Жарыстың құжаттары, оларды құрастыру. Жарыстың құжаттары төртке бөлінеді. Олар: жарыстың мәлімдемесі, жарыстың сұранысы, жарыстың хаттамалары, жарыстың бас төрешісінің есебі деп аталады. Осы құжаттарды қалай дайындау, құрастыру қажет соларға жеке — жеке тоқталайық.
Жарыстың мәлімдемесін дайындау, құрастыру.Барлық дәрежедегі жарыстарға даярлық алдыңда ең негізгі жарыс құжатын -мәлімдемені құрастыру, жазу керек. Жарыстың мәлімдемесін жазған кезде жарыстың атына, атауына үлкен мән берген дұрыс. Жарыстың атауында жарыс масштабы, кімдер арасында өткізілуі нақты түрде көрініс табуы керек. Мысалы, шаңғы спортынан оқушылар арасында өткізілетін Шығыс Қазақстан облысының біріншілігі, Дзю-до күресінен ересектер арасында өткізілетін Өскемен қаласының біріншілігі т.с.с.
Барлық жарыс түрлерінің мәлімдемелері негізгі жеті түрлі бөлімдерден тұрады: