Дипломдық ЖҰмыс 5В010800 «Дене тәрбиесі және спорт»


Жаттығу жүктемесін арттыру әдістемесі



бет26/66
Дата07.02.2022
өлшемі0,53 Mb.
#87340
түріДиплом
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   66
Байланысты:
Байбархан Гүлімай Құралбайқызы Дене тәрбиесіндегі қимыл қозғалыс әрекеттеріне үйрету әдістері 3

Жаттығу жүктемесін арттыру әдістемесі.
Бұл әдістеменің ерекшелігі – жаттығуды қайталау және оны орындауға берілген уақыт өзгеріссіз сақталады да, берілетін салмақ немесе қарсыласу күші арттырыла береді. Осылай болған жағдайда, жұмсалатын күш мөлшері арта береді де, тыныс алу т.б. жүйелерге түсетін жүктеме көбейеді. Тыныс алу жүйесін жүгірудің барлық қосындысы 15-20 км., ал жүгіру жылдамдығын 400 метрге 2 мин.-2 мин. 10 сек. аралығында болған жөн.
Адамның жүрек – қантамыр жүйесі жұмысын жақсарту мақсатында жүрек жұмысына түсетін жүктеменің әсерінен (состоликалық) қан айдау, қан көлемінің ұлғаюына әсер алатындай жаттығулар түрлері таңдап алынады. Жаттығу жүктемесі, жұмыс көлемін ең жоғары деңгейге жақын дәрежеде ұстаған жағдайда жүрек бұлшық еттерінің сол жүктемеге бейімделу жағдайы қалыптаса бастайды. Жүрек осылай жоғары деңгейде жұмыс істегеннен кейін, адамға міндетті түрде тынығу уақытын беру қажет.
Жүректің қан айдау жұмысы адам денесінің бұлшық еттерінің неғұрлым көп түрлері қамтылып іске кіріскен кезде өзінің жұмыс істеу қабілетін арттыруға мүмкіндігі жоғарылайды. Бұлшық еттердің жиырылу нәтижесінде жүрекке қан көп мөлшерде түседі де, жүрек өз жұмысының көлемін арттыруға мәжбүр болады. Осындай жұмыс істеу ұзақтығы неғұрлым көбірек болғаны дұрыс (6-12 мин). Жүрек жұмысы тыныс алумен тығыз байланысты болғандықтан жаттығуларды кеңінен қолдану қажет.
Бұлшық еттің жұмыс қабілеттері, оның жүктемеден кейінгі шаршау жағдайынан қайтадан қалпына келу арасындағы уақытқа байланысты. Бұлшық еттің жұмысын жақсарту мақсатында көбінесе бұлшық еттің толық тынықпаған жағдайында оған қайтадан жүктеме беріп, шаошау жағдайында жұмыс жасатады. Бұлшық еттің аэробты және анаэробты (оттегімен және оттегісіз) жағдайда жұмыс жасау қабілетін арттыру адам шыдамдылығын жақсартуға көмектеседі.
Аэробты (оттекті) әдістемені қолдану кезінде жаттығуды үздіксіз қайталап орындау, бөліп орындау және аралас орындау әдістемесін қолданады. Осылай ету дене бұлшық етінің көп түрінің жұмысқа араласуын қмтамассыз етеді. Екінші бір әдістемеде орындалатын жүктеме мөлшерін көбейте отырып, орындау жиілігін қалыпты өзгеріссіз қалдырады.
Анаэробты (оттегісіз) орындау әдістемесінің біріші түрінде жаттығуды орындау жиілігі мен жылдамдығын ең жоғары деңгейге көтеріп, дененің тынығу жағдайына мүмкіндік берілмейді. Екінші түрінде жаттығуды статикалық қалыпта үлкен күш түсіру арқылы орындаса, онда тыныс алу мүмкіндігі азаяды да, дене оттегін аз қабылдау жағдайында жұмыс істейді. Шыдамдылықты қажет ететін жаттығуларды жиі қайталау адамның төзімділігін арттырады. Жаттығу жүктемесін(статикалық) қозғалыссыз қалыпта орындату немесе (динамикалық) дене мүшелерінің қозғалуы арқылы орындату әстемелерін алма- кезек пайдаланып, бір топ бұлшық ет жұмысын немесе бұлшық еттің бір түріне ғана арнайы бағытталған түрде әсер етіп жаттықтыруға болады.
Адамның жүйке жүйесі жұмысын, жаттығу жүктемелерін арттыра беру арқылы шыдамдылық пен төзімділікке баулуға болады.
Жүйке жүйесінің шаршауына әсер ететін жағдайлар:
а) Мимен ойлау арқылы көп жұмыс істеу.
ә) Сезгіш – тітіркендіргіш жүйелердің (сенсорлық) көру, есту т.б. қарқынды жұмыс істеуі
б) Адамның күшті эмоциялық қалыпқа түсуі.
в) Денеге көп күш жүктемесінің түсуі
Жоғарыда көрсетілген адам жүйкесінің шаршауына әкеліп соқтыратын жағдайлар түрлері спорттық күресте жиі кездесіп отырады. Алдағы болатын жарысты ойлау, әрбір белдесуге талдау жасау, оған іштей дайындалу, қолданылатын әдіс- тәсіл жүйесін құру балуанның жүйке жүйесінің жылдам шаршауына әкеп соқтырады. Осындай шаршау түрлерін балуанға берілген демалыс уақыты мен ұйқыны дұрыс ұйымдастыру арқылы жеңілдетіледі. Балуанның жарысты көріп отыруы оған үлкен эмоциялық күш түсіреді, сөйтіп ол жүйкесінің және дене- күшінің шаршауына ұласады. Осындай шаршаулар әсері балуанның жарыс үстінде төзімділік (шыдамдылық) қасиеттерінің төмендеуіне соқтырады.
Жаттығу сабақтары кезінде балуанға өзінің шамасынан тыс немесе ойлап шешуді қажет ететін әдіс- тәсілдерді көптеп беру оның жүйке жұмысының тез шаршауына, кейде жаттығу жұмыстары нәтижесінің төмендеуіне әсер етеді.
Сенсорлық сезгіштік жүйеге жарық, дыбыс, ауаның температурасы, иіс т.б.жағдайлар әсер етеді. Осы әсерлердің күші неғұрлым көп және жоғары болса адам тез шаршайды. Сондықтан жаттығу үстінде әрбір сезгіштік жүеге әсер еткші тітіркендіргіш күштерді реттеп отыру қажет. Сенсорлық әсердің салдарынан шаршау байқалса жаттығуды ойын түріне қарай ауыстырып жеңілдеткен нәтижелі болады.
Жаттығу және жарыс кезеңінде тамақтану тәртідін қатаң сақтаған жөн. Тамақ құрамында адам ағзасына қажетті заттардың барлық түрлерінің ара- қатынастары сақталуы адамға жұмсаған күш қуатының қайта қалпына келуіне көмектеседі. Жарақат алудан және аурудан сақтанудың барлық тәртіптерін орындауға тырысу қажет, олай болмаған жағдайда, сәл ауру адамның төзімділік қабілетінің азаюына ықпал етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет