Химия мамандықтары әлемі
Мамандық таңдау – адам өміріндегі ең маңызды қадамдардың бірі. Өйткені адам тағдырының бір бөлігі таңдаған мамандығымен ұштасып жатады Мамандық таңдаудың екі жолы бар. Бірінші – бұл байқау және қателесу әдісі: адам соқыр сезімге беріліп, әртүрлі салаларда жұмыс жасап көреді, өзінің өмір сүруіне қажетті және рахатын табатын іс тапқанша. Бұл, әрине өте қиын да ұзақ уақытты керек етеді, себебі он мыңдаған мамандықтың түрі бар. Екінші – мамандық әлемін әртүрлі әдістермен зерттеп көру. Волонтерлік қызмет атқару, әскер ойындар ойнау, өзіңнің ой – өрісіңді әр түрлі жаттығулар арқылы Әлемде 10 мыңнан аса мамандық бар. Ал оған арнаула мамандықтар мен басқаша да қосымша маман түрлерін қосып санағанда 50 мыңнан асады. ол үшін мамандық әлемін оқып – үйрену керек. Мамандық алудың 5 баспалдағын жоспарлау керек:
1. Арман (тілек)
2. Көз жеткізу (қажеттілік)
3. Жоспарлау
4. Әрекет
5. Игеру
Мамандық сенің денсаулығыңа, физиологиялық және психологиялық күйіңе, біліміңнің сапасы мен деңгейіңнің дайындығына байланысты екенін шығарма. Сондықтан да мамандық таңдар алдында «Мен жасай аламын ба, қабілеттімін бе?» деген сұраққа жауап беру керек. 1.Ең бірінші оқушы өзіне деген сенімін және өзін – өзі құрметтей білуі керек. 2. Өзіңіздің шын тілегіңізді аша біліңіз. Өзіңізге сұрақ қойыңыз: «Шынымен маған не қажет?», «Қайда жұмыс жасағым келеді?», «Кім болғым келеді?». 3. Мамандық алу және маман болу үшін көп нәрсені үйренуің керек. мамандықтардың талаптары туралы білуге, содан соң жеке қасиеттеріңмен сәйкестендіру, яғни кәсіби жоспар жасау.
4. Өзіңнің мамандануыңдағы ең басты да түпкі жетістігіңді анықта. (Қазіргі замандағы мамандықтардың маңызы не? 5.Кез келген жағдайда мамандық әлемінде қажетті болу және өмір сүруге не керек? Кез келген арманды іске асыра біл. 6. Сізге, мемлекет үшін де, қоғам үшін де – компьютерлік сауаттылық, тілдер білу және адамдармен тіл табысып, оған қоса өзіңді жақсы білуің керек. Бес қадам маңызды жолдағы дұрыс қадам – қоғамда сіздің қажетті болуыңызға және арманыңыздың орындалуына себебін тигізері сөзсіз.
- Атақты ғұлама Әл – Фараби айтқандай
Ісім оңсын десеңіз,
Сол істің маманы болыңыз.
Даңқым шықсын десеңіз,
Көпшіліктің адамы болыңыз.
Әлемде 50 мыңға жуық мамандық бар екен және жыл сайын оған 500 - ге тарта жаңа түрі қосылып отырады екен. Олардың ішінен өзімізге қажеттісін қалай таңдауға болады? Біз олардың қаншасы туралы білеміз? Мамандық таңдауда нені бағдар ретінде алуға болады? «Мектеп бітіргеннен кейін кім боласың?» деген сұрақтарға мектеп оқушыларының көбісі нақты жауап бере алмайды. Шындығына келгенде мамандық таңдау мәселесі әсіресе біздің қоғамымыз нарықтық қатынасқа көшіп отырған жағдайда өте күрделі мәселе.
Мамандық - қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.
Әлемде 40 мыңға жуық әр түрлі мамандықтар бар. Статисттердің зерттеуі бойынша жыл сайын 25 млн адам өзінің жұмыс орнын ауыстырып, оның 12 %- і қайтадан өз орнына қайтып оралады екен. Бұдан мамандықты таңдауда әр маман қателесіпті деуге бола ма? Әлде өзінің болашақтағы профессионалды қызметіне жан - жақты дайындалу керек шығар? Қоғамға, адамдарға пайдасын тигізетін мамандықтарды қалай таңдауға болады?
Мамандық дегеніміз не?
• - Біздің болашағымыз – біздің мамандығымызда;
• - адамның болашаққа апаратын жолы;
• - адамның алдағы уақытқа қойған мақсатының бірі;
• - мамандық бойынша адам жұмыс істейді;
• - оқуды бітіргеннен кейін таңдайтын мамандық;
• - ол белгілі бір кәсіпке ие болу бейіндігі, ұнату, таңдау, арманыңды іске асыру;
• - мамандық сөзі ол жұмыспен сипатталады;
• - келешекке қойған жоспары, мамандығын ойдағыдай бітірсе, игерсе сол
• - адам жаны қалаған қабілеті бар кәсіпкерлік жұмыспен айналысады.
Мамандық дегеніміз не?
Кәсіп, Сүйікті іс, Шығармашылық, Қызығушылық, Еңбек көзі
«Мамандық» сөзіне анықтама беру.
Профессия - латын сөзінен шыққан, “professio”- анықталған іс, мамандық дегенді білдіреді.
Мамандық - қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.
Мамандық таңдау - тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау.. Бұл өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Сондай - ақ өз мамандығының 10 - 20 жылға дейін өз сұранысын жоғалтпауына көңіл бөледі.
.
Мамандық таңдау жасөспірім шақтағы ең маңызды шешімдердің бірі. Үлкен өмірге енді ғана аяқ басқан жас ұланның алдында мыңдаған мамандықтан өзіне лайықты біреуін таңдау міндеті тұрады. Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез - келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың жолы ғана емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе. Кейбір жастар мамандық таңдау ережесін білмегендіктен өзі қызықпайтын мамандықты таңдайды. Осыдан өз мамандығына қанағаттанбаушылық, реніш сезімдері болып, тіпті алдарына жоспар да құрғысы келмейді. Әрбір адам өзін - өзі дамыта алу үшін білім алып, сол біліміне сай мамандыққа машықтану керек
Мамандық таңдау - өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Қазіргі таңда мамандықтың түрі көп. Таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы - адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдау жасаған адам ғана жетістікке жетеді.Ал химия пәнін таңдаған оқушылар қандай мамандыққа ие болады?Қазіргі таңда химиясыз өмір жоқ.Қоршаған орта ауа,су,жер киім,тамақ бәрі-бәрі химия.Сондықтан бұл салада мамандықтар өте көп деп айтуға болады.Олар: фармацефт,технологтардың түр-түрі,химия мұғалімі,эксперт,
1. Сен болашақ мамандығыңды таңдадың ба?
2. Қандай мамандық таңдайсың?
3. Таңдаған мамандығың жөнінде не білесің?
4. Мамандығыңның өзіндік ерекшілігі?
5. Бұл заман талабына сай ма?
6. Бұл мамандығының еңбек нарығында қажеттілігі.қандай
7. Мамандықты қай оқу орнынан аласың?
- Адам өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу керек деп ойлайсыңдар?
- жақсы маман болуы үшін адам нені білуі және нені үйренуі қажет?
- Сен қандай маман болуды армандайсың? Неліктен?
- Адам өзін белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындауы керек деп ойлайсыңдар?
- Адам бірнеше мамандықты меңгерсе, оның өмірі қандай болады деп ойлайсыңдар?
- Қай уақытта адам өз еңбегінің жемісін көре алады?
Қазіргі заманғы жоғары білімі бар маманға қандай талаптар қойылады?
Жауаптар:
- Компьютерді білу;
- Бірнеше тілді, ағылшын тілін білу.
- Адамдармен қарым-қатынас жасай білу.
- Өз тауарын, қызметін өткізе білу.
- Тез шешім қабылдап, бастамашылық жасау.
- Үнемі білім алуға, қайта оқуға бейімділік.
«Адам өз өмірінде екі нәрсені таңдауда қателеспеуі керек: біреуі – жар таңдау, екіншісі – мамандық таңдау» деп М. Мақатаев атамыз айтқандай, мамандық таңдау – жасөспірім кездегі адам өміріндегі ең маңызды шешімдердің бірі. Бүгін біздер өз қабілеттерімізге қарай мамандық пен бағдар таңдауда алғышарт жасадық. Бүгінгі кездесуге келген қонақтарымызға рахметімізді айта отырып, кешіміз сіздердің болашақта қай бағдарда оқитындарыңызды, өз қызығушылықтарың мен қабілеттеріңе сәйкес келетін мамандықты анықтауға, кейбіреулеріңізге өз таңдауларыңызды жасауға үлкен септігі тиді деп ойлаймын.
Абай атамыз айтқандай «болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды сүйсеңіз. Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз» дегендей алға ұмтылып арманымызға жетіп, мамандық иесі болайық.
Егеменді еліміздің ертеңі — маман иелері болуларыңызға тілектестігімді білдіремін!
Психологиялық сәт: «Психогеометрия»- өзін - өзі тану:
Оқушылар өзіңе ұнаған геометриялық фигуралардың кез - келгенін таңдауы тиіс. Әр фигура қандай да бір адам бойындағы қасиетті, қабілетті білдіреді. Әрқайсысымыз өзімізді танып көрелік.
Квадрат. Сенде төзімділік, шыдамдылық, еңбекқорлық дамыған. Өз айналана адамдарды жинап ұйымдастыру, реттеу және жүйелеу қабілетін баршылық. Сенен үздік администратор шығады
Зигзаг. Сенде әсемдікті көре білу қабілетін жоғары қалыптасқан, сондай - ақ шығармашылық қабілетін, ой - өрісін дамыған. Сенде табиғи өткір ойлылық бар, өз айналаңа қабілетті адамдарды жинай аласың. Сені шаблондар, ережелер, нұсқаулар қызықтырмайды. Бастаған істі аяқтауға төзімділіктің жоқтығы бөгет жасайды.
Шеңбер. Сенде адамгершілік жоғары дамыған. Сен өз әріптесінді тыңдай аласың және оның қайғысы мен қуанышын бірге бөлісесін, басқаның ауарпатылығына жәрдемдесу қабілетін жоғары қалыптасқан. Саған жеке адамдар арасындағы кикілжіңдер тән емес, өзіңді олардан аулақ ұстайсың Сенен үздік психолог шығуы мүмкін.
Үшбұрыш. Саған басқарушылық қасиет тән. Өз көздеген мақсатына қол жеткізуге барлық мүмкіншілігіңді жасайсың. Өзіңе сенімдісің және жеңіске, жетістіктерге, ұтыстарға оңай қол жеткізесің. Айтқаныннан шықпайсың, абыройлысың. Сен қоғамда, өмірде жоғары жетістіктерге қол жеткізесің, жұмысыңда жоғарыға көтерілуге бейімділігін бар.
XIX ғасырдың басында (ал Либих гимназияны 1819 жылы аяқтаған) химик мамандығы танымал және беделді мамандық болмаған. Бірақ, химияның арқасында адамзат металдар ғасырына жетіп, таптырмайтын басқа да материалдарға қол жеткізді. Ойланып көрсеңіз, айналамыздағы пайдаланып жатқан материалдардың барлығы дерлік химиктердің арқасында. Химия арқылы маталар, киімдер, аяқ киімдер, жиһаз, ыдыс-аяқ, жуғыш және жарылғыш заттар, бояулар, құрылыс материалдары, косметика, электротехника, тасымал құралдарының барлық түрлері және тағы да басқа қажетті, пайдалы заттар шығарылады. Химияның деңгейін М.В. Ломоносовтың сөздері айқын көрсетеді: «Адам өмірінде химия қолын кең жайған».
Ал химик болса әлемді өзгертуде. Химик қарапайым минералды шикізаттан жаңа заттар және композитті материалдар шығарады, табиғи құрауыштарды адамға қажетті жүздеген, мыңдаған заттарға айналдырады. Қазіргі таңда адамзатқа 10 млн-ға жуық химиялық қосындылар белгілі, ал сіз тұңғыш ашушы болып бұл көрсеткішті арттыруыңызға болады.
Сізден химик шыға ма?
Бәлкім тап қазір химиямен өз өміріңізді байланыстыру қажет пе, бұл салада керемет жетістіктерге жетуге қажетті қабілеттерім бар ма деген мәселелерді ойластыруда шығарсыз. Академик Д.А.Эпштейн химик болу үшін екі нәрсе қажет деп сенген «химиялық бас» + «химиялық қол». Оны қалай түсінуге болады? Адамда логикалық, ассоциативті және бейнелі ойлауы жақсы деңгейде, абстракциялаушылық және жинақтаушылық қабілеттері, терминологиялық жады болса, ода «химиялық бас» бар деуге болады. (Бұл қасиеттерге ие адам кез-келген жаратылыстану ғылымында – биология, физика немесе географияда жетістікке жете алады.)
Бірақ нағыз химик болу үшін – заттар мен олардың айналу процесстеріне және олармен жұмыс істеуге деген қызығушылық болу қажет. Химиялық ойлаудың ерекшелігі зат туралы бейнелі және модельді ойлау және микроәлем деңгейінде айналуларды елестете білуде. Осындай ойлау қабілеті бар адамда, сонымен қатар, қолдары ұқыпты, сезімтал болса – онда ол туа біткен химик-синтетик немесе аналитик деген сөз.
Танымал химия кемеңгерлерінің өмірбаяндарын қарастырған кезде, балалық шақтарында заттардың айналу үрдістері олардың қызығушылығын тудырған. Д.И.Менделеевтің балалық балалық шағы әйнек зауытында өткен болса, Ю. Либих әкесінің дәріханасында дәрілердің қалай жасалатынын аса қызығушылықпен бақылаған, В. Оствальд фотосуретпен айналысқан, оны әсіресе айқындағыш, бекіткіш ерітінділері және қағаз бетінде суреттің шығу үрдістері аса қызықтырған.
Үш жол
Химик болуды шешкен адамға білімді негізгі үш бағытта алуға болады, таңдаған бағыт болашақ жұмыс орныңызды да анықтайды.
Ғылыми қызмет
Нақтылы химия білімін классикалық университеттің химия факультетінде алуға болады.
Мұндай маман иесі өз мүмкіндіктерін химик-зеттеруші ретінде жүзеге асыра алады.
Егер сізді ғылыми зерттеулер қызықтырса, химиямен қосымша айналысқанды ұнатсаңыз, химиядан олимпиадаларда жетістіктерге қол жеткізіп, адам өмірінде химияның алатын орны ерекше деп түсініп, нобель сыйлығы туралы армандайтын болсаңыз, бұл қызмет саласы сізге арналған.
Болашаққа үлкен үмітіңіз бар. XXI ғасырда шешілуі қажет болған 14 негізгі қолданбалы мәселелердің ішінде (2006 жылғы АҚШ-тың Ұлттық инженерлік академиясының есептемесі бойынша) үшеуін шешу міндеті химиктерге жүктелген.
Зерттеуші-химикке жоғарыда айтылған «химиялық бас» + «химиялық қол», ақиқатқа жетуге деген құштарлық және зерттеу жұмыстарына деген қабілеттілік қажет болады.
Заманауи химиялық зертханалар көптеген күрделі құралдармен жабдықталған, бірақ оған қарамастан зерттеуші-химик қолмен жақсы жұмыс істей білу керек.
Еңбектің негізгі жемісі – ғылыми ақпараттың жиналуы, ғылыми журналдарға шығу, патент.
Егер сіз химиямен ғылыми тұрғыдан айналысқыңыз келсе, жұмыс орны ретінде ЖОО зерттеу зертханалары мен ҒЗИ (ғылыми зерттеу институты) сізді күтеді.
Педагогика
Педагогикалық химиялық білімді классикалық университеттің химия немесе биология факультеттерінен алуға болады, сонымен қоса педагогикалық институттың химия немесе биология-химия факультетінен алсаңыз болады. Мұндай оқу орнын бітірген маман мектепте химия пәнінен сабақ бере алады немесе училище мен техникумдарда химияны оқытуына болады.
«Химиялық бас» және «химиялық қолмен» қатар педагогикалық қабілет қажет, себебі бұл жағдайда алдымен «адам-адам» қарым-қатынасы бірінші орында, кейін ғана – «адам-зат» және «адам-табиғат».
Химия пәнінің оқытушысы ретінде, оқытушы мамандығын ұнатсаңыз (қазіргі мұғаліміңіздің орнына өзіңізді қойып көріңіз) балаларды және табиғатты жақсы көріп, мектепте химия пәнінен мадақталсаңыз бұл мамандықты таңдауыңызға болады.
Оқытушының негізгі еңбегі – химияны оқыту, еңбегінің негізгі жемісі – оқушылардың химиялық білімдерін және экологиялық мәдениеттерін көтеру болып табылады. Ескеретін жағдай оқытушы қызметінде жүрген химиктің қауіпті заттармен түйісуі ең аз, яғни жарақат алу қатері немесе уақыт өте созылмалы ауруға душар болу қауіпі жоқ.
Технолог
Технологиялық химиялық білімді мамандарды техникалық ЖОО-ның химия-технология факультеттері шығарады.
Ол жерде білім алған маман химия өндірісінде инженер-технолог жұмысын атқара алады.
Технологтың негізгі атқаратын қызметі – «адам-техника» және «адам-зат», техникалық ойлау, өнертапқыштық қабілеттер де артықшылық етпейді, жұмыс орындары – зауыттардың цехтары және өндірістік зертханалар (жұмыс ғимаратта немесе «химиялық микроклимат» жағдайында ашық ауада).
Химик-технолог мамандығы пластмассаны өндіру және өңдеу өндірістерінде, лак және бояу, тыңайтқыш жасау өнідістерінде, мұнай химиясы зауыттарында сұранымға ие.
Химик-технологтың негізгі жұмысы берілген қасиеттер бойынша жаңа құрам дайындау, ұтымды шикізатты зерттеп, таңдау, жаңа өнімдерді шығару технологияларын енгізіп ол үрдістерді қадағалау, алынған заттардың қасиеттерін зерттеп олардың сапасын арттыру мақсатында рецептерді түзеу.
Жүсіпбек Аймауытов айтқандай «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ, мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе».
Химия пәніне қатысты мамандықтар
Қазақстан табиғы ресурстарға өте бай мемлекет екенін барлығымыз да білеміз. Қолда бар пайдалы қазбаларды өңдеп, қажетімізге жарату тәжірибелі білім мен қыруар еңбекті талап етеді. Сондықтан қазіргі кездегі жас буынның талабын химия секілді жаратылыстану ғылымдарының маманы болуға атсалысуды өз міндетіміз деп білеміз. Химияның бар болмысын жылдам үйрену әркімнің де қолынан келе бермейді. Химия жаратылыстану ғылымдарының күрделі тобына жататындықтан, оған арнайы тәжірибе болмаса нәтиже табудың өзі екіталай. Қиын сала болғандықтан, әлбетте оның қажырлы еңбегінің нәтижесі де маңыздылық танытады. Көптеген мектеп түлегі ҰБТ-да химия пәнін таңдап, ЖОО-на өз дайындығын жүргізгенімен, нақты қай салада немесе қай мамандықты таңдауға келгенде саябырсып қалатыны бар. Біз осы жағдайды реттеу мақсатында осы жылғы талапкерлерге өз бағытын көрсетуге шешім қабылдадық. Химия пәні бойынша ұсынылатын негізгі мамандықтар:
050112 – Химия
050606 - Химия
050720 – Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы
050721 – Органикалық заттардың химиялық технологиясы
050727 – өндірістік заттардың технологиясы
050728 – Өңдеуді қажет ететін заттардың технологиясы
051103 - Фармация
Аталған мамандықтарға деген сұраныс өте жоғары.
Себебі еліміздің мұнай мен газ саласында және одан өзге де салаларда табиғи байлықты өңдеуге келгенде біздің химиктеріміздің талабына сену керек болады. Ал елдің бар инфрақұрылымы осы өндіріс салаларында жатыр. Одан өзге елімізде химия мен медицина өнеркәсібі белсенді даму үстінде болғандықтан, осы мамандық иегерлері ешқандай жұмыссыз қалып қоюы кезікпейді. Аудармашы мамандығы белігілі бір тілдерді игеруді қажет етсе, химия саласында да осы іспеттес арнайы бағыттағы оқуларды қажет етеді. Химиялық зертханаларда еңбек етуді ұйғарсаңыз, аса ұқыптылық пен сабырлықты бойыңызға сіңірген болуға тиіссіз. Себебі зертханадағы тәжірибелік жұмыстар өзінің оң нәтижесін беру үшін жылдап уақыт кетуі ықтимал. Химик-технолог — тәжірибе жұмыстарына көп мән беруді талап ететін мамандық. Химик-технологтар еңбегінің арқасында жанармай, үйге керек химиялық жабдықтар секілді отандық өнімдерді тұтынып отырмыз. Сондай-ақ, химия саласының мамандары энергетикада да сұранысқа ие екен. Энергетикалық ресурстардың қоршаған ортаны ластау салдарын зерттеп, оның алдын алып, қарайтын экологтардың кәсіби химиялық білімі болуы міндетті. Химияның тағы бір негізгі саладағы мамандықтарының бірі фармацевтика мен косметика өнімдерін даярлау болып табылады. Барлық дәрі-дәрмек пен косметикалық заттар фармецевттер жасаған өнім болып табылады. Қылмыс орындарындағы негізгі фактілерді әшкерелейтін криминалистиканың зертханаларында да химиктерге жұмыс табылады. Одан бөлек құрылыс орындары мен нанотехнологияның салаларында химиятердің алар орны бөлек. Биохимия саласының маманы тірі ағзалар мен жасушалардың химиялық құрылымын зерттейді. Отандық ғылымның дамуына өз үлесін қосатын болады. Химияның ғылыми бағыттағы мамандықтары көп болғандықтан, еліміздің дерлік барлық ЖОО-да оқытылады. Тек педагогикалық мамандықтар ғылыми бағыттағы университеттерде кездеспейді.
Достарыңызбен бөлісу: |