Дипломдық ЖҰмыс 5В010800-Дене шынықтыру және спорт Шымкент, 2017


Сабақтың құрамын жетілдіру жолдары



бет23/35
Дата16.03.2022
өлшемі0,51 Mb.
#136035
түріДиплом
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   35
Байланысты:
Айтилеуов Сакен

4.1 Сабақтың құрамын жетілдіру жолдары


Дене шынықтыру сабағы үшін айналысушылардың қызметтерін қатаң шектеу және жүктемелерді мөлшерлеу мінезі тән. Осы арқылы сабақтың сауықтыру бағытына кол жеткізіледі. Аз жүктемелер қажетті нәтиже бермейді, ал шамадан тыс көп берілген жүктемелер бала денсаулығына зиянын тигізуі мүмкін. Жаттығулардың нақты шектелуі, сабақтың білім беру функциясында орындау үшін қажет. Әр жаттығуды меңгеру үшін, оларды бірнеше реттен қайталау керек. Яғыни, дене қасиеттерін тәрбиелеу организмге үлкен талаптар қою арқылы жүзеге асырылады, ал ол үшін жүктемелерді дұрыс мөлшерлеу керек.
Дене жүктемесі – ол дене жаттығуларының белгілі бір мөлшерде айналысушылардың организміне әсер етуі.
Жүктемелерді мөлшерлеу – яғыни олардың көлемі мен жиілігін ауыстыру.
Жүктеменің көлемі орындалған жаттығулардың санымен, көтерген жүктің салмағымен, жүгіріп өткен қашықтықпен және т.б. анықталады.
Жиілік нақты бір жұмысты орындауға көлеміне жіберілген уақыт мөлшерімен анықталады.
Аталған мінездемелер – ол жүктеменің сыртқы көрінісі. Олар мұғалімді сабаққа даярлау кекзінде қолданылады. Жүктеменің әсер етуі, организмнің орындалған жұмысқа қайтарған реакциясы болып табылады. Физиологиядан белгілі болғандай, организмнің жүктемеге беретін реакциясы өте көп. Жүрек жиырылуының жиілігі (ЖЖЖ) осының интегралдық көрсеткіші болып табылады. ЖЖЖ жоғарғы шегі негізгі медициналық топ оқушылары үшін интенсивті жүктемеден кейін – 170-180 қағыс/минут (жақсы дене даярлығы бар оқушылар үшін 200 қағыс/минутқа дейін). Орта интенсивті жұмысы ЖЖЖ – 140-160 қағыс/минутқа тең болуын санау керек және төмен – 110-130 қағыс/минут. Әр сабаққа ұзақтығы 2-3 минут болатын 2-3 қысқа «шың» кіргізуге кеңес беріледі.
Сабақ барысында, әсіресе жаттықтыру сабақтарында, жылдамдылық, төзімділік, күш қасиеттерін тәрбиелеудің міндеттерін шешу үшін, мұғалім оқушылардың кан тамырының соғу жиілігін қадағалауы керек. Және ол шаршаудың бірінші сыртқы белгілерінің пайда болуында мұқият бақылауда ұстау тиіс. Орташа деңгейдегі шаршаудың пайда болуынан ақ тыныс жиілейді, күш алу интенсивтігі төмендейді, қимыл жылдамдығы бәсеңдейді, координация бұзылады. Едәір шаршау пайда болғанда тыныс жиілейді, беттің реңі бозарады, координация күрт бұзылады, қимыл-қозғатыс тежеулі болады. Қатты шаршаудың белгілері пайда болғанда жүктемені азайтып, оқушыға дем алуға мүмкіндік беру керек. Яғыни, айналысушылар организмінің реакциясына байланысты, жүктеменің көлеміне жеке-дара уақыт беру керек. Жұмыс тәжірибесінде жүктеменің көлемі мен интенсивтігін өзгерту үшін бір қатар тәсілдер қолданылады. Жүктеменің көлемі мен интенсивтігін өзгертудегі қолданылатын тәсілдердің ең тиімділері және қарапайымыдары:

  1. Жаттығуларды қайталау санымен. Жаттығуларды қайталау санын көбейту, жүктеменің ұлғайуына әкелетіні белгілі, дегенмен ол тәсілді оқушылардың дайындық деңгейі төмен болған жағыдайдағана қолдануға болады. Жаттыққандық деңгейі жоғарлаған сайын бұл тәсіл тиімсіз бола бастайды, өйткені ол көп уақыт жоғалтуды талап етеді, ал мұғалімнің әр минуты санаулы.

  1. Жаттығуларды орындау амплитудасымен. Қимылды толық амплитудамен орындау әрқашанда қиын екні анық, сондықтан мұғалімдер кейбір жағыдайларда оны азайтуға жол береді. Мысалы, оқушылар қарын бұлшық етін қатайту мақсатында, асылып тұрып аяқтарды алдыға көтеруге тапсырма алады. Айналысушылардың барлығы бірдей бұл жаттығуды орындай алмайды, сондықтан мұғалім оларға тізелерін бүгіп (амплитуданы азайтып) орындауға кеңес береді. Амплитуданы керісінше ұлғайтуғада болады.

  1. Оқушының көтеретін жүгінің салмағын өзгертумен. Әр түрлі снарядтардың салмағынан басқа (штангалар, ядралар, гантельдер), өзінің жеке салмағында ауырлатуға немесе жеңілдетуге (әр түрлі белбеулер мен құм салынған дорбалардың көмегімен) болады. Соңында, кермеде тартылу кезінде қарама-қарсы тартылысты пайдалануды қолдануға болады.

  1. Жаттығуды орындау жағыдайын өзгертумен. Қатты және жұмсақ жолдармен, құммен, қармен, төбеге қарай, ылдиға қарай жүгіру әр түрлі жүктеме көлемін береді.

  1. Әріптесінің қарсылығымен және өз қарсылығымен. Біріншісіне – жаттығуларды жұптасып орындағанда қол жеткізуге болады, екіншісіне – жаттығуларды өз бетінше, жиырылғыш және жазылғыш бұлшық топтарын ширықтыра орындау арқылы. Өзіне-өзі қарсыласуды ұлғайту жаттығуларына – тереңдікке секіруді жатқызуға болады.

  2. Жаттығуды орындау жылдамдығымен. Тиімді жылдамдық жаттығуды ұзақ уақыт бойы орындауға мүмкіндік береді. Жылдамдықты жоғарлату жүктеме көлемін ұлғайтады және жаттығулардың орындалу санының азайуына әкеп соғады, бірақта жылдамдықты, күш төзімділігін, жылдамдық күшінің пайда болуына ықпалын етеді.

Жекеленген жаттығулардың орындау жылдамдығын шамадан тыс азайту жүктеменің ұлғайуына әкеп соғады, бірақта күштің, күш сезімталдығының пайда болуына әсер етеді, нәтижесінде қозғалыс қызметінің машықтануын жетілдіреді. Осы мақсатта, мысалы, баяу отырып-тұру жаттығулары қолданылады.

  1. Жаттығуды орындау уақытымен. Мұғалім 5 минут бойы жүгіру жаттығуын орындауға тапсырма береді. Жүгіру жылдамдығы мен қашықтық ұзақтығы оқушылармен келісіледі. Төзімділікті жоғарлату, оқушылардың бірнеше осындай жаттығуларынан кейін 5 минут аралығында бұданда ұзақ қашықты жүгіріп өтуіне алып келеді.

  1. Үзілістердің ұзақтығымен және тапсырманы орындау алдында олардың мінездемелерінің өзгеруімен.

  1. Жаттығуларды басқада бір әрекеттермен қоса орындату арқылы күрделендіру.

  1. Жаттығуларды орындатуға аздаған өзгерістер енгізу арқылы. Мысалы, күш жаттығуларын аздаған тербелісте орындау.

  1. Жаттығуларды орындау ырғағымен. Жаттығулардың ырғағының белгілі бір деңгейге дейін көтерілуі организмге әсер етуді күшейтеді, бірақ ырғақтың шамадан тыс көтерілуі жаттығудың құрылымын бұзады және оқытуға кері кері ықпал етеді. Ырғақ, қимылға қатысушы бұлшықтардың көлеміне тәуелді. Яғыни, тізе буындарын бүгіп-жазуды, бел-омыртқа бундарын бүгіп-жазуға қарағанда анағұрлым жылдам жасауға болады.

  1. Бастапқы қалыппен. Егер оқушы еденнен екі қолмен тіреніп қол буындарын бүгіп-жазу кезінде аяқтарының қалпын өзгертіп отыратын болса (аяқты гимнастикалық орындыққа қою, орындыққа қою т.б.), онда осы ауыстырулар кезіндегі жүктемелерде әрқалай түседі.

Мұғалім жүктемелерді реттей отырып, бір мезгілде екі-үш тәсілді қолдануға дағдыланғаны дұрыс. Мысалы, бастапқы қалыпты өзгертумен бірге оның ырғағы мен қарсыластық күшінде өзгертіп орындауға болады.
Мұғалім жүктемені жоғарлатып қана қоймай, сонымен қатар олардың педагогикалық негізделген жоғарлауына қол жеткізуге ұмтылуы керек. Әрине, жаттықтыру сабақтарын өткізу кезінде үлкен жүктемелер берусіз болмайды, дегенмен олар жаттығуларды үйрету кезінде кедергі келтіруі мүмкін.
Жүктеме сондайақ сабақтағы орындалған жұмыстың аяққы көлемінен және осы жұмыстың интенсивтігінен де тәуелді болады, сондықтан оның көрсеткіші ретіндеде сабақтың тығыздығын қарастырған жөн.
Әр сабақта өте көп қимыл әрекеттері орындалады: қимыл-қозғалыстық, қызметтік, саналық тынығу. Олардың дене шынықтыру міндеттерін шешудегі маңызы әр түрлі, дегенмен олардың барлығы қажет, және мұғалімнің сабақтағы жұмысының тиімділігін талқылау кезінде, барлығын қозғалыс белсенділігіне итермелеудің керегі жоқ. Мұғалімнің барлық іс-әрекеттерінің тиімділігін, оның өткізілген сабақтағы сауықтыру, білім беру және тәрбиелеу міндеттерін қамтамасыз етуге бағытталған ынтасын жан-жақты қарастырып, дұрыс баға беру керек. Сол себепті, мұғалімнің барлық іс-әрекеттерін педагогикалық тиімді және тиімсіз деп бөлу керек. Педагогикалық тиімді әрекеттерге мыналар жатады: дене жаттығуларын орындау; шерулерге қатысу; өзара үйретулерге қатынасу; мұғалімді тыңдау; тапсырманың орындалуын мұғаліммен және жолдастарымен бірге бақылау; түсініп алған материалдарға талдау жасау; алда тұрған әрекеттерді жоспарлау; қимыл-қозғалыстардың орындалуына талдау жасау; бірін бірі бақылау; бағалау; талқылау; снарядттарды тасымалдау және қондыру; құрал жабдықтар мен оқулықтарды тарату және жинап алу; сабақтың өткізілу орынын даярлау; тынығу.
Сабаққа жан-жақты баға беру үшін хронометрированияны және берілген жүктемеге организмнің реакция беруін анықтауды пайдалану керек. Сол себепті бақылауға «орташа» дене дайындығы бар оқушы алынады. Секундомер қоңырау соғылысымен қосылып, сабақ біткенге дейін тоқтатылмайды. Бақылаушы арнайы дайындалған хаттамаға бақылаудағы айналысушы орындаған барлық әрекеттерді кезегімен жазып отырады. Ол оқушының пульс өзгеруінің нәтижесі әрбір төрт минут сайын хаттамаға жазылып отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет