Дипломдық ЖҰмыс бастауыш математика курсында қатынастарды оқыту Алматы 2008 Жоспар



бет13/18
Дата05.04.2022
өлшемі269,5 Kb.
#137928
түріДиплом
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
dip -bastauysh-matematika-kursynda-qatynastardy-oqytu

2.5. Математикадан алғашқы ұғым беру

Осы заманғы мектеп 1 класқа келетіндердің ойлау, қабылдау процестері, өмірге қажетті білім - дағдылары жан-жақты жетілген, бақылап көрген заттар мен құбылыстар жайлы өздігінен қарапайым ой қорытындылары жасай, талдай, жинақтай білетін балалар болуын қалайды.


Осыған орай жалпы білім беретін қалалық, селолық мектептер жанынан эксперименттік даярлық кластар ашылды. Мектептің 1 класына балалар бақшасынан келетін оқушылармен салыстырғанда отбасыдан келген 6 жастағы балалардың тек білім дәрежесі ғана төмен болып қоймайды, сонымен қатар олардың ұжымдық еңбек етуге икемі аз, "өзімшілдігі" басым, зейіні тұрақсыз келеді.
Сондықтан оларды даярлық кластарында жеке пәндер бойынша оқытудың, соның ішінде, математикадан алғашқы ұғым берудің маңызы зор. Оқытудың негізгі мақсаты оларға тиянақты білім берумен қоса, коллективтік еңбек ете білуге жолдастық достыққа баулу болып табылады. Мұның өзі даярлық кластарындағы бүкіл оқу және тәрбие беру нақты болуын талап етеді. Мұндай жүйелілік пен сабақтастық оқу-тәрбие жұмыстарының мазмұнын ұйымдастырудан бастап, бүкіл жұмыс формаларында, әдіс-тәсілдерінде сақталып, жүзеге асырылады.
Математикадан алғашқы ұғым берудің мазмұнын анықтай отырып, бағдарлама жасағанда 6 жастағы балаларды кеңістікті бағдарлай білу, заттарды және олардың жиынтықтарын салыстыруға қажетті негізгі математикалық алғашқы ұғымдарды меңгерту мәселелерін қарастырдық. Өйткені бұл мәселелер даярлық кластарындағы балаларға берілуге тиісті алғашқы математикалық білім - дағдыларға кіріспе болып табылады.
Сөбебі "биік - аласа", "ұзын - қысқа", "кең - тар", "жуан - жіңішке", "үлкен - кіші" деген заттардың салыстырмалы қасиеттері мен қатынастары туралы, "көп - аз", "көп - бір", "көп - емес" т.б. осылар сияқты заттың сандық қатынасы туралы, "оң - сол", "оң жақта", "сол жақта", "жоғарыда - төменде", "алдында - артында", "алыс-жақын", сияқты заттардың кеңістіктегі орны туралы түсініктерсіз 6 жастағы балаларға математиқаның негізгі ұғымдарын меңгерту мүмкін емес. Ендеше бағдарлама бұл түсініктердің кіріспесінің орнында тұруы кездейсоқ емес.
Сонымен біз математиканың алғашқы "ұғым беру" бағдарламасын жасауда отбасыдағы, балалар бақшасындағы, мектептің даярлық кластарындағы балаларға жүргізілген эксперименттік байқау нәтижелерін негізге алдық. Бағдарламаға өзгерістер өнгізіп, қайта қарап, бірсыдырғы жетілдірдік.
Бағдарлама: Кеңістікті бағдарлай білу, негізгі түсініктерді меңгерту.

  1. 1,2,3,4,5 сандары 5 көлеміндегі сандардың натурал қатары.

  2. Қарапайым геометриялық фигуралар. Бояу түстерімен
    таныстыру.

  3. Заттардың көп немесе аз қатынастарын әр түрлі өлшеуіштер
    арқылы салыстыру.

  4. Арифметикалық амалдардың таңбаларымен таныстыру.

  5. 6, 7, 8, 9, 10 сандарының натурал қатары.

  6. 11, 12, 13, 14, 15 сандарының натурал қатары.

  7. 16, 17, 18, 19, 20 сандарының натурал қатары.

  8. Монеталар саны мен жыл, мезгілдері, ай аттары, аптадағы күн
    аттарымен таныстыру - деген 9 бөлімнен құралды.

Бағдарламалық материалды оқытудың тиімді формалары серуен, экскурсия және кластағы сабақ, болып табылады. Серуен мен экскурсия кезінде балалар жоғарыда айтылған түсініктерді айналасындағы заттарды тікелей көріп, бақылау, зерттеу негізінде меңгереді. Мұның зор танымдық тәрбиелік маңызы бар. Балалардың білімі нақтылы болып ұзақ есте қалады (білімнің нақтылығы, беріктігі), ұмытылмайды; кеңістікті бағдарлай білуге, кеңістіктегі заттардың салыстырмалы орнын, қасиеттерін анықтай білуге дағдыланады; білім мен өмірдің байланысын түсінулеріне мүмкіндік туады.
Ұжыммен бірге жүру, заттарды бақылау, балаларды ұжымшылдыққа баулып, ұжымда еңбектенудің алғашқы дағдысын қалыптастырады. Ал, класта өтілетін сабақта серуен мен экскурсияға қорытынды жасалады.
Сабақ өткізудің әдіс-тәсілдері бүкіл жұмыстың мазмұнымен, ұйымдастырылу түрімен, әр жұмыстың білімдік және тәрбиелік мақсатымен, балалардың танымдық мүмкіндіктерімен біте қайнасып ұштасып жатады. Әсіресе әңгімелесу әдісі жетекші роль атқарады.
Әңгімелесу даярлық класындағы балалардың жас ерекшеліктеріне, танысдық мүмкіндіктеріне толық сәйкес келеді. Мысалы, 6 жастағы балалардың зейіні тұрақсыз болады, олар біркелкі жұмыстар, айтайық мұғалімнің ұзақ әңгімесінен тез зерігеді. Олардың зейінін үнемі қажетті бағытқа аударып отыру үшін жұмысты әңгімелесу, ойын әдістері арқылы жүргізу қажет. Сонымен қатар, балалар білімді айналадағы нақтылы заттарды, олардың кеңістіктегі орнын, санын тікелей бақылап, көру арқылы алатын болғандықтан, олардың бұл танымдық әрекетін мүғалім тек әңгімелесі әдісі негізінде ғана дүрыс бағыттап, басқара алады. 6 жастағы балаларға математикадан басқа тақырыптар бойынша да алғашқы ұғымдар берудің мазмұны, әдісі жағынан құрылу логикасы оысндай.
Даярлық кластағы балаларға математикадан алғашқы ұғымдарды қалыптастыра отырып, бағдарламада берілген 1-ден 5-ке дейінгі натурал сандар қатары туралы түсіндіру қажет. Балалар бұл сандардың цифрымен танысып, ауызша тура және кері санауға үйренеді. Келесі кезекте бағдарламада геометриялық фигуралармен, түстермен таныстыру қарастырылады. Бұл ұғымдарды балаларға серуен кезінде, айналадағы заттарды: үйлерді, ағаштарды т.б. және олардың көлемін, формасын тікелей бақылата отырып меңгерту көзделеді. Осыдан соң балаларға берілген білімнің мазмұнында сүйық және сусымалы заттарды көз мөлшері және өлшеуіштің көмегімен өлшеп үйрету қарастырылады. Ондағы мақсат - баланы тек үстірт санауға ғана жаттықтырмай, ой еңбегіне бейімдеп, олардың қимылын, зейінін дамыту, өлшеген заттарын санап естерінде үзақ сақтауға саналы түрде түсінуге дағдыландыру. Сонымен қатар 6 жастағы балалар қосу (+), алу (-) амалдардың таңбаларымен және теңдік
белгісімен (=) таныстырылып, кеспе цифрлар мен таңбаларды, ауызша есеп құрастырып шешіп үйренеді.
Даярлық класындағы балалар цифрларды жазбайды. Олар түрлі геометриялық фигуралар мен жемістердің суретін тор көз дәптерге салып, қолын жазуға жаттықтырады. Сонымен 6 жастағы балаларда бүкіл оқу жылы ішінде жоғарыда көрсөтілген нақтылы материалдар негізінде сандар және олардың натурал қатары туралы жалпылама ұғымдар қалыптасады. Балалар тек қана сандардың атын атап, олардың бөлгілерін үғынып қана қоймайды, сонымен қатар 10 санының реттік орнын білуге дағдыланады.
Санау сабағы негізінен оқушылардың тілін дамытуға көмектесетіндей және көбіне ойын ретінде өткізіледі. Біз алты жастағы балаларға бірінші ондық туралы білім бере отырып, оларды 20 көлеміндегі сандардың натурал қатарын ауызша санауға үйретуді ұсынып отырмыз. Сондықтан мұғалім оқушылардың 10 көлеміндегі білімдерін тиянақтап, бекіте отырып, балаларды 20-ға дейін тек ауызша санай білуге дағдыландырады. 20 көлеміндегі сандарды үйретуге сол сандардың түзілу заңдылығына, бірліктерден түратынына олардың натурал қатардағы орындарын ажыратуға, осы сандарды көрсететін заттардың негізгі топтарын атай білуге және кейбір санға байланысты заттардың санын анықтауға немесе белгілі бір заттан құрауға көңіл бөлінеді.
Сондай-ақ балаларды 1, 2, 3, 4, 5, 10, 15, 20 тиындық монеталар жиынтығымен және оларды үқсатумен таныстыру көзделінеді. Бұл жұмыстар сабақ кезінде көрнекі түрде түсіндіріледі. Мұғалім сабақ үстінде балаларды өздігінен жұмыс істеу дағдыларына жаттықтырады. (Мысалы, заттарды тең бөліктерге бөлу: алманы, қағазды, нанды т.б.) Ол бөліктерді атау, "екіден бір", "үштен бір" т.б. Осы атаулардың мәні түсіндіріледі.
Сондықтан оларға берілетін білімнің мазмұнында автоматты түрде орындау дәрежесіне жеткізілген есептеу дағдыларын, балаларға саналы түрде, әрі берік қалыптастыру мәселесіне айрықша назар аударылды. Балаларға берілетін білімнің мазмұнында негізгі көзделген принциптердің бірі, әрбір жаңа мәселені жоғары дәрежеде жалпылау тұрғысынан түсіндіру. Алайда ол 6 жастағы балалардың шама - шарқынан асып кетпейтіндей көлемде қарастырылуы керек.
Математикалық алғашқы ұғымдарды қалыптастыру сабақтарында ауыз әдебиеті нұсқауларын - санамақтарды қазақ балалар жазушыларының ойынға, санамаққа лайықты еңбектерін пайдалану керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет