Дипломдық ЖҰмыс 5В011900 -шетел тілі: екі шетел тілі Шымкент, 2022 ф-19-01/02



бет23/39
Дата08.08.2022
өлшемі178,1 Kb.
#147994
түріДиплом
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   39
Байланысты:
работа

Rob Peter to pay Paul – «барлық қарыздан құтылу үшін тағы бір қарыз алу», «біреудің бір затын басқаға беру үшін алу». Бұл фразаның шығу тегі ағылшындардың ескі салттарына сәйкес ауқатты шіркеулердің дін басшылары кедей шіркеулерге керек заттарын беріп тұратын болған. Мысалы: Why borrow money to pay your bills? That’s just robbing Peter to pay Paul. There’s no point in robbing Peter to pay Paul. You will still be in debt.
By (немесе with) bell, book and candleбұл фразаның сөзбе-сөз аудармасы «қоңыраумен, кітаппен және шырақпен». Негізгі мағынасы католик шіркеуінен кететінін білдіреді. Бұл фраза алғашқы рет, шамамен 1300 жылдары ескі ағылшын тілінде пайда болған. Шіркеу қызметкерлері қайтыс болған кісі үшін кітапты жауып, шырақты өшіріп, қоңырауды соққан. Мыс.: ‘Curced in kirc an sal ai be wid candil, boke, and bell’.
Baker's dozen — «наубайшылардың дюжинасы», 13 – саны, ағылшындар 13 санын сәтсіздіктің белгісі деп білген. Себебі, ескі ағылшындардың салт-дәстүрі бойынша сатушылар наубайшылардан 12 нанның орнына 13 нан алатын болған, 13-ші нан сатушылардың табысынан есептелген. Бұл орта ғасырдан бастап кеңінен тараған фраза болып табылады. Мысалы: «Mine’s a baker’s dozen: Master Bubble, tell your money».
Good wine needs no bush — Жоғары сапалы тауарлар жарнаманы қажет етпейді, себебі адамдар бұл ақпаратты жылдам естиді, жақсы шарап жарнаманы қажетсінбейді; жақсы тауар өзін-өзі мақтайды. (Ескі салт бойынша, асханашылар шырмауық бұтақтарын іліп қоятын болған, бұл шарап сатылатындықтың белгісі болып табылады). Мыс.: If «good wine needs no bush», a good service needs. Сarry coals to Newcastle — «Ньюкаслға көмір жеткізу», яғни артық, керек емес жұмыс жасау деген мағынаны білдіреді, себебі Ньюкастл – ағылшындардың көмір өнеркәсібінің орталығы болып табылады. Мыс.: Smith is so rich he doesn’t need any more money. To give him a gift certificate is like carrying coals to Newcastle.
Play fast and loose — ойын кезінде алдау (өтірік ойын ойнау); жауапкершіліксіз әрекет жасау; біреудің сезімімен ойнау деген мағынаны білдіреді. Бұл фраза Англияда жәрмеңкелерде ойналатын ескі ұлттық ойынмен байланысты. Таяққа біресе белбеуді (немесе жіпті) қатты керіп оралған, біресе шешкен және де көрермендер амалшыл манипуляцияны таба алмаған, сол себепті бәстесуден үнемі ұтылатын болған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет