1.1 №6 «Темір жол вокзалы – Тасбөгет кенті» бағытындағы автобус маршрутының жұмыс режимін талдау
1.2 Курстық жобаның мақсаты мен міндеттері
2. Курстық жобаны орындауға қажетті теориялық және әдістемелік негіздері
2.1 Жолаушыларды тасымалдау сапасының нормативті көрсеткіштері
2.2 Жолаушылармен сапар шегуге жұмсалатын уақытты анықтау
2.3 Автобустардың қозгалыс жылдамдығын арттыруды қамтамасыз ететін іс шаралары
3. Есептеу-технологиялық бөлім
3.1 Маршруттық автобустардың қозғалыс жүйелігі мен жұмыс режимін арттыру жолдары
3.2 Жылжымалы құрамына жол қозғалысы қауіпсіздігі жұмысын
жоспарлау
3.4 №6 «Темір жол вокзалы - Тасбөгет кенті» бағытындағы автобус маршрутында қысқартылған маршрут қозғалысын ұйымдастыру
3.5 №6 «Темір жол вокзалы - Тасбөгет кенті» бағытындағы автобус маршрутының тасымалдау жұмысының техникалық-пайдалану көрсеткіштері
4. ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Кіріспе Көптеген елдерде автомобиль жолдарындағы жол-көлік оқиғасынан болатын материалдық және адам шағынының өсуі салдарынан қозғалысты ұйымдастыру және қауіпсіздікті қаматмасыз ету мәселелеріне баса назар аударылып отыр. Жол қозғалысы қауіпсіздігінің негізгі мақсаты: жол-көлік оқиғаларынан жарақаттану мен өлім-жітімді төмендету. Негізгі міндеті: адамдар мен жол қозғалысына қатысушылардың арасындағы заңға құлықтылықтың және жол қозғалысы саласында құқық бұзушылыққа келеңсіз қатынастардың стереотиптерін қалыптастыруға бағытталған профилактикалық және ақпараттық жұмыстардың кешенді жүйесін құру. Осы мәселелердің тиімді шешімінкол жеткізу жолдары мен тиісті шаралар: Жол қозғалысына қатысушылардың құқықтық танымын арттыру және қауіпті мінез- құлқының алдын алу мақсатында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі бойынша әлеуметтік бейнероликтер, ақпараттық-талдау телевизиялық бағдарламаларды шығару, жол қозғалысы қауіпсіздігін камтамасыз ету мәселелері бойынша республикалық журнал басып шығару арқылы, қауіпсіз жол қозғалысын қамтамасыз ету саласында, профилактика және халықпен ақпараттық жұмыс істеу жүйелілігінің тиімділігін арттыру және қамтамасыз ету жоспарлануда.
Жол қозғалысы саласындағы нормалар мен ережелерді сактау деңгейін арттыру, Жол қозғалысы ережелерін бұзуды тіркеудің автоматтандырылған жүйесін енгізу есебінен жол қозғалысын қадағалауды жетілдіру, жолдағы авариялық-қауіпті учаскелерді жою жөніндегі жұмыстар жалғасатын болады. Жол қозғалысын ұйымдастыруда қазіргі заманғы әдістер мен құралдарды қолдану, жол-көлік оқиғаларының (ЖКО) автоматтандырылған ақпараттық-іздестіру жүйесін әзірлеу және енгізу, сондай-ақ, республикалық маңызы бар жолдарды жол козғалысынбаскарудың интеллектуалды көлік жүйелерімен жарақтандыру жоспарлануда.
Автомобильдендіру өзімен ілеспе кешенді тапсырмаларды шешуді талап етеді, онсыз автомобильдің әлеуметтік жалпыға бірдей дамуында қалаған тиімділік пен жағымды әсерін қамтамасыз ету мүмкін болмайды. Автомабильдендіру мемлекет экономикасына мұндай үлкен ауқымда жағымды, ыңғайлы және тиімді әсерлерімен қатар адамдарға негативті құбылыстарын туғызуы мүмкін: адам шығыны, жол-көлік оқиғасы кезінде үлкен көлемде материалды шығын, шуыл, қаланың ауа бассейінін газдау, көшелерді автомобильдермен жауып қалу, көлік кептелісі және қозғалыс жылдамдығының тез төмендеуі.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында автомобильдер жолдары көптеген аймақтарда жалғыз ғана көлік қатынасы болып табылады, оған қоса автомобиль көлігі республикааралық, халықаралық тасымалдау жұмысында кеңінен пайдаланылып келеді. Қолданылатын қатты төсемді жолдардың 80 пайызға жуығы 60-70 жылдары техникалық талаптар мен шетел тәжірибелері ескерілмей салынған, оған қоса көптеген жол учаскелерінде қозғалыс қауіпсіздігіне әсер ететін жол жағдайлары назардан тыс қалған, сондықтан мұндай жолдар жоғары жылдамдықты дамыта алатын қазіргі заманғы автомобиль талаптарына сәйкес келмейді. Бұл - жол-көлік оқиғалары санының өсуіне, мыңдаған адамдардың қайтыс болуына және жарақат алуына, материалдық байлықтардың шығыны ұшырауына себеп болады.Статистикалық деректерге қарағанда жер бетіндегі ең көп тараған індеттен өлген адамдардан гөрі жол апаттарынан қаза болған немесе зардап шеккендердің саны жылдан - жылға көбейіп келеді.