Техника-экономикалық негіздеу



бет11/13
Дата16.03.2022
өлшемі79,19 Kb.
#135936
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Курсовая жол журу

4. Еңбекті қорғау.


4.1. Жеңіл автомобильдер мен автобустар жүргізушілеріне арналған техника қауіпсіздігі.

Жалпы ережелер:


1. Адамдарды тасымалдайтын автомобильдерді басқаруға бірінші және екінші класты жүргізушілерге немесе ерекше жағдайларда - мекеме жетекшісінің қағаз жүзінде берілген рұқсатымен үшінші класты жүргізушілерге рұксат беріледі. Жүргізуші міндетті түрде техника қауіпсіздігі бойынша арнайы инструктаж өтіп, өткені туралы тиісті куәлік алуы кажет.
2. Жұмысқа қабылданатын жүргізушіге автоколонна немесе мекеме бұйрығымен белгіленген жеңіл автомобиль немесе автобус бекітіледі.
3. Жұмыска қабылданғаннан кейін жүргізуші акті бойынша көлік құралын қабылдап, тек әкімгершілік тарапынан рұқсат етілген жұмысты орындау қажет. Тиісті нұсқаудан өтпеген және рұқсат етілмеген жұмыстарға жүргізушіге тыйым салынады.
4. Автобуспен немесе жеңіл автомобильмен жұмыс кезінде басқарғанда жүргізуші өзімен бірге келесі құжаттар болуы қажет:
a) Мемлекеттік автоинспекциямен берілген көлік құралдарын басқаруға құқығы бар куәлік;
б) техникалық паспорттың талоны;
в) маршруттық (жол) парақ.
Автокөлік мекеме аумағында (ауласында, ғимарат ішінде, кіре берісте) келесі ережелерді сақтауы тиіс:
5. Автокөлік мекеме аумағында (ауласында, ғимарат ішінде, кіре берісте)
келесі ережелерді сақтауы тиіс:
a) жүріп келе жатқан көліктің жүргізушісімен берілген сигналдарына көңіл аудару;
б) жүргіншілерге арналған тратуарлар, өтпелер бойынша жүру; жүріп келе жатқан көлік алдынан жақын кесіп өтпеу қажет;
в) тек өтпелі көпірлер бойынша конвейерлер мен рольганг тер арқылы өту.
6. Рұқсат етілмейді:
a) көтерілген жүктің астымен немесе оған жақын тұрған жерлерден өтуге немесе тұруға;
б) электржабдықтарға, клеммалар мен электржетектерге, жалпы жарық беру арматурасына қол тигізуге және электршкаф есіктерін ашуға;
в) әкімгершілік тарапынан рұқсат етілмеген машиналарды, станоктар мен механизмдерді қосуға және тоқтатуға (авариялықжағдайлардан тыс).
7. Басқа да жүргізушілермен техника қауіпсіздігі бойынша ережелердің бұзғанын немесе қоршаған ортаға
қауіпті байқап қалған жағдайда, дереу сол жүргізуші мен еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ететін механикті ескерту қажет.
8. Жарақат алғанда немесе сырқаттанғанда жұмысты тоқтатып, механикке ескертіп дәрігерлік пунктіге бару қажет.
Арнайы қауіпсіздік ережелері
Жұмыс алдында:
9. Көлік құралының жүргізушісіне тиісті формалы киімін кию қажет.
10. Маршрутқа шығар алдында автокөлік мекемесінің дәрігерлік пунктінде дәрігерлік тексерістен өтеді.
11. Автомобиль немесе автобусты жұмысқа шығар алдын тексеру қажет:
a) тежегіш жүйесіне,руль механизміне, шиналарына, кузовтың есік құлыптарына, дыбыс бергіштері мен жарықтандыру проблемаларына, нөмірлі белгілерінежан-жақты көңіл бөле отырып автобус немесе автомобильдің техникалық күйін тексереді;
б) құрал-саймандар мен қажетті құрал-жабдықтардың бар болуына;
в) шиналардағы ауа қысымын, жанар және жағар маймен, сумен, тежегіш сұйыкарымен құю дайындығын,
аккуляторлы батареядағы электролит деңгейін.
12. Жеңіл автомобильдің немесе автобустың техникалық күйін тексеруді қозғалтқыштың іске қосылмаған жағдайында жүргізу қажет.
13. Автобустың немесе жеңіл автомобильдің қауіпсіз жұмысына қауіп төндіретін ақауларды байқаған соң көлік кұралдарын рейске шығаруға жауапты механикке баяндау қажет.
14. Егер автобустың немесе жеңіл автомобильдің техникалық күйі техникалық талаптар мен техника қауіпсіздігі ережелеріне сәйкес келмейтін болса жолға немесе басқа да мекеме тапсырмаларын орындауға жіберілмейді.
15. Гараждан жұмысқа шығарда мекеме механигінен бақылау-техникалык пункті алдында автомобильдін техникалық ақауы жоқ туралы растау қағазын алу қажет. Жұмыс барысында ауысқан жағдайда техналық ақауы жоқтығы екі жүргізушінің қолымен расталады.
16. Автобус немесе жеңіл автомобильдің қозғалтқышын іске қосу алдында тұрақ жағдайындағы тежеуіш жүйесінің рычагын тартып беріліс қорабының рычагын бейтарап орынға қою кажет.
17. Автобу немесе жеңіл автомобильге жанар майды құюды тек қозғалтқышы қосылмаған жағдайында жүргізу қажет.
18. Қызып тұрған қозғалтқыштың радиатор қақпақшасын ашқан кезде қол мен беттің күйіп қалмауын қадағалау қажет.
19. Қозғалтқыштың салқындату жүйесін антифрезбен толтырғанда арнайы арналған ыдыстарды пайдалану қажет (мұрыешасы бар шелектер, бачок, варонкалар).
20. жаңбырларда, қар және тайғақ уақыттарда кабинаға кірерде және одан түскенде сақ болу қажет. Автобус табалдырығынан уақытылы балшықтан, қар мен мұздан тазарту керек.
Жұмыс барысында:
21. Келесі ережелержі сақтау қажет:
a) аялдағанда алдын-ала ескерту белгісін бере отырып тротуарға немесе жолдың жүру бөлігінің жиігіне жақын кіру кажет;
б) есіктерді тек толық тоқталғаннан кейін ашу керек;
в) орнынан қозғалуды тек жолаушылардың толық кіріп түскеннен кейін және есіктер де толық жабылғаннан кейін бастау керек.
22. Аялдама орнынан (тұрақтан) жүруді бастар алдында жолаушылар мен жүргіншілерге қауіп төндірмейтіндігіне көз жеткізіп ескерту белгісін береді, содан кейін келе жатқан көлік құралына кедергі жасамай жүріп кету қажет.
23. Орнынан артқа қарай жүргенде аса қауіпсіздікті сақтаған жөн. Егер арттағы объектілер жеткіліксіз көрінетін болса басқа тұлғаның көмегіне жүгіну қажет.
24. Артқа жүру рұқсат етілмейді:
a) қиылыстарда және олардан 20 м жақын жерлерде;
б) жүргіншілер өтпелдерінде;
в)автобустың троллейбустың немесе трамвайдың аялдама көрсеткіштерінен 20 м жақын жерлерде.
25. жұмыс барысында, басқа көлік құралын тартқанда немесе темір жол өтпелі үстімен өткенде жол қозғалысы ережелерін сақтау қажет, жол жағдайларын, көрулікті, көлік құралдары мен жүргіншілердің қозғалыс сипатын және қарқындылықтарын ескере отырып жылдамдықты таңдайды.
26. Автобус немесе жеңіл автомобильі кабинасынан жүру бөлігіне шығарда қарсы және жол жөнекей бағыттардағы қозғалысқа назар аудару қажет.
27. Жұмыс барысында автобусты немесе жеңіл автомлбильді жөндегенде келесі қауіпсіз шараларын сақтау қажет: жолдың жағасына кіріп, көрулігі нашар жерде артқы жарықты жағып қояды, тұрақ жағдайындағы тежеуіш жүйесінің төмегімен автобусты немесе жеңіл автомобильді тежеп қояды, бірінші берілісті қосып, доңғалақ астарына тіреуштерді тіреп қояды.
28. Жолаушыларды жұмысқа тартуға тыйым салынады.
29. Ақауы бар көлік құралын тіркемелеуге тіркеме аспаптарымен жабдықталған техникалық жәрдем автомобил көмегімен іске асырылады және жол қозғалысы Ережелерінде көрсетілген талаптарды сақтайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет