2. Қатысымды-ауызша сөйлеу деңгейі. Бесінші сынып оқушылары сөйлеген сөздерiнде сөздердi орынды қолдануға, сөздердiң мағыналық реңктерiне орай дұрыс пайдалануға, сөйлемдердi, мәтiндердi дұрыс құрауға дағдыланады. Сабақ үстiнде оқушылар дайын үлгiге қарай мәтiн құрастырады, оның мазмұнын жалғастырады. Мәтiннiң мазмұнын оқушылар өз тiлiмен айтып бередi, дайын үлгiге қарап тақпақтар, қарапайым жұмбақтар, жаңылтпаштар шығарады. Сабақта проблемалық жағдайлар қоя отырып, оқушылардан осы проблеманы шешудi талап етiлдi. Алдарына қойылған проблеманы шешу барысында оқушылар шығармашылықпен жұмыс iстейдi. Бұл деңгейде сабақ типтерi - проблемалық сабақ түрiнде болады. Iшiнара пiкiрталасқа және дидактикалық ойындарға құрылған сабақтар да қолданылды. Мұндай сабақтарда оқушылар шығармашылық, iзденiмдiк әдiс арқылы әрекет жасайды. Бұл деңгейдi қалыптастыру үшiн интерактивтi әдiстер қолданылған сабақтар өтiлдi. Осыған орай бастауыш мектеп оқушыларына төмендегідей тапсырмалар берілді:
Достарыңызбен бөлісу: |