Моделдермен және кластармен жұмыс iстеу
Программалық модуль құралдар салынған қорапқа ұқсайды. Сiздiң қорабыңызда балға, бұрағыш, әр түрлi шегелер, бұрандалар бар деп ойлаңыз. Балға сен шегелер программалық модульдiң процудураларына сәйкес келедi, ал шегелер мен бұрандалар – айнымалыларға (немесе берiлгендерге) сәйкес келедi. Ендi шегелер жеке қорапшаларға салынбай, барлық құрал – саймандармен бiрге қорапта тұр деп ойлаңыз. Мiне осылайша қарапайым программалық модуль орналасқан.
Модульдер дегенiмiз программалық кодымен ASCII текстiк файлы. Онда программада қолданылатын өзара байланысқан процедураларды топтау ыңғацлы.
Жоба (проект) көптеген программалық модульден тұру мүмкiн. Мысалы, балға
мен бұрағышты бiр қорапта, ал шеге мен бұрандаларды басқа қорапта сақтауға болады.Осындай жүйелiк ұйымдастыру программаны оқытуды жеңiлдетедi.
Бұның бәрi әрине жақсы, бiрақ сiз үй қалаушы жұмыскердi көз алдыңызға елестетiңiз. Оған көптеген қораптарды, әртүрлi құрал саймандармен және шеге мен бұрандалармен көтерiп жүруге тура келедi. Барлық құралдар өз орнына рет-ретiмен орналасқан бiр ғана қорап көтеруге ыңғайлы болады. Айтылғандай мүмкiндiк Visual Basic-те қарастырылған – сiзге
модуль класы немесе жиi айтылып жүргендей
жай класс қажет.
Кластар обьектiлi – бағыттылған программаның негiзгi құрушы блоктары болып табылады –
модельдер, ал бұл жағдайда программа өзара байланысқан обьектiлер түрiнде сипатталады. Класс тек программаның функционалдық тәсiлiнiң жартысын жеке обьект ретiнде бөлiп қана қоймай, сонымен қатар базалық модульдердiң мүмкiндiктерiн кеңейтедi. Сiз бiр
программаның бөлiгiн қорғап, қалғанын программа еркiне бере аламыз. Бұл процесс
инкопсуляция деп аталады.
Өзара байланысқан әрекеттердi орындау үшiн кластар, қасиеттер, әрекеттер және оқиғалар бар. Жақсы жобаланған класс программа бөлiгi болып табыла алады. Бұл, сiз бiр класты бiр жобадан басқасына орналастырыңыз да, ол ешқандай өзгертулерсiз қалыпты жағдайда жұмыс iстейтiн дегендi бiлдiредi.
Модульдер
жеке файлда болғандықтан, оларды бiрнеше жобаға қосуға болады. Ондай әдiспен, жазылған кодты қайтадан қолдану мүмкiндiгi туады. Мысал, менде өзара байланысқан процедурусы бар бірнеше модуль бар. Бiр модульде сұқпат терезесiмен жұмыс үшiн функция сақталған, оларды мен өз программамда қолданамын. Басқа модульде мультимедия-құрылғыларының жұмысын жеңiлдететiн, бiрiктiрiлген функция бар. Бір модульдің негізіне біртектес
функцияларды топтастыра отырып, программалық кітапхана құрасыз. Егер модульдерді бір каталогке немесе логикалық байланысқан каталог астына орнатсақ, оларды басқа жобаларда қолдануға болады.
Программалық кітапхана қолдану сіздің уақытыңызды үнемдейді, өйткені сізге жазылған кодты қайтадан құруға тура келмейді. Құрал-саймандар метофорын(теңеуін) жалғастыра отырып, программалық кітапхана, құрал-саймандарды тасымалдайтын жүк машинасын елестеді. Онда көптеген қораптарды әр түрлі құрал-саймандармен орнатуға болады. Әр түрлі деректер түрі
бір кітапханада орналасқан, бірақ бір-бірімен араласпайды.
Программалық кітапхананың басқа мүмкіндігі мында:жөндеуден кейін оның құрамын басқа жобада қолдануға болады. Модульдерге және кламтарға аяқ баспай тұрып, программалық кітапхана құрып алайық, онда сіз өзіңіздің жеке программалық тәсілдеріңізді жинай аламыз.
Программалық модульдерді бір жерде жинақтау керек. Қатты дискіде арнайы каталог құрыңыз. Біз мұнда болашақ жобаларда қолданылатын программалық модульдерді сақтаймыз.
Программалық кітапхана былай құрылады:
Пуск батырмасының көмегімен Windows сілтеуішін қосыңыз.
Codelib каталогын немесе қапшығын құрыңыз. Қапшықтың орнын, керек жағдайда оңай әрі тез көшіретіндей етіп таңдау керек.
Бағаттаушы Windows-ты жабыңыз. Егер сіз жазған программалық модуль жеткілікті түрде әр жақты және басқа қосымшаларда қолдануға болатын тәсілдері бар болса, оны Codelib каталогына сақтаңыз.
Сіз модуольді басқа жобаға қосқыңыз келсе, келесі әрекетті орындаңыз:
Visual Basicтің жоба терезесінде тышқанның оң жақ батырмасын шекртіңіз;
Ж анама менюден Add Add File командасын таңдаймыз;
Add Module сұқбат терезесінде керекті модульді Codelib каталогынен таңдаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: