Дипломдық ЖҰмыс 5В010800 «Дене тәрбиесі және спорт»


Жарыс және қимыл қозғалыс сатылары



бет55/66
Дата07.02.2022
өлшемі0,53 Mb.
#87340
түріДиплом
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   66
Байланысты:
Байбархан Гүлімай Құралбайқызы Дене тәрбиесіндегі қимыл қозғалыс әрекеттеріне үйрету әдістері 3

2.3 Жарыс және қимыл қозғалыс сатылары

Жарысқа дайындық күнтізбелік жарыс жоспарына өткізілетін жарысты кіргізіп, жарыс уақыты белгіленген күннен басталады. Жарыстың масштабына, маңыздылығына, қатысатын спортшылардың дәрежесіне, санына байланысты жарысқа дайындалу уақыты, кезеңдері белгіленеді. Шартты түрде жарысқа дайындық, жарыс алдындағы дайындық, жарыс кезіндегі дайындық деп аталады.



  1. Алдын ала дайындық кезеңіне жарыс уақыты күнтізбе жарыстар жоспарына кіргізіліп, өткізу уақытына жарыстар жоспарына кіргізіліп, өткізу уақытына 2-3 ай қалған уақыттан басталады. Бұл кезеңнің негізгі жұмыстары: жарыстың мәлімдемесін жасау, демеушілерді дайындау, жарысты ұййымдастыру комитетін тағайындау, марапаттау сыйлықтарын, мақтау қағаздарын белгілеу, қатысатын командаларды, жарысты өткізетін төрешілерді белгілеу, адрестерін анықтау, мәлімдемелерді қатысатын командалардың адрестеріне хат арқылы жіберу, жарыс бағдарламаларын, қойылымдарын, шақыру қағаздарын дайындау т.б. жұмыстар.

  2. Жарыс алдындағы дайындық кезеңі жарысқа бір, бір жарым ай қалған кезден басталады. Бұл кезеңнің негізгі жұмыс мазмұны үш түрге бөлінеді:

А. Байланыс, қонақ үй мәселелері. Олар: қатысатын командалардан, төрешілерден келген теллеграммаларды жинақтау, телеграмма келмегенмен телефон арқылы хабарласу, жарысқа қатысатын басқа қаладан келетіндрге (санын анықталған соң) қонақ үйге сұраныс беріп, хат тапсыру арқылы сол уақыттағы бөлмелерді белгілеп қою (броньалып қою) жұмыстары.
Б. Жарыс өткізетін жер, дәрігерлік қызмет жұмыстары. Олар: жарыс өткізілетін спорт кешеніне сұраныс беріп уақытын белгілеп қою, жарысты дәрігермен қамтамасыз ететін медициналық мекемеге хат апарып беріп оларға жарыс күнін ескертіп қою, жарыс кезінде тамақтандыруды ұйымдастыратын мекемелерге хабарласу.
Д. Жарыс ашылу салтанатына байланысты жұмыстар. Олар: жарыс кезінде концерттік бағдарлама жүргізетін мәдениет мекемелерімен, спорттық көрсетімдер көрсететін спорт мектептерімен хабарласу, жарыс салтанатында сөз сөйлейтін адамдарға, спорт еңбек ардагерлеріне шақыру қағаздарын беру, ұйысдастыру комитетінің жиналысын өткізу, әрбір командаларға мәдени шаралар өткізіп, жауап беретін мекемелер, адамдар тағайындау, жарыс өткізілетіні туралы хабарламалар ілу т.с.с. жұмыстар.
3. Жарыс кезіндегі дайындық кезеңі 3-4 күн қалғанда басталып жарыс күніне дейін созылады. Бұлкезеңнің негізгі жұмыстары: қонақ үйге, спорт кешеніне, дәрігерлік мекемеге, мәдени шараға жауапты адамдарға тағы бір рет хабарласып пысықтап қою, жарыс орнын дайындау (жарыс алаңы, ту, гимн, рациофикация, құжаттар, секретарь-хатшы, компьютер, қағаздар, ашылу, жабылу салтанаты, төрешілер мен спортшылар киінетін, отырыатын жерлер т.б.), үш күн қалғанда үйлерге орналастыру, мандаттық комиссия жұмысын ұйымдастыру, ұйымдастыру комитетінің барлық адамдарын жұмысқа кірістіру, жарыс болар алдындағы кеште төрешілер отырысын өткізу, жарыстың өткізудің барлық жұмыстарын талқылау т.с.с. жұмыстар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет