Дипломдық ЖҰмыс 5В010800 «Дене тәрбиесі және спорт»


Шаңғымен 3000 м жане 5000 м жүгіру



бет18/66
Дата07.02.2022
өлшемі0,53 Mb.
#87340
түріДиплом
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   66
Байланысты:
Байбархан Гүлімай Құралбайқызы Дене тәрбиесіндегі қимыл қозғалыс әрекеттеріне үйрету әдістері 3
91691978, Диплом Арт-терапия, рухани жаңғыру фото, БАҒДАРЛАМА 3 курс - копия (1), ИНСТРУКЦИЯ ПО ЗАЩИТЕ ДП В РЕЖИМЕ ДОТ 23.04.202г ЮКГУ, Дадашов Адхам Акажанович Жеңіл атлетиканың түрлері мен дамуы, Дадашов Адхам Акажанович Жеңіл атлетиканың түрлері мен дамуы, Байбархан Гүлімай Құралбайқызы Дене тәрбиесіндегі қимыл қозғалыс әрекеттеріне үйрету әдістері 3, ӘЛ-ФАРАБИДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫ, ЖЕТКІНШЕК ЖАСТАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ЖАЛПЫ ПСИХ, Байбархан Гүлімай Құралбайқызы Дене тәрбиесіндегі қимыл қозғалыс әрекеттеріне үйрету әдістері 3, План граф и дневник каз, 2 диплом АНАПИЯ, АНАПИЯ саптық дайындық
4. Шаңғымен 3000 м жане 5000 м жүгіру
Сынамалар табандылық дене тәрбиесі қасиетін дамытуға ықпал етеді.
Жарыс аз ғана немесе орта жүрілген жерлерде, шаңғы жарысы ережелеріне
сай өткізіледі. Жарыстар мен сабақтар -15°С төмен емес температурада өткізіледі.
Қазақстан Республикасының қарсыз аудандарында, қажетті саймандар жоқ жерлерде, түсіністік ретімен, шаңғымен жүгіру 6 мин. жүгіру-жүрумен алмастырылады. 6 минутта барынша қашықтықты өту керек. Жүгіру-жүру спорт киімімен стадионның, парктің, орманның және т.б. жерлердің жүгіру сөрелерінде өткізіледі. Дайындық тәсілі 1,2,3 км және 1,5 мили жүгіру қашықтықтары ережелері сияқты.


5. Жүзу
Сынама табандылық дене тәрбиесі дайындығы сапасын дамыту және ерекше сулы ортадағы іс-қимыл шеберлігін үйренуге ықпал етеді. Жүзуден сынаманың сабағын еткізу мен тапсыру бассейнде, сондай-ақ жай тоғандарда (көл. өзен), арнайы жабдықталған жерде қауіпсіздік нормаларын сақтай отырып өткізуге болады. Жүзу білмейтіндерге „Жүзу білмейтіндерге он сабақ" тәсілі бойынша сабақ өткізу қажет.
5 сыныпқа дейінгі оқушылар үшін сабақтар мен сынама тапсыру судың температурасы 20° төмен болмаған, ауаның температурасы 2 2 және одан жоғары болған жағдайда өткізіледі.
Табиғи су тоғандарында жүзу сөресінің тереңдегені 90-120 см жағада өтуі тиіс.
Жүзуден сынаманы тапсырған кезде төреші-старт беруші бұйрық немесе үзік-үзік ысқырып оқушыларды сөреге шақырады (сөре тумбочкасына, бассейи жағасына). Табиғи су тоғанында өтетін жағдайда су шетінде тұрып старт беріледі.
„Стартқа" деген төрешінің бұйрығынан кейін оқушылар „жүзуші старты" жағдайын қабылдайды, „марш" немесе старт беретін пистолет атылған соң жүзу басталады. Бассейн немесе су тоғанындағы жүзу жолдарына қарай қатысушылар саны анықталады. Әр жолда тереші-хронометражшы қатысушылардың мәреге келуін анықтап тұрады. Уақыт дәлдігі 0,1 сек. дейін. Кез-келген түрде жүзуге рұүқсат етіледі [39].


6. Мылтық ату
Бұл әскери қолданбалы сынама. Қару қолданудың алғашқы негіздерін, ату шеберлігіне үйретеді.
Ату арнайы жабдықталған түрда шағын калибрлі ТОЗ-8 және ТОЗ-12 мылтықтарымен жатып немесе бауды қолдану аркылы 25 м кашықтықтағы № 6 нысанаға немесе 50 м қашықтықтағы № 7 нысанаға ату арқылы жүзеге асырылады.
Шағын калибрлі (пневматикалық) ИЖ-38 мылтығымен түрегеп столға
сүйеніп тұрып, немесе 5 м қашықтықта тұрып № 8 (спорттық) нысанаға атады. Алдын-ала қаруды қалай қолдану керектігі туралы ережелерін, сондай-ақ ату кезінде өзін-өзі ұстау ережелерімен таныстырып өткізу қажет. Нысаналарды дайындағаннан кейін окушылар ату алаңына келеді. Олардың әрбіріне үш оқтан беріледі. Байқап көру үшін Ату жетекшінің қатаң рұқсатынан кейін ғана орындалады. Одан кейін нысананы ауыстырады. Жаңағы оқушылар ататын жерге орналасып, бес оқтан алады, сөйтіп есепті атулар жасайды.


7. Доп лақтыру
Бұл сынама жинақталуға, дәлдікке үйретеді және ату мүмкіндігі жоқ жағдайда қолданылады.
Салмағы 150 гр, допты лақтыру кез-келген тегіс, алаңда өткізіледі Тигізу үшін 100x100 см 200 см биіктікке ілінген көлемдегі нысана қолданылады. Сынаманы қабылдау үшін сөре сызығы белгіленіп, керекті қашықтыққа нысана орнатылады. Оқушылар алдымен орныңда тұрып екі байқау, одан соң есептік лақтыруды орындайды.
Нысанаға доптың тиюі белгіленіп отырады (бар-жоқ).
Дайындық жаттығулары
а) жалпы дамытатын барлық бұлшық еттері топтарына арналған жаттығулары.
б) иық буындарын айналдыратын қол қимылдары;
в) оң, сол қолмен лақтыруды бейнелеу;
г) ұсақ тастарды, үйеңкі жаңғақтарын (оң, сол қолдарымен) қашықтыққа лақтырып, нысана көздеу; ұлдарымен,
д) теннис добын жерге ұру. Кімнің добы биік көтеріледі (оң, сол қолдарымен)
е) допты қашықтыққа лақтыру (оң, сол қолдарымен)
и) допты нормадан 3-5 м қашығырақ нысанаға лақтыру




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет