Техника-экономикалық негіздеу.
1.1№6 «Темір жол вокзалы - Тасбөгет кенті» бағытындағы автобус
маршрутының жұмыс режимін талдау.
Қызылорда қаласының №6 «Темір жол вокзалы - Тасбөгет кенті» мөлтек ауданы бағытында жолаушылар тасымалы қызметін атқарады. Қызылорда қаласының орталық маршруттарының бірі болып саналады және қаланың жолаушылар ағынының жоғарлығына байланысты 1-ші категорияға жатқызылады. Қызылорда қаласында жолаушылар тасымалын үйымдастыру мақсатында алғашқы құралған автобус маршруттарының бірі болып саналады.
№6 автобус маршруты қаланың көше-жол торабында маңызды роль аткарады. Алғашкы жылдары 1994-1996 ж.ж. кіші сыйымдылықтағы "Газель" шағын автобустары маршрутка енгізілді. Соңғы жылдары аталған маршрутқа қала тұрғындарының сұраныстары мен сапар шегуінің жоғарлауына байланысты "Газель" шағын автобустардың көліктік қызметіне, бұрынғысынша, орташа сыйымдылықтағы автобустар алына бастады. Мұндай жағдай, әсіресе, биылғы 2020 жылдан бастап қалыптасып, "Газель" шағын автобустары қаланың шеткі аудандарына қатынайтын маршруттарға ауыстырылды. Мұның да өзіндік ерекшеліктері бар. Ең біріншіден ол, шағын автобустардың қазіргі жолаушы тасымалына қойылатын талаптарды толықтай қанағаттандырмау, сонымен бірге осы көлік жүргізушілерімен жиі жол-көлік оқиғаларын жасау және жол қозғалысы Ережелерін бұзу. Келтірілген кемшіліктерді алдын алу мақсатында қазіргі таңда қаланың көптеген маршруттарында шағын автобустардың орнына орташа сыйымдылықтағы автобустар енгізіліп жатыр.
Стратегиялық маңызы бар объекті болып саналатын Қызылорда стансасының темір жол вокзалы үстімен тәулік бойы екі жақ бағытта 30-ға жуық, оның ішінде 2 облыстық, 22 республикалық және б халықаралық қатынаста жолаушылар поезы өтеді.
Соңғы деректер бойынша маршрут бойында 17 аялдама бар. Маршруттың жалпы бір бағыттағы үзындығы 11,4 км . Маршруттың негізгі көрсеткіштері 1.1-кестеде келтірілген.
Темір жол вокзалынан шығатын автобустар Әуелбеков, Д.Қонаев көшелері, № 2 орта мектебі мен Халық банкі үстімен өтіп 1-ші категориядағы "Сыбаға" базарына бағыт алады.
Базар маңында аялдама жасап Қазбек би көшесінің үстімен бір бағыттағы қозғалысы бар Айтеке би көшесіне бұрылыс жасап осы көше бойында екі мәрте аялдайды. Әрі қарай орталық алаң маңында аялдап Байтүрсынов көшесімен "Sulpak" компанияның ғимаратымен аялдама жасайды. Қорқыт Ата көшесімен жүре отырып "Аграпром" бағыт алады да М.Шоқай көшесіне поворот жасайды.
Осы орталық аумақта сонымен бірге көптеген сауда және стратегиялық маңызы бар ірі кәсіпорындар мен мекемелер шоғыр-ланғандықтан жолаушылар ағыны өте жоғары.
F.Мұратбаев атындағы орталық стадион маңында аялдама жасай келе F.Мұратбаев көшесіне бұрылып "Сәрсен" базары маңына аялдайды да Абай даңғылына түседі. А.Бөкейхан көшесінің бойында "Одежда" сауда үйі, Автовокзал, облыстық әскери бөлім №10 үй маңында тиісті аялдама жасай келе көшесіне қарай бұрылып КНС түсында аялдап Түркістан деген аяладамасына жүреді, бөлім №5 үй маңында тиісті аялдама жасай келе көшесіне қарай бұрылып Мешіт манына барып Орталық аялдамасына түсында аялдап соңғы аялдама ретінде "Тасбөгет кенті" мөлтек ауданының көше-жол торабында тұрақтанады.
1.1-кесте «Темір жол вокзалы - Тасбөгет кенті бағытындағы №6 автобус маршрутының аялдама аралықтары
Аялдама аралықтары
|
Арақашықтық,км
|
Темір-жол вокзалы – Аптека
|
1,5
|
Аптека – “Жайна” базары
|
0,4
|
“Жайна” базары - Сархрама
|
0,5
|
“Sulpak” - "Аграпром"
|
0.7
|
"Аграпром" – Асбол Базары
|
0,4
|
Асбол Базары - Аквапарк
|
0,6
|
Аквапарк - КНС
|
0,8
|
КНС – Досаф
|
0,7
|
Досаф – Автовокзал
|
0,8
|
Автовокзал - Одежда
|
0,4
|
Одежда - ОМЦ
|
0,6
|
ОМЦ - Түркістан
|
0,8
|
Түркістан – 5-ші үй
|
0,4
|
5- ші үй – 8- ші үй
|
0,5
|
8- ші үй - Мешіт
|
0,7
|
Мешіт – Орталық
|
0,9
|
Орталық – Тасбөгет кенті
|
0,7
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |