2.3 Дене шынықтыру мұғалімінің шеберлігін жоғарылату әдістемесі
Педогогикалық іс-әрекеттегі сәттілік көп жағдайда мұғалімнің бойындағы беделіне байланысты. Егер де ол оқушылар алдында беделді болса, онда оларға күшті тәрбиелік әсер бере алады. Мұғалімнің беделі педогогикалық іс-әрекет барысында қалыптасады, сондықтан беделді педогогтың екінші кәсіби шеберлігінің компоненті деп санауға болады. Мектепке қабырғасына жұмысқа жаңадан келген жас маман өзіне бедел жинаудан бастайды. Бұл процесті дұрыс ұйымдастыру үшін дене шынықтыру мұғалімінің беделін не анықтайтындығын білу маңызды.
Дене шынықтыру мұғалімінің беделі бірнеше компоненттерден құралады.
Кәсіби маманның беделі сорт және дене шынықтыру аймағындағы білім біліктілігіне байланысты. Мұғалімнің спортшы болуы оқушы үшін өте маңызды.
Маманның беделі психолого-педогогикалық білімі мен шеберлігінен де байқадады.
Адамгершілік беделі. Мұғалімнің сыртқы мінез құлығының формасынан байқалып, педогог образына сәйкестігінен көрініп, өзінің «мен» деген тұлғалық ерекшеліктерінен байқалады.
Кешірімділік беделі. Мысалға мұғалім оқушылардың сұрауы бойынша жана сабақ өткеннің орынына баскетбол ойнап кетуі мұмкін.
Бұл бедел белгілі уақытқа дейін ғана жақсы, кейіннен жағымсыз жаққа ауысып оқу процесін ұйымдастырудың негізгі талаптарына қарама қайшы келеді.
Басымдылық беделі. Мұғалім балаларды тыңдау арқылы олардың алдында бедел жинауға тырысады. Осылайша мұғалім бала алдында беделді боламын деп ойлайды.
Тәкапарлық беделі. Бұнда мұғалім өзінің өткен өмірінде қандай спортшы болғандығын айтып көп мақтанатын немесе үнемі айтып отыратындығы байқалады. Алғашында бұл расындада бастауыш және орта буын оқушылары үшін тиімді, бірақ уақыт өте келе балалар мұғалімнің педагогикалық беделін аңғарады.
Өсйетшіл бедел жасау үшін мұғалім үнемі оқушылар алдында қиысынсыз жерлерде де өнеге болар істер көрсетіп отырады.
Педантты бедел қатаң ережелер мен талаптарды орнықты орындатуымен ерекшеленеді. Бұл жерде мұғалім бюрократты принциптерді қоладанды.
Бұл айтылған мұғалімнің беделдері әр уақытта бір-бірін толықтырып отырады. Мұғалімнің жағымды беделін құрастыра отыра өзіне ыңғайлы, өзіне тән, өзінің кәсіби қырларын көрсете алатындай етіп таңдап алады.
Дене шынықтыру жүйесінің негізінде және спортта өзіндік мотивтердің бар екендігі анық. Спортпен айналысудың мотивтеріне тұлғаның жан-жақты дамуы, отанды қорғауға және еңбекке деген құлшынысы, спорттың өркендеуіне өз үлесін қосуы, өз елінің атағын шығару немесе спорттық қоғам құру жатады.
Бұл мотивтер спортпен айналысу барысында ашылып немес басылып қалып отырады, ал бұл арнайы спорттық этиканы сақтауға әкеледі: спорттық жетістіктерге жету жолындағы қиындықтарға төзу, спорттық тәрбиені, күш жігерді, спорттық мінез-құлықты дамытуды.
Өз-өзінен спорттық іс-әрекет тұлғалық сапаларды дамыта алмайды, нақты жағдайларда спортшының мінез-құлығында жағымсыз әрекеттерде пайда болуы мүмкін (менменшілдік, өркөкіректік, эгоизм), егер бұған дер кезінде адамгершілік тәрбие мен спортшының мақсатты бағдары және өз-өзін тәрбиелеуі болмаса. Жаттықтыру барысында адамгершілік тәрбие беру ең алдымен жаттықтырушының басты мінедттерінің бірі болып саналады.
Дене шынықтырунің, дене шынықтырудың, немесе жаттықытырушының кез келген педагогтың алдында тұрған міндеттің бірі тәрбиеленушілердің тұлғалық жетілуін жан-жақты дамыту. Тәрбие берудің жағымды жақттарын дұрыс өрбіте білу үшін, ол оқыту мен дамытудың адамға тән әлеументтік қырларын толық меңгеруі қажет.
Спорт жағдайындағы педагогикалық процесстердің өз ерекшеліктері бар. Жаттықтырушы оқыту-тәрбиелеу процесін жүзеге асыру барысында мына қағидаларды ұстанады: 1) басқарушылық, қалыптастырушылық, гностикалық, реттеуіш, тәрбиелік.
Жаттықтырушының басқарушылық қызметі спортышыны жан-жақты дайындауға қажет, өйткені оған шешім қабылдау, болжам жасау, ұйымдастыру, басқару, келісім жүргізу, бақылау мен түзету жасауға мүмкіндік береді.
Жаттықырушы басқаруды спортшымен сөйлесу арқылы ақпарат алмасып жүзеге асырады. Жоспар, кеңес беру, көрсету, үйрету, әңгімелесу арқылы жүзеге асырады. Ақпаратты жаттықтырушы қорыта келе шешім қабылдайды. Бұл шешімдердің үш тобы бар: біріншісі, оқыту–тәрбиелеу процессі мен жаттықтыруды жетілдіруді қамтамсыз етеді, екіншісі, спортшының жарыстарға қатысуға деген ерік-жігерін қалыптастырады, үшіншісі, жарыстың үстінде қабылданатын шешімдер, спортшыға жаслаған көмектер болып саналады.
Шешім қабылдай отырып жаттықтырушы оны жүзеге асырудың тиімділігін және келесі шешімдердің мүмкіндігін қарастыруы қажет. Ол бұндай кездерде ғылыми-ойлы болуы қажет: ол ізденімапаз, мәселешіл, ширақ, жүйелі болуы қажет.
Белгілі болғандай жаттықытыру барысында спортшының жағдайы өзгеріп отыратындығы мәлім.
Спортшының жай күйін үш түріп бөліп көқрсетуге болады:
1. Кезеңдік жағдай (спорттық қалпының жағдайы немесе керісінше жаттықпағандықтың белгісі);
Нақты уақыттығы жағдай (бір немесе бірнеше жаттықтырулардың нәтижесінде пайда болады);
Оперативті жағдай (жекелей жаттықтырулардың нәтижесінде немесе жылдам өзгергіштік).
Спортшының үнемі өзгеріп тұратындығы, оның жағдайының ары-бері ауысуы спорттық жаттықтыру барысында кері байланыс жасау арқылы қалпына келтіріледі: 1) спортшыдан жаттықытрушыға жеткен ақпарат (өз -өзін сезінуі, көңіл күйі, жұмысқа қатынасынан және т.б.), 2) Спортшының мінез-құлығы тұралы ақпараттар (жаттықытыру жұмысының көлемі, оны орындауы, түзетулер айту және т.б.), 3) жаттықытырудың тығыздығының тиімдігі ( жаттықтыру жүктемелерден болған функционалдық жүйенің қозғалысынық сипаттамасы), 4) жаттықтыру эффектілерінің анықтамсы (жаттықықандығының өзгеруі).
Сабақты сәтті, жауапкершілікпен ұйымдастыру үшін спортшының іс-әрекетіне қатысты тиімді факторларды білу және олардың арасындағы байланыстардың болуын аңғару қажет: 1) Жарыстық іс-әрекет компонеттері (бастау, жарыс ерекшеліктері, мәре); 2) Жарыстық жаттығуларды орындау барысындағы спортшының тиімді іс-әрекеттері (мысалы, күштік-жылдамдық қабілеті, арнайы шыдамдылығы); 3) Интервалдық сапасының деңгейін және функционалдық өлшемдерінің сипаттамасы анықтау (күштілік, энергиясының молдығы, тұрақтылығы, шыдамдығы).
Спорттық жетістіктерге тек жаттықытырушының үнемі бақылауы арқылы ғана жетуге болады (ауырпашылықтарға төзуіне, психикалық күйін қалыптастыруда үлкен рол атқарады). Бақылау жүргізе отырып жаттықтырушы оның іс-әрекетн үнемі түзетіп отыруы қажет. Жаттықтырушы спортшының жай күйін бағалау үшін келесі үш бақылаудың түрін жүзеге асырады:
1. Кезеңдік – ұзақ уақыт жатығуына байланысты жағдайының өзгергенін анықтау және келесі макроциклге немесе кезеңге ретімен келесі стратегиялар құру.
Ағымдағы – спортшының ағзасының жаттығуларға бағыталып жұмыс жасауын бағалау, жеке жаттығулардағы жүктемелерден шаршау процессін қалыптастыруын бақылау, қалпына келу процессін жүзеге асыруға жағдай жасау.
Оперативтік – (жаттығу сабағын жүргізу бағдарламаларына бағытталған) – алға қойған мақсатқа жетуге бағытталған жаттығулар таңдау, спортшының тынығуы мен жұмыс режимін бекіту, жүктемелердің көлеміне сай жатығуларды таңдау.
Бақылау барысында жүзеге асыратын іс-шаралар: жарыс іс-әрекетін тиімділігін арттыру, дене дайындығының сапасын арттыру, психологиялық және интергациялық дайындығын, нақты функционалдық жүйе қызметін жүзеге асыру, спорттық жаттығуларға ағзаның төзімділігін, шаршау мен қалыпқа келу процессі жұмысын жандандыру.
Бақылау жасаудың міндеттерінің бірі – қолданылатын тестерді дұрыс таңдап алу, олар: 1) Сынаққа алынатын дене қасиеттері мен қабілеттердің нақты көрсеткіштерінен ақпараттар беруі тиіс; 2) Қатысушығы және ақпараттанушыларға түсінікті болуы қажет; 3) Жаттықтыру процессіне сиымды болуы тиіс, спортшының үшін жаңа зат болып, оның психикасын бұзып тұрмауы керек. 4) Оған дайындалған спортшының структруасына сәйкес реакциясын айқындауы қажет.
Қалыптастырушы функция – оқыту-педагогикалық процессін дұрыс ұйымдастыруға, техника-тактикалық дағдыларды дамытуға, психикалық және функциялардық мүмкіншіліктерін дамытуға, дене қасиеттері мен спортшылардың тұлғалық ерекшелігін жетілдіруге бағытталған.
Гностикалық функция – спортшыға арнайы білімдермен дағдыларды үйретіп отыру және стимул беру арқылы жүзеге асырылады.
Реттеуші функция – тұлғаның психологиялық жай күйін, іс әрекетін, мінез-құлығын ретеуге ұйымдастырумен байланысты.
Тәрбиелуші функция – спортшының моральдық-еріктілік және адамегршілік қасиеттерін, қоғамдық санасын қалыптастыруға бағытталған.
Тәрбиелік функция – сұрақтарды шешуде жаттықтырушы бірлескен ұжым қалыптастырып, оларда бір-біріне деген сенімді, қамқоршылықты, өз қызығушылығын топпен біріктіре білуге, біріккен іс-әрекеттен қуаныш алауға үйрете білуі керек.
Жоғары манаданған спортшы жаттықтыру үшін жаттықтырушының өзінде арнайы пелагогикалық білім, білік, дағды болуы қажет.
Жалпы педагогикалық талаптар:
Жоғары адамегршілік санасезім;
Педагогикалық білім;
Кең саяси ой;
Тұрақты моралді ерік–жігер;
Биология, психология, педагогикадағы қазіргі заман талабына сай қызығушылығы;
Жоғары мәдениеттілік;
Кез келген жағдайда өзіне ие бола алау;
Жақсы ұйымдастырушылық қасиет;
Өз оқушылары және ұжымы алдында басқарушылық пен беделді болу;
Жаттықтырушыға қойылатын арнайы талаптар:
Медициналық бақылау мен денеш шынықтырунен әдістемелік және теориялық білімі болуы керкек;
Өз спорты түрі бойынша ғылыми-әлістемелік жетістіктерімен техникалық-тактикалық дағдылары мен білімі болуы керк;
Осы спорт түріне дарындыларды іріктеп, таңдай білуі керк;
Спортшылырадың жеке дара ерекшеліктерін ескере отырып оларға дайындық жоспарын құра алуы керек;
Өз тәрбиеленушілерінің үнемі спортпен айналысуға үйрете білуі шарт;
Спортшылардың арыстарда жоғары нәтижелерге қол жеткізуге дайындай білу.
Жаттықтырушы – бұл терең шығармашылығы мол тұлға. Шығармашылықты зерттеушілер шығармашылығы мол тұлғаның ерекшеліктерін анықтауға үлкн мән береді.
Я.А Пономаревтің еңбектерінде келесідей ерекшеліктерді бөліп көрсеткен: перцептивті (зейіннің жылдамдығы, үнемі қысымдылығы), интеллектуалды (интуиция, фантазия, ойданшығару, дарындылық, білімінің кеңдігі), сипаттамалық (шаблоннан ауытқу, оригиналдылық, табандылық, жоғары белсенділік, жоғары жұмыскерлік).
Жоғары шығармашылықтың адамдары әлемдегі барлық жаңалықтарға үнемі көңіл аудартарып отырады және дене шынықтыру мен спорт саласындағы жаңа проблемалармен жұмыс жасайды. Оларды өзіндік жоғары сапалық қасиеттер қызықтырады.
Жаттықтырушылардың іс-әрекетін сараптау барысында белгілі болғандай, оларға ең алдымен: оқуыту-тәрбиелеу процессінің ойын анық көре білу, жаңа тәжірибе жинақтап зерттеулер жүргізу, өзін-өзі шектеулерден бостату, жоғары шығармашлық энергия, қиын педагогиалық сұрақтарды шешу білу тән.
Жаттықтырушының тұлғалық ерекшелігінің қырларын бөліп көрсететін болсақ: ол тәжірибенің қилы сұрақтарына жауап беруге, өз білімінің деңгейін білуге әзір, өзін-өзі жетілдіруге дайын жан. Жаттықтырушы – ол жасаушы, зерттеуші, ол идеяларды алып жүзеге асыра білуші, оқу материалдарын жасай алатын, тәрбиеленушілерді ұршықтай үйіре алатын білімді жан. Ол балалрағ білімін жеткізу үшін әр түрлі заңдылықтарды қолдана отырып, білім-біліктік дағды деңгейлерін жоғарылатуға талпынушы адам. Шешімі жоқ мәселені шешіп, одан шығар жолдарды іздеп талпынушы, даму сәтіне анық бағдар жасай алатындығы анық. Ол әр қашан алдына қойған мақсатына жетіп, педагогка мен психологияның сұрақтарын шешіп, өзінің шығармашлық өсуін жоғарылатып отыратын адам.
Достарыңызбен бөлісу: |