Дипломдық ЖҰмыс қазақ ономастикасын зерттеудің жаңа бағыттары Мамандығы: 5В020500 Филология


Ономастикалық концептілердің көркем мәтіндерде вербалдануы



бет11/17
Дата07.07.2022
өлшемі157,83 Kb.
#147336
түріДиплом
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17
Байланысты:
Таншолпан 2022-1 (1)

2.1 Ономастикалық концептілердің көркем мәтіндерде вербалдануы
Қазақ ономастикасында жалқы есімдердің көркем мәтіндердегі функциялары негізінен идиоэтникалық (этномәдени) өзгешеліктер тұрғысынан зерттеліп келді. Бұл зерттеулерде қазақ тіліндегі жалқы есімдердің идиоэтникалық семантикасы, көркемдік лингвостилистикалық қызметі қарастырылды. Мысалы, Г.Т.Аубакированың диссертациялық жұмысында Ғабит Мүсіреповтің «Ұлпан» повесінің көркем мәтініндегі қазақтың идиоэтникалық жалқы есімдерінің этнолингвистикалық және лингвопоэтикалық сипатын зерттеу барысында «Ұлпан» повесіндегі антропонимдер, топонимдер, этнонимдер (генонимдер), оронимдер, артионимдер, уранонимдердің идиоэтникалық семантикасы анықталды, жалқы есімдердің көркем-эстетикалық қызметтері қарастырылды, «Ұлпан» повесінің көркем мәтіні ономастикалық кеңістік шеңберінде антропонимдер мен топонимдердің қызметтері сипатталды [13].
Таза тілдік, көркем сөйлеу (речь художественная) кеңістігінде қарастырылған жалқы есімдердің коннотациялық, яғни шын мәнісіне концептілік мағыналары (жүйелі түрде болмаса да) белгілі дәрежеде қарастырылды. Концептілік этномәдени мазмұн міндетті (заңды) түрде жалқы есімдердің тұлғасында (формасында) және сол тілдік форманың сыртында – адамның, этностың ментальді өрісінде болатынын ескерсек, жоғарыда аталған және басқа да зерттеулерде ономастикалық концептілердің кейбір тұстары сипатталған деп айтуымызға болады. Осы жәйтті мына бір тұжырымдардан байқауымызға болады: «Әдетте қандай да болмасын тұрақты мекен, қалалардың аты географиялық ортаға не ру-тайпаның, жеке адамдардың атына, айтулы оқиғаларға байланысты қойылады. Сондықтан да оның төркінінде этномәдениетке қатысты белгілі бір тарих, мән-мағына жатады» [9, 22 б.].
Повесте (Ғ.Мүсіреповтің «Ұлпан» повесі - Т.Б.М.) кісі аттарына, географиялық атаулардың ішкі аясында болатын жергілікті жердің, өсімдік немесе жануар әлемінің ерекшеліктері, сол аумақта болып өткен оқиғаларға, түр-түс, иіс, дәмге байланысты мәдени деректер ұлттық және мәдениетаралық топонимдердің лингвомәдени коннотациясы болып табылады [14, 22 б.].
Тілдік таңбалардың ішінде біздің ойымызша, әсіресе ономастикалық лексикалық бірліктерде суггестиялық түрде мәдениеттің (этномәдениеттің) мазмұндық семиотикалық болмысы тілдік (атау) формасына сіңісіп жинақталған, сақталған. Тіл мен мәдениетті ерекше семиотикалық жүйелер деп танысақ, олардың бір-бірімен байланысы аса күрделі мәселе болып табылады, сондай-ақ зерттеушілердің пікірінше тілдік таңбаның мазмұны мәдени таңбаның формасы болып саналады, ал заттық мәдениет атауы тілдік таңбаның формасы, ал мазмұны сол атаудың мағынасы бола алады.
Ономастикалық атаудың тілдік семиотикалық жүйесінің бірлігі ретінде мәдениеттің семиотикалық жүйесінің арасындағы екі жүйені байланыстыратын, белгілі дәрежеде біріктіретін жүйе ономастикалық концептілер жүйесі болып табылады. Басқаша айтқанда тіл мен мәдениетті бір семиотикалық жүйеге бірлестіретін, тоғыстыратын адамның, этностың, социумның, лингвомәдени қауымның тілдік санасы, лингвоментальді өрісі.
Осы тұрғыдан қарайтын болсақ, кез келген концептінің, соның ішінде, әрине, ономастикалық концептілердің тілдік көрінісі, яғни негізгі қызметі – олардың вербалдануы. Тіл – сөйлеусіз (речь), қолданылусыз өлі дүние, сол себепті тек қолданыстағы (сөйлеу, мәтіндердегі – көркем мәтіндер солардың бір түрі) тіл бірліктері мен концептілері өз сипатын, болмысын аша алады.
Тілдік көркем мәтіндердегі ономастикалық концептілердің қолданысы – вербалдануы көркем мәтіннің дискурстық (пайымдау) сипаттарына байланысты және дискурсты құрылымдайтын маңызды элемент болып келеді. Дискурстың сөйлеу актілерінен және мәтіннен басты айырмашылығы: дискурс – когнитивтік лингвомәдени сөйлеу тұтастығы болып саналады. Дискурста тілдік тұлғаның аялық білімінің көрінісі, яғни тілдік дүниенің бейнесі, автордың «таным әлемі» түрлі концептілер арқылы беріледі. Сонда ономастикалық концептілердің мәтінде вербалданауын осы жоғарыда келтірілген дискурстық сипаттамаларына байланысты қарастыруымыз керек.
Көркем мәтіндер ономастикалық концептілерге бай немесе жұтаң болып келеді, мәтіндердің осы тұрғыдан бөлінуі, әрине, мәтіндердегі ономастикалық атаулардың көптігіне немесе аздығына, жоқтығына байланысты. Әдетте, ғылыми, публицистикалық ресми мәтіндерде көп жағдайларда жалқы есімдер кездеспейді немесе аз кездеседі. Көркем мәтіндердегі (фольклорлық, көркем әдебиет мәтіндері) жалқы есімдердің көрінісі – ономастикалық концептілердің вербалдану болмысын көрсетеді.
Осы жұмысымызда біз белгілі бір көркем мәтіндегі ономастикалық концептілердің вербалдануын жүйелі түрде бастан аяқ көрсетуге әрекет жасамаймыз. Біздің мақсат: мәтіннің түр-түрінде, жанрлық және дискурстық сипаттарына қарай антропонимиялық, топонимиялық, мифонимиялық концептілердің мәтінде тілдік, вербалдік көріністерінің біршама заңдылықтарын айқындап, талдау жасау негізінде жүргізіледі.
Қазақ халық ауыз әдебиетінің, қазақ фольклорының мәтіндері ономастикалық концептілерге бай деп айтуымызға болады. Қазақ фольклорындағы жалқы есімдердің құрамы мен этнолингвистикалық сипатын зерттеген Д.М.Керімбаев фольклорлық жалқы есімдерді фольклордың жанрлық жүйесіне сәйкес бөледі: эпикалық мәтіндердегі жалқы есімдер; аңыздық халық прозасындағы жалқы есімдер; наным-сенім, әдет-ғұрыптық фольклордағы жалқы есімдер; шешендік сөздер, бата, лиро-эпикалық шығармалардағы жалқы есімдер. Әрине, фольклорлық жалқы есімдер антропонимдерге, топонимдерге, зоонимдерге, теонимдерге, мифонимдерге, хрононимдерге, этнонимдерге т.б. бөлінеді, бірақ жас зерттеуші Д.М.Керімбаев қазақ халық ауыз әдебиетінің жекелеген жанрларымен өзара қатысты фольклорлық қазақ жалқы есімдерінің жанрлық ерекшелігін көрсетумен шектелген [7]. Сонымен қатар зерттеуші қазақтың фольклорлық жалқы есімдерінің ұлттық-мәдени ерекшеліктерін, фидеистік (нанымдық) және лингвопоэтикалық қызметтерін тиісті тарауларда қарастырғанда ономастикалық концептілердің кейбір аспектілеріне тоқтап өткен деп есептеуге болады. Дегенмен, қазақ ономастикасында ономастикалық концептілерге, олардың түрлі мәтіндерде вербалдануының (тілдік, көркемдік қолданысының) тәсілдеріне, зандылықтарына арнайы зерттеулер, талдаулар жасалынған жоқ.
Фольклорлық немесе кез келген басқа да көркем тілдік мәтіннің тілдік (ономастикалық) әлемі (дүниенің тілдік немесе ономастикалық бейнесі, көрінісі) концептуальдық «әлемнің» туындысы, көшірмесі болып саналады. Олай болуына мынадай негізгі себептер бар: 1) ғаламның концептуалды көрінісі тілдік көріністен (тілдік санадағы) әлдеқайда ауықымды және бай болып келеді; 2) әлемнің тілдік көрінісі (бейнесі) концептуалды (тілдік емес) көрінісінен туындайды; 3) әлемнің (дүниенің) тілдік көрінісі мәтін түзушінің (адамның, этностың) ментальді ой-өрісіне, санасына, дүниетанымына т.б. байланысты болып келеді. Басқаша айтсақ, мәтін түзуші этностың (автордың) концептуалдық әлемі – «таным әлемі» мәтіндегі (мәтін шеңберімен шектелген) «көркемдік әлемге» айналады. Ал мәтіннің сол көркемдік әлемінде оның құрамдас бөлігі ретінде «ономастикалық әлем» өз орнын тапқан.
Қазақ мәтінінің құрылымын зерттеушілердің бірі Ж.Қайшығұлова «Дискурсты мәтін түзуші – мәтін қабылдаушы – үшеуінің тұтастығының негізінде қарастырған жөн», - деп есептейді [15, 42 б.]. Осындай тұжырым-түсінік тұрғысынан ономастикалық концептілердің вербалдануын және басқа қызметтік-сипаттарын қарастыратын болсақ, ономастикалық концептілердің мәтіннен бұрынғы, мәтіннен тыс концептуалдық жүйедегі орны мен сипаты, мәтіндегі көрінісі, вербалдануы және мәтіннен кейінгі қабылдаушының санасындағы, ой өрісіндегі көрінісі мен қызметі жан-жақты талдануы керек. Дискурстағы ономастикалық концептілердің табиғаты мен қызметін осы триадалық (мәтін түзуші – мәтін қабылдаушы) тұтастықта сипаттау арқылы ономастикалық концептілердің мәтіндегі, мәтіннен тыс (мәтін түзушінің және мәтін қабылдаушының) когнитивтік таным шеңберлеріндегі қызметін айқындаймыз.
Ономастикалық концептілердің фольклорлық мәтіндерде вербалдануын аталмыш концептілердің жеке-жеке түрлерінің негізінде байқауымызға болады немесе мәтін кеңістігінде көрініс тапқан барлық (концептосфералық) ономастикалық концептілер арқылы да талдауға болады.
Ономастикалық концептілерге және де олардың тілдік, көркемдік көріністеріне бай қазақ эпосында оқиғаның өріліуі мен дамуы көбіне жыр кейіпкерлеріне байланысты. Эпикалық кейіпкерлер (Қобыланды мен Құртқа, Алпамыс пен Гүлбаршын, Ер Тарғын мен Ақжүніс, Қамбар мен Назым, Қозы мен Баян, Жібек пен Төлеген т.б.) антропонимиялық концептілердің ментальді өрісінің түп қазығы, лингвоментальді ақпараттардың жинақталатын когнитивтік өзегі, халықтың адам (батыр, ер, әйел т.б.) хақындағы ментальді және эстетикалық, символикалық т.б. көзқарастары көрініс табатын басты бейнелері (образдары) болып табылады.
Қаһармандық эпостардың басты кейіпкері – эпикалық батыр. Эпикалық батыр есімінде және есім төңірегіндегі когнитивтік кеңістікке енетін тілдік қолданыстар (эпитет, оқиғаларды суреттеу, аты (тұлпары), қару-жарағы, батырлығын суреттеу т.б.) тұтасымен антропонимиялық концептінің ментальді шеңберіне кіреді, сонымен қоса антропонимиялық (ономастикалық) концептінің мәтіндегі вербалдануы болып табылады. Антропонимиялық және басқа да ономастикалық концептілер мәтіндердің қай түрінде болмасын жалқы есімге (және оның денотатына) байланысты тілдік қолданыста ономастикалық концептінің вербалдануы болып есептелінеді.
Тағы бір ескеретін жай: ономастикалық концептілердің түрлері тілдік қолданыста (мәтінде) кейде кешенді түрде бір-бірімен қабысып беріледі, себебі танымдық көріністер кешенді түрде қалыптасады және дүние туралы ментальді түсініктерді кешенді (тұтастық) түрде дискурста көрсетеді.
Қара қыпшақ Қобыланды, Атасы мұның Тоқтарбай. Көздікөлді жайлаған, Қалың қыпшақ жағалай. Қыс қыстауы – Қараспан, Қараспан көкке таласқан. Әліп таңба қыпшақтың Атағы озған алаштан.
Осы келтірілген үзіндіде бірталай когнитивтік ақпарат келтірілген, оларды кем дегенде екі-үш ономастикалық концептілерге телуге болады. Тілші ғалым Е.Жұбановтың төмендегі пікірі әбден құптарлық: «Осы азғантай үзіндінің өзінде қаншама мәлімет жатқандығына көз жүгіртсек, бұдан, біріншіден, батырдың аты Қобыланды, әкесінің аты Тоқтарбай екенін, жаз жайлауы Көздікөл, қыс қыстауы Қараспан тауы болғандығын, Қараспанның биіктігі аспанмен таласатынын, қара қыпшақтардың атағы алаштан озған қалың жұрт екенін, олардың рулық белгісі, яғни, гербі – әліп таңбалы болып келетінін көреміз [16, 172 б.].
Ал енді осы үзіндідегі (дискурстағы) «қара», «қыпшақ», «Қобыланды», «Тоқтарбай», «Көздікөлді жайлаған», «қыс қыстау», «Қараспан», «әліп таңба», «алаштан» сияқты сөздердің концептілік ментальді өрісін кеңейте және тереңдете көрсетсек, қазақ этносының дүниетанымдық және этномәдени, шаруашылық, рухани шексіз әлеміне еніп кеткен болар едік. Осы вербалданған концептілердің ар жағында мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан, жинақталған қазақ халқының басып өткен өмір тәжірибесі, рухани әлемі, дүниетанымы, жалпы этностық болмысы сайрап жатыр десек те болады. Осы үзіндіден кешенді түрде берілген концептілердің жиынтығы қазақ ғаламының тілдік көрінісін беріп тұр. Келтірілген тілдік көрініс концептуалды (тілдік емес, бейтілдік) көріністің мәтіндегі проекциясы немесе көшірмесі болып табылады, ал дискурстық триадалық «мәтін түзуші - мәтін қабылдаушы» тұтастық тұрғысынан қарайтын болсақ, осы тілдік көрініс (вербалді проекция) мәтін түзушінің ментальді-когнитивтік өрісінің тілдік айғағы іспеттес. Әрине, осы қазақ ғаламының тілдік көрінісі мәтінді қабылдаушы тұрғысынан әр түрлі деңгейде қабылданады деп айтуымызға болады. Мәселен, «шынайы қазақ» осы дискурстан қазақ әлемінің көрінісін таныса, мәңгүрттенген «шала» немесе «ада болған» қазақ бұл үзіндіден түк те түсінбеуі әбден мүмкін, себебі мәңгүрт қазақтың ментальді ой-өрісінде бұл концептілер мүлдем жоқ.
«Қобыланды батыр» эпосында вербалданған ономастикалық концептілердің төркінінің этникалық сана аясында туып қалыптасқанын ескергеніміз жөн. Эпостану ғылымында эпикалық кейіпкерлердің есімдерін белгілі немесе бейтаныс тарихи тұлғалармен сәйкестендіру үрдісі орын алғаны белгілі, бірақ сол «тарихи есімдердің», антропонимдердің түп-төркінінде өрісі кең және өзегі тереңде жатқан халықтың өмірі мен танымы жатқанын ескеруіміз керек. Кейде белгілі бір фольклорлық антропонимнің немесе топонимнің этимологиясына немесе мағыналық сипатына талдау жасағанда поэтикалық қызметі аса бағаланады да, сол есімдерге қатысты ономастикалық концептілердің бағалы да шынайы танымдық ақпараттары ескерусіз қалады. Фольклорлық есімдердің «тарихи-жағрафиялық», «этникалық» (ал біздің терминология бойынша – «концептілік» деп те қолдануға болады - Т.Б.М.) сипатын анықтауда «тарихи» және «поэтикалық» мектептердің өрісі жетпейтіндігі анық. Бұл жәйт жөнінде фольклоршы ғалым Т.Қоңыратбай былай жазады: «Эпостағы мұндай атауларды игеруге келгенде «тарихи мектеп» қайшылықтарын алға тартып, көбіне қаһармандық жырлардың көркемдік келбетін асыра бағалайтын поэтикалық таным топонимдердің тарихи болмысына тереңдеп бара қоймайды. Олардың тарихи-жағрафиялық һәм этникалық сипатын анықтауға тарихи поэтиканың да өрісі жетпеді. Себебі бұл ғылыми-әдістемелік арна да эпостағы топонимдік атаулардың типологиялық белгілерін төңіректеп, көркемдік деңгейімен шектеліп отырды. Мұның өзі қазақ эпосында толып жатқан жер-су атауларының этникалық сана аясында туып, қалыптасатынын мүлде ескермеуден туған құбылыс болатын» [17, 189-190 бб.].
Т.Қоңыратбайдың жер-су аттарының этникалық сипатына мән берудің маңыздылығы жөнінде айтылған ой басқа да онимиялық бірліктерге (антропонимдерге, этнонимдерге, онимдерге т.б.) тікелей қатысы бар. Ономастикалық концептілердің мәтін кеңістігінде, дискурста вербалдануы мәтін құрылымындағы этникалық болмыстың сипаттарын ашуда үлкен мүмкіндік береді. Ал аталмыш этникалық болмыс немесе әлемнің тілдік көрінісі көп жағдайда имплицитті түрде (кодталған, суггестиялық формада) болғандықтан сол көріністі, концептуальді танымды жалқы есімнің этимологиясынан немесе мәтіндегі көркемдік қолданыстан, поэтикасынан табуға болады. Жалқы есімнің этимологиясы ономастикалық концептінің танымдық құрылымынан ақпарат беретін болса, жалқы есімнің поэтикасы мәтін түзушінің (автордың немесе этностың) дүниетаным, этникалық таным, ментальді сипаттарынан хабардар етеді. Осындай концептілік ментальді құрылымдар ономастикалық тұлғаның лингвоментальді өрісінде, кеңістігінде, жадында сақтаулы болады немесе арнайы жүргізілген ғылыми ізденіс-зерттеулер арқасында айқындалып, сипатталып, дәйектелуі мүмкін.
Мәселен, Қобыланды есіміне қатысты антропонимиялық концептінің ментальді құрылымдық сипатын осы есімнің этимологиясынан да, эпикалық жыр мәтініндегі поэтикалық қолданысынан да байқауға болады. «Қатардағы» ономастикалық тұлға Қобыланды есімімен, әрине, таныс, себебі бұл есім ұлттық прецедентті антропонимдер қатарына жатады. Қазақ реципиенттерінің көбінде Қобыланды антропонимі «эпикалық батыр», «үлкен күш иесі, қаһарман» сынды танымдық коннотацияларымен байланысты болып келеді. Осы коннотацияларды дәйектейтін эпикалық жырдың өзінде көптеген теңеулер, батырды суреттейтін гиперболалық қолданыстар бар. Мысалы, арыстан туған Қобылан, батыр Қобылан, Қобыланды батыр, Қобыланды деген ері бар, білемін, Қобылан, данасын!; Қобыландай бөрінің, артық туған Қобыланды, Қайсар Қобылан шеріміз, мойнын бұрды Қобылан нар т.б. Антропонимиялық Қобыланды есіміне байланысты бұл вербалді қолданыстар мәтін түзушінің және мәтін қабылдаушының ментальді кешенінде өз орны мен сипаты бар болғандықтан жоғарыдағы коннотациялардың туындауы заңды құбылыс. Ал Қобыланды фольклорлық антропонимімен байланысты басқа сипаттағы коннотациялар (ұғымдық мағыналар, түсініктер) осы есімнің ішкі формасына да қатысты болып келеді.
Қазақ фольклорында батырларды бөріге, арыстанға, жолбарысқа, нарға теңеу көркемдік дәстүрлердің бірі болып саналады. Осындай дәстүрге байланысты зерттеуші Ә.Жұбанов Қобыланды антропонимінің түбірін Қабылан, яғни, «жолбарыс» деген сөзбен байланыстырады [16, 175 б.]. Осы этимологиямен қатар Е.Жұбанов «Қобыланды» есімінің басқа этимологиясын алға тартады. Ғалым Қобланды (Қобыланды) фольклорлық антропонимнің жасалу жолын былайша тарқатады: құба оғлан, қоб(а) оғлан, қоба(ғ)лан, қобулан, қобылан. Қобылан(ды) есімінде ы(лан)га айналып кеткен бастапқы сөз «углам»Е.Жұбановтың пікірінше «бола, ұл» мағынасын көрсетеді, ал «Қобыланды» есіміндегі құба (қоб) жоғарыда айтылған құба жон, қүба төбел деген заттың түрі мен түсін білдіретін сияқты емес, рудың атын білдіретін сөз, ру атауы мағынасында айтылып тұр» [16,175]. Осы және жоғарыда келтірілген Е.Жұбановтың пікіріне келісе отырып Т.Қоңыратбаев өз тұжырым-түйінін былай келтіреді: «Осы негізде «Қобыланды» антропонимінің түп-төркіні қыпшақ деген мағынада қолданылған «құба» және батыр, бала, ұл деген ұғым беретін «ұғлан» сөздерінің қосындысынан жасалған деген ғылыми болжам жасауға болар еді. Дәлірек айтар болсақ «Қобылан» сөзінің төркінін этнонимдік тұлғадан жасалған «Құбаұғлан» тіркесінен тудыруға толық негіз бар. ҚұбаұгланҚобұлан – Қоблан – Қобыланды бұл антропонимнің жолдарын байқатуға тиіс. Сонда ол «қыпшақ ұлы», дәлірек айтқанда «қыпшақ елінің батыры» деген семантикалық мағынаға ие болмақ» [17, 177-178 бб.].
Қыпшақтардың бір тарихи кезеңдерде құман, қобан сияқты этнонимдік атаулармен белгілі болғанын ескерсек және қазақ антропонимиясында Құбыгүл, Құман т.б. кісі есімдері бар екенін есепке алатын болсақ, жоғарыдағы Е.Жұбановтың, Т.Қоңыратбайдың Қобыланды есіміне байланысты этимологияларымен келісуге де болатын сияқты.
Келтірілген этимологиялар талданып отырған антропонимиялық концептінің лингвоментальді өрісіне де сай келіп тұр. Фольклорлық мәтінде Қобыландының қыпшақ (қара қыпшақ) батыры екенін төмендегі жыр тіркестері дәлелдейді: қара қыпшақ Қобыланды, атасы мұның Тоқтарбай. Бір қызығы, қыпшақтар шежіресінде Тоқтарбай Бектемірден тарайтын тармағына қосылады, Тоқтарбайдан – Ойбас пен Қобыланды туылған [18,123-124 бб.]. Қобыландыға қатысты осы этимологиялық, тарихи-шежірелік қисындар гипотезалық (болжамдық) түрінде болғанымен, лингвоментальді, когнитивтік тұстары қазақтың этникалық-ментальді когнитивтік өрісіне сай келеді. Қазақ халқының этногенезіне тікелей қатысты көне тайлардың, қыпшақтардың тайпалық жыры «Қобыланды батыр» тереңде жатқан қыпшақ, қият, Қызылбас және бертіндегі қазақ, қарақалпақ этнос – тайпаларының этноментальді табиғатынан көптеген мағлұматтар бере алады. Осындай этноментальді (когнитивтік) ақпараттарды көріп отырғанымыздай, ономастикалық концептілердің мағыналық өрісінен де табуымызға болады.
Ономастикалық концептілердің көркем мәтінде вербалдануының бір түрі – фольклорлық антропоним иесін (эпос немесе басқа фольклорлық), кейіпкерді суреттеу принциптерінің, көркемдік әдіс-тәсілдері деп есептейміз. Қаһарманды суреттеудегі тілдік, көркемдік тәсілдер фольклор поэтикасына жатқанымен, оған қосымша олардың концептілік, яғни этнотанымдық табиғаты да айшықтанып, мәтінде, мәтін түзушіде, мәтін қабылдаушыда өз ментальді көрінісін береді.
Эпикалық қаһармандарды (Қобыланды, Алпамыс, Қамбар батыр, Ер Тарғын т.б.) біріктіретін негізгі сипаты – олардың ерлігі, батырлығы, орасан күші. Осындай қасиеттерге ие болған эпикалық батыр – ел қорғаны. Қаһармандық эпостардағы эпикалық батырлардың бейнесі тек көркемдік образдар арқылы ғана танылмайды, сонымен бірге этнос менталитетіндегі этноментальді идеал, қазақтың танымдық тұлғасы, себебі халық танымындағы батыр – осы эпикалық батырдың сипаттарымен сәйкестендіріле танылады. Қобыланды, Алпамыс т.б. деген есімдерді есіткенде қазақтың ментальді когнитивтік өрісінде «ел батыры – қорғаны, алып күш иесі, ержүрек азаматы т.б.» танымдық түсініктер, ұғымдар пайда болады. Ал енді осындай ментальді құрылымдардың мәтінде (мәтін түзушіде, мәтін қабылдаушыда) пайда болуын ономастикалық концептілердің вербалдануы қамтамасыз етеді.
Жыр мәтіндерінде батырдың батырлығы ономастикалық (антропонимиялық) концептілерде вербалдік құралдар мен тәсілдер арқылы суреттеледі. Мәселен, Б.Н.Путиловтың пікірінше, батырдың батырлығы үш өлшем бірлігінен көрінеді: батырдың өз мүмкіндігі, аты және қару-жарағының ерекше қасиет - ғажайыптары; неғұрлым эпос көне болса, солғұрлым бұл үш бірлік сақталады [19, 68 б.].
Батырдың өз мүмкіндігі, яғни, қасиеті – оның орасан, таңғажайып күші. Сол орасан адам таңқаларлық күш, күш иесін – эпикалық батырды дара, өзгеше жан етіп көрсетеді. Эпос қаһармандарын – алып батырларды осылайша көрсетуде кең қолданылатын тәсілдің бірі – гипербола (гиперболизм). Гипербола қазақтың эпикалық жырларының көркемдік бейнелеу құралдары жүйесінде ерекше орын алатындығы, маңызды рөл атқаратындығы М.Әуезов, С.Мұқанов, Ә.Марғұлан, М.Ғабдуллин, Қ.Жұмалиев, Р.Бердібай, Ә.Қоңыратбаев, Н.Смирнова, З.Ахметов, Т.Сыдықов, О.Нұрмағанбетова, С.Қасқабасов, Ш.Ибраев т.б. ғалымдардың еңбектерінде айтылады.
Гипербола, біздің пайымдауымызша, тек көркемдік бейнелеу құралы мен тәсілі ғана емес, сонымен бірге ономастикалық (антропонимиялық) концептілердің мәтінде вербалдануының бір тәсілі болып келеді. Гиперболалық қолданыстар арқылы ономастикалық (антропонимиялық) концептілердің этнотанымдық құрылымдарын, ментальді бейнелерін сипаттап беруге болады.
Қазақтың ұлттық, тілдік санасындағы эпикалық батыр бейнесін жасауда, мысалы, мынадай гиперболалық қолданыстар орын алған. «Қобыланды батыр» эпосында бала Қобыланды былай суреттеледі:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет