Мақсаты мен міндеттері. Жарыстың мақсатын жазғанда, жарыс негізгі қандай мақсатта өткізілетінін жазамыз. Мысалы, дзю-до күресінен қала біріншілігін өткізсек, өткізу мақсаты: қаланың мықты дзюдошыларын анықтау. Облыс біріншілігін өткізсек, республикалық жарысқа қатысатын облыс құрама команда мүшелерін анықтау т.с.с. Міндеттері 1-3 ке дейін болуы мүмкін. Мысалы: 1. Спортшылардың денсаулығын нығайту. 2. Жарыс өткізілетін спорт түрін насихаттау. 3. Спорт турінің техникасы мен тактикасын жетілдіру ж.т.б.
Жарыс өткізілетін орны мен уақыты. Өткізілетін орны мен уақыты қатаң, белгіленіп, нақты жазылуы керек. Мысалы, "жарыс Өскемен қаласыңда, спорт сарайында, 2005 жылдың 1-3 қараша жұлдызында, өткізіледі деп жазылуы керек.
Жарысты басқару мен қаржыландыру. Бұл бөлімде мәлімдемені бекітіп, оның оң жақ бұрышына "бекіттім деп қол қоятын мекеме басшысы жарысты басқаруға төрешілер тағайындайды. Сол төрешілер жарысты басқару бөлімінде жазылуы керек. Мысалы, жарысты облыстық спорт және туризм басқармасы өткізсе: Жарысты басқару ШҚО спорт және туризм басқармасы бекіткен төрешілер алқасына жүктеледі. Спортшынардың жарысқа келу, қайту жолына, қонақүйге, тамақтануға қаржыны команданы жіберген мекеме көтереді - деп, жазылады.
Достарыңызбен бөлісу: |