Дипломдық ЖҰмыс бастауыш математика курсында қатынастарды оқыту Алматы 2008 Жоспар



бет17/18
Дата05.04.2022
өлшемі269,5 Kb.
#137928
түріДиплом
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
dip -bastauysh-matematika-kursynda-qatynastardy-oqytu

Сабақтың тақырбы: Көп. Аз. Артық. Кем. Сонша. Теңестіру.
Сабақтың мақсаты: Заттарды санына қарай салыстыру арқылы көп - аз, артық - кем, сонша қатынастарымен таныстыру. Саны бір-бірінен артық - кем заттарды теңестіруге үйрету. Теңестірудің екі жолын практикалық жолмен меңгерту. Сонша, қанша болса, сонша ұғымдарын игерту.
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі
А) Қажетті материалдары дайындау.
Б) «Санамақ» жаттау.
II. Жаңа материалдардың мазмұны.
А) Сыныптағы парталарды, заттарды, т.б. санау.
ә) Заттардың санының көп-аздығын, тең екендігін анықтау.
Оқулықпен жұмыс
Оқулық дәптердегі сәбіз бен бұрыштың санын салыстыру. Неше сәбіз? (алты), неше бұрыш? (төрт). Сәбіз көп пе, әлдө бұрыш көп не? (сәбіз көп, бұрыш сәбізге қарағанда аз).
Қайсысы артық ? Қайсысы кем? (сәбіз артық, бұрыштың саны кем),
Сәбіздің бұрыштан қаншасы артық? (екеуі). Бұрыштың сәбізден нешеуі кем? (екеуі).
Помидор мен қиярдың санын салыстыр. Помидор-алтау, қияр да алтау. Помидор, қанша болса да, қияр сонша, екеуінің саны бірдей немесе тең.
Сәбіз бен бұрыштың санын қалай теңестіруге болады? Деген сұраққа балалардың ізденіс жұмыс ұйымдастыру керек. Сәбіздің бұрыштан екеуі артық, бұрыштың санын сәбізге теңестіру үшін екі бұрыш кесу немесе бұрыштың санын теңестіру үшін екі сәбізді алу керектігін балалрдың өздеріне тапқызған дұрыс.
Сәбіз бен бұрыштың санын теңестіргенде неше сәбіз болса, сонша бұрыш болады деген ұғымды балалрдың түсініп білгені жөн.
Көкөністердің әрқайсының санын тауып, оны санына қарай тиісті қораптарға салдыру жұмысын жүргіземіз. Мысалы: Төрт памидор оларды төртінші қорапқа салуға болады, т.с.с.
Дәптермен жұмыс

  1. Геометриялық фгуралардың санын салыстырып, тиісті түспен
    бояу.

  2. Геометриялық фигуралардың санын теңестіру.

  3. Ыдыстардң әрқайсысын өз қақпағын тауып, сызықө арқылы
    қосу.

  4. Үшінші қатардағы сұрақ белгісінің орнына әр қатардағы
    ыдыстардың сиымдылығы бірдей болса, қандай ыдыс тұратындығын
    табу.

Екі торсықтың сиымдылығы бір торсықпен 4 кесеге тең болса, сұрақ белгісінің орынына бір торсықтың суретін салу керектігін балалрдың өздеріне тапқызу керек.
Сабақты «Көп-аз, бір», «Қай қолымда көп» ойындар мен қортындылауға болады.
Қорытынды
Сабақта заттардың саннын қалай салыстыру арқылы олардың бір - бірінен артық -кемін, қайсысының көп - аздығын, оларды теңестіру жолдарын, сонша ұғымның тең деген ұғымымен пара - пар екендігін үйренеді.

Қорытынды.

Бастауыш мектеп математикасында да, орта мөктеп математикасында да қатынас ұғымы жалпы түрде енгізілмейді, тек қана әртүлі обьектілер арасындағы нақты қатынастар қарастырылады.


Бастауыш мектеп математикасында сандар арасындағы қатынастарға ерекше көңіл бөлінеді. Оларды қысқа формада жазылған екі айнымалысы бар сөйлем ретінде, таблица толтыру арқылы т.с.с. түрде береді. Қатынастардың көп түрімен бстауыш мектеп оқушылары мазмұнды есептер (мәтіндік есептер) шығаруда кездеседі. Мысалы: «Бір сөредегі кітап саны екінші сөредегіге қарағанда 3 есе артық. Бірінші сөреден 8 кітапты алып, екінші сөреге 5 кітапты қойғанда екінші сөредегі кітап біріншіге қарағанда 17-ге кем болды. Әрбір сөреде қанша кітап болды» Бұл есепті шығарғанда оқушылар «есе артық», «кем» қатынастарын жақсы білуі керек. Бастауыш сыныпта қатынас ұғымын оқытуды қорытындылай келе:
І.Қатынас ұғымын оқыту балалардың логикалық ой-өрісін дамытады, пәнге дегн қызығушылын арттырады.
2. Қатынас ұғымын оқыту балалрдың теориялық алған білімдерін практикада қолдана білуге, шығармашылық дамуына әсер етеді.
3. Қатынас ұғымын оқытуды практикада қолдануда балаларды ізденімпаздыққа, төзімділікке баулиды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет