Дипломдық ЖҰмыс 5В010800 «Дене тәрбиесі және спорт»


Балуанның арнайы ептілік қабілеті



бет40/66
Дата07.02.2022
өлшемі0,53 Mb.
#87340
түріДиплом
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   66
Байланысты:
Байбархан Гүлімай Құралбайқызы Дене тәрбиесіндегі қимыл қозғалыс әрекеттеріне үйрету әдістері 3

Балуанның арнайы ептілік қабілеті.
Арнайы ептілік- аз қозғалыс түрін орындау арқылы нәтижеге жету болса, күрес үстінде аз әдіс орындау арқылы жеңіске жету болып табылады. Арнайы ептілік қабілетті арттыруға арналған жұмыстарға күрес жаттығулары кезінде балуанның пайда болған жағдайдан дұрыс шыға білу қабілетін арттыруға арналған тапсырмалар беру қажет. Оған әдісті дұрыс орындау, дұрыс қорғана білу, басымдыпық көрсету түрлері жатады. Осы жұмыстарды іске асыру үшін төмендегі әдістемелерді қолданған тиімді:
а) Әртүрлі қарсыластарымен күрестіру. (бойы, салмағы, ұстау ерекшелігі, дене-күш қабілеті, шеберлік деңгейі, мінез-құлқы т.б.).
ә) Арнайы берілген тапсырманы бұлжытпай орындау.(міндетті түрде тапсырылған әдісті тек қорғаныста жүріп орындау, үнемі шабуылдау, уақытты созып күресу т.б.).
б) Күресті әртүрлі кілем үстінде жүргізу (жұмсақ-қатты, үлкен-кіші, тайғанақ, суық-ыстық т.б.)
Жоғарыда көрсетілген жағдайларда күресіп үйренген балуан, қалыптасқан жағдайға тез төселіп, дұрыс шешім таба білуге үйретеді.
Арнайы ептілікке әр балуанның өзіне тән ғана ерекше жақсы орындай алатын әдіс түрлері жатады. Осы әдістерді орындау арқылы балуан, көбінесе, жеңіске жетіп жатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет