Дипломдық ЖҰмыс қазақ ономастикасын зерттеудің жаңа бағыттары Мамандығы: 5В020500 Филология



бет16/17
Дата07.07.2022
өлшемі157,83 Kb.
#147336
түріДиплом
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
Таншолпан 2022-1 (1)

Қорытынды


Зерттеу жұмысымызда бүгінгі таңдағы, дәлірек айтсақ, ХХІ ғасырдың басындағы Қазақстан ономастикасының даму бағыттары мен ғылыми ізденістеріне және зерттеу нәтижелеріне талдау жасалды. Осы кезеңдегі ономастикалық зерттеулер арқылы анықталған қазақ антропонимдері мен топонимдерінің этнолингвистикалық және лингвомәдениеттанымдық антропоцентрлік, когнитивтік бағыттағы зерттелген ғылыми еңбектер жан-жақты қамтылып, сараланды. Ономастикалық зерттеулердегі ғылыми бағыттар тақырыптық жағынан жүйеленді.
Қазақ ономастикасының саласында зерттеліп отырған кісі есімдері мен географиялық атаулар негізінен этнолингвистикалық және лингвомәдениеттанымдық бағыттарда қарастырылып келеді.
Қазақ ономастикасының тілдік табиғаты мен этномәдени мазмұны ұлтымыздың рухани және материалды мәдениетімен тығыз байланысты, сол себепті аталмыш ономастикалық бірліктер этнолингвистикалық және лингвомәдениеттанымдық парадигмалар контекстінде зерделенді.
Этнолингвистикалық және лингвомәдениеттанымдық бағыттар әлемдік және отандық тіл білім ұстанып отырған антропоөзектік парадигмаға сәйкес келеді және зерттеу нысаны болып отырған жалпы есімдердің идиоэтникалық, лингвистикалық сипаттарын мейлінше толық ашуға мүмкіндік береді.
Қазақ антропонимдерінің халық өмірімен, рухани және материалдық мәдениетімен ұштаса қалыптасуы және басты факторларға қатысты ақпараттарды, рухани құндылықтарды өз бойына сақтап келуі қазақ есімдерінің этномәдени мазмұнын өте бай етіп толықтырған.
Қазақ халқының дүниетанымы, сал-дәстүрі, тұрмысы мен тіршілігі т.т. қазақ антропонимдерінің идиоэтникалық семантикасында өз көрінісін береді. Қазақ антропонимдері ұлттық ономастикалық қордың құнды лингвомәдени тілдік бірліктері болып, сол себепті тіл мен мәдениет, тіл мен сана арақатынастарын кісі есімдері арқылы қарастыру лингвомәдениеттанымдық зерттеулердің арқауы бола алады.
Қазақ топонимдерінің этномәдени сипаты мен идиоэтникалық мазмұнын қалыптастырған шешуші алғышарттар географиялық, этнографиялық тарихи факторлар болып келген. Қазақ халқының материалдық мәдениетінің өзегі мен бір түрі болып саналатын көшпелі мал шаруашылығы және де егіншілік, саятшылық, қала салу т.б. шаруашылық түрлері қазақ топонимиясында белгілі тақырыптық. Лексика-семантикалық этнолингвистикалық топтарды құрайды.
Рухани мәні бар танымдық білгілер агиотопонимдер, мифотопонимдер, наным-сенімдерге байланысты туындаған т,б, топонимдердің идиоэтникалық семантикасындағы көрінісін береді. Қазақ топонимдеріндегі рухани мәдениеттің көріністері сақталуы ұлттық мазмұнды географиялық атаулардың кумулятивтік қасиеті мен қызметі арқылы іске аспақ.
Зерттеу нәтижжелері бойынша мынадай тұжырымдар ұсынылды:
- қазақ ономастикасының теориялық зерттелу бағыттары және ұстанымдары негізінен этнолингвистикалық және лингвомәдениеттанымдық парадигмаларға сүйенеді және оларды арқау етеді;
- ХХІ ғасырдың басындағы антропоөзектік, когнитивтік бағыттарды қарастыру арқылы қазақ жалқы есімдерінің менталді, этномәдени, танымдық, семантикалық қырлары мен болмысы айқындалады;
- қазақ ономастикасының этнолингвистикалық сипатын зерттеу бағыты олардың халық өмірімен, болмысымен, тұрмыс-тіршілігімен, ұлттық дүниетанымымен, рухани және материалдық мәдениетімен байланысты екендігін айғақтайды және дәйектейді;
- қазақ ономастикасының даму бағытының бір ерекшелігі – қазіргі қазақ антропонимикасындағы лингвомәдениеттанымдық парадигма антропоөзектік ұстанымға сәйкес ұлт пен мәдениет, тіл аясындағы қатынастар мен диалектикалық байланыстарын ғылыми түрде анықтауға және сипаттайға бағытталады;
- қазақ топонимдерінің идиоэтникалық семантикасын құрайтын, қалыптастыратын және жеткізетін ақпараттарды анықтаудағы зерттеу бағыттары және қазақ ұлтының рухани мәдениетінің семантикасында қазақ халқының болмысына: көшпелі мал шаруашылығына, әдет-ғұрыптарына, салт-дәстүрлеріне, наным-сенімдеріне т.б. қатысты туындағанын, құнды ақпараттар мен мәліметтер сақталғандығын дәйектейді;
- қазақ топонимиясының зерттелуінде ғалымдар қазақ халқының материалдық мәдениетінің негізі болып саналатын көшпелі мал шаруашылық және де егінщілік, саятшылық, қала салу т.б. байланысты түрлерін белгілі бір тақырыптық лексика-семантикалық, этнолингвистикалық топтарды қалыптастырудағы алғышарттары етіп ұстанды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет