Дипломдық ЖҰмыс 5В010800-Дене шынықтыру және спорт Шымкент, 2017


Дене шынықтыру мұғалімнің әдістемелік дайындығын



бет12/35
Дата16.03.2022
өлшемі0,51 Mb.
#136035
түріДиплом
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   35
Байланысты:
Айтилеуов Сакен
docx1545588075, Арнур, ктп, 4 курс билет ДШ тарихы, Спорттык туризм силлабус, Химия сабағында электронды дидактикалық құрал-жабдықтардың қолданудың тиімділігі, Disser, лекциялар жинағы Бағалаудың өлшемдік технология, 4 курс педагог, Cөйлеу шеберлігі, 4 курс Еңбекті қорғау 140322, 11 лек, Доктор, fd032c7f-dc69-4d37-86d3-aa31217442d4
3.1 Дене шынықтыру мұғалімнің әдістемелік дайындығын
жетілдіру

Дене шынықтыру сабағының, дене шынықтырудың басқада ұйымдастыру формаларынан негізгі айырмашылығын келесі мінездемелерден анық байқауға болады:



  1. Білім беру міндетін шешуді көздеген нақты дидактикалық бағыттылығы.

  1. Пәнді оқытуға және оқушыларды тәрбиелеуге бағытталған мұғалімнің басқарушылық рольі.

  1. Оқушылардың қызметтерінің қатаң шектелуі және жүктемелердің мөлшерленуі.

  2. Айналысушылардың тұрақты құрамы және олардың бір жыныстылығы.

Сабаққа осы аталған мінездемелердің барлығы тән, олар өз кезегінде мектептегі оқытып үйретуге қол жеткізуге қолайлы жағыдайлар туғызады – барлық оқушыларды өз бетерімен бастайтын еңбектік өмірге даярлау, олардың күнделікті дене жаттығуларымен айналысуға деген сұраныстарын қалыптастыру, денсаулықтарын нығайту және бүкіл өмір бойы жоғарғы дене дайындығы деңгейін ұстап тұру. Бұл оқушылардан мұғалімнің басшылығымен білім жүйесін меңгеруді және қызмет амалдарына үйренуді меңгеру процессін құруды талап етеді.
Бұндай оқу процессін ұйымдастыру қазіргі кезеңдегі дене шынықтыру сабақтарына қойылып отырған талаптарға негізделіп құрылған.

  1. Мұғалім әр сабақтың жоғарғы идеялық деңгейін оқылатын пәннің қазіргі заман талаптарының сұраныстарына сай байланыстырып, әсіресе оқушылардың болашақ еңбектік қызметтерімен тығыз үйлестіре отырып қамтамасыз етуі тиіс. Сондықтан қазіргі заман сабақтары үшін білімді, тәжірибелік іскерлікті, жеке тұлғаның идеялық-жағымдылық қасиеттерін тәрбиелеуді, интелекті және жігерлілікті дамытуды кешенді жоспарлау мінезі тән.

Міндеттер оқушының жеке психикалық және дене дамуының ерекшеліктері ескеріле отырып нақты қойылуы тиіс.

  1. Әр сабақ сабақтар жүйесін құра отырып, алдыңғы және келесі сабақтармен тығыз байланысты болуы шарт. Жаңа материалдарды меңгере отырып, оқушылар өткен сабақтарда алған білімдерін қайталап, жетілдіріп және келесі сабақтардағы өтетін тақырыптарды меңгеруге дайындалулары керек. Осындай жүйе оқулық міндеттерді ретімен шешуді қамтамасыз етеді.

  2. Қазіргі заман сабақтары оқушылар оқу қызметтерін өз беттерімен жақсы ұйымдастыра алуымен ерекшеленеді. Мұғалім оларды оқу жұмысының іскерлігімен және дағдысымен қаруландырады, өздігімен білім алу және өзін өзі бақылау амалдарын қалыптастырады, қимыл мәдениетінің қалыптасуын қадағалайды, осылар арқылы дене шынықтыру жаттығуларымен жүйелі түрде айналысуға деген сұранысты тәрбиелейді.

Осылардың барлығы оқушылардың оқуға және еңбек етуге деген саналылығы мен белсенділігін қалыптастырады.
Қазіргі заман сабақтарында мұғалім айналысушылардың оқу қызметтерін ұйымдастыру кезінде әр түрлі амалдарды, әдістерді және тәсілдерді кеңінен пайдаланады. Сабақтардың барлығын бірдей, бір таңдап алған шаблон бойынша жүргізуге болмайды.
Сабақтың негізгі талаптарының бірі – ол әр сабақтың бүкіл ұзақтығында барлық оқушыларды белсенді қимыл қозғалыстармен қамтамасыз ету.
Мұғалім әр сабақта оқушылардың үлгерімін, іскерлігі мен дағдысын, дене сапаларының дамуын бағалаудың жүйесін жүргізіп отыруы тиіс.
Сондайақ сабақты өткізу жағыдайына, материалдық-техникалық қамтамасыз етілуіне, санитарлық-гигиеналық талаптардың орындалуына, эстетикалық және моральдық-психологиялық тәрбиенің жүргізілуіне үлкен талаптар қойылады.
Аталған талаптар дене шынықтырудың жалпы және әдістемелік қағидаларынан туындайды, олар барлық сыныптарда сабақтарды өткізуде міндетті болып табылады.
Сабақтың мазмұнын көп жағыдайларда сол сабақтағы қолданылатын жаттығулардың жинағымен баламалайды. Дегенмен сабақтың қорытынды талдауы көрсеткендей, сол сабақтағы жоспарланған дене жаттығуларымен айналысушылардың сабақ үстінде атқаратын қызметтерінің алуан түрлі әрекеттерінің байланысы алға қойған мақсатқа жетудің ең тиімді жолы болып табылады. Олар мұғалімді мұқият тыңдауда, көрсетілген материалдарды бақылау мен қабылдауда, қабылданған материалдарды сезінуде, өз қимыл-әрекеттерін дұрыс орындауда, өзін-өзі бақылау мен өзін-өзі бағалауды ұйымдастыруда, туындаған сұрақтарды мұғаліммен және жолдастарымен талқылауда, эмоционалдық көңіл-күйді реттей алуда анықталады. Сабақтың қорытынды нәтижесі оқушылардың осы қызмет элементтерін орындауынан тікелей байланысты болады.
Дегенмен оқушының және жалпы сыныптың нақты қимыл-әрекеті мұғалімнің белгілі бір әрекетінен тікелей тәуелді болатыны анық. Ол нақты осы сабаққа жоспарланған міндеттердің мазмұнына және оларды шешуге жасалған жағыдайларға байланысты. Мұғалім оқушылардың қызметтерін бақылауды жүзеге асырады, олардың қимыл-әрекеттеріне керекті өзгерістер енгізеді және бағалайды, жүктемелерді мөлшерлейді, тәртіптерін басқарады, балалардың арасындағы қарым-қатынастарын жақсартады және т.б. Мұғалімнің осы өз қарамағындағы айналысушылардың іс-әрекеттерін анықтаушы және бағыттаушы көпқырлы қызметі, сабақтың қомақты бөлігін алады.
Мұғалімнің нұсқауымен жасалатын оқушы қызметтерінің дене дайындық және психикалық жағыдайлары олардың білімділік, іскерлік және мінез-құлқының нәтижесінен байқалады. Дене жаттығуларын ұйымдастырудың нәтижесінде болатын осы ішкі процесстер мен өзгерістер, дене шынықтыру сабағының мазмұнын тағыда бір қырынан көрсетеді.
Сонымен, дене шынықтыру сабағының мазмұны көпқырлы. Ол осы жұмысты ашып көрсететін дене жаттығуларының белгілі бір жинағын, оқушылардың қызметтерін, мұғалімнің жұмысы мен жетістіктерін құрайды.
Сабақтың мазмұны дене шынықтыру мұғалімімен құрылады, дегенмен педагог балалармен бірлесе жұмыс істеу барысында кездесетін алда тұрған жұмыстың барлық қиыншылықтарын алдына ала біле алмайды. Сондықтан жұмыс тәжірибесінде сабақ мазмұнының қолданбадағы және сабақты нақты өткізу процессіндегі туындайтын түрлеріне бөледі. Нақты өткізіліп жатқан сабақтың мазмұны жоспарланған мәтінмен толық сәйкес келмейді. Осы жағыдай дене шынықтыру мұғалімімен сабақты өткізу барысында ескерілуі керек.


Сабақты құру (құрылымы). Мұғалім сабақты құру кезінде оның мазмұнының барлық элементтері жобалануы тиіс. Сабақты құруда организмнің жұмыскерлігін анықтайтын биологиялық қызмет ету заңдылықтары және оқыту-тәрбиелеу процессінің даму логикасы негіз болып табылады. Жұмыскерліктің төрт аймағы бар: сөре алды аймағы, жүзеге асыру аймағы, тұрақтылық аймағы және жұмыскерліктің уақытша жоғалу аймағы.


Оқыту-тәрбиелеу процессі логикасының талабы: 1) айналысушылардың танымдық қызметке біртіндеп араласуы; 2) дене жұмыскерлігінің қажетті деңгейіне біртіндеп қол жеткізу; 3) алдыда тұрған сабақтың білім беру, сауықтыру, тәбиелеу міндеттерінің ретімен шешілуі; 4) оқушы организмнің жүктемеден кейінгі жұмыскерлігінің камтамасыз етілуі. Осы жағыдай сабақты үш бөлімге бөлуді қажет етті: кіріспе (дайындық), негізгі және қорытынды. Сабақты үш бөлімге бөлу, оны бір бұтастылығынан айырады деп түсінуге болмайды. Керісінше, сабақтың әр бөлімі оның келесі бөліміне логикалық дайындық ретінде ауысып отыруы тиіс. Бір бөлімнен келесі бөлімге ауысу өте жұмсақ және байқалмайтындай болуы керек. Өзінің жеке міндеттерін шеше отырып, әр бөлім жалпы сабаққа қойылған негізгі міндеттерді тиімді шешуге қызмет етуі тиіс. Сондықтан, сабақтың әр бөліміне және олардың нақты мазмұнына бөлінген уақыт тұрақты емес, себебі ол көптеген факторлардан тәуелді: сабақтағы айналысушылардың нақты күйінен (состояние), олардың ерекшеліктерінен, сабақтың міндеттерінен, таңдап алған жаттығулардың ерекшеліктерінен, ауа райының жағыдайынан, жұмыстың сыртқы жағыдайларынан және т.б.
Сабақтарды бөлімдерге бөлгеннен кейін сабақты құрудың екінші кезеңі басталады – сабақ бөлімдерінің жалпы және жеке міндеттерін тиімді шешуге арналған дене жаттығуларын және олардың қолданылу ретін анықтау. Мұғалім, алдыңғы орындалған жаттығулар кейінгі жасалатын жаттығуларды жақсы йгеруге қолайлы жағыдай туғызуына ұмтылуы керек. Мысалы, күрдері координациялық жаттығуларды үйренуді сабақтың басында қойады. Жетілдіру кезінде оларды шаршаған уақыттада орындауға болады, яғыни сабақтың аяғында. Жылдамдылықты дамытуға арналған жаттығуларды төзімділікке берілген жаттығулардан кейін орындату, өте тиімсіз нәтиже береді. Бір сабақтың үстінде жаттығудан жаттығуға жағымсыз ауысудың кездесуін болдырмаған жөн.
Сабақ құрылымының үшінші «шешуші» кезеңі айналысушылар мен мұғалімнің әр педагогикалық міндеттерді шешудегі, сабақты өткізу кезінде пайдаланылатын әр дене жаттығуларын қолданудағы, қолданылатын әдістер мен амалдарды анықтаудағы іс-әрекеттерінің тығыз байланыстағы болып табылады. Осы жерде топтпрды ұйымдастыру, оларға міндеттер қою, сабақтың өткізілу орынын алмастыру, спорттық қондырғыларды құру, құрал-жабдықтарды таратып беру және жинап алу, яғыни сабақта қолданылатын қосалқы әрекеттерде қамтылуы керек.
Сонымен, әр сабақ мазмұндық, әдістемелік және ұйымдастырушылық элементтердің бірлігін құрайды. Осы элементтердің тұтастылығы бұзылса, аталған элементтердің әр қайссысының маңыздылығын түсінбеу немесе ескермеу сабақтың тиімділігінің күрт төмендеуіне әкеп соғады, сабаққа қойылған міндеттердің шешілу мүмкіндігіне күмән туғызады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет