Дипломдық ЖҰмыс 5В010800 «Дене тәрбиесі және спорт»


ҚИМЫЛ ҚОЗҒАЛЫСТЫ ДАМЫТУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫ



бет27/66
Дата07.02.2022
өлшемі0,53 Mb.
#87340
түріДиплом
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   66
Байланысты:
Байбархан Гүлімай Құралбайқызы Дене тәрбиесіндегі қимыл қозғалыс әрекеттеріне үйрету әдістері 3

2.ҚИМЫЛ ҚОЗҒАЛЫСТЫ ДАМЫТУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫ
2.1 Мектептен тыс дене тәрбиесі жұмыстарының мазмұны

Қазіргі кезде жалпы білім беретін орта мектептерде оқушылар дене тәрбиесі сабақтары арқылы алғашқы жаттығулары мен дене бітімімін жетілдіру тетіктерімен бастапқы танысуын және дене мәдениеті бойынша сауаттылығын жүзеге асыра алады. Ал, болашақ қоғам мүшесінде дене мәдениетін қалыптастыру үшін, ең алдымен дене тәрбиесі саласының барлық мұғалімдері мен жаттықтырушылар дене мәдениеті туралы білімді жетік меңгеруі тиіс.


Қазіргі кезде дене мәдениеті жалпы мәдениеттің өте бір маңызды бөлігі болып отыр. Дене мәдениетін жалпы орта мектептерде оқу-тәрбие үдерісі негізінде дене тәрбиесі арқылы ұйымдастырудың жеткілікті деңгейі ретінде, оқушылардың дене тәрбиесі және спорттың ақпаратпен алмасуын қанағаттандыру деңгейі ретінде, ақпаратты жинау, беру және пайдалану тиімділігі деңгейі ретінде қарастыруға болады.
Жалпы орта мектептерде оқушыларды салауатты өмір салтына, денені шынықтырумен және спортпен шұғылдануға баулу халықтың түрлі әлеуметтік-демографиялық топтарына арнап бейімделген ақпараттық бағдарламаларды әзірлеу арқылы жүзеге асырылады. Спорттың негізгі түрлерінен, соның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарына конкурстық негізде берілетін әлеуметтік бағдарламалар бойынша гранттарды беру практикасын пайдалану арқылы, теледидар бағдарламалары жасалуда, насихаттық және ақпараттық технологиялар әзірленуде.
Дене мәдениеті және спортты насихаттау атаулы, нақты әлеуметтік топтар мен жіктерге, әрбір орта мектеп оқушысына бағытталған, дене мәдениетінің басымдығын дәлелдей көрсетуге, сондай-ақ жастар арасында нашақорлық, темекі шегушілік, ішімдікті пайдалану және басқа да жат құбылыстардың таралуына қарсы күреске бағытталуда. Жастардың дене тәрбиесі жөнінде жұмыс жүргізу, олардың ортасында қазақстандық спортшылардың спорттағы жетістіктерін, бұқаралық спортты танымал ету, олардың санасында “тәні саудың – жаны сау” деген қағидатты орнықтыру үшін бұқаралық көпшілік мәдени, спорттық-сауықтыру іс-шаралар ұйымдастырылуда. Бұл орайда бұқаралық ақпарат құралдарының міндеттері: азаматтардың спортқа, табиғи дене бітімін жетілдіруге деген қызығушылығын арттыру, жалпы орта мектеп оқушыларының спортпен өз бетінше шұғылдануын белсенді түрде таныту, денені шынықтырумен және спортпен шұғылдану қажеттігін көпшіліктің санасына сіңіру және оны насихаттау болып табылады.
Дене мәдениеті және спортты насихаттау мектеп оқушыларының жан-жақты спорттық және дене тәрбиесі даярлығының беделін, гигиена және дене мәдениеті саласындағы білім деңгейін арттыруға ықпал етуге негізделуде. Дене мәдениеті және спортты дамытудағы басты бағыттардың бірі– олардың ізгілікті жағын күшейту [40].
Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28 желтоқсандағы №230 Жарлығымен бекітілген, Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спортты дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында “Жалпы орта мектептерде оқушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін, қабылданған жалпы этикалық нормалар мен талаптарға сай келмейтін, зорлық пен зомбылықты үйрететін спорт түрлері мен дене жаттығуларын дамытуға қолдау көрсетілмеуі тиіс” деп көрсетілген.
Қазақстандағы жалпы орта мектептердегі білім берудің көп нұсқалы құрылымы және жалпы орта мектептің халықаралық білім беру жүйесіне жоспарлы интеграциялануы, жалпы орта мектептерді қазіргі заманның талаптарына сай басқару мәселелері жаңа тәсілдерді талап етеді. Мектеп оқушыларының шығармашылық мүмкіндіктерінің дамуына, оларға білім беруде заманауи жүйені енгізу жағдайларында хабардарлығының бейімделуі жалпы орта мектептерде оқу үдерістерін ұйымдастыруда сапалы өзгерістердің қажеттілігін көрсетеді.
Дене мәдениеті ғылымына және дене мәдениеті және спортқа деген ұлттық көзқарас қазіргі күнге дейін толық қалыптаспаған. Бірақ, дене мәдениетін өскелең ұрпақта қалыптастыруды ертеңге қалдыруға болмайды. Дене мәдениеті толық қалыптаспаған мектеп оқушыларының денсаулығы нашар, дене бітімі әлсіз, еңбекке және Отанды қорғауға жарамсыз, әл-ауқаты төмен болуы мүмкін. Сол себептен, ғылыми-әдістемелік зерттеулер тұрғысынан жалпы орта мектептерде оқушылардың дене мәдениетін қалыптастыру тұрғысында қажетті мәліметтерді жинақтап жетілдіріле түсу қажет.
Негізгі мақсат – жалпы орта мектептерде оқушылардың дене мәдениетін қалыптастыру тұрғысында оқытудың әдістемелік жүйесін жетілдіру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет