Тәрбиелік міндеттері. Оқушының жеке тұлға болып қалыптасуына дене шынықтыру сабағының ықпал етуіне үлкен мүмкіндігі бар. Бұл мүмкіндіктер сабақтың құрылымында жатыр, егер мұғалім осы процессті дұрыс басқара алса, тәрбиелік міндеттерді қойса, онда ол жағымды нәтижелерге қол жеткізеді, ал егер осы процесс «аяқ асты» жүргізілсе, онда керісінше құбылыстыда күтуге болады.
Сабақтардағы жүргізілген бақылау нәтижелері көрсеткендей, кейбір мұғалімдер оқушылардың психологиялық дайындықтарына қажетті көңіл бөлмейді.
Осы жерде оқушыларды берілген тапсырмаларды орындауға және өз күйлерімен ерікті басқара алуға жұмылдыру негізгі орынға қойылуы керек. Мысалы, жоспарланған жүктемені орындауға еріктілікті бағыттау, кездесетін шаршағандық пен қорқынышты жеңуге күш-жігерді жұмылдыру.
Дене шынықтыру сабақтарындағы негізгі орынның бірі оқушыларға дене жетілдіруіне деген сұранысын қалыптастыруға бөлінеді.
Сұраныс – ол жеке тұлғаны белгілі бір әрекетке қызықтыратын, өмір сүрудеге керек қажттілігін мінездейтін психологиялық күй (жағыдай). Осыған орай оқушыларға, тәрбиелеу прцессінде өз іскерліктері мен денсаулығын нығайту мақсатында дене жаттығуларымен айналысуға тұрақты сұраныс туғызатындай күй қалыптастыру қажет.
Білім, іскерлік және дағдыларды ала отырып, оқушылар бір бірімен, мұғалімдермен араласады. Өз-өздеріне, пәнге, еңбекке, заттарға деген көзқарастары қалыптасады. Бұндай қарым-қатынастар өте көп, және олар мұғалімнін тұрақты назарында болуы керек. Мұғалім оларды байқайды, түзетеді, қадағалайды, дұрыс ағынға қарай бағыттайды.
Осы қарым-қатынастарды жоспарлау керек, бірақ мұғалім оларды балалардың жағымдылық дамуына пайдалану мақсатында, оқушылардың сабақтағы аяқ асты туындай қалған мінез-құлқы түрлеріне тиісті назар аударуы тиіс.
Спорттық педагог балалардың табиғатқа деген немғұрайды көзқарастарына, киімдерінің салақтығына, оқушылардың сәтсіз орындаған жаттығуларына балағаттау және сын сөздер айтуға жол бермейді.
Дәстүрлі сабақ түрлерінің өте үлкен тәрбиелік маңызы бар, оқушыларға белгілі бір талаптар қоя отырып, мұғалім оларды үнемі қөзінен тасақалдырмауы тиіс. Ол талаптар мыналар:
сабаққа тиянақты дайындалу, сабақ үстіндеге еңбекке силасымдылық таныту, сабаққа бөлінген уақытқа үнемдеушілікпен және жауапкершілікпен қарау;
сабақ үстіндегі еңбектік тәртіпті жетістікпен бірігіп атқарылатын қызмет ретінде сақтау;
өзара силасымдылықтың көрінісі ретіндегі қарым-қатынастардағы этикалық нормаларды, оқытудың тиімділігін арттыру мақсатында сақтау;
ұжымдық көрініс түрі ретінде, өзара бақылау мен өзара көмек көрсетуді ұйымдастыру;
қоғамның құндылығы ретінде құрал-жабдықтарға, спорттық қондырғыларға қамқорлықпен қарау;
ұжымдық әрекеттерді жетістікпен орындау мақсатында, сапқа тұру және қайта тұру бұйрықтарын нақты орындау;
өзіне өзі қызмет көрсетудің ұжымжық әрекеттері ретінде, сабақтың өткізілу орынын даярлауға, снарядтарды қондыру тмен жинауға қатынасу;
өз ұжымының жетістіктері мен сәтсіздікткріне деген патриоттық және жауапкершіліктің сезімнің көрінісі ретінде, біркелкі киім мен белгілердің (эмблема) болуын талап ету;
гуманизм қағидаларының көрінісі ретінде, жолдастарының сәтсіздіктеріне күлуге қатаң тиім салу.
Дәстұрлерді енгізудің колайлы сәті ең алғашқы сабақтар болып саналады. Оқушылар мұғалімнің айтқан кезкелген ұсынысын қабылдауға дайын болады. Дәстүрлер болғандықтан балалар оларды бұзуы мүмкін, дегенмен мұғалім өз уақытында түзетіп отырған жағыдайда нақты табыстарға қол жеткізуге болады. Сонымен, тәрбиелік мақсаты қойылған кезде ғана, сабақ тәрбиелейді. Дегенмен, бір сабақ барысында тәрбиелік мақсатқа қол жеткізу мүмкін емес, себебі жеке тұлғалық қасиеттер бір тәрбиелік акт кезінде қалыптаспайды. Көпжылдық тәжірибе көрсеткендей, оларды қалыптастыру үшін оқушылар арасында міндеттер әділеттілікпен бөліген, қойылған талаптар қатаң орындалған, тапсырмалардың орындалуын қатаң кадағалап және бағалап отыру жағыдайында 6-8 сабақ барысында бірнеше реттен қайталау керек.
Қатарынан бірнеше сабаққа қойылған мақсатқа, бірқатар міндеттерді шешу арқылы қол жеткізуге болады. Сонымен, міндеттер мақсатқа жету жолындағы кезеңдер болып табылады.
Егерде, мысалы, мұғалім оқушылардың адамгершілік қасиетін дамытуға мақсат қойса, онда оған бірқатар міндеттерді ретімен шешуге тура келеді: балалардың санасында жолдастарының бойындағы жақсы жақтарына деген қызығушылықтарын ояту, жолдастарының сәтсіздіктеріне күлмеуге дағдыландыру, бір-бірлеріне жалпы жанашырлық жағыдайларын туғызу, сабақ үстінде бір-біріне көмекке келу ережесін енгізу. Балаларды тиянақтылыққа дағдыландыра отырып, олардың спорттық киімдеріне, аяқ киімдеріне, шаштарына, сабақтың өткізілу орынына, құрал-жабдықтарға бірқатар талаптар қою керек. Осымен бірге жағымдылық және эстетикалық тәрбие міндеттеріде шешіліп отырады.
Сабақтың тәрбиелік мүмкіндіктері оқулық материалдардың мазмұнынан туындайды. Саптық жаттығулар, бірлескен әрекеттер, ұйымшылдық пен тәртіптілікті қалыптастырады. Ойындар балалардың араласуына белсенді ықпал етеді, яғыни жолдастыққа және көпшілдіке баулыйды. Қозғалыс ойындарының тәрбиелік мүмкіндіктері, ойындардың мазмұнына байланысты. Мысалы, «Аударыспақ», «Ақ сандық-көк сандық» ойындары ұстамдылықты және ізеттілікті тәрбиелейді.
Өткендегі және қазіргі кездегі қазақ батырлары мен спортшыларының жасаған ерліктері туралы әңгімелерді, ақпараттарды оқушыларға жеткізіп отырудың үлкен тәрбиелік мәні бар. Бұндай ақпараттарды беру кезінде, сабақтың жалпы құрылымы бұзылмауы керек.
Әр сабақтың басынан аяғына дейін сауықтыру және тәрбиелік міндеттерімен тығыз байланыса отырып, білім беру міндеті де қатар шешіліп отырады. Кейбір жағыдайларда олар жеке, өз тұжырымдамасымен және сабақтың өткізілу жоспарына енгізіліп қолданылуы мүмкін.
Көпжылдық еңбек тәжірибесі бар мұғалімдердің сабақтары өздері қойған мақсатқа жетуге оқушыларды талпындырумен ерекшеленеді. Бұл үшін мұғалім сабақтың мақсатын жариялау кезінде оқушылардың барлығын оның шешіміне жетуге қызықтырады. Оған оқушылардың талаптарына сай құрылған сабақ мақсатының қойылуы көмектеседі. Мысалы, футбол секциясына қатысатын бір топ балалар, сабақта домалау әдісін үйренеді. Мұғалім сабақтың міндеттерін қою кезінде, осы әрекеттің маңыздылығын футболшының шеберлігінің өсуімен байланыстырады.
Міндеттерді қою барысында оқушыларға оларды шешудің жолары туралы нақты мәліметтер беру керк. Бұнымен мұғалімнің қойған міндеттерін және оқытудың жалпы мақсатын шешуге бағытталған тапсырмаларының барлығын орындау кезінде, оқушылардың саналылық және белсенділік қасиеттері қалыптасады. Егерде қойылған міндеттерді әр түрлі амалдармен шешуге болатын болса, оларға ат беріп және оқушыларға өздеріне тиімді нұсқасын таңдап алуға мүмкіндік жасау қажет. Бұны әсіресе үлкен сынып оқушыларымен жүргізілетін дене шынықтыру сабақтардағы жұмыстар кезінде пайдаланған жөн.
Қойылған міндет бөлінген уақыттың ұзақтығына сәйкес болуы шарт, және тұжырымдамасы оқушыларға оның шешімін бағалай алатындай түсінікті болуы керек.
Міндеттерді қою кезінен-ақ мұғалім сабаққа тәжірибелік маңызы бар пәндерді таңдай отырып пәнаралық байланысқа жүгінеді. Көп жағыдайларда дене шынықтыру мұғалімі оқушылардың білімдерін қимылдардың маңызын және олардың организмге әсер етуін түсіндіруде қолданады.
Әр сабақта дене шынықтыру мұғалімі көптеген міндеттерді шешеді, дегенмен негізгі көңілді осы сабақтың негізгі міндеттеріне бөледі. Сабаққа бұндай, үйретумен байланысты міндеттердің екеуі-үшеуі кіргізілуі мүмкін. Осыларды мұғалім сабақтың басында жариялайды. Осы жерде сабақтың сауықтыру және тәрбиелік маңыздылығы аталып өтуі керек. Мысалы, оқушыларды екі жақты ойынға бағыттай отырып, мұғалім жеңіске жетудегі ұжымдық әрекеттердің маңыздылығын естеріне салады.
Сабақтың міндеттері, оларды қою және оқушылардың санасына жеткізу дене шынықтырун жұмыстарын ұйымдастырудың басқада формаларымен, әсіресе оқушылардың өз бетімен жасалатын жұмыстарымен тығыз байланыста болуы керек.
Қорытындысында мұғалімді сабақтың міндеттерін қоюда немқұрайдылық танытудан сақтандыру қажет. Сабақтың міндеттерін оқушылардың санасына жеткізу кезінде олардың жас және жыныстық ерекшеліктері қатаң ескерілуі керек.
Сабақтағы немқұрайды қойылған міндеттерге оқушылардың сол сабаққа немқұрайды жауап қайтаратындығын әр мұғалім есінен шығармауы керек.