Дипломдық ЖҰмыс 5В010800 «Дене тәрбиесі және спорт»


Статикалық қалыпты сақтап күрестіру



бет22/66
Дата07.02.2022
өлшемі0,53 Mb.
#87340
түріДиплом
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   66
Байланысты:
Байбархан Гүлімай Құралбайқызы Дене тәрбиесіндегі қимыл қозғалыс әрекеттеріне үйрету әдістері 3

Статикалық қалыпты сақтап күрестіру. Бұл күрестегі мақсат, бір балуан тапсырма бойынша денесінбір қалыпты жағдайда ұстауға тырысады (тік тұрыс, еңкейіп тұру, бір аяғын алға беріп тұру, төрттағандап тұру т.с.с) Екінші балуан аз күш жұмсап және қолайлы әдістер тауып, статикалық қалпын сақтап тұрған балуанды жығуға тырысады. Балуанның шеберлігі ннғұрлым жоғары болған сайын аз күш жұмсап, өзінің бастапқы қалпын сақтайтындығын көруге болады. Әдісті орындаушы балуан соның әртүрлі жолдарын іздеп, өзіне ең қолайлысын табуға тырысу қажет. Ондай жолдарға:

  1. Қарсыласының дене салмағын қолдану арқылы.

  2. Қарсылас күшінің бағытын қолдану арқылы.

  3. Қарсыласының қозғалыс инерциясын қолдану арқылы.

  4. Қарсылас әдісінің бағытын қолдану арқылы жетуге болады

Алдымен осы қолайлы сәттердә жеке-жеке пайдаланып, соңынан көрсетілген жағдайлардың бірнешеуін байланыстыра әдіс үйретуді қолдану қажет. Осы жоғарыдағыларды орындаумен қатар, әдістердің орындалуының биомеханикалық заңдылықтарын білген жөн. Оған:

  1. тіркеу алаңы, тіркеу нүктесі;

  2. адам денесінің жалпы салмақ ортасы;

  3. тепе- теңдік бұрышы;

  4. сырғанау күші;

  5. үйкеліс күші;

  6. күш түсіру бағыты, қос күш;

  7. үдемелік қозғалыс, инерция;

  8. аударылу, айналу сәттері;

  9. күштердің таралуы;

  10. сыртқы және ішкі күштердің түрлері жатады;




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет