3.3. Қала ішінде автобустардың қатынау жылдамдықтарын арттыру жолдары.
Жолдың жүріс бөлігінің ені мен автобустардың қозғалыс жылдамдығы. Жолдар үстінде автобустар қозғалысының максимальды жылдамдығы жол категорияларынан бөлек, көліктік ағындардың қалыптасқан қозғалыс режимдері мен олардың қарқындылықтарына да байланысты. Қала магистральдары мен жолдарда жүргізілген зерттеу нәтижелері негізінде автобустардың қозғалыс жылдамдықтарының өзгеру диапазоны алынды, яғни қала ішінде 32,5 -33,2 км/сағ және қала сыртында 40,7-55,8 км/сағ (3.1-кесте).
Қала ішіндегі автобустар қозғалысының максимальды жыл-дамдықтары кең ауқымды шектерде (30,7 ден 80,2 км/сағ) өзгереді және көше мен жолдың бағытталуына, қозғалысты реттеу құралдарының пайдаланулығына, жолдың жүріс бөлігінің еніне байланысты болады.
3.1-кесте. Қала жолдарының категорияларына қарай
автобустардың қозғалыс жылдамдықтары.
Жолдар мен көшелірдің категориялары
|
Қаладағы жолдар мен көшелердің негізгі бағытталуы
|
Қосғалыс жалдамдығы км/сағ
|
Қозғалыстың жолақтар саны
|
Қозғалыстың бір жолақтың ені
|
Есепті
|
Автобустар үшін максималды
|
Жылдамдығы жоғары жолдар
|
Қаланың қашықта түрған аудандар арасындағы жылдамдығы жоғары көліктік байланыс
|
120
|
75-80
|
4
|
3,75
|
Жылпы қалалық мәндегі магистральды жолдар
|
Реттелетін қозғалыс – аудан аумағы мен магистральды көшелер арасындағы жолаушылар көлігінің түрлі типтегі көліктік байланыс
|
80
|
60-66
|
2
|
3,75
|
Аудандық мәндегі магистральды жолдар
|
Реттелетін қозғалыс – аудан аумағы мен магистральды көшелер арасындағы жолаушылар көлігінің түрлі типтегі көліктік байланыс
|
80
|
50-56
|
2
|
3,50
|
Жергілікті мәндегі тұрғын көшелер мен жолдар
|
Тұрған шағын аудандардың аудандық мәндегі магистральды көшелер арасындағы көліктік байланыс
|
60
|
45-50
|
2
|
3,50
|
Қыстақ көшелері
|
Ауыл аймақтық, қоғамдық орталық пен мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету арасындағы көліктік байланыс
|
60
|
31-33
|
2
|
3,50
|
Автобустың қозғалыс жылдамдығы мен жол төсемінің тегістігі.
Жол төсемінің тегістігі автобустар қозғалысының жылдамдығына сонымен бірге жолаушылар мен жүргізушілердің шаршауына да үлкен әсер етеді. Жол төсемінің тегістік дәрежесі тегіс еместік биіктерінің берілген учаскедегі учаске ұзындығына алған жиынтықен бағаланады. Автобустардың қозғалыс жылдамдықтары тегіс емес жолда тербеліс қозғалыстардың жоғарлайтын динамикалық жүктемелер әсерінен төмендейді. КазНИПИАТ-пен жүргізілген зерттеулер негізінде жол төсемінің тегістігі мен қозғалыстың рұқсат етілген жылдамдық арасында келесі тәуелділік бар:
, км/сағ (3.1.)
мұндағы: S - тегістік коэффициент, см/км.
Жоғарыдағы тәуелділік арқылы берілгендерді талдай келе, 30 км/сағ аспайтын шамада қозғалыс қауіпсіздігі қауіпті болмайды және автобустар қозғалысы 70-75 км/сағ аралықта болуы мүмкін. 30-145 см/км төсем тегістігі бар ол учаскелерінде қозғалыс жылдамдығы 70-тен 55 км/сағ дейін төмендейді. 240 см/км тегістік кезінде жылдамдық 50 км/сағ аспайды. Жол мекемелеріне қойылатын талаптар бойынша жол төсемінің тегістік коэффициенті 100-120 см/км аспауы қажет.
Автобустардың қозғалыс жылдамдықтары мен қиылыстар саны.
Қалалық және қала сыртына қатынайтын автобустық маршруттар көптеген көшелер мен екінші дәрежелі жолдарды қиып өтеді. Осы қиылыстар қаланың ескі жоспардағы тұрғын аудандарында әр бір 150-200 м аралығында, ал жаңа жоспарда - 300-400 м аралықта кездеседі. Тұрғын аудандардан тыс осы ара қашықтықтар едәуір жоғарлайды.
Қиылыстар саны көбейген сайын маршруттағы қозғалыс жылдамдығы төмендейді және қаланың орталық бөлігінде 15-20 км/сағ құрайды, ал шеттеу орналасқан аудандарда қиылыстар саны әр бір 1 км 0,4-0,7 дейін қысқарғандықтан қозғалыс жылдамдығы 40-45 км/сағ дейін жоғарлайды.
Тұрғын аудандардан тыс маршруттық автобустардың қозғалыс жылдамдықтарының төмендеуі байқалмайды. Осы жол учаскелерінде қозғалыс жылдамдығы ең басты автобусты қауіпсіз жүргізумен анықталады.
Маршруттағы автобустардың жиынтық кідіру уақытының пайызы тәулік пен қозғалыс бағыты бойынша, сонымен бірге автобустарды көктемгі-жаз пен күзгі-қыстағы пайдалану мезгілінде өзгереді және жекелеген қалалар үшін жылдамдық әртүрлі болып келеді.
Жиынтық кідірулер уақытының пайыздары едәуір шамада өзгереді. Мысалы, қарбалас сәттерде олар 10-15 % көбею мүмкін, ал кешкі және түнгі уақытта жұмыс жасағанда жылдамдық 20-50 % азаяды. Кідірулер уақытының көбеюі негізінен қалалардағы көшелер мен жолдардың қозғалыс қарқындылықтарының өсуіне байланысты:.
(3.2.)
мұндағы: А - бағдаршам жұмысының циклы, с:
- бағдаршамның жасыл белгісінің жану уақыты, с;
- автобустың екпін алу уақыты мен тежелу уақыты,
Әр бір реттелетін қиылыстар ішінен Р кідіру ықтималдылығы:
(3.3.)
ал кідірудің орташа үзақтылығы:
(3.4.)
мұндағы: , . - тиісінше бағдаршамның қызыл және сары белгілерінің жану уақыты, с.
Жолаушылар өтпелінде автобустардың қозғалыс жылдамдығы.
Жолаушылар өтпелдері үстімен автобустардың қозғалыс жылдамдықтарының өзгеруі көрсеткендей, қозғалыс жыламдығының қауіпсіздік шаралары бойынша жолаушылар келе жатқан автобустың тікелей қасында болатыны байқалды. Қалаларда автобус қозғалысының рұқсат етілген жылдамдығы жолаушылармен соқтығысу қауіпсіздігі шарттарына сәйкес төмендегі формуламен анықтауға болады:
мұндағы: - жүргізуші реакциясының уақыты, тежегіш жүйесін іске қосу әрекетінен қүрайтын уақыт пен тежегішдерің жұмыс жасаған уақыттарынан тұрады, с;
m' -тротуар мен соқтығысудың мүмкінді нүктесіне дейінгі ара қашықтық, м;
- жолаушының жылдамдығы, м/с.
Қала сыртындағы маршруттардың қауіпті учаскелерінде автобустар қозғалысының рұқсат етілген жылдамдығын анықтағанда заттың көрулігі жол категориясына байланысты болады. Мысалы, көрулігі 100 ден 150 м дейін көбейгенде осы учаскеде қозғалыстың рұқсат етілген жылдамдығы 42,5 -60 км/сағ дейін арта түседі.
Жол категориясы
|
I
|
II
|
III
|
IV
|
V
|
Жол бетінің көрулігі, м
|
250
|
175
|
140
|
100
|
75
|
Қарсы келе жатқан автомобильдің көрулігі
|
-
|
350
|
280
|
200
|
150
|
Автобустар жылдамдығының басымдылығы және жылдамдық.
Маршруттық автобустардың техникалық жылдамдығының төмендеу себептері, ең алдымен жүк автомобильдерін басып озу әрекеті болмаған жағдайда қалыптасады. Өте тар жүргін бөліктері бар, әрі оның үстімен жүк автомобильдерінің қозғалысы қарастырылғанда көшелерде маршруттық автобустың жылдамдығы 15-20 км/сағ дейін төмендейді. Мұндай көшелерде маршруттық көлікті жүк көліктерінен айырғанда ғана қозғалыс жылдамдығы жоғарлайды.
Қарқындылығы жоғары маршруттық жолаушылар көлігі бар көшелерден жүк көліктерінің қозғалысына тыйм салғанда маршруттық көліктердің жылдамдығы бақылау нәтижелері көрсеткендей, 15-20% артады. Маршруттық көліктердің қозғалысына сонымен бірге тротуар жиегінде тұрған жеңіл автомобильдер қиындықтар әкеледі. Әдетте жеңіл автомобильдердің тұрақ орнына кіру және одан шығу маневрлері тікелей автобус қозғалысының жолағында жасалады. Егер автбустық маршруттың жекелеген учаскелерінде жеңіл автомобильдердің тұрағына тыйм салынса, автобустардың жылдамдығы 10-12% жоғарлайды. Маршруттық автобустардың қозғалыс жылдамдығын жолдың жүріс бөлігінде орналасқан
жүргіншілер өтпелі де төмендетеді. Егер өтпел көшенің бір жақ беттен жөнге қойылмаса, автобустардың аялдама аралықтарында техникалық жылдамдықтары 5-10 км/сағ дейін төмендейді. Автобустар қозғалысының техникалық жылдамдығын мұндай жағдайда арттыру үшін маршруттық автобус қозғалысын басқа көлік түрінен ажыратып алу кажет. Әсіресе едәуір тиімділікті маршруттық автобустар қозғалысын арнайы белгіленген көшелер мен магистральдар бойынша ұйымдастырғанда береді.
Жарық және автобустардың қозғалыс жылдамдығы.
Көшелер мен жолдардың жеткіліксіз жасанды жарық беруі автобус жүргізушілерін жекелеген аялдама аралықтарында қозғалыстың техникалық жылдамдығын 10-15 км/сағ дейін төмендетуге мәжбүр етеді. Зерттеулер көрсеткендей, автомагистральдардағы жарық беру жүйесінің құрылғысы автобус козғалысының техникалық жылдамдығын жоғарлата отырып жол-көлік оқиғалар санын орташа 28% төмендететіні байқалды.
Жарық беру көшелер мен жолдар үстінде жол аварияларының саны мен жиіліктігін қысқартады, күндізгі уақыт жұмысына нормаланған жылдамдықпен қауіпсіз жүруі қамтамасыз етіледі, жүргін бөлігінің енін толықтай пайдалануға жағдай жасайды, жүргізушінің шаршағандығын төмендетеді.
Жүргізілген бақылаулар көрсеткендей, түнгі уақытта аялдама аралықтарындағы автобустар қозғалысының максималды жылдамдықтары 40-45 км/сағ дейін жетеді, ал күндізгі уақытта сол аялдама аралықтарында бұл жылдамдықтар 45-55 км/сағ құрайды, яғни 12-21 % жоғарлайды.
Аялдамалы пунктілерінің саны және автобустардың қозғалыс жыладамдығы.
Автобустардың қозғалыс жыладамдығына аялдамалы пунктілердің саны арқылы әсер етеді. Автобус еденіне қарағанда отырғызатын алаңшаның жеткіліксіз биіктігі автобус салонына жолаушылардың кіру уақытының өсуіне әкеліп аялдамалы пунктілерде автобустардың кідіруіне қосымша уақыт жұмалады. Әдетте қалалық автобусқа отыру тротуар үстімен жүргізіледі. Тротуарда жолаушылардың әсіресе, қарбалас сағаттарда қабаттасуы автобус қозғалысына кедергі жасап келеңсіз жағдайды болдыруға душар етеді. Автобус аялдамасы міндетті түрде таңбалаушы сызықтарымен белгіленуі қажет. Көп жылдық зерттеулер көрсеткендей, маршруттық автобустардың аялдамалы пунктілер маңында реттелмеген қозғалыс салдарынан олардың жылдамдығы 5-8 % төмендейді. Техникалық құралдар көмегімен аралық және соңғы пунктілер үстімен өтуін қатаң бақылауды енгізу арқылы автобустардың бекітілген кестеге сәйкес жұмысын ұйымдастыруға қол жетеді және маршруттарда автобустардың жүру жылдамдығы артады.
Қарқындылық және автобустардың қозғалыс жылдамдығы.
Барлық қалаларда байқалып жүрген көше қозғалысы қарқын-дылығының өсуі автомобиль көлігінің қозғалыс жылдамдықтарының төмендеуіне әкеліп жол-көлік оқиғаларынның өсуіне тікелей ықпал жасайды.
Маршруттық автобустар автомобильдердің жалпы ағынымен жұмыс жасағандықтан, көліктік ағынның қозғалыс жылдамдығы да автобустардың қозғалыс жылдамдығына әсер етеді. Ол, әсіресе, қаланың орталық бөліктерінде жақсы байқалады.
Қарқындылықтың маршруттық автобустардың қозғалыс жылдамдығына әсер етуі жалпы көліктік ағын мен жолаушылар ағынына хронометражды бақылау жүргізе отырып белгілеуге болады. Алынған мәліметтерді өңдеу негізінде зерттелетін магистралдағы автобустар қозғалысының кестесі мен аялдама аралықтарында автобустар қозғалысының орташа жылдамдықтарының диаграммалары тұрғызуға болады (4-ші графикалық парақта келтірілген). Сызықтың енісі автобустардың тиісті учаскелердегі қозғалыс жылдамдықтарын сипаттайды (сызық енісі көп болған сайын автобус жылдамдығы жоғары болады). Автобустардың қозғалыс жылдамдықтарының орташа 7-38 % төмендеуіне реттелетін қиылыстардағы кідірулер көп әсер етеді.
Жүргізілген зерттеулер негізінде автобустар қозғалысының техникалық жылдамдығының көлік қарқындылығына тәуелділігін графика түрінде орнатуға мүмкіндік берді. Автобустардың 1 сағаттағы қарқыныдылығы 300 және жылдамдығы 14 км/сағ кезінде олар топтасып 12 с интервалында жүріп отырады, бірақ та басып озу ескірілмейді. Олар тек автобустардың 1 сағаттағы қарқыныдылығы 180 және жылдамдығы 20 км/сағ артық болған кезде 20 с аса интервалында бола алады.
Автобустардың жүріс жылдамдығы және ауа райы жағдайлары. Автобустар қозғалысының орташа жылдамдықтарына ауа райының қабағына қарай жол тосемінің беті үлкен әсер етеді. Осы әсер доңғалақтардың жол бетімен бірге ілінісу коэффициентінің өзгеру шамасы арқылы байқалады.
Автобустар қозғалысының рұқсат етілген жылдамдығының шамасы қозғалыс жағдайларына қарай төмендетілуі мүмкін. Төмендету шаралары қозғалыс жағдайларына қарай жылдамдықтың меншікті коэффициентін ескеру арқылы жүргізіледі.
Қозғалыс жылдамдығы және автобус салонының жоспарлануы.
Автобус салонының түрлі жоспарлануы қатынау жылдамдығының шамасына жолаушылардың салон ішінде орналасуы мен шығу уақытының түрлі шығындарына байланысты белгілі әсер етеді.
Орындықтардың тиімсіз орналасуы, автобус жүргізушісінің аялдау пунктінің тротуарына дұрыс кірмеуі жолаушылардың автобусқа отыру және автобустан шығу уақыттарын ұзартады. Кең қос есіктер мен олардың саны, жинақтаушы алаңшалардың мөлшері, баспалдақтар саны мен олардың тиімді биіктігі, орындықтар арасындағы өтпелдің қажетті ені автобус жылдамдығына едәуір ықпал жасайды.
3.3-кесте. Қозғалыс жағдайларына қарай автобустар қозғалысының рұқсат етілген жылдамдықты
төмендету коэффициенті
Қозғалыс жағдайлары
|
Жылдамдық коэффициенті, Кмен
|
Қалыпты ауа райындағы көрулік
|
1,00
|
Жаңбыр
|
0,82-0,87
|
Қар
|
0,80-0,82
|
Туман
|
0,77-0,79
|
Жол беті ашық
|
1,00
|
Жолдағы сырма
|
0,95-0,97
|
Жолдағы ылғалды қар
|
0,88-0,90
|
Жолдағы қар, тайғанақ
|
0,75-0,77
|
Нығыздалған қар
|
0,63-0,65
|
Жоғарыда көрсетілген конструктивтік ерекшеліктер сақталған жағдайда жолаушылармен автобусқа отыру және одан түсу уақыттары 3-4 %, ал аялдамаға дұрыс кіргенде қосымша 2-ден 6 % төмендеуі мүмкін.
Автобустардың қозғалыс жылдамдығы және жолаушылар ағыны.
Жолаушылар ағынының мөлшері автобус салонының жолау-шылармен толу және аялдамалы
пунктілерде олардың тұру уақыттары арқылы автобустың қозғалыс жылдамдығына әсер етеді. Жолаушылармен толық көрсеткіші маршруттағы автобус қозғалысының жүктемелі режимдерін зерттеу негізінде анықталады. Алынған мәліметтер негізінде аялдама аралықтарының ұзындықтары бойынша маршруттағы қатынаудың қажетті жылдамдығы белгіленеді.
Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, автобус салонына артық 10 жолаушыны алғанда, қатынау жылдамдығы 0,5-0,6 км/сағ төмендейді екен. Қатынау жылдамдығының төмендеуі әсіресе, аялдамалы пунктілерде автобустардың ұзақ кідіруі едәуір әсер етеді.
Аялдамалы пунктілердегі автобустардың кідіру уақыттарына әрбір жолаушының автобусқа отыру
және одан түсу уақыттары ықпал етеді, ол уақыт орташа 1,40 - 1,57 с аралығында өзгереді.
Есіктердің ашылуының кідіруі ең алдымен автобус типіне, ал жолаушының отыру уақыты жол ақысын жинау жүйесіне байланысты болады. Есіктердің ашылу уақыты орташа есеппен көп жағдайда 2-3 с етіп қабылдайды.
Маршруттың ұзақтылығы мен аялдама аралықтары ұзын-дықтарының автобустар қозғалысының жылдамдығына әсер стуі.
Қала ішілік және қала маңындағы маршруттардың автобустық және аялдамалы пунктілері арасында тиімді таңдалған ара қашықтық жолаушылардың сапар шығу уақыттарын едәуір қысқартады.
Автобустық аялдамалар арасындағы ұтымды ара қашықтықтар аудан сипатына, жердің бедері мен көліктік тораптың тығыздығына қарай кең көлемде өзгеріп тұрады. Қаланың орталық аудандарында олар 200-400 м, ал тығыз орналаспаған тұрғын үйлер аумағында - 500-700 м ара қашықтықта орналасады.
Қала маңындағы маршруттарда автобустық аялдмалар арасындағы ара қашықтық 800-1200 м кұрайды және қалыптасқан жергілікті жағдайларға байланысты болады.
Қалалардағы автобустық маршруттың негізгі сипаттамаларына қарай автобустардың қозғалыс жылдамдықтарына әсер ететін шешуші фактор ретінде аялдама аралығының ұзындығы мен көлік қарқындылығы болып табылады. Аялдама аралықтарының ұзындығы мен көше қозғалысының карқындылығына қарай автобустар қозғалысының техникалық жылдамдығы маршруттың жекелеген учаскелерінде 11,3-48,8 км/сағ аралығында өзгеріп тұрады. Қалалардағы аялдама аралықтарындағы автобустар қозғалысының максимальды жылдамдықтары зауыт-дайындаушымен белгіленген максимальды жылдамдығымен салыстырғанда, орташа 68 % орындалады.
Маршруттарда автобустар қозғалысының нақты жылдамдықтарын арттыруға көше қозғалысына арналған реттеу қүралдары жұмысының жетілдірілмеуі, көшелердің өткізу қабілеттілігінің, аялдама пунктілерінің сәйкес еместігі, көлік қозғалысының көп қарқындылығы нәтижесінде пайда болатын кідіру уақыттарының көбею мәселелері кедергі болып отыр. Аялдамалы пунктілер арасындағы ара қашықтықты қала ішілік маршруттарда 400-800 м диапазонында әрбір 100 м-ге ұзарту арқылы, , ал қала маңындағы маршруттарда 700-2000 диапазон ішінде қатынау жылдамдығы шамамен 1,0-1,1 км/сағ артады. Қатынау жылдамдығының мұндай көбеюі, көп жағдайда қозғалыстың максималды жылдамдығына тәуелді болады. 3.4-ші кестеде тәжірибелік мақсаттарға арналған аялдама аралықтарының түрлі ұзындықтарындағы жылдамдықтардың орташа шамалары келтірілген.
3.4-кесте. Аялдама аралықтарыңдағы автобустар қозғалысының
ұсынылған жылдамдықтары
Аялдама аралықтарының ұзындығы, м
|
Аялдама аралықтарындағы максимальды жалдамдық км/сағ
|
30-35
|
40-45
|
50-55
|
55-60
|
Uж/Uк
|
Uж/Uк
|
Uж/Uк
|
Uж/Uк
|
200
|
12,4/12,1
|
16,3/13,2
|
19,8/14,3
|
23,5/15,1
|
400
|
21,1/15,1
|
23,4/17,9
|
26,6/18,4
|
30,1/19,2
|
600
|
23,2/17,5
|
24,9/20,6
|
30,2/21,4
|
26,5/24,6
|
800
|
24,1/18,9
|
28,1/23,1
|
34,1/25,6
|
40,1/28,4
|
1000
|
25,1/21,1
|
30,1/26,9
|
38,2/30,7
|
44,0/33,8
|
1200
|
29,7/26,4
|
32,3/29,1
|
37,7/33,1
|
47,5/37,2
|
2000
|
-
|
-
|
41,8/34,1
|
50,1/39,4
|
5000
|
-
|
-
|
49,1/39,3
|
52,1/40,2
|
3.4-ші кестеде келтірілген қозғалыс жылдамдықтарының
шамалары қозғалыстың толық қауіпсіздігін қамтамасыз етуін ескере отырып белгіленген.
Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, қала ішілік маршруттардың қаланың орталық аудандарында әрбір автобус 1 км жолда 4-5 рет тежеуішті қоланады, ал сыртқы аумақтарда - ол 2 есе төмендейді.
1 км жолда тежеу санын үштен екіге төмендету арқылы қозгалыс жылдамдығын 5 км/сағ арттырады (17 ден 22 км/сағ).
Қала ішілік маршруттарды 10-15 км және қала маңындағы маршруттарды 15-30 км ұзарту арқылы пайдалану жылдамдығын қала ішілікте - 1,7-2,5 % және қала маңындағына - 7-10 % көбейтуге болады.
Көпшілік қала маршруттар үшін жылдың жазғы және қысқы мерзімінде маршруттың екі жақты бағыттарында бес-алты мезгіл бойынша қозғалыс жылдамдықтарының сипатты өзгеруі байқалады. Қала маңындағы маршруттарда мұндай ерекшелік үш-төрт мезгілде автобустардың жылдамдығы өзгеріп тұрады.
Төменде үлкен және ірі қалалар үшін тәулік уақыттарының сипатты мезгілдері, сонымен бірге бағыттар бойынша автобустардың қозғалыс жылдамдықтарының , өзгеру коэффициентінің мәндері келтірілген.
Достарыңызбен бөлісу: |