Дипломдық ЖҰмыс 5В010800-Дене шынықтыру және спорт Шымкент, 2017


Дене шынықтыру сабағың ұйымдастырудың әдістемесін жетілдіру



бет15/35
Дата16.03.2022
өлшемі0,51 Mb.
#136035
түріДиплом
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   35
Байланысты:
Айтилеуов Сакен

3.2 Дене шынықтыру сабағың ұйымдастырудың әдістемесін жетілдіру


Сауықтыру міндеттері. Білім беру міндеттерімен қатар мұғалім сауықтыру міндеттерін де шешіп отырады. Мұғалім ол үшін сабақ үстіндегі қолданылатын спорттық жаттығулардың айналысушылардың организмдеріне қолайлы әсер етуіне бағытталған бір қатар шараларды жүзеге асырады. Бұл бағытта сабақ жүктемелерінің дұрыс мөлшерленуінің, сабақты өткізуге қойылатын гигиеналық талаптардың орындалуының, олардың таза ауада ұйымдастырылуының, оқушылардың спорттық киімдеріне қойылатын талаптардың орындалуының үлкен маңызы бар.
Әр жаттығуды орындау кезінде негізгі көңілді айналысушылардың тұлғасына (осанка) және тыныс алуына бөлу керек. Жаттығуларды орындау кезіндегі қажетті қабылданған дене қалпы мен дұрыс тыныс алуынан сауықтыру тиімділігімен қатар жаттығуларды дұрыс меңгеруіде артады.
Сауықтыру міндеттерін шешу, денсаулықтарына байланысты арнайы медициналық топтарға көшірілген, дене жүкткмелерінен уақытша босатылған, сырқаттарына байланысты бірнеше сабақты жіберіп алған оқушылармен өткізілетін сабақтың ұйымдастыруна ерекше талаптар қойыдады. Бұл оқушыларға ерекше көңіл бөлінуі керек.
Сауықтыру міндеттерін шеше отырып, оқушылар организмдерінің күйін бақылаудың және бағалаудың әдістеріне үйренеді. Бұл дене жаттығуларын өз беттерімен қолдануға үйретуде де маңызды орын алады.
Сауықтыру және білім беру міндеттерін қатар жүзеге асыра отырып, мұғалім оларға деміл-деміл назар аударады, талдайды және сабақтың өткізілу жоспарына енгізіп отырады. Мысалы, ол мүсіннің (осанка) күйін, табаннаң қалпын, жаттығуларды орындау кезіндегі тыныс ала алуын тексеруіне болады. Жекеленген сабақтарда табанға және мүсінге арналған жаттығулар үйретіледі, олардың орындалу сапасы тексеріледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет