Иін ұзындығын қысқарту арқылы - әдісті орындау жылдамдығын тездетуге болады. Себебі дененің қозғалыс жолы қысқарады, бұшық еттерге түсетін күш азаяды, сондықтан бүгілген аяқпен қолды көтеру жеңіл болып келеді, себебі бұлшық еттің сүйекке бекітілген қашықтығы қысқарады.
Қарсылас балуанның қорғану және шабуылдау мүмкіндігін азайтуҚарсылас балуанның мүмкіндігін азайтуға төмендегі жағдайлар көмектеседі:
а) қарсыластың күшіне күшпен жауап беру;
ә) қарсыластың дене мүшелерінің қозғалу жолын көбейту;
б) қарсыластың денесі иін ұзындығын ұзарту т.б.
Балуанның жылдамдық қабілетін арттыру жолының тағы бір түрі, ол күрес үстінде әдісті «оза орындау» түрін қолдану. Жаттығу белесулері кезінде осындай тапсырманы көбірек орындату жақсы нәтиже береді.
Әдісті жылдам орындауға баулудың тағы бір түрі, ол өзінен салмағы жеңіл балуанмен күрестіру. Бұл әдістемені қолдану кезінде салмағы жеңіл балуанның салмағы ауыр балуанға қарағанда жылдам қозғалатын қабілетін пайдалану керек. Өзінен жылдам қозғалатын балуанның шапшаңдығына ілесуге тырысу қажет.