Дипломдық ЖҰмыс қазақ ономастикасын зерттеудің жаңа бағыттары Мамандығы: 5В020500 Филология


Қазақ топонимдерінің материалдық мәдениетпен байланысы



бет8/17
Дата07.07.2022
өлшемі157,83 Kb.
#147336
түріДиплом
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17
Байланысты:
Таншолпан 2022-1 (1)
Жакин Рахат, Жакин Рахат, Жакин Н.А., 2022 АЛТЫНБЕКОВ ДУЛАТ ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС, рецензия Cиязова , курстык жумыс Мырзагалиева Айнур, Формирование функциональной грамотности на уроках русского языка в начальной школе, ГУЛ1 (Автосохраненный) (1)
Қазақ топонимдерінің материалдық мәдениетпен байланысы. Мәдениетті дәстүрлі түрде рухани және материалдық деп екіге бөлу шартты екені ғылымда жиі айтылып жүр, себебі рухани мәдениет материалдық мәдениетпен диалектикалық тығыз байланыста және кейінгісінің жетістіктеріне негізделіп, ұлттық адам санасының, танымының жемісі болып келеді. Мәдениет материалдық мәдениет пен рухани мәдениеттің негізінде ұлттық сипатқа ие болады. Осы жайтқа назар аударған ғалым Ж.А.Манкеева «.. өмір сүруді қамтамасыз ететін мәдениетке» жататын дүниелердің мәдениетке қатысы адамдардың тек өмір сүру үшін қажетті мұқтаждықтарын ғана қанағаттандырып қоймай, сонымен бірге олардан жоғары тұратын социогендік, символикалық және эстетикалық қажеттерін де өтейтінін, материалдық байлықты өндіру алғашқы өндірістің мәдениеті болып саналатынын дәйектейді.
А.Е.Жартыбаевтың пікірінше топонимдердің құрамындағы көне апеллятивтер қотан, кент, ошақ, ауыл, түндік, шаңырақ, орда т.б. қатысты жасалған атаулар да жеке топ құрайды. Бұл апеллятивтер ішінде кент пен ордадан басқалары қазіргі кезеңде бір кездегі мекен, тұрақты білдіретін мағыналарынан алшақтап кеткен [10, 30 б.].
Материалдық мәдениетке негізделген топонимдерді: 1) кәсіп-шаруашылық мәдениетіне негізделген топонимдер; 2) тұрмыстық мәдениетке негізделген топонимдер деп топтастырған. А.Әлімхан мал және малдың жайылымы мен орын-жайларын қазақ халқының материалдық байлығының көлемді түрі деп санайды [10, 30 б.]. Ғалым мал атауларының қатысуымен жасалған топонимдер қатарына төмендегідей жер-су аттарын жатқызады: Ақсерке, Ақсиыр, Атсалған шаты, Бурақайың, Құлтайлақ, Буыршын, Түймемойын, Боталы түйе тас, Жылқыбаз, Қарабура, Өгізқара, Өгізсыймас, Сиырбозша, Сарыешкі, Марқакөл т.б. Шығыс Қазақстанның оңтүстік аймағындағы кәсіп-шаруашылық мәдениетіне негізделген топонимдердің этномәдени (идиоэтникалық) ақпараттық мазмұны мол екендігін атап көрсеткен. Мәселен, Ақжабағы – Зайсан ауданындағы жер атауы. Атаудың төркінінен көп сыр аңғаруға болады. Бұл топоним ақ және жабағы, яғни жақсы бес-алты айдан бір жасқа дейінгі жылқы төлі, сөздерінің тіркесінен құралған. Бұндай атауды мал шаруашылығы, әсіресе, жылқы өсіру ісі әбден дамыған, қалыптасқан халық қана бере алады. Кәсіп-шаруашылық мәдениетіне негізделген топонимдердің танымдық, этномәдени мазмұны бар ақпаратты кейбір жер-су аттарына қатысты топонимиялық аңыз-әңгімелерден де байқауымызға болады.
Қазақтың материалдық мәдениетіне негізделген топонимдер қатарына малдың қора жайына байланысты географиялық атаулар Қазақстанның барлық өңірінде кездеседі. Мәселен, «Қазақстанның солтүстік өңірі суық болғандықтан, қыс айларында қой, жылқы, түйе, сиыр, ешкі малы үшін арнайы жабық қоралар салынатын, Жаңақора, Әлиқора, Ахметқора, Бұзауқора, Ботақора атаулары осы мағынаға ие болып отыр.
Материалдық мәдениеттің әлдебір қалыптық үлгісі мен көрінісі болып келетін нысандардың рухани мәдениетінде де өз орны болатындығын А.Е.Жартыбаевтың некронимдерге берілген атауларынан байқауымызға болады: Аяққамыр (ХІ ғ.) сағанасы, Алаша хан (ХІІ ғ.) мазары, Домбауыл (ХІІ ғ.) күмбезі, Жошыхан (ХІІІ ғ.), Болған ана (ХІІІ ғ.), Жұбан ана (ХІІІ ғ.) мазарлары мен Едіге би (ХV ғ.), Ұлытаудың шың басындағы Ақмешіт әулие (ХVІ ғ.) бейіттері т.б. [10, 109 б.].
Зерттеуші А.Әлімхан Шығыс Қазақстан оңтүстік аймағындағы топонимдер құрамынан орын алған материалдық лексикасын төмендегідей екі топқа бөліп қарастырған: 1) Шығыс Қазақстанның оңтүстік аймағындағы кәсіп-шаруашылық мәдениетіне негізделген топонимдер (Қазғанқора, \сячяччввҚаржайлау, Айнабастау, Сарытау, Аршалы, Аюлы, Егінбұлақ, Бестоғам, Шабақты, Жолқұрылыс, Балықтыбұлақ); 2) Шығыс Қазақстанның оңтүстік аймағындағы тұрмыстық мәдениетке негізделген топонимдер (Ақтас, Шоланбұлақ, Шатырбай, Моншалы, Ұрасай, Қызылотау, Астауша, Бесікасу, Қайрақалған, Қайрақты, Айбалта, Қанжығалыбұлақ, Найзакеткен, Көрпе, Кәсе, Сандықтас, Қазаншат, Байқазан, Бөрікқызыл, Білезіктің бір айрық басы, Білезіктің суы, Тақиякеткен, Ұлтарақ, Сәукелетас т.б.) [11, 18-19 б.].
Материалдық мәдениетке қатысты атаулар қазақ топонимдері құрамында Қазақстанның барлық аймақтық топонимиялық жүйелерінде кездеседі, демек кез келген өлке топожүйесінің қалыптасуындағы халықтың материалдық мәдениетінің ықпалын анық аңғаруға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет