Дипломдық ЖҰмыс 5В010800 «Дене тәрбиесі және спорт»


Оқушылар арасынан дене тәрбиесі белсенділерін



бет52/66
Дата07.02.2022
өлшемі0,53 Mb.
#87340
түріДиплом
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   66
Байланысты:
Байбархан Гүлімай Құралбайқызы Дене тәрбиесіндегі қимыл қозғалыс әрекеттеріне үйрету әдістері 3

Оқушылар арасынан дене тәрбиесі белсенділерін даярлау және тәрбиелеу. Ұжым кеңесі мен мұғалімнің аса маңызды міндеттерінің бірі - дене тәрбиесі ұжымының айналасына мектеп оқушыларының арасынан көп санды және тиісті деңгейде дайындықтан өткізілген белсенділерді ұйымдастыру мен топтастыру. Ондай белсенділерсіз сыныптан тыс спорттық жұмыстардың өрісін кеңейту мүмкін емес.
Белсенділердің бірінші тобы — дене тәрбиесінің ұйымдастырушылары мен насихаттаушылары. Бұл топқа жататындар: сыныптардағы дене тәрбиесінің ұйымдастырушылары, топ жетекшілері, секция төрағалары, ұжым кеңесінің және оның жанынан ұйымдастырылған әр түрлі комиссиялардың мүшелері.
Белсенділердің екінші тобы - мұғалімнің оқу-спорт жұмыстары жөніндегі көмекшілері, арнайы семинарлардан өтіп, мұғалімнің бақылауымен және тапсыруымен оқушылар тобымен сабақ өткізетін қоғамдық нұсқаушылар, жеке командалардың жаттығуында мұғалім мен жаттықтырушыға көмектесетін спорттық командалар капитандары, спорттың жеке түрлері бойынша төрешілер, жарыстардағы бақылаушылар мен хатшылар және т. б.
Белсенділердің үшінші тобы – көпшіліктік спортшыларды жүргізетін, жарыс пен әр түрлі ойындарды басқарушылар.
Белсенділерді даярлаудың негізгі түрі — семинарлар, ал басқару түрі - жеке немесе топтық нұскау беру мен мәжілістер.
Дене тәрбиесінің ұйымдастырушылары, кеңес мүшелері, секция төрағалары, қоғамдық нұскаушылар және спорттың жеке түрлері бойынша тағайындалған төрешілер үшін семинарлар өткізіліп тұрады.
Семинарларды халыққа білім беру бөлімдерімен бірлесе отырьш аудандық немесе қалалық дене тәрбиесі және спорт комитеттері ұйымдастырып, өткізеді. Семинарлар осы аталған ұйымдармен келісе отырып, тікелей мектептің езінде өткізілуі де мүмкін.
Спорттың жеке түрлері бойынша қоғамдық нұсқаушыларды даярлағанда семинар бағдарламасында мектептегі дене тәрбиесінің міндеттері мен мазмұны туралы, дене тәрбиесі жүйесінің негізі болып есептелетін Президент сынамалары туралы, спортпен айналысуға байланысты адам организмі мен оның қызметінде болатын өзгерістер туралы және сол спорт түрі бойынша теориялық және практикалық сабақтар: мектепте жаттығу сабақтарын ұйымдастыру мен өткізу әдістері, жарыс ережелері мен оны ұйымдастыру, спорттың осы түрінін техникасы мен тактикасын үйрену туралы мәселелерді қарастыру керек.
Спорттың жеке түрлері бойынша төрешілерді даярлауда семинар бағдарламасында спорт саласындағы мектептің міндеттері, Президенттік сынамалар, оқушы-спортшыларды тәрбиелеудегі төрешілердің рөлі, бірыңғай спорттық классификация, спорт түрінің қысқаша техникасы мен тактикасы, жарысты ұйымдастыру мен өткізу, жарыс ережесі, төрешілік ету мәселелері қарастырылады.
Мектептің жағдайында спорттың түріне, семинарға жіберілген оқушылардың даярлық деңгейіне байланысты оқу жоспары басқарушы ұйымдардың рұқсатымен нақтыланып, өзгеруі мүмкін.
Семинарларда даярлықтан өткен белсенділер жүйелі басшылықты және мамандығын түрақты жетілдіріп отыруды қажет етеді. Басшылық ең алдымен жекелей және топтық нұскау беру түрінде іске асырылады.
Мұғалім жас төрешінің жұмысын бақылай отырып, оған әр түрлі жөн сілтеуі мүмкін: міне осыны жеке нұсқалар деуге болады. Мұғалім сыныптардағы дене тәрбиесі ұйымдастырушыларын жинап және алда болатын мектеп спартакиадасына байланысты олармен бірге спартакиаданың күнтізбесі мен ережесін пысықтайды және оларды ұйымдастыру жұмыстарының мазмұны туралы нұсқау береді. Немесе екі жеті сайын қоғамдық нұсқаушыларды жинап, секциядағы болатын алдағы екі-үш сабақтың мазмұны бойынша нұсқаулық өткізеді. Мұны топтық нұсқау беру немесе нұсқаулық сабақтар деуге болады.
Жиналыстар (мәжілістер), оқу жиындары және конференциялар басшылық ету және мамандықты жетілдіру түрі болып табылады. Бұларды алдын ала белгіленген және мұқият әзірленген бағдарлама бойынша халыққа білім беру бөлімдері мен дене тәрбиесі және спорт жөніндегі басқармалар өткізеді. Нұсқау беру мақсатында дене шынықтыру белсенділерінің жұмысын есепке алуды ұйымдастыруға және жүргізілген жұмыстар туралы қоғамдық ұйымдардағы есепке назар аудару кажет. Сынып дене тәрбиесінің ұйымдастырушысы сынып мүшелерінің жалпы жиналысында, төраға секция мүшелерінің жалпы жиналысы алдында, топ жетекшісі топтың жалпы жиналысында, команда капитаны өз командасының алдында есеп береді. Алдыңғы қатарлы белсенділерге алғыс жариялап (мектеп бойынша), спорттық құрал-жабдықтарды пайдалануға жеңілдіктер беру арқылы көтермелеп отырған жөн.
Арнайы иілгіштік деп, берілген қозғалыс түрін неғұрлым үлкен аяда нәтижелітүрде орындауды айтады. Буындардың үлкен аяда жұмыс істей алу қабілеті көптеген қозғалыс түрлерін меңгеруге мүмкіндік береді.
Балуандар күресінде иілгіштік қабілеттің жақсы болуы көптеген күрделі күрес әдістерін дәл және нәтижелі орындауға септігін тигізеді. Мысалы, аяпен ілу, аяпен көтеріп «өңгеріп» лақтыру, іштен шалу,т.б. әдістердің орындау кезінде дене буындарының, әсіресе, жамбас, аяқ буындарының қозғалмалалық аясының жақсы болуы әдісті нәтижелі орындауға мүмкіндік береді. Егер де балуанның иілгіштігі төмен болса, қарсылас балуан өзінің қозғалыс аясының яғни иілгіштік қабілетінің жақсылығын пайдаланып, әдісті орындатпай қояд, кей жағдайларда қарсы әдіс қолданып кетеді.
Балуан шабуылдау немесе қорғану кезінде қарсыласының қозғалыс аясын неғұрлым азайтып, нәтижелі жетістікке жетуге тырысады., осындай жағдайда шабуылдаушы балуанда әлі қолданылмаған, резервтегі қозғалыс мүмкіндігі қалады. Иілгіштік аясының мүмкіндінің үнемдеп, әдіс- айла жасау үшін төмендегі жағдайларды іске асырған жөн:

  1. бастапқы тұрыс қалпын өзгерту арқылы

  2. ұстау түрін өзгерту арқылы

  3. қарсылас балуанның тұрысын өзгертуіне мәжбүрлік жасау

  4. қарсыластың қозғалу мүмкіндігін шектеу арқылы

  5. тіркеу нүктесін күшпен өзгерту арқылы

  6. әдістіңорындалу жолын өзгерту арқылы қол жеткізуге болады.

Бастапқы тұрыс қалпын өзгеру арқылы өзіне шабуылдау үшін қолайлы жағдай туғызады. Мысалы, ілу әдісін орындау кезінде балуанның өз тіреу аяғының ұшын ішке қарай бұруы, қарсылас балуанның аяғын іліп алып, артқа қарай көбірек тартуға мүмкіндік береді. Егер осы қозғалысты аяқ ұшын сырқа қарай бұру арқылы орындаса, онда қозғалыс аясы азайып, әдіс толық орындалмауы мүмкін. Сол сияқты арқадан асыра лақтыру әдісін орындау кезінде аяқты бір- бірінен өте алшақ қою, арқамен және жамбаспен қарсыласқа жұрылудықиындатады. Бір аяқты алға қою арқылы аяқпен көтеріп , өңгеріп тастау сияқты әдістерді жақсы орындауға ыңғай туғызады.
Киімнен, денеден ұстаудың түрлерін өзгерту арқылы қозғалыс аясын өзгертуге болады. Мысалы, арқадан асыра лақтыру әдісін орындау кезінде омыртқа буындары мен иық буынының қозғалыс аясының қолданып, сәтті әдістер жасауға болады. Мысалы, қарсыластың аттас аяғын алдына қоюға мәжбүр ету арқылы арттан шалу әдісін орындауға мүмкіндік алуға болады.
Егер қарсылас фронталды тұрыста болса немесе еңкейіп төменгі тұрыста болса, онда арттан шалу әдісін жасау мүмкіндігі азаяды, яғни әдісті орындауға қажетті қозғалыс аясы үлкейеді. Әдісті орындау жүйесін өзгерту арқылы иілгіштік қабілеттің мүмкіндігін толық пайдалануға болады. Арқадан асыру лақтыру әдісін орындау кезінде балуандар көбіне иық буынының ауырғанын сезінед,оған себеп әдіс иық буынының бұрылуы мүмкіндігі шегінде орындалғанының әсерінен болады. Осы жағдайды түзету үшін киімнен ұстау ұстау нүктелерін неғұрлым жоғары көрсету, қолды көтеру немесе төмен отырыңқырап әдісті орындау жағдайлары қарастырады.
Осылай орындау кезінде қозғалыс ампитудасы үлкеюіне байланысты әдісті орындау жеңілдейді.
Жаттығудың алғашқы айларында жаттықтырушы саптың алдында жүріп қозғалыс жылдамдығын, оның бағытын, орындалатын жаттығу түрін өзі реттепотырады. Жаттықтырушының сап алдында жүруінің кемшіліктері де бар, оларға жататындар:
1) Жаттықтырушының үнемі қозғалысүстінде болуы
2) Өзінен кейінгі келе жатқандардың көре алмауы
3) Қате жасалғанжаттығу түрін дер кезінде түзете алмауы
Жаттығу алдымен жай жүрістен басталып, бірте-бірте жүгіріске ұласады. Жүгіру кезінде, секіру, айналу, жылдамдықты азайту- көбейту т.б.қозғалыстүрлері жатады.
Жүгіру жаттығуларын тыныс алу мен жүрек соғысының жоғары деңгейге жақындағанына дейін жүргізеді. Шаршау деңгейіне жеткізбеу қажет. Жүгіру қарқынын біртіндеп азайтып жай жүріске түсіреді. Жүріп келе жатқан жасалатын жаттығуды адамнын барлық бұлшық еттерімен буындарымен жұмысқа қосылуын қамтаммассыз ететін етіп таңдап алынады. Жаттығуларды орындаудың өздік бір тәртібі, жүйесі болады. Мысалы, қолға жасалатын жаттығулар саусақтарға арналған жаттығу түрлерінен бастап, одан шынтақ буынына ауысады. Мойынға, денеге жасалатын жаттығуларға еңкею, шалқаю, бұрылу, айналдыру түрлері қолданылады. Аяққа жасалатын жаттығуларға: аяқ ұшымен, өкшемен, табан қырымен отырып тұру, аяқты сілтеу, көтеру т.с.с.орындалады. Сабақтың кіріспе бөлімінде денені қыздырыну жаттығулармен бірге балуанға қажетті арнайы және дене- күш қабілеттерін арттыруға арналған жаттығулар беріледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет