Байланысты: Байбархан Гүлімай Құралбайқызы Дене тәрбиесіндегі қимыл қозғалыс әрекеттеріне үйрету әдістері 3
Жарысты жүргізу, есептеу жолы мен марапаттау. Бұл бөлімде жарыс қандай жолмен (айналмалы, шығып қалу, аралас) өткізілетіні, ұпай саны қалай есептелетіні жазылады. Мысалы, жарыс айналмалы жолмен жүргізіледі, ұпай саны І-ші орын алған спортшыға – 10 ұпай, ІІ-ші орын алған спортшыға - 8 ұпай, ІІІ-ші орын алған спортшыға 6 ұпай т.с.с. беріледі деп жазылады. Марапаттауды жазғанда орын алған спортшыларға қандай мақтау қағазын, қандай сыйлықтар берілетіні жазылады. Мысалы, жүлделі орын алған спортшылар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталады – деп жазылады.