикалық қабілеттер – ол оқу материалын балаға түсінікті етіп жеткізе білу. Нақты топтағы оқушыларға оқу материалын анық түсінікті етіп жеткізе білуі қажет, олардың сабаққа қызығушылығын оята білуі, оқу іс-әрекетіне деген белсенділігі мен өз беттілігін оятуы керек. Бұл қабілеттер мұғалімнің түсініксізді – түсінікті етіп, қиынды – жеңілдетіп, күрлеліні – жайландыруға, оқу материалын бейімдеуге, қайталап құруға деген талаптарында жатыр.

  2. Акдамиялық қабілеттер – берілген ғылымға сәкес болу қабілеті (оқу пәніне). Дене шынықтырудың қабілетті мұғалімі өз пәнін тек оқу курсы ретінде ғана емес сонымен бірге терең және кең ауқымда біледі. Ол ғылымдағы жаңалықтармен үнемі танысып өзі ізденушілік жұмыстарымен шұғылдануға тырысады.

  3. Перцептивті қабілеттер – бұл оқушының ішкі әлеміне бойлап, психологиялық бақылап, оның психололгиялық жай күйін және тұлғасын түсіну мен байланысты.

  4. Сөйлеу қабілеті – бұл өзінің ойын, сезімін сөйлеу мимика, пантамимика арқылы анық жеткізу қабілеті. Бұл кезде мұғалім өзі айтып тұрған сөзге қызығушылық білдіріп, сенім білдіруі маңызды күш береді.

  5. Ұйымдастырушылық қабілеті – бұл оқушыларды ұйымдастыра білу, олардың ұжымын қалыптастыру, оқушыларға оқу тапсырмаларын шешуге жігерлендіру. Сонымен қоса бұл өз іс әрекетін де ұйымдастыра білу қабілеті.

  6. Авторитарлы қабілеті – бұл оқушыларға эмоционалды, ерікті әсер етіп олардың алдында өз дәрежесін көрсету қабілеті.

  7. Қарым-қатынас қабілеті – бұл оқушыларға дұрыс қатынас таба біліп қарым-қатынас жасау, тығыз байланыста болу, педогогикалық іс әрекетін жүзеге асыру мақсатында олар мен өзара қарым-қатынасқа түсу.

  8. Педогогикалық қиял – бұл педогогикалық іс әрекеттің нәтижесін алдын-ала көре білу қабілеті: тәрбиеленушілердің бойында қандай да бір қасиеттің дамығандығын болжау, оқушының қандай болатындығына көз жүгірту.

  9. Аттенционды қабілет – бұл өз зейінін бір уақытта бірнеше іс әрекетке бөле білу қабілеті. Мұғалім оқу материалының мазмұнының формасына, құрамына көңіл бөле отырып, өз ойын айта тұрып барлық оқушыны көз алдында ұстауы қажет, шаршанқылық, зейіннің бөлінуін бақылап, тәртіп бұзушыларға көңіл бөліп, өз мінез құлығын да бақылауда ұстауы қажет. Және де бұлар мұғалімнің зейін бөлетін объектілерінің жартысы ғана.

Дене шынықтыру мұғалімінің шеберліктері конструктивті, ұйымдастырушылық, қарым-қатынасшыл, гностикалық, жеңіл қозғалатын болуы керек деп бөлінеді.
Конструктивті шеберлік мұғалімге өз іс-әрекеттерін жоспарлауға көмектеседі. Оларға: оқу материалдарын таңдап жазу, алдын-ала және ағымдағы жоспарлар жасай білуі, спорттық құралдар мен керек жарақтарды жөндеу жатады. Ерекше маңызды шараның бірі – жоспарға түзетулер мен толықтырулар енгізе білу болып табылады.
Ұйымдастырушылық шеберлікке алға қойылған мақсаттар мен жоспарларды жүзеге асыру жатады. Мұғалім оқушылардың және өзінің іс-әрекетін ұйымдастыра білуі керек.
Мұғалімнің оқушылармен, ұжымымен, ата-аналармен қарым-қатынас жасауы, қоршаған ортамен өзара байланыс орната білуінің барлығы қарым-қатынас шеберлігі болып табылады. Бұндай шеберлік үш топқа бөлінеді: өзіндік қарым-қатынас, дидактикалық және ораторлық.
Өзіндік қарым-қатынас шеберлігі адамдармен қарым-қатынас жасау, олармен байланысқа түсуінен байқалады. Дидактикалық шеберлігі оқушылардың санасына оқу материалын түсінікті етіп жеткізе білуі кіреді. Дидактикалыққа дене шынықтыру жаттығуларына деген қызығушылықты оятып, өзінің оған деген қызығушылығын баларға жеткізіп, өзінің педагогикалық әсер етуіне болжау жасау болып табылады. Ораторлық шеберлік ең алдымен сөйлеу мәдениетін терең меңгеруге әр-бір педагог маман ұмтылуы қажет.
Гностикалық шеберлік жеке оқушылар мен барлық сынып ұжымының мұғалімді түсініп қабылдауы мен байланысты, мұғалімнің өз іс-әрекетінің тәтижелері мен педогогикалық ситуациялары анализіне байланысты. Гностикалық шеберлік перцептивті қабілеттерге бағытталады: бақылау жасау, қалпына келтіру шеберліктері ұштасады. Оған оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттер мен кәдімгідей зерттеу жүргізу шеберлігі және солардың нәтижелерін сараптау кіреді.
Қозғалыстық шеберлік, мұғалімнің өзінің дене жаттығуларын орындай алуы көрсетеді. Қандай да бір дене жаттығуын дұрыс көрсете білу оқушылардың оқу іс-әрекетінің тиімділігін анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге мұғалімнің қозғалыс шеберлігіне қорғаныс жасау және спорттық құрал-жабдықтарды жөндеу кезінде қажетті шеберліктердің болуы кіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет