Дипломдық ЖҰмыс қазақ ономастикасын зерттеудің жаңа бағыттары Мамандығы: 5В020500 Филология


Кіріспе Жұмыстың жалпы сипаттамасы



бет2/17
Дата07.07.2022
өлшемі157,83 Kb.
#147336
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Таншолпан 2022-1 (1)

Кіріспе


Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қазақстан ономастикасы ұлт мәдениетінің ерекше түрі. Өйткені жер-су аттары мен жалқы есімдер ұлт болмысының антропоцентрлік таным түсінігін айғақтайтын тілдік бірліктер. Мұнда этностың жүріп өткен жолы толығымен сипатталады десек артық айтқандық емес. Бұл ретте ұлттар арасындағы мәдени және әлеуметтік қарым-қатынас нәтижелері де тіл-тілде өз ізін қалдырады.
Ал қазақ ономастикасы туралы әңгіме үлкен ғылыми ой мен тұжырымдардан бастау алатынын ескерсек, онда бұл саланың өзіндік қалыптасуы мен дамуы, зерттелуі мен бағыттары, жүйеленген ғылыми терминдері бар. Демек, қазақ тiл білімінде жеке ғылым саласы ретінде ономастиканың сараланған ғылыми зерттеу нысандары бар.
Сондықтан дипломдық жұмыста ХХ ғасырдың соңынан басталған ХХI ғасырда жалғасын тапқан Қазақстан ономастикасының даму бағыттары мен ғылыми ізденістерін және зерттеу нәтижелерін саралап талдау жасаймыз.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазіргі қазақ тіл білімінің ұстанып отырған антропоөзектік парадигма бағытының аясында тiл мен мәдениет, тiл мен этнос, тiл мен сана байланыстарының арақатынастарын зерделеу, адамға (этносқа) қатысты сан-салалы құбылыстардың тiл әлемінде таңбалануын қарастыру – тіл білімінің өзекті мәселелерінің қатарына жатады. Қазақ жалқы есімдер жүйесіндегі кісі аттары мен жер-су атауларында қазақ халқының, ұлт өкілдерінің болмысына, дүниетанымына, рухани және материалдық мәдениетіне байланысты орасан мол танымдық ақпараттар жинақталған.
Бұл зерттеу жұмысының өзектілігі мынада:
- қазақ тiл білімінде ономастиканың ХХ ғасырдың соңы мен ХХI ғасырдың алғашқы жылдарында зерттелуі мен ғылыми бағыттарын талдау аса қажетті ғылыми шара. Себебі қазақ жалқы есімдер жүйесі осы аралықта ұлттық болмыс пен дүниетаным тұрғысынан лингвомәдениеттану саласында маңызды зерттеулермен ерекшеленеді;
- жер-су аттары мен жалқы есімдердің аталымы бір ұлт мәдениетіне тән тілдік деректер болғандықтан, мұнда сол ұлттың менталдық ерекшеліктері бірден байқалады. Сондықтан зерттеу бағыттарындағы менталдық болмысты зерттеудің де мәні зор;
- ал этностың тұрмыс-тіршілiгін ономастикалық мысалдармен дәйектеу этнолингвистикалық талдауларды қажет етедi. Этномәдени танымда ұлт болмысы айырықша көрінетіндіктен зерттeу бағыттарында мұндай талдаудың ғылыми рөлі басым.
Қазақ антропонимдері мен топонимдерінің онтологиялық табиғаты, этномәдени мазмұны, кумулятивтік қасиеті әлемдік және отандық тiл білімдері бағдар етіп отырған антропоөзектік (антропоцентристік) зерттеу парадигмасын ұстануды қажет етедi. Қазақ халқының орасан мол, бай ономастикалық қорының құрамдас бөліктері – қазақ антропонимиясы мен топонимиясының шынайы келбеті мен сипаты антропоөзектік парадигма аясында ғана ашылмақ. Осы тұрғыдан келгендс қазақ антропонимдері мен топонимдері этнолингвистикалық және лингвомәдениеттанымдық аспектілерін қарастыру аталмыш ономастикалық бірліктердің ментальді, этномәдени, танымдық, семантикалық қырлары мен болмысын айқындау мен сипаттаудағы аса тиімді және нәтижелі ізденістер болып табылады.
Қазақ тіліндегі кісі есімдері мен жер-су атаулары қазақ ономастика ғылымының даму барысында және тарихында негізінен этнолингвистикалық және лингвомәдениеттанымдық бағыттарында қарастырып, онимиялық зерттеулердің белгілі бір нәтижелерін жүйелі түрде тұжырымдау – қазақ ономастикасының өзекті мәселелерінің бірі болып саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет