Дипломдық ЖҰмыс 5В010800-Дене шынықтыру және спорт Шымкент, 2017


Сабақтағы айналысушылардың қызметтерін бағалау



бет24/35
Дата16.03.2022
өлшемі0,51 Mb.
#136035
түріДиплом
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   35
Байланысты:
Айтилеуов Сакен
docx1545588075, Арнур, ктп, 4 курс билет ДШ тарихы, Спорттык туризм силлабус, Химия сабағында электронды дидактикалық құрал-жабдықтардың қолданудың тиімділігі, Disser, лекциялар жинағы Бағалаудың өлшемдік технология, 4 курс педагог, Cөйлеу шеберлігі, 4 курс Еңбекті қорғау 140322, 11 лек, Доктор, fd032c7f-dc69-4d37-86d3-aa31217442d4
4.2 Сабақтағы айналысушылардың қызметтерін бағалау

Пульс немесе қан тамырының соғуы (латын тілінен pulses-қағыс) – жүрек жұмысының және жүректен тамыр жүйелеріне қанды лақтыру әсерінен пайда болған тамыр қабырғаларының қағысты қимылдарын атайды. Пульс артериалды, веналық және капиллярлық болып бөлінеді. Анағұрлым тәжірибелік маңыздысы артериялық пульс болып саналады. Осы көрсеткіштер жүрек-тамыр жүйесінің қызметі жайында маңызды ақпараттар береді.


Жаттықпаған ересек адамның жүрек жиырылу жиілігі (ЖЖЖ) минутына 60-89 қағысқа дейін өзгеріп отырады. Жатқан қалыпта адамның пульсы орташа есеппен 10 кағысқа аз соғады. Әйелдердің пульсы минутына сол жастағы еркектерге қарағанда 7-10 қағысқа артық келеді. Жас балалардың жүрек қағыс жиілігі ересектердікіне қарағанда анағұрлым артық. Сонымен, жаңа туған нәрестелердің пульсы орта есеппен минутына 140 қағыс, 1 жасқа дейінгі балаларда – 120, 2 жаста – 110, 5 жаста – минутына 100 қағыс. Жас ұлғайған сайын ЖЖЖ бәсеңдейді. Дене шынықтырумен және спортпен белсенді түрде айналысатын адамдардыңда ЖЖЖ бәсеңдеуі байқалады.
1-ші кестеде дене шынықтырумен жаңадан айналысушылардың және разрядты спортшылардың ЖЖЖ орташа ауқымы көрсетілген (А.Ф. Синяков, 1987). Тынығу жағыдайында дене шынықтырумен белсенді айналысушы адамдардың ЖЖЖ аз қимылды өмір салтын ұстанатын адамдарға қарағанда әдетте азырақ. Көбінесе ЖЖЖ минутына 60 қағыстан кем (әдетте брадикардия) әсіресе төзімділікке жаттығатын спортшылар арасында көптеп кездеседі. Мысалға, жоғарғы квалификациялы шаңғышылардың тынығу кезіндегі ЖЖЖ кей жағыдайларда минутына 40-50 қағыс болады. Ересек адамдардың араларыынан тынығу кезінде анықталған тахикардия (ЖЖЖ минутына 90 қағыстан жоғары) жүрек жұмысының паталогиясын көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет