Дипломдық ЖҰмыс 5В012800 «Физика-Информатика»



бет10/10
Дата14.02.2023
өлшемі2,63 Mb.
#168659
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Аширова Жазира

Тапсырма. Көлемі 2 см2 болатын мұзқыртысты бұзу үшін қанша күш жұмсау қажеттігін анықтаңдар. Мұздан дайындалған осы материалдарды бұзу қаупі бар жағдайларды анықтаңдар. Ондай қауіп қай кезде болуы мүмкін? Есептеулер жасаңдар және дәлелдер келтіріңдер.
Мысал. Қыс мезгілінде тайгада жүру өте қиын, бұл мезгілде қар жамылғысы қалың және адам салмағын көтере алмайды. Қалың қар басып қалған жерлерді жалпақ табанға ұқсас жасалған сырғанап адымдауға ыңғайлы шаңғысыз өту мүмкін емес. Бұндай шаңғылардың ені 30 см-ден кем болмауы тиіс, ал ұзындығы 140-145 см. немесе одан да қысқа болуы мүмкін.
Тапсырма. Осындай шаңғы киген, салмағы 70 кг адам қарға қандай қысым түсіреді? Есептеу жолдарын ұсын және дәлелде.
Мысал. Жедел кино түсіруден көргендей, орман тоқылдағы емші жәндіктер іздегенде немесе ұяға қуыс дайындағанда, оның тұмсығы 7 м/с жылдамдықпен соққылау арқылы ағашты тесе алады.
Тұмсықпен соққылаудың толық циклі барлығы 0,001 секундке созылады. Бұл арада зор күш түседі, бірақ құстың миы ешқашан да зақымданбайды.
Мұның құпиясы тоқылдақтың басы бір жазықтықта, ешқандай бүйірге ығысусыз тек алға және артқа ғана қозғалуында.
Мысал. Соққылаған кезде тоқылдақтың басына шамадан тыс түсетін күшті анықтаңдар. Үдерісті сызбанұсқа түрінде бейнелеңдер.
Бұл ақпараттың адам үшін тәжірибелік мәні бар ма? Бар болса қандай, мысал келтіріңдер, дәлелдеңдер.
Мысал. Африка түйеқұсының орташа жұмыртқасының ұзындығы 15-20 см, көлемі бойынша шамамен тауықтың жұмыртқасының екі дюжинасына тең (дюжина – біртекті заттарды данамен санау түрі, 12 данаға тең келеді) және салмағы 16-18 Н. Мұндай жұмыртқаны пісіру үшін 40 минут қажет. Бірақ ең қиыны – оны аршу, себебі қабығының қалыңдығы 1,5 см. ол 127 кг салмаққа төзеді.
Тапсырма. Берілген деректер бойынша түйеқұс пен тауықтың бір жұмыртқасының салмағын анықтау әдістемесін жасаңдар. Шыққан мәліметтерді салыстырыңдар. Адамның тәжірибелік іс-әрекетінің қандай түрінде ұқсас есептеулер қажет болады.
Мысал. Сысой қоңырауы әлемдегі ең үлкен қоңырау, ол Ярослав облысы Ұлы Ростов күмбезді мұнарасында орналасқан. Қоңырауды 1688 жылы орыстың шебері Фрол Терентьев құйып жасаған. Оның салмағы 32 тоннаға тең. Немістің Кёльн қаласында 1923 жылы құйылған, салмағы 24 тонна Петр қоңырауы бар.
Тапсырма. Осы қоңырауларды күмбезді мұнараларға қалай көтерген? Бұл рәсімнің мүмкін болатын жобасын жасаңдар. Сысой қоңырауына әсер ететін ауырлық күшін анықтаңдар. Арқанға іліп қойылған осы алыптың салмағы неге тең?
Мысал. Біздің Жеріміз элипсоид екені белгілі. Солтүстік полюсте жерге еркін түсу жеделдігі 983 см/с2 тең, ал экваторда – 978 см/с2.
1-тапсырма. Осы деректер бойынша Жердің экватордағы және Солтүстік полюстегі радиусын анықтаңдар.
2-тапсырма. Осы ендіктердегі, бірінші жағдайда Жердің өз осінен айналатындығын ескеріп, ал екіншісінде – бұл айналымды ескерусіз, адамның салмағын анықтаңдар.
Мысал. Гизадағы әйгілі пирамидалар, әрқайсысының салмағы екі тоннадан артық үлкен тас блоктардан салынған. Бұл тас кесектерді шың құздардан шағып алып, құрылыс орнына жіберген. Тасты шағып алу үшін шың құзда тесік жасап, оларға ағаш қазықтар қағылған.
Бұл қазықтарға ұзақ уақыт бойы су құйылған, олар ісініп құздарда жарықтар пайда болған, сонан соң оларды тас балталармен тас кесек шағылып түскенше ұлғайтқан. Тас кесекті мұқият тегістеуге тура келген.
Дайын түрлерін төселген төсеніштер көмегімен жоғарыға көтеріп тасты тастың үстіне қалаған. Блоктарды тіпті араларынан су да өте алмайтындай, тығыз қалаған. Үстінен басқан үлкен салмақ (мысалы, Хеопс пирамидасыбиіктігі шамамен 147 метр) барлық құрылымды іс жүзінде мызғымас берік қылды [8].
Тапсырма. Пирамиданы салушылардың әрекеттерінің мүмкін жобасын жасаңдар. Қадам бойынша сызбанұсқа жасаңдар.
Салмағы 10 т, табаны 2x4 м2 мөлшердегі формасы параллелипед тәрізді бір кесектің қысымын анықтаңдар.
Сонымен жобалық тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар өз іс-әрекеттерін жоспарлауды, проблема қоюды, проблеманы шешу жолдарын іздеуді, шешім қабылдауды, нәтижені анықтауды, өз беттерінше жұмыс істеуді және т.б. үйренеді.
Жұмыстың нәтижесін кесте, бейне-ролик, презентация, сурет, шығарма, реферат түрінде көрсетуге машықтанады. Жобалық тапсырмалармен жұмыс істеу оқушылардан ізденуді, шығармашылықты талап етеді [71,72].

3.3 Жобалық тапсырмалар қарастырылатын сабақтардың үлгілері


Білім берудің мақсаттары мен мазмұны өзгеруде, оқытудың жаңа құралдары мен технологиялары пайда болуда, осыған қарамастан сабақ оқу үрдісін ұйымдастырудың ең басты формасы ретінде қала береді.


Сабақ – оқу процесінің шешуші буыны, сондықтан оқушылардың пән бойынша алған білімдерінің сапасы да ең алдымен әр сабақтың ғылыми-әдістемелік дәрежесіне және жалпы алғанда сабақтардың бүкіл жүйесіне байланысты.
Оқу бағдарламаларымен және тұрақты сабақ кестесімен оқытуды ұйымдастыру формасы болып табылатын сабақта оқу-тәрбие үдерісінің барлық компоненттері – мақсаты, мазмұны, құралдары, әдістері, тәсілдері, ұйымдастыру мен басқару қызметтері және оның барлық дидактикалық элементтері қарастырылады. Ал оқу қызметі – адамның оқу міндеттерін шешу үдерісінде теориялық білімдері мен тәжірибелік білігін игеруіне бағытталған негізгі қызмет түрлерінің бірі [73].
Қазіргі заманғы сабақ – ол, ең алдымен мұғалім оқушының тұлғалық дамуына, оның ойлау қабілетінің жылдам өсуіне, білімді терең игеруіне, оның бойында адамгершілік негіздерін қалыптастыруды шебер қолданылатын оқу үрдісінің бір түрі.
Бүгінгі сабақ мектеп оқушыларының белгілі бір мөлшердегі білімді меңгеруімен шектелмей, тұлғаның жалпы дамуымен, оның танымдық және жасампаздық қабілеттерінің қалыптасуымен байланысты болуы тиіс. Қазіргі сабақ баланың ересектік өмірге белсенді кіруіне жағдай жасайтын, қоғамның заманауи талаптарына сәйкес қасиеттердің дамуын қамтамасыз ететіндей болуы қажет [74].
Білім берудің жаңа парадигмасы бүгінгі күннің сабағына өзінің әсерін тигізуде, инновациялық педагогикалық және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану білім берудің жаңа мазмұнын енгізуді талап етуде.
Қазіргі сабақтың бірінші моделі деп сыныптағы дәстүрлі сабақты айтуға болады, ол мектеп тәжірибесінде жылдар бойы тиімді іске асып келеді. Бұл модельде өзіне тән ұғымдық аппарат, мұғалімдердің өзара қарым-қатынасының мәдениеті қалыптасқан, сондай-ақ сабақтың үштұғырлы мақсаты мен жоспар-конспектісі, оқытудың түрлері және әдістері мен тәсілдері, сабақ түрлері және басқа терминдер қолданылады.
Сонымен қатар дәстүрлі сабақ әрқашан қазіргі заманауи сабақты өткізудің және ұйымдастырудың негізін қалаушысы болатынын атап кеткен жөн. Сабақ өзгеріске ұшырағанымен, оның негізінде классикалық педагогика мен әдістеме қалады.
Қазіргі сабақтың екінші моделі білім беруді технологияландырылуымен байланысты. Педагогикалық технологиялар білім беру саласына өткен ғасырдың 90-шы жылдарында келе бастады және оларға тән ұғымдарын (тақырыптық және күнделікті сабақ жоспарының технологиялық картасы, технологиялық тәсілдер, технологияның кезеңдері, кезеңдердің міндеті) құрастыруға мүмкіндік берді.
Бұл модельдің пайда болуының нәтижесінде мектеп оқушыларын оқытудың әдіс-тәсілдері өзгерді, олардың белсенділігі және ең бастысы өзара байланысы артты.
Қазіргі заман талабына сай білім беру саласын жетілдірудің өзекті мәселе ретінде оқушының құзыреттілігін қалыптастыруға негізделген сабақты, яғни сабақтың үшінші моделі туралы айту қажеттілігі туындады
Бұл дидактикалық модельдің өзіне тән жобалау мәдениеті мен ұғымдары (негізгі және базалық құзыретіліктер, баланың тәжірибесі, өмірлік әртүрлі жағдаяттарда шешім қабылдай білуі, психологиялық-педагогикалық жағдайлар және тағы басқалар) бар. Сонымен, қазіргі сабақ – бұл тану, ашу, іс-әрекет, қарама-қайшылықтар, даму, өсу, білімге апаратын саты, өзін-өзі тану, жетілдіру, қызығушылық, таңдау, кәсіпкершілік, алға бастау, сенімділік, қажеттілік сабағы және қазіргі сабаққа тән ерекшелік – оқушылардың белсенді (өздігінен) оқу қызметі. Оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендендірудің тәсілдерінің бірі – оларды ойлаудың түрлерін (саралау, жинақтау, салыстыру, маңыздысын белгілеу, қорытынды жасау) үйрету [75].
Сабақтың ең кең таралған түрі – дәстүрлі сабақ. Дәстүрлі сабақты негізгі дидактикалық талаптар тұрғысынан, сонымен қатар қазіргі сабақты өткізумен байланысты оның мәнінің өзгеруін қарастырайық (9-кесте):

9 - кесте – Дәстүрлі сабақ пен қазіргі сабақтың өзіндік ерекшеліктері



Сабаққа
қойылатын
талаптар

Дәстүрлі сабақ

Қазіргі сабақ

Мақсаты мен
міндеттерді хабарлау

Оқушылар нені үйрену керек екенін мұғалім хабарлайды

Білетіні және білмейтінін
Анықтау арқылы оқушылар
өздері анықтайды.

Сабақтың
тақырыбын хабарлау

Мұғалім оқушыларға
хабарлайды

Оқушылар өздері
қалыптастырады

Жоспарлау



Мақсатқа жету үшін оқушылар
қандай жұмыс
істейтіндерін
мұғалім хабарлайды

Белгіленген мақсатқа жетудің жолдарын оқушылар
жоспарлайды

Оқушылардың
практикалық
әрекеттері

Оқушылар практикалық
Жұмыстарды мұғалімнің
басқаруы мен орындайды
(көбінесе іс-әрекетті
Ұйымдастырудың фронталдық түрі қолданылды)

Оқушылар оқуды белгіленген
жоспар бойынша жүзеге асырады (жеке,топты әдістер
қолданылады)

Бақылауды жүзеге
асыру

Мұғалім оқушылардың
практикалық жұмысты
орындауларына бақылау
жасайды

Бақылауды оқушылар өздері жүзеге асырады(өзін-өзі бақылау, бірін-бірі бақылау)

Түзетулерді жүзеге
асыру

Мұғалім жұмыстың орындалу барысында түзетулер жасап
отырады

Оқушылар қиындықтарды өздері анықтайды және өздігінен жүзеге асырады

Оқушыларды
бағалау

Оқушылардың орындаған
жұмыстарын мұғалім сабақ барысында бағалайды

Оқушыларжұмыстарын
нәтижесіне қарай бағалайды (өзін-өзі бағалау,
сыныптастарының жұмысын
бағалау)

Сабақтың
қорытындысы

Мұғалім оқушылардың
естерінде нені сақтағандарын
анықтайды

Рефлексия жүргізіледі



Үй тапсырмасы

Мұғалім түсіндіріп айтады (көбінесе барлық оқушыларға бір тапсырма беріледі)

Жеке мүмкіншіліктеріне қарай мұғалімұсынған
тапсырмаларданоқушылар
таңдап ала алады

Сонымен қатар, мектептегі пән сабақтарында әсіресе ғылыми-жаратылыстану циклі пәндері бойынша бастауыш, негізгі орта және жоғары сыныптарда сабақ барысында жобалық тапсырмаларды қарастыру кеңінен қолданылуда.


Оқу пәні: Физика. 7-сынып.
Сабақтың тақырыбы: Атмосфераның жердегі тіршілік үшін маңызы, ауа температурасының таралуы [76].
Сабақтың мақсаты: оқушыларға атмосфераның маңызы, ауа температурасының таралуы, климаттық карталар жөнінде ұғындыру, топтық жұмыста жолдастық көмекке баулу.
Күтілетін нәтиже: оқушыларға атмосфераның маңызы, ауа температурасының таралуы, климаттық карталар жөнінде ұғынады, топтық жұмыста жолдастық көмектің маңызын түсінеді.
Түйінді идеясы: атмосфера жердің қорғаныс қабаты.
Сабақтың әдіс-тәсілдер, жұмыс түрі:
ыстық орындық,
мағынаны таны,
электронды оқулық,
бес жолды өлең.
Ресурстар: интерактивті тақта, ұялы телефон, оқулық, маркер, шығу парағы, үлестірме қағаз т.б.
Бағалау: жұптардың өзара бағалауы, топтық бағалау.
Сабақтың барысы:
10 – кесте - Атмосфераның жердегі тіршілік маңызы






Мұғалім іс-әрекеті

Оқушылар іс-әрекеті

Кіріспе


1.Мұғалім амандасады оқушыларды
түгендеп,сиқырлы микрофон арқылы
сабаққа ізгі тілек айтқызады.
2. Үй тапсырмасы «Ыстық орындық»
Әдісі арқылы сұрақ-жауап ұйымдастырады.
3. Рефератпен жұмыс жүргізеді.



1.Оқушылар амандасады,
ізгі тілек білдіреді
2. «Ыстық орындық» әдісімен
топтарға сұрақ қою арқылы үй
тапсырмасына шолу жасайды.
3. Үйге орындауға берілген
Рефераттарың тексеріп
маңыздылығына тоқталады.

Тұсау
кесер

1. Мұғалім оқушылармен бірге жаңа сабақтың тақырыбын
«Мағынаны таны стратегиясы»
бойынша мақал-мәтел арқылы анықтайды, мақсатын айқындайды.
Бөрі айтып келмес, боран айтып соқпас.
Жақсы туса, елдің ырысы жаңбыр жауса жердің ырысы.
Қазанда соққан дауылдан не пайда, қарашада соққан жауыннан не пайда? Қарылғаш төмен ұшса жаңбыржауады, аяз ұзаққа созылса аң ауады.
2. Ақпарат көздерімен танысуға мүмкіндік жасайды.
Қосымша мәлімет береді.

1. Оқушылар мақал-мәтелдің
мағынасы бойынша өз ойларын қорытындылайды.
2. Атмосфераның жердегі тіршілік маңызы,ауа температурасыны
Таралуы мағлұматтар жинастырып өзойларын түйіндейді.
2. Ақпарат көздерімен танысып,
сабаққа қатысты деректер
жинақтайды,мәтінмен жұмыс
жасайды, қорытынды шығарады.

Негізгі
бөлім



Атмосфера бес жолды өлең.
Атмосфераның маңызы:
__________________ түсіреді.
__________________ қорғайды.
__________________ пайда болады. __________________ білдіреді.
__________________ тұрады.
2. Зерттеу жұмысының нәтижесін тыңдайды, пікір білдіріп, қорытындылайды.

1. Атмосфераның жердегі тіршілік
үшін маңызы,ауа
температурасының
таралуы туралы өз ойларын құрастырады.
2 «Қазақ халқының ауа-райын
Болжау негіздері»жобасын
әзірлейді. Талқылайды, пікір
білдіреді, қорытындылайды.

Қорытынды. Оқушылар әзірлеген жобаларымен сыныпты таныстырады, қорытындылайды. Адамзат үшін ауаның қажеттігі туралы ойларын айтады.


Үйге тапсырма. Ауа райы картасын оқу жолдарын ұсыну.
Сабаққа қатысты қосымшы мәліметтер:
1) Изобара «Қысымы бірдей нүктелерді қосатын қисық сызық»;
2) Изохора «Желдің жылдамдығы бірдей нүктелерді қосатын қисық сызық»;
3) Изогиета «Жауын-шашын түсуі бірдей нүктелерді қосатын қисық сызық»;
4) Изотерма «Температуралары бірдей нүктелерді қосатын қисық сызық».
Сонымен қатар жалпы білім беретін мектептердің барлық пәндерінде жобалық тапсырмаларды қолдануға болады.
Тақырыптың мазмұнына жобалық тапсырмаларды кіріктіру арқылы мұғалім оқушыларды өз іс-әрекетін, уақытын жоспарлауға, шешім қабылдауға және одан шығатын нәтижені болжауға, өз іс-әрекетіне талдау жасаумен қатар, өз ойын қорғауға үйретеді.
Оқушы жобалық тапсырмаларды қорғаудың нәтижесінде сөйлеуге, өз ойын жеткізіп айтуға, дәлелдеуге үйренеді, аталған бұл қасиеттер кез келген пәнді оқу барысында, жалпы өмірлік тәжірибеде қажет болып саналады.
3.4 Орта мектептің физика курсында жобалау әдісін қолдану

Біз дайындаған тәжірибелер кез келген заттар мен денелерді құрайтын майда бөлшектер барлық уақытта қозғалыста болатынын тұжрымдайды.


Мысал келтіретін болсақ иісі өте жағымсыз өткір затты тәжірибе жасайтын аудиторияға алып келсе, мезетінде сол тәжірибе жасайтын аудиторияға жағымсыз иіс тез тарқап кетеді.
Тәжірибе нәтижесіне сүйенетін болсақ, физика құбылысында өзгермейтін , зат болмайды. Себебі тіршілік дүниесі қозғалыстан, өзгеруден тұрады. Яғни өзгеріс және қозғалыстан тұратын дүниелер, міндетті түрде бір –біріне әсер етіп, кезкелден дене құрастыра алады және сол денелер бұзылып, қайтадан қалпына келеді.
Табиғатта өмір сүру мен тіршілік етудің ажырамас тәсілі немесе құрамдас бөлімі деп аталады материяда. Табиғаттағы тіршілік қозғалыссыз болуы мүмкін емес. Жалпы ғылыми мәліметтерге сүйенсек қозғалыс әр түрлі жағдайда әр түрлі болады.
Әр түрлі жағдайдағықозғалыстыңтың өз иесі, өз тасымалдаушысы, яғни түпкі негізі болады. Сондай-ақ өсімдік бойындағы органикалық заттар, адамның қан тамырларындағы қан үнемі козғалыста болады.
Заттарды құрайтынмолекулалар мен атомдар да үздіксіз қозғалыста болатыны өздеріңе мәлім. Алайда бізді қоршаған ортада қозғалмайтын денелерді де көреміз. Мысалы, бөлмедегі үстел, оның үстінде жатқан кітап, аялдамаға келіп тоқтаған автобус, құрылыстағы кран, әуежайдағы ұшақтар жерге қатысты қозғалмай тұрады.
Дегенмен бұл мысалдар "дүниедегі барлық нәрселер қозғалыста болады деген пікірді жоққа шығара алмайды. Өйткені жер бетіне қатысты қозғалмай тұрған дене Жермен қоса оның осін айналады әрі онымен бірге Күнді де айнала қозғалады.
1-тәжірибе: Күн сәулесі нашар түсетін бөлмеге немесе қараңғы бөлмеге жарық сәлесін түсіріп қарасақ, қатар –қатар тұрған жолақты немесе өте ұсақ ағзалардың қозғалысын байқаймыз. Бұл күн сәулесінен қорқып, қозғалыста жүрген шаң тозаңдар екенін байқаймыз. Шаң тозаңдарды ауадағы молекулалар деп есептесек қателесеміз [77].
Ауаның құрамындағы шаң тозаңдар, керісінше көзге көрінбейтін молекулаларды бір орыннан екінші орынға жылжытады және әр түрлі пішінде өте баяу қозғалтатынын көреміз. Қорыта айтқанда көзге көрінбейтін әр түрлі пішіндегі шаң тозаңдар ауадағы моекулаларды қозғайды. Сонымен қатар 2-ші тәжірибе жасап көреміз. Онда сұйық заттардың бөлшектері үнемі қозғалыста болатын болатындығын көреміз.
2-тәжірибе: Таза суды шыны ыдысқа дайындап аламыз. Дайын болған таза суға тотияйын ертіндісін құямыз. Нәтижесінде байқайтынымыз таза сумен тотияйын құйлған судың арасында қоңырқай түс пайда болады. Бірнеше уақытөткеннен кейін барлығы бір түске теңеседі. Себебі су молекулаларын тотияйын соққылып қайта қайта қозғап үздіксіз жылжуына көмектеседі.
Диффузи (лат. dіffusіo – таралу, жайылу) –молекулалардың жылулық қозғалысы салдарынан шеқаралас орналасқан әр түрлі заттардың бір-біріне өту құбылысы. Диффузия дененің бүкіл көлеміндегі концентрация мөлшерінің бірте-бірте теңелуін, сөйтіп оның бірқалыпты сипат алуын қамтамасыз етеді.
Диффузия жылдамдығы температураға тікелей байланысты, алайда бүл процесс газдарда өте тез, сүйықтарда одан гөрі баяу, ал қатты заттарда өте баяу өтеді. Диффузия құбылысы барлық агрегаттық күйде, диффузияланатын заттың сол ортадағы шоғырлануы теңелгенге дейін жүре береді.
Газ немесе сұйықтың молекулаларының бір орыннан екінші орынға ауысуы арқылы өз ішінде диффузиялануы өздік диффузия деп аталады.
Диффузияның өту шапшаңдығы — диффузияланатын заттың тегіне және оның қандай жағдайда болуына байланысты анықталатын шама — диффузия коэффициентімен сипатталады. Диффузия коэффициентінің халықаралық бірліктер жүйесіндегі өлшеу бірлігі — м 2 /сек.
Диффузия құбылысы табиғатта маңызды роль атқарады: атмосфераның жер бетіне жақын орналасқан қабаттарындағы ауа құрамының біркелкі болуына ықпал етіп, өсімдіктердің дұрыс қоректенуіне жағдай туғызады
Тұрмыста, табиғатта және адам мен жан-жануарлар әлемінде диффузияның пайдалы да, зиянды да жақтары бар. Мысалы, ауадағы оттегі суға диффузия арқылы өтетіндіктен, ондағы жануарлар дем алып, тіршілік ете алады. Нақ осы жолмен ауадағы оттегі адам терісінен өтіп, оның организмін сауықтырады. Міне, сондықтан адам денесі терісінің үнемі таза болуы денсаулыққа жақсы әсер етеді.
Қоректік заттар диффузия арқылы жануарлардың қарнынан, ішегінен өтіп, қанға беріледі. Одан әрі қан тамырларының қабырғаларынан етіп, бүкіл денеге тарайды. Диффузияның зиянды жақтарына келер болсақ, ауру тарататын микробтар, әр түрлі улағыш заттар (темекі түтіні, арақ пен есірткі молекулалары) адам организміне оңай сіңіп, зор зиян келтіреді.
Диффузия құбылысынан мынадай қорытынды туады: денелерді құрайтын бөлшектер бір-бірінен белгілі бір қашықтықта орналасады және үздіксіз қозғалыста болады. Дене көлемінің үлкен бөлігін бос кеңістік алып тұрады. Тіпті, біртұтас атомныңда аса үлкен бөлігі бос кеңістік болып табылады.
Атом көлеміндегі бос орынды салыстырмалы түрде көз алдына елестету үшін мына мысалды келтірейік: атомның ядросын шие көлеміндей үлкейтсек, онда осы шие – ядроны айнала қозғалатын атом электрондарының орбиталары үлкен футбол стадионындай болар еді. Ядроның кішілігі сондай, ол атом көлемінің 1/1 000 000 000 000 = 10 12 бөлігін ғана алады. Денелерді қыздырғанда диффузия жылдамырақ жүреді. Өйткені денелерді құрайтын бөлшектердің қозғалыс жылдамдығы оларды қыздыра түскен сайын арта береді[78].
3-тәжірибе: қант пен тұз суық суға қарағанда ыстық суда тезірек ериді. Оның себебі: ыстық судың молекулалары салқын судың молекуласына қарағанда жылдамырақ қозғалады. Сөйтіп қант бөлшектерін ыстық су молекулалары жиі-жиі соққылап, тездетіп ерітеді. Екі металды түйістіріп, балқыта қыздырсақ, олар бірімен-бірі берік тұтасып қалады. Өйткені молекулалардың қозғалыс жылдамдығы артады да, екі металдың бөлшектерінің бір-біріне өтуі шапшаңдайды. Бұл құбылысты шеберханадағы ұсталар металдарды өңдеп, әр түрлі бұйымдар жасау үшін пайдаланады.
4-тәжрибе: Стақанның үштен біріне су құямыз,бірнеше тамшы уксус тамызамыз. Шай қасықтың төрттен біріндей ас содасын қосамыз. Суда көпіршіктер пайда болады. Лимонадтағыдай көмірқышқыл газы бөлінеді.Себебі: сода мен уксустың молекулалары қозғалады. Сода мен уксустың молекулалары бір бірімен араласты.Сұйықтардың молекулалары қозғалады.
Тәжірибе нәтижелерін былайша корытындылаймыз: Диффузия құбылысы молекулалар өздігінен араласуы арқылы жүреді немесе біз өзіміз араластыру арқылы да жүреді, яғни молекулалар үздіксіз, бей- берекет қозғалады және бір- бірімен соқтығысады.
Ғылыми жобаның слайдтары: https://www.kazedu.kz/referat/45136. http://festival.1september.ru/. http://student39.ru/lector/control/











ҚОРЫТЫНДЫ

Зерттеу жұмыстың мақсаты мен міндеттері отандық және шетелдік 45 әдебиеттерге сілтеме келтіре отырып орындалды.


Жоба технологиясының даму тарихына, классификациясына зерделеу жұмысын жүргіздім. Жоба әдісін пайдалануға қойылатын негізгі талаптарын толық меңгердім:
1. Зерттеу, шығармашылық жоспарда маңызды мәселе немесе біріктірілген білімді, оны шешу үшін зерттеу ізденісін талап ететін міндет болуы (мысалы, әлемнің әр түрлі аймақтарындағы демографиялық проблеманы зерттеу; бір мәселе бойынша жер шарының әр шетінен репортаждар сериясын құру (қышқыл жаңбырларының қоршаған ортаға әсер ету мәселесі).
2. Болжанатын нәтижелердің практикалық, теориялық, танымдық маңызы (мысалы, өңірдің демографиялық жағдайы, осы жағдайға әсер ететін факторлар, зерделенетін проблеманың дамуы байқалатын үрдістер туралы баяндаманы тиісті қызметтерге беру; оқиға орнынан репортаждармен газеттер, альманахты бірлесіп шығару; әртүрлі жерлерде орманды қорғау, іс-шаралар жоспары, т.б.)
3.Оқушылардың өзіндік (жеке, жұптық, топтық) қызметі.
4. Жобаның мазмұндық бөлігін құрылымдау(кезең-кезеңмен нәтижелерін көрсете отырып).
5. Зерттеу әдістерін пайдалану: одан туындайтын зерттеу міндеттерін анықтау, оларды шешу гипотезасын ұсыну, зерттеу әдістерін талқылау, соңғы нәтижелерді рәсімдеу, алынған мәліметтерді талдау, қорытынды жасау, түзету, қорытындылар (бірлескен зерттеу барысында "ми шабуылы", "дөңгелек үстел" әдісін, статистикалық әдістерді, шығармашылық есептерді, көрулерді пайдалану).
Оқушылардың дарындылығын дамытудағы бұл тапсырмалардың маңызы, ең алдымен, зерттеушілік ізденістің жаратылыстан бөлінбейтін құбылыс екендігімен түсіндіріледі. Білуге деген құштарлық, бақылауға тырысушылық, тәжірибеден өткізуге дайын тұру, әлем туралы жаңа мәлімет жинауға талпынушылық қасиеттер балаға тән дәстүрлі мінез болып саналады.
Сондықтан, жобалық тапсырмалар арқылы оқушыны ізденушілікке баулу, оған зерттеу дағдысы мен білігін игерту бүгінгі білім беру саласының маңызды міндеті болып саналады.
Жобалық тапсырмаларды тиімді пайдалану оқушының дүниетанымы кеңейе түседі, әдеби тіл мәнерімен сөйлеуге және жазуға дағдыланады. Тапсырма жұмыстарының мазмұнына сәйкес әдістемелік негізділігі тиянақты зерттеулерді, нақты мәтіндерді дәйектемелік тұрғыдан пайдалануға үйрету арқылы шығармашыл тұлғаны қалыптастырады.
Сондықтан жобалық тапсырмалар көмегімен қалыптасқан білім, білік пен дағдылар оқушылардың жоғары оқу орындарында ойдағыдай оқуына ықпалдасып, қазіргі заман талаптарына сәйкес маман болуына жол ашады.
Бұл қазіргі әлем өркениетіндегі оқу мен ғылыми зерттеу жұмыстар тұтастығы жүйесіндегі көрсеткіштер оқушының барлық деңгейдегі оқу кезеңдерінде іздену, зерттеу қабілеттерін дамытады.
Меңгерілген ұғымдардың тереңдігінде, яғни жобалық тапсырмаларды пайдалану арқылы олардың көпқырлы дәйектері ескеріліп, білім деңгейі артады.
Зерделенетін мәселелер арасында табиғи өзара байланыстың орнауымен, жетекші идеялардың бағытындағы оқу материалын қарауды қамтамасыз ететін, зияткерлік әрекет деңгейі өзгереді.
Зерттеу міндеттері орындалды:
1.Жаратылыстану циклы пәндері бойынша мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған жобалық тапсырмалардың әдістемелік ерекшеліктері анықталды.
Жаратылыстану циклы пәндері (география, биология, химия, физика) бойынша жобалық тапсырмалардың үлгілері әзірленді.
Жобалық тапсырмалары бар сабақтардың үлгілері әзірленді.
Жобалық тапсырмаларды құрастыру бойынша әдістемелік ұсыныстар әзірленді.
5. Орта мектептің физика курсында жобалау әдісін қолдану тәжірибелеріне талдау жасалынды.
Зерттеу әдістемесі мен теориясы еңбектерге негізделеді: білімді меңгеру үдерісі құрылымының сұрақтары бойынша, білімді меңгеру процесін модельдеу және бағалау мәселелері бойынша, сонымен қатар оқыту сапасын қамтамасыз ету шарттарын анықтайтын зерттеулерде оқу материалын меңгерудің формалары мен деңгейлерін анықтау.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы: Жаратылыстану циклы пәндері бойынша мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған жобалық тапсырмалардың әдістемелік ерекшеліктері анықталды және орта мектептің физика курсында жобалау әдісін қолдану тәжірибелеріне талдау жасалынды.
Жұмыстың практикалық құндылығы: Әдіскерлер, физика оқытушылары, мектеп директорлары, инспекторлар және т.б. білімді меңгеру деңгейін бағалау үшін жаңа, нақты, объективті және жеткілікті қолжетімді әдіс алады. Зерттеу нәтижелері физика бойынша жобалық тапсырмаларды құрастыру бойынша әдістемелік ұсыныстар әзірленді.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


1 Бугаев А. И." Орта мектепте физиканы оқыту әдістемесі", - М.," ағарту", 1981 ж.
2 Гурина Р. В. "физиканы оқыту әдістемесі бойынша дәрістер".- Ульяновск, 2013
3 Демидова, М. Ю., Нурминский и. И. "БМЕ 2008. Физика. Емтихан материалдарының федералдық Банкі". - М.: Эксмо, 2008ж. (басылымға интерактивті тренинг-курсы бар диск қоса беріледі).
4 Кабардин О. Ф., Орлов В. А. Физика. Тест. 7-9 сыныптар: оқу-әдістемелік құрал. - М.: Дрофа, 1997.
5 Кабардин О. Ф., Кабардина С. И. ,Орлов В. А." орта мектептің 7-11 сыныптарындағы физикадан оқушылардың қорытынды бақылауына арналған тапсырмалар", - М.," ағарту", 1994 ж.
6 Мокрова И. И. Физика 10 сынып. 3 сағ. – Волгоград: мұғалім – АСТ, 2004ж.
7 М., "Жоғары Мектеп", 1984 ж.
8 Оноприенко О. В."Орта мектептегі физикадан оқушылардың білімін, іскерлігін және дағдыларын тексеру",-М.," ағарту", 1988 ж.
9 Орлов В. А. "9-11 сыныптарға арналған физикадан тесттер",-М., "мектеп-Пресс", 1994 ж.
10 Пеннер Д. И., Корж Э. Д." 8 сыныпқа арналған физикадан бағдарламалық тапсырмалар", - М.," ағарту", 1979 ж.
11 Пеннер Д. И., Корж Э. Д. "9 сыныпқа арналған физика бойынша бағдарламалық тапсырмалар",- М., "ағарту", 1983 ж.
12 Пеннер Д. И., Худайбердиев А. "6-7 сыныптарға арналған физика бойынша бағдарламалық тапсырмалар", - М., "Просвещение", 1985 ж.
13 Пурышева Н. С. оқу үрдісінде оқушылардың білімін, іскерлігін және дағдыларын тексеру және бағалау. - ҚН-да.: Мектеп физика курсын оқыту әдістемесі, М., МПИ.В. И. Ленин, 1979ж.
14 "Физика пәнінен оқушылардың білімін бақылау". - М.: ағарту, 1982ж.
15 "Физика в школе" Журналы, 1997-2008 жж.
16 "Физика", "Первое сентября" газетінің қосымшасы, 1997-2008 жж.
17 Шахгулари В.В. Управление творческой деятельностью учащихся в современной школе. – Алматы: Қазақ университеті, 2010. – 151 с.
18 А. А. Андреев қазіргі сабақтың құрылымы. — М.: ВУ, 2007. – с. 17.
19 Анциферов Л. И., Ездов А. А., Клевицкий В. Қазіргі заманғы ақпарат көздерімен оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру технологиялары.// Мектептегі Физика. - №4. - 2011-б. 12-14
20 Асмолов А. Г. Қызметі және орнату. - М.: ағартушылық 1998-б. 42-46
21 Булатова М. А. С. Өнер қазіргі заманғы сабақ. – М.:Академия, 2008-с. 128-131
22 Физика пәні бойынша сабақ сценарийлері. // Заманауи сабақ. - №4. – 2010ж. С. 23-25
23 Пономарев Я.А. Психология творчества и педагогика. -М.: Педагог -2002. -С.60
24 Бодалев А.А.Общение и формирование личности школьника. - М.: Педагогика, 2007. – 149 с.
25 Д.В.Хеерман. Методы компьютерного эксперимента в теоретической физике (пер. С анг.).-М.:Наука, 2000
26 К.Биндер, Д.В. Хеерман Моделирование методом Монте-Карло статистической физике (пер с анг).- М.: Наука, 2005.
27 Д.Каханер, К.Моулер, С.Нэш. Численные методы в физике (пер с анг).-М.: Мир, 2008.
28 Д.Поттер. Вычислительные методы в физике (пер с анг).-М.:Мир,2005.
29 Х.Гулд, Я.Тоболчик. Компьютерное моделирование в физике. В 2-х частях (пер с анг).-М.:Мир,2000.
30 С. И. Векслер Сабаққа қойылатын заманауи талаптар. — М. : Ағарту, 2005.
31 Малафеев Р. И. Орта мектепте физиканы проблемалық оқыту. — М. : Ағарту, 2000.
32 Махмутов М. И. Мектепте проблемалық оқытуды ұйымдастыру. — М. : Ағарту, 2003.
33 "Баян Сўлу" Ақ А.Тұлғаның қарым-қатынастағы белсенділігінің психологиялық мәселелері. — М.: Педагогика, 2003.
34 Оконь В. Проблемалық оқыту негіздері. — М. : Ағарту, 2008.
35 Разумовский В. Г. Физикадан шығармашылық есептер. — М. : Ағарту, 2000.
36 Рубинштейн С. Л. Жалпы психология Негіздері. — М.: Педагогика, 2009.
37 Усова А. В., Бобров А. А. Физика сабақтарында оқу іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру. — М. : Ағарту, 2008.
38 Р. мен Малафеев: "Орта мектепте физиканы проблемалық оқыту". - Мәскеу" Просвещение " 2000.
39 Н. М. Зверева: "Физика сабағында оқушылардың ойлауын белсендіру". - Мәскеу" Просвещение " 2000.
40 Л. А. Иванова: "Физиканы оқытуда оқушылардың танымдық қызметін белсендіру". - Мәскеу" Просвещение " 2003.
41 "Мектептегі Физика" журналы 2003.
42 Балашов М. м. Табиғат туралы 7 сынып м. ағарту, 2001
43 Балашов М. м. Табиғат туралы 8 сынып М. ағарту,2001
44 Бугаев А. И. Орта мектепте физиканы оқыту әдістемесі м. ағарту, 2001
45 Зуев П. В. УрГПУ Оқушыларын оқыту үрдісінде дене тәрбиесі деңгейін арттыру Екатеринбург, 2000



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет